Алаш партиясының бағдарламасындағы ерекше мәселелер жайында


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

жаратылыстану факультеті физика кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Алашорда (Халық кеңесі) үкіметінің құрылуы .

Қабылдаған: Абдраманов Е.

Дайындаған:Эргашова Д

Тобы: ЖФЗ-911

2020

Жоспары :

Кіріспе . . .

1. 1. ’’Алаш ’’қозғалысының тарихи сипаты.

1. 2. XX ғасырдағы Алашордашылар.

1. 3. Баспасөз жүйесіндегі отаршылдыққа қарсы әрекеттер.

2. 1. Қос төңкеріс тұсындағы Алашордашылар.

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе.

1917 жылы құрылған Алаш партиясы ел игілігі үшін 20 жыл қызмет етсе де артында өшпес із қалдырды. Алаш партиясының басшысы Әлихан Бөкейханов мемлекет және қоғам қайраткері тарихшы-этнограф, аудармашы, экономист, әдебиеттанушы, ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы бірінші думаға Семей облысынан сайланды.

1916 жылы болған көтерілістің шығу себептері мен салдары. Патшалық Ресейдің шығарған жарлығынан кейын 1916 -шы жылдың шілдесінен бастап Қазақ жерінде көтерілістер мен толқулар болып, соңы ұлт-азаттық көтеріліске алып келді. Оқиға шын мәнінде Патшалық Ресейдің шығарған бұл жарлық тек сылтау ғана еді. Көтерілістің басты себебі әлеуметтік- экономикалық және саяси себеп еді. Бұл патшалық тараптан отаршылдық езгінің күшеюі, алым салықтың артуы, жайылымдардың қысқаруы, жерлерді тартып алуы, соғысқа байланысты қарапайым халықтың жағдайының күрт нашарлауы еді.

Көтерілістің басты мақсаты-азаттыққа қол жеткізу болды. Ал көтерілістің шығуына басты себеп болған халықты тыл жұмыстарына яғни қара жұмысқа тартылатын адамдардың тізімдерін жасаған ауыл старшындары, болыс басшылары және жергілікті әкімшіліктің басқада қызметкерлерінің парақорлығы, халыққа қиянат жасап, өз балаларын тыл жұмыстарынан алып қалуы, жасы жетпейтын немесе жұмысқа жарамсыз, егде жастағы қартардың тізіміне қосып қоюы. Осының барлығы қарапайым қара халықтың ашу -ызасын туғызды. Осылайша халых болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының уйлерын, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс басшыларын өлтірді.

Осы кезде халық әр болысқа көтеріліс басшыларын хан сайлап патша үкәметіне қарсы шықпақ болғанда, қазақ зиялылары қаруланған патша армиясына, әскери өнерге машықтанбаған қазақ халқына босқа қан төкпеуге, оқиғаны қан төгіссіз бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Еңбектің мақсаты:

ХХ ғасырдағы Қазақ зиялыларының ел үшін жер үшін атқарған қызметтері, олардың жазған еңбектері туралы баяндау. Партияның жүріп өткен жолдары, партияның ұстанған саясаты, бағытытын ашып көрсету. Патшалық Ресей тұсындағы қазақ елінің жай күйі, отаршыл озбыр саясаты, қазақ зиялы қауымын қуғын сүргінге ұшратуы, жер аударуы, ”ұлтшыл” деген айып тағып, жазасын өтеу лагерлеріне жіберуі, ату жазасына кесілуі.

Оқиғаның өзектілігі:

Қазақ халқында Алаш партиясының алатын орны, ұлт зиялыларының өмірі мен шығармашылығы, елі үшін өздерін құрбан еткен, азаттық жолында, дербес жеке мемлекте боламыз деп аянбай тер төккен ұлтымыздың көзі ашық зиялы қауымы жайлы.

Еңбектің хронологиялық зерттелу ауқымы:

Алаш партиясының құрылуы мен жоспар-жүйесі, атқарған қызметтері. Ресейдің қазақ халқына жасаған отаршылдық езгіні күшейтуі, осыған байланысты халықтың бас көтеруі, көтерілістердің болуы. Елді, халықты сақтап қалу, қан төгісті болдырмау мақсатында, бостандықты аңсаған халыққа, азаттық алу жолында күрескен зиялы тап өкілдерінің жұмыстарын ашып көрсету. Баспасөз жұмыстары жайлы, соның ішінде “Қазақ” газеті жайында. Қазақ газетінің төрағасы А. Байтұрсыновтің басшылығымен атқарылған бірқатар жұмысар жайында.

Ревалютциялық төңкерілістер тұсындағы қазақ зиялылары, басқада топтармен бірігуі . Елдің ішкі және сыртқы саясатын бағамдап ұстауы. Сол кездегі саяси ұйымдар мен түрлі топтар өкілдері жайлы. Алаш қозғалысының саяси сипаты. Алаш партиясының бағдарламасындағы ерекше мәселелер жайында.

Алаш қайраткерлерінің қуғындалуы, оларға қарсы жала мен айыптардың тағылуы. Ұлт зиялыларына қарсы еңбектердің арнайы тапсырыспен жазылып .

1. 1. Алаш қозғалысының тарихи сипаты.

Алаш қозғалысынының тарихын, оның мүшелерінің саяси қызметтерін зерттеуде ең алдымен олардың 1913-1918 ші жылдар аралығында партия мүшесі А. Байтұрсыновтың ұйымдастыруы мен сол кісінің тікелей басшылығымен жарық көріп отырған “Қазақ” газеті арқылы білуімізге болады.

ХХ ғасырда 20-30 шы жылдарында Алаш қозғалысын сынға алған мақалалар жарық көре бастады. М. Атаниязов, С. Сейфуллин, А. Кенжиннің сыни мақалалары баспасөздерде жарық көре бастады. Бұдан кейінгі жылдары да Алаш қозғалысын сынға алатын “ұлтшылдық” қызметіне қатысты еңбектер жарык көріп отырды.

ХХ ғасырдың 20-30 шы жылдардың басында -ақ Алашордашылардың атқарған саяси қызметтерінің соңына қарауға майшам алып түсті. Олардың көзқарастарының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін бағамдау үшін большевиктік жүйе кедергі жасады. Сондықтан да оларды буржуазиялық-ұлтшылдар деп, олардың жасаған, атқарған істерін кеңестік үкіметке қарсы деп бағамдалды.

Белгілі тұлғалар С. Асфендияров пен Т. Рысқұловтардың Алаш партиясына қатысты еңбектерінде Алашорда қозғалысын сынға алған. 30 жылдары Алаш қозғалысына қатысты сот істірі кезінде, зиялы қауым өкілдерінің басым көпшілігі “халық жауы” атанып жер аударылып, айдауға лагерлерге жіберіліп, ату жазасына кесілді. Сөздері, ой пікірлері өзгелерден бөлек зиялы қауым өкілдерінің өмірбаяндарын, еңбектерін оқуға, олар жайлы мақала не кітап жазуға тиым салынды. Тимы салынсада олар жайлы еңбектер ішін ар жарық көріп отырды. Тек 1989 жылы ғана Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің “жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау ” туралы заңы бойынша, ешқандай негізсіз, жазықсыз айыпталған зиялыларды ақтап, олардың есімдерін, еңбектерін халықпен қайта қауыштырды.

1. 2. ХХ ғасырдағы Алашордашылар.

Алаш партиясын құруға ұлт зиялылары көп талпынды, тек 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң ғана сәті түсті .

Алаш партиясының бағдарламалық жобасы 1917 жылдың 21 ші қарашасында “Қазақ” газетінің 251 нөмерінде жарық көрді. Жобаны Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Тұрмұхамедов, Е. Омаров, Ғ. Бірімжанов, М. Дулатов, Ғ. Жүндібаев сынды ұлт зиялылары жасаған. Сонымен қатар мақала ‘’сарыарқа’’газетінің 19 санында 3 ші қараша күні Алаш партияның жобасы жарық көрді. Екі газетте де жарық көрген мақаланың түп мақсаты бір болғанымен, айтылған мәселелерде аздап айырмашылықтар бар . Дегенмен де екі басылым бірін -бірі толықтырып отырды.

Бағдарламаға мемлекет билеу түрі, негізгі құқық, жергілікті мекемелер, салық пен жер мәселесі, солдаттық яғни жер қорғау мәселесі, жұмышшы мәселесі, оқу-ғылым, дін, сот, баспасөз бостандығы, бас бостандығы, жүріп тұру бостандығы сияқы маңызды мәселелер қозғалды.

Бағдарламада қозғалған ерекше мәселе бұл жер мәселесі. Жерді халық меншігіне беру егін мен мал шаруашылығына қатысты жерді бөліп беру. Қаза халқының баріне жер бөліп берілмейінше елге мұжықтардың келуіне тиым салу мәселесі.

Бағдарламадағы ең маңызды мәселе ол оқу-ғылым мәселесі болды. Оқу, ғылымсыз мемлекттің дамуы, алға жылжуы, өркендеп өсуі мүмкін емес, бұл жайлы қазақ зиялылары айтыпта, баспасөз беттерінде жариялап та қазақ халқын оқуға, білім алуға жақырды. Құжатта көрсетілгендей білім ордалары кімге де болсада есігі айқара ашықтығы және оқу жүйксі мемлекет тарапынан қаржыландырылатындығы, қаражат қай тілде оқытатын оқу орын болмасын бәріне тәңдей әділ бөлінуі қажет болды. Профессорлар мен мұғәлімдер өзара сайлау арқылы қызметтерін жалғастырып отырды. Оқу орындарын кітапханамен қамтамасыз ету міндеттелді.

1917 жылы Бұкілресейлік құрылтайына Алаш партисы әр обылыстан депуттатық пен кандидаттықа үміткерлер мен лайықтылар тізімін 21-26 ші шілде де Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ сьезінде шығарды.

Тізім бойынша тағайындалғандар:

Ақмола обылысынан : Мағжан Жұмабаев, Сәдуақас Сейфуллин, Айдархан Тұрлыбаев, Хайретдин Болғанбаев, Асылбек Сейітов, Салмақбай Көсемесов, Ережеп Итбаев, Садық Мешенбаев, Сейілбек Жанайдаров, Сұлтанмахмұт Абылаев, Жұмағали Тілеулин, Рахымжан Дүйсенбаев.

Семей облысынан : Әлихан Бөкейханов, Ахыметжан Қозыбағаров, Григорий Николаевич Потанин, Биахмет Сәрсенов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Мұқыш Боштаев, Халел Ғаббасов.

Орал облысынан : Жаһанша Досмұхамедов, Ғұмар Есенғұлов, Халел Досмұхамедов, Ғұбайдолла Әлібеков, Нұрғали Ипмағанбетов, Ғұбайдолла Бердиев, Сәлімгерей Қаратілеуов.

Торғай облысынан : Ахымет Байтұрсынов, Тел Жұманмұрынов, Міржақов Дулатов, Сәйітәзім Кәндірбаев, Ахымет Бірімжанов, Елжан Ораз, Есенғали Тұрмұхамедов.

Сырдария обылысы : Санжар Асфендияров, Ғұмар Жанғалиев, Мұстафа Шоқаев, Абдолла Қожанов, Садық Өтегенов, Сұлтанбек Қожанов, Әзімхан Кенесарин, Сегізбай Айзанов, Әлмұхамет Көтібаров, Емберген Табынюаев, Зұлқарнайын Сейдалин, Пашабек Болатханов, Хасен Ибраймов.

Жетісу обылысы : Ибраһим Жайнақов, Мұхамеджан Тынышбаев, Сүлеймен Келгенбаев, Мәметов Мырзахан, Ғабдікәрім Сыдықов, Сатарқұл Жанқарашев, Отыншы Әлжанов, Базарбай Мәметов, Дүр Сауранбаев, Мырзахан Төлбаев, Садық Аманжолов, Түбек Есенғұлов.

Ферғана обылысы : Жәнібек Сағымбаев, Қоңырқожа Ходжиков, Құлнәзір Қалбиев, Әбзірахман Оразбаев, Оразбай Көшкінбаев, Жәмшид Кәрібеков, Шәкір Диваев, т. б.

Самарқан обылысы : Алдабек Мангелдин.

Әмудария обылысынан : Ғайса Қошықбаев, Ғабдрасұл Мәмиев.

Бөкейліктен: Уәлитхан Танашев, Бақтыгерей Құлманов, Батырхайыр Ниязов.

Торғай обылысынан тізімге енгізілген Міржақып Дулатов депутаттықтан бастарты. Бұл туралы Міржақов 14 ші қыркүйек күні ‘’Қазақ’’ газетінің 243-ші санында ашық хат түрінде жариялады. Міржақып депутат болмай ақ көп нарсені жүзеге асыруға болатынын нақтылап көрсетті.

1. 3. Баспасөз жүйесіндегі отаршылдыққа қарсы әрекеттер.

ХХ ғасырдағы шиелініскен саяси оқиғалар қазақ зиялыларын өз бостандығы үшін, халық бостандығы үшін, еркіндік жолында күрес жолына түсуге мәжүбүр етті. Олардың қоғамдық саяси қызметтері баспасөз істерімен тікелей байлансыты болды. Себебі өздерінің маңызды ой пікірлерін, тұжырымдарын газет журналдарга жариялау арқылы жеткізіп отырды.

Қазақ интеллегенциясы қалыптаспай тұрып ақ, өздерінің ойларын, көзқарастарын, тұжырымдарын қоғамның ас өзекті мәселелерін ХIХ ғасырдың соңында шығып тұрған ‘’Дала уалаятының газеті’’, ‘’Түркістан уалаятының газеттінде’’, сонымен қатар, ХХ ғасырдың басында орыс пен татардың ‘’Голос степи’’, ‘’Семипалататинский листок’’, ‘’Омучь’’, ‘’Вакыт’’, ’’Речь’’, т. б енбектерінде жарияланды.

‘’Түркістан уалаятының газеті’’ : Бұл газет қазақ халқында болған саяси, мәдени және шаруашылық өміріндегі болған елеулі оқиғалардан халықты хабардар ететін, болашақ қазақ зиялыларын осы газетті оқу арқылы өмірдің ағысы мен заманның салмағын бағамдай білуі. ‘’Дала уалаятының’’ газеті де қазақ халқының өмірінен сыр шететін газет болды. Дегенмен бұл екі газет патша үкіметінің ресми органы болды. Екі газеттің де реми беттерінде патша үкіметінің ресми жарлықтары мен үкімдері халыққа түсіндірілді. Газеттер қатаң бақылауда болды, қатаң қадағалауда болса да басылым халықтың санасын оятып, халыққа рухани, пайдалы мол ақпараттар бере білді. Осы басылымдардың арқасында қазақ халқы тарих, мәдениет, этография, оқу, ауыз әдебиеттері, археология салаларымен таныса бастады.

1905-1907 жылдар аралығында орыс революциясынан кейін қазақ тілінде жазылған бірнеше басылымдар жарық көрді. Соның бірі 1907 жылы қазақ және орыс тілдерінде Троицкі қаласында жарық көрген ‘’Қырғыз газеті’’. Редакторы Х. Сосновский болды, бұл газетті Қостанай қаласының қазағы Е. Иманбаевтың қаржысымен жарық көріп отырды. Газет солшыл бағытты ұстанды, жалпы газеттің мақсаты самодержавияны құлату, демократиялық бостандық үшін үгіт насихат жүргізу болды.

Газет туралы профессор Қ. Бекхожин былай деп жазып баға берді: ‘’Қырғыз газетінің пайда болуы, патша үкіметі саясатына қарсы шығуы, әсіресе патша үкіметінің ұлт араздығын қоздыруына қасы жауап беру ретінде, еврей Хаиым Сосновский мен қазақ Ешмұхамбет Иманбаев және Жетпісбай Андреевтердің бірігіп қазақ, орыс тілдерінде газет шығаруы үлкен саяси мәні бар факіт’’ деп баға берген. Басылымның бірінші санының шығысымен ақ ұлт араздығын күшейтуі мүмкін деген сылтаумен жаптырып тасталды.

Осыған ұқсас 1907 жылғы ’’Серке’’, ‘’Орал ‘’, 1910 жылғы ‘’Қазақстан газеті’’, 1911-1915 жылдар аралығын да қазақ тілінде жарық көрген бірден бір журнал ’’ Айқап журналы ‘’, 1917 жылдың 15 ші маусымында шыққан ‘’Сарыарқа’’ газеті, ‘’Бірлік туы’’ газеті, 1918 жылы ‘’Жас азамат’’, ‘’Алаш газеті’’, ‘’Үш жүз’’, ’’Қазақ’’ сияқты басылымдар ұлт зиялыларын бостандыққа, тәуелсіздікке күресуіне үлкен жол ашты.

‘’Үш жүз газеті’’ 1917 жылдың желтоқсанынан айынан бастап, 1918 жылдың көктеміне дейін Петропав қаласынан басылып шығып отырды. Басылымның редакторы Көлбай Төгісов болды. Газет ұлтаралық қатнасты, ел ішіндег саяси қоғамдық ахуалды Үш жүз партиясының ішкі істерін, Алаш партиясымен қарым қатнасын жариялап отырды. Басылым Үш жүз партиясы башыларын Калчак үкіметі тұтқындағаннан кейін тоқтады.

‘’Абай’’ журналын ұлт зиялылары 1914 жылы шығаруды көздеді . Алайда сол кездегі басталған бірінші дүниежүзілік соғыстың және патшалық үкіметтің отаршылдық қысымының күшейуі журналдың шығуын кейінге қалдырды.

Тек журнал 1918 жылы ғана Ж. Аймауытовтың редакторлығымен шығарылды. Журнал әдеби, ғылыми, шаруашылық бағытты ұстанды. Журналда М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Тұрғанбаев, С. Дөнентаев т. б сынды ұлт зиялылары мақала жариялады. Басылымды қаржыландырып отырған Семей қаласының байы Қаражан Үкімбаев болды. Басылымда Абайдың қара сөзері, Абайдан кейінгі поэзия үлгілері, ресми құжаттары жарияланып отырды. Бірақ билік басына большевиктердің келуімен 1918 ші жылдың аяғында басылымның жабылуына тура келді.

2. 1. Қос төңкеріс тұсындағы Алашордашылар.

1917 жылы 27 ақпанда Ресейде болған ревалютця ғасырлар бойы билік еткен патша үкіметін құлатып, орнына буржуазиялық-демократиялық республика орнады. А. Байтұрсынов ‘’Ревалютция және қазақтар’’ атты мақаласында айтқандай, қазақ халқының патшалық езгіден, зорлық зомбылықтан құтылып, енді өз өзін басқаруға деген мүмкіндік, үміт нығайды.

Ақпан ревалютциясы патша үкіметін құлатып, орнына уақытша үкімет келді. Уақытша үкіметтің ең бірінші қолға алған мәселесі 1916 жылы ұлт азаттық қозғалықа қатысқандарды жазалау болды.

Алаш ұлт азаттық қозғалысы 1917 жылы ақпан револютциясынана кейін күшейе түсті. Патша үкіметінің құлағаны жайлы барлық жерлерде жарыса жазып, айтып жатты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Ә. Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызметі
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары
Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси - құқықтық көзқарастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz