Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда білімнің, ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ. . . . 3-11

1. СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ ЦЕНЗУРАЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ КӨРІНІСІ . . . 11

1. 1 Соғыстан кейінгі жылдардығы саяси жағдайлардың қоғамдағы көрінісі . . . 11-27

1. 2 1950-1960 жылдардағы ғылым мен білімнің жағдайы цензуралық идеологияның көрінісі . . . 28-55

2. ТАРИХИ БІЛІМ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 1950-1960 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ИДЕОЛОГИЯ АЯСЫНДА . . . 56

2. 1 1940 жж. мен 1950-жылдардың басындағы тарихи білімнің идеялық-саяси шектелуі . . . 56-67

2. 2 1950 жж. соңы - 1960 жж. басындағы тарихи білімге Е. Бекмахановтың қосқан үлесі . . . 68-101

3. СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ…. . 102

3. 1 Соғыстан кейінгі театр, драматургия саласындағы еңбек . . . 102-111

3. 2 Соғыстан кейінгі кино мәдениетің жағдайы . . . 112-129

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 130-133

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 134-139

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында соғыстан кейінгі кейінгі кезеңдерді тәуелсіздік алғаннан кейінгі еркін кезеңдегі көзқарас тұрғысында сарапталды. Соғыстан кейінгі білім мен ғылымдағы қысымдар мен жетістіктер, мәдениеттің дамуы тарихи кезең тұрғысынан талданды. құндылықтар көрінісін беру тәсілдері анықталды. Диссертация соғыстан кейінгі кейінгі жылдары қалыптасқан жағдайды түсінуге, өзeкті мәсeлелерін шешуге бағытталған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соғыстан кейінгі жылдары елідң материалдық базасы өте әлсіз болды, ал өмірдің өзі бұрынғысынша коммунизнің жеңілмейтіндігінің кепілі ретінде мәдениет пен саясат туралы бектілген негізінде идеологиялық баспасөз ретінде ғана болды. Мәдени құрылыс ғылыми еркіндіктің кез келген көріністерін теріске шығарды.

50-жылдардың екінші ортасынан бастап қоғамдық ғылымдардың құлдырауының негізгі себебі коммунистік идеологияның үстемдігі болды. Соның салдарынан қоғамдық ғылымдар өте қиын езеңде қалды және алға жылжуға деген кедергілер көп болды. Жаңа ойлардың басқа реңктері мен пікірлердің плюрализмдері «қоғамды қаралау» деп қабылданды. Қоғамдық ойлардың барлығы әкімшілік топтардың саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін толығымен жұмылдырылды. Қазақстан Компартиясы ОК насихаттау және үгіттеу бөлімінің сол кездегі меңгерушісі болып қызмет атқарған белгілі мәдениеттанушы Ілияс Омаровты Е. Бекмахановтың «құйтұрқы» көзқарастарына жақтасты деп айыптады. «Қазақ КСр тарихы» бірінші томы таралымнан алынып тасталды және өртелді, мектеп бағдарламаларын қайта қарауға жіберілді, сондай-ақ көптеген қазақтың эпостық жырларына тыйым салынды. Қоғамтанушы-ғалымдар әртүрлі ұстанымдарды алға тарта отырып капитализмнің «құлдырайтындығын» және жақын болашақта «толығымен жойылатындығын» «дәлелдеді». Қазақстан ғылымының болашағына ғалым Мичурин-Лысенконың оқу-жаттығуы үшін ұйымдастырылған салтанатты науқан үлкен зардабын тигізді. Шаласауатты маман Лысенко ауыл шаруашылық өнімдерінің мол болатындығына уәде берді және жаратылыстану ғылымдарды дамытуға таптық көзқарастарды ұстана отырып шынайы биолог-генетиктерді қудалауға, түрмеде қайтыс болған атақты ғалым А. Вавиловты қаматуға қол жеткізді. «Лысенковщина» генетика мен биологияның көптеген онжылдықтарға дейін дамуын тежеді. В. Бартольд қайтыс болғаннан кейін бір уақытта «космополиттерге» қарсы науқан орын алды және оларды «барлық шетелдіктердің алдында төмендетті» деп айыптады.

И. Сталин өлгеннен кейін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т. б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді.

Белгілі мәдениет қайраткерлерін саяси қуғындау әдебиет пен өнердің дамуын тежеді, алайда, оны толығымен тоқтата алмады. Ұлттық өнер өрлеу үстінде болды.

1947 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» атты екі кітабын бітірді. Жазушының бұл шығармасы үшін КСРО-ның Мемлекеттік сыйақысына ұсынды. 1955 жылы аталған шығарманың жалғасы іспеттес болып - «Абай жолы» эпопеясы жарыққа шықты. 50-жылдары ұлттық прозаның жетістігі ретінде Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлке» шығармасы танылды. Атақты жазушы С. Мұқканов «сырдария» атты еңбегінде өз замандастарының өмірін, еңбегін мен арманын баяндады. Әдебиет сүйер қоғамның көңілін 1949 жылы болған Мәскеудегі кеңестік әдебиет күндерінде танылған Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» және «Миллионер» атты шығармалары аударды. Иван Шуховтың «Тың игерушілер» атты кітабы өзіне оқырмандар аудиториясын жинады.

Соғыстан кейінгі онжылдықта қазақ өнері дамыды. 1952 жылы Қазақ драма театрында В. Голубович М. Әуезовтың «Абай» драмасын қойды. Қойылым КСРО-ның Мемлекеттік марапатына ұсынылды. 50-жылдары К. Хасановтың басшылығымен жемісті еңбек атқарған ұйғыр драматургиясы құрылып, қазақ өнерін байытты.

Республиканың мәдени өміріне жаңа бір леппен келген оқиға 1946 жылы қойылған «Біржан-Сара» операсы болды, ал 1949 жылы осы қойылымды жарыққа шығарған қойылым тобы, орындаушылар мен композитор Мұқан Төлебаев КСРО Мемлекеттік марапатын иеленді. Композитор Евгений Брусиловский «Дударай» операсын жазса, Мұқан Төлебаевпен бірігіп - «Амангелді» операсын жарыққа шығарды. Осы уақытта Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев секілді талантты әншілер, балетмейстер Болат Аюханов пен Шәкен Аймантовтың кинокартиналары үлкен танымалдылыққа ие болды. Жастар арасындағы танымалдылыққа «Досмұқасан», «Ариран», «Айгүл» секілді музыкалық ансамблдер ие болды. 50-жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі IV Әлемдік жастар фестивалінің лауреаты атанды.

Мүсіншілер тобы құрыла бастады. Абай, Жамбыл секілді көптеген басөа да ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің мүсіндері жасалып, қала алаңдарына қойыла бастады.

Диссертациялық жұмыс барысындағы соғыстан кейінгі білім мен ғылымдағы жетістіктер саяси қысымды да қарастырып сараладық. Мәдениет саласын ашып зерттеп кино саласын, театр драматургия салаларын тоқтап зерттеу жүргіздік.

Осы кезеңдердегі зерттеу жұмыстары өте көп. Десе де кейбір ашылмаған тұстарыда жоқ емес, бұрынғы зерттеулерді қарай отырып сол кездегі әдебиеттер мен тарихи оқиғаларға шолу жасай отырып соғыстан кейінгі білім мен ғылымды мәдениеттің дамуын жаңа қырынан ашу. Тәуелсіз елде тәуелсіз көзқараспен зерттеу жүргізу. Демек, диссертациялық жұмыс мәдениеттану, білім және ғылымның ортақ мәселесін қарастырған іргелі жұмыс болып табылады.

Жаңарған Қазақстанның қоғамдық өміріндегі білім саласында ғылымда мәдениетте болып жатқан батыл өзгерістер тарихи білімге деген қызығушылықты арттырып отыр. Расында, бүгінгі Қазақстанның тұрақты дамуы өткен тарихты объективті тұрғыдан жалғастыра білумен байланысты болса, оның болашағы да тарихтың шынайылығымен анықталады.

Осыған орай, соғыстан кейінгі Қазақстандағы білімнің ғылымның қалыптасуы мен дамуын зерттеу - тарих ғылымындағы басым бағыттардың қатарынан орын алады.

Қазақстанда, білімнің мазмұны ғылыми жағынан анықталып-жетіле келе, оның даму бағыты белгіленді. Ұлттық білімді пән ретінде қалыптастыру мен оқытудың жолдары қарастырылумен бірге, оны оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер орнықтырылды. Типтік бағдарламалар мен оқу құралдарын шығару жүзеге асырылды; Сондай-ақ, қазіргі тарихи білімді иновациялық жетілдіру көзқарасымен қарағанда, Кеңес дәуірінде қалыпты практикалық тәжірибе жинақтаған тарихи білім өзінің тұғырлық маңызын әлі де болса жоғалтып отырған жоқ.

Біздің жұмысымыздың білімдік тәжірибелері арқылы әлемдік мәдениетке өзіндік үлес қосқан қазақтардың орныін көрсетудің өзектілігін айқындайды. Міне, осы жағын ескергенде, соғыстан кейінгі көрініс Қазақстанда ғылыми жүйелі жолға түскен білімнің даму келбетін арнайы тарихи-теориялық тұрғыдағы зерттеудің де өзектілігін арттыра түседі.

Зерттеу жұмысының нысаны

Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымның мәдениеттің дамуы

Зерттеудің пәні. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда білімнің, ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы білімнің ғылымың және мәдениеттің қалыптасуы мен дамуын жүйелеу және оның перспективалары мен тенденцияларын анықтау мақсаты қойылып, оны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер белгіленді:

- Соғыстан кейінгі жылдарда білімнің даму факторларын айқындау;

- Қазақстандағы білім мен ғылымның мәдениеттің кезеңдеріне жан-жақты сипаттама беріп, оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- XX ғасырдыі 50 жылдардағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи білімді дамытуға қосқан үлестерін бағамдау;

- Соғыстан кейінгі жылдарда ғылымның пән ретінде қалыптасуының ерекшеліктері мен оның білімді дамытудағы рөлін көрсету;

- кеңестік идеологияның білімнің ғылымның мәдениеттің дамуына тигізген ықпалын зерттеп білу;

- қарастырылып отырған мәселені бүгінгі күннің талаптарына сәйкес одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін тарихи білімнің дамуындағы оң тәжірибелерді сараптау;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. XX ғасырдағы Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын теориялық жағынан жүйелі зерттеу үшін, тарихи зерде мен дәстүрлі тарихи білім деген ұғымдарға әдебиетте берілген анықтамалардың байыбына бару керек. Оның мәнінің тереңде жатқанын шығыстанушы В. П. Юдиннен табамыз [3, 66-б. ] . ХХ ғасырдың басындағы кәсіби тарихшылар - А. Чулошников, А. Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонановтар мен осы ғасыр ортасындағы Е. Бекмаханов та ауызша тарих айту деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланып, Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазды. Осы кәсіби тарихшылардың ішінде тұңғыш рет ресми түрдегі үкімет шешімі бойынша мектепке арналған «Қазақстан тарихының программасы» мен «Қазақстан тарихының очерктері» жарық көрсе, бұл - профессор С. Асфендияровтың шығармашылық еңбегінің нәтижесі еді. Өкінішке орай, оның очеркі мен бағдарламасы тұрмыста пайдаланылмаса, 1960-жж. КСРО тарихына бейімделіп шығарылған Е. Бекмахановтың оқулықтары мен бағдарламалары Қазақстанның барлық оқу орындарында КСРО тарағанша оқытылып келді. Кеңесте ЖОО-ның студенттеріне, орта мектеп оқушыларына, аспиранттарға КСРО тарихы мен жалпы тарихтан дәріс берудегі оқу жоспарының үлгілік жобалары, тарихшылар даярлаудың құрылымдық ұстанымдары, ЖОО-ның ережелері, тарихтан сабақ берудің әдіс-тәсілдері т. б тарихи білімге қатысты мәселелер көтеріліп, оның шешімдері, шын мәнінде, КСРО тарағанша басшылыққа алынды. 1959 жылғы 3-қазанда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектептерде тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қабылданған қаулысында одақтас республикалардың тарихын оқыту қажеттігі мен оның маңызы атап көрсетілді. Бірақ бәрібір, бұл қаулының шешімінің орындалу нәтижесінде де одақтас республикалар тарихына, оның ішінде Қазақстан тарихына да, КСРО тарихының жанынан берілген қосалқы «мәртебеден» басқа өзгеріс бола қойған жоқ болатын. Ұлы Отан соғысы жылдары және 40-жылдардың соңында ежелгі дәуірден бастап кеңес дәуірін түгелдей қамтыған түріндегі қазақ халқы тарихының ғылыми жолмен жазылу мәселесіне тарихшылар М. П. Вяткин, А. М. Панкратова, қоғам қайраткерлері І. О. Омаров пен М. Әбдіхалықовтар Қазақстан тарихының томдарын шығару арқылы өлшеусіз үлес қосты. Бұл ретте 1945 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының жанынан құрылған Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институт ұжымы еңбегінің жинақталған нәтижесі, 1977-1981 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бес томдық «Қазақ КСР тарихын» шығарумен белгілі. Қазан төңкерісінен тәуелсіздік алғанға дейінгі үлкен де күрделі кезеңді қамтитын Қазақстандағы тарихнама және тарих ғылымының даму жолдары мен негізгі бағыттары І. Қозыбаевтың еңбектерінде жаңаша көзқараспен кеңінен талданды [4] . Қазақстан КСРО құрамында болған кезде еліміздегі дәстүрлі тарихи білімдік ой-сананы дамуыту тежелген жоқ. Ол С. Мұқановтың, С. Аманжоловтың, М. Ақынжановтың, Х. Әділгереевтің, Н. Мыңжанидың, Х. Арғынбаевтың, М. Мұқановтың т. б. еңбектері арқылы ашық, ал М. Әуезов пен І. Есемберлин, О. Сүлейменов сияқты бірқатар ақын, жазушылардың шығармалары арқылы астарлы түрде өз жалғасын тапты. 1961-жылғы Г. Н. Голиковтың мақаласы (Вопросы истории, 1961, № 11, стр. 19-42. ) 1950-жылдардың соңы мен 60-жылы жарияланған тарихи еңбектердегі ой-санаға тарихнамалық талдау жасау жағынан құнды. Оның ой-тұжырымдары Қазақстанда Г. Ф. Дахшлейгер, Д. И. Дулатова, П. Г. Галузо, З. А. Алдамжаров, М. Қ. Қозыбаев еңбектерінде жалғасын тапты [5] .

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Зерттеудің негізгі деректері республика мұрағаттарының әр түрлі қорларынан алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатындағы мына қорлардағы: 139-қор «РҚ(б) П Қырғыз (Қазақ) Комитеті РҚ (б) П Қыропкомы», 140-қор «РҚ (б) П Қырғыз (Қазақ) Өлкесінің облыстық Бюросы (Қырпартбюро) » және 141-қор «БҚ (б) П Қазақ өлкелік Комитеті» құжаттар пайдаланылды. Бұл материалдардан басқа зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағат қорларының деректері пайдаланылып, ғылыми айналымға енгізілді: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті (5-қор), Халық Комиссарлар Кеңесі (30-қор), Торғай облыстық басқармасы (25-қор), Жетісу облыстық әскери министрлігінің басқармасы (44-қор), Дала генерал-губернаторының концеляриясы (64-қор), Халық Ағарту Комиссариатының (81-қор), Қазақ КСР халық ағарту министрлігінің (1692-қор), Қазақ КСР жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің (1982-қор), «Білім» қоғамының (1810-қор), Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының (1142-қор) т. б.

Жұмыстағы деректердің келесі тобын тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан тарихшы, философ, экономист, педагог, психолог, политолог, филолог ғалымдардың тарихнамалық мұралары мен тарих ғылымы мен білімінің теориялық-методологиялық түжырымдамаларының негізін қалаған тұлғалардың еңбектері құрайды.

Ғылыми, саяси және әдеби көркем шығармалар да зерттеу жұмысына тартылды; Сонымен қатар тарихи білімді дамытуға қатысты қоғам және мемлекет қайраткерлерінің жарық көрген материалдары мен мемуарлық еңбектері ғылыми айналымға түсті; Сондай-ақ мерзімді басылымдарда әр жылдары жарық көрген мақалалар мен статистикалық, библиографиялық құжаттар зерттеу жұмысының деректік негізінің бірі болды; Кеңес және Тәуелсіздік жылдары ауық-ауық өткізіліп, тарихи білімді игеруді жетілдіру мен оны таратудағы жоғары оқу орындарының қызметі мен тарихи білімді дамыту жобаларын ұсынған ғалымдардың шығармашылық мұраларын талқылаған халықаралық, Одақтық, Республикалық және аймақтық деңгейдегі конгрестер мен симпозиумдардың, конференциялар мен сессиялардың, сондай-ақ түрлі кеңес шешімдерінің материалдары дерек ретінде алынды; КСРО-ның, Каз. КСР-нің және тәуелсіз Қазақстан Республикасының білімге қатысты шығарған заңдық құжаттарын, тұжырымдамалар мен білім стандарттарын, бағдарламаларды деректік қажетке жараттық.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері : ХХ ғасырдың 50-60 жылдары. Сол кезеңдегі білім мен ғылымның мәдениеттің дамуы өзіндік ерекшеленеді.

1941-1949 жж. аралығында Қазақстан тарихын тұтастай қамтыған жүйелі тарихтың томдар жинағын жазу басталды; ал 1958 жылдан бастап, Одақтас Республикалар тарихын жан-жақты оқытуға еркіндік берілген тұста, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашыла бастады да, орта мектептерде оны оқытуға арналған сағат жүктемелері бөлінді; 1960-жылдардың басынан бастап, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнінің оқулықтары мен бағдарламалары жазылды.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Бүгінде, таптық идеологияның ыңғайына жығылып, коммунистік партия жетекшілік еткен бұрынғы кеңес өкіметіне тиімді көзқарастарды барынша марапаттау, немесе шындықты бұрмалап, оны айналып өтуге бейімделу сияқты тұжырымдардан бас тартып, ғылыми ізденістердің, зерттеу проблемаларының объективті шыншыл сипаттамасын беретін методологиялық ұстанымдарды қалыптастырудың тарихи қажеттілігі байқалып отыр. Осыған орай диссертацияның әдіснамалық және теориялық негізі ретінде қоғамдық жүйелерді зерттеуді өркениеттік жинақтау тұрғысынан қарастыратын модернизация теориясын таңдадық. Жұмыста тарихилық пен объективтік сияқты қоғамдық танымда жалпыға мәлім ұстанымдар мен тарихи үрдістер жиынтығының өзара байланысын білуге бастайтын жүйелеп талдау әдісі, сондай-ақ конвенттік-талдау мен инвенттік-талдау әдісі пайдаланылды.

Тақырыпты зерттеу барысында тарихилықты басшылыққа ала отырып, кеңес кезеңіне дейінгі дәстүрлі және ұлттық тарихи-білімдік ой-сананың қалыптасу үрдістеріндегі ерекшеліктерді, кеңес өкіметінің тарихи білімдегі ой-сана саласында ұстанған саясатының әртүрлі кезеңдерін, Тәуелсіздігіміздің дамуындағы тарихи материалдарды хронологиялық жүйеледік. Бұл арада жүйелілік ұстанымы біздің жұмысымыздың әдістемелік негізінің біріне айналып отыр. Зерттеліп отырған тарихи кезеңнің және тарихи білімдік ой-санадағы өзгерістер барысындағы үрдістердің қарама-қайшылықтарын, күрделілігін, тарихи білімдегі үдерістердің динамикасын, оның ішкі себептерін зерттеуге мүмкіндік берумен қатар, эмоцияға берілуден сақтандыратын дамудағы төзімдік ұстанымы басшылыққа алынды. .

Диссертацияда қойылған мақсат пен міндеттерді нақты шешу үшін өз мәселеміз бойынша жарияланған әдебиетпен танысып, анықтау, мұрағат деректерін сұрыптап, материалдар мен әртүрлі мәліметтерді іріктеу, оларды қорытындылау кезінде логикалық жалғастық сияқты танымдық тәсііл де қамтылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңызы. Аталған зерттеу жұмысы Қазақстандағы тарих ғылымы саласындағы ауқымды ғылыми-тарихи шығармашылық тұрғыдан жазылған еңбек ретінде Республиканың әлеуметтік-мәдени секторының жұмыс тобына өз кезегінде қажетті құжаттарды даярлауда қолданылуы мүмкін. Бұл еңбектегі тұжырымдар ЖОО-да «Қазақстан тарихы» мен «Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық мәселелері» және «Тарихи-мәдени мұра» мен «Дүниетану негіздері» сияқты жаңа пәндеріді оқытуда, ауызша тарихи білімге байланысты арнайы курстарды жүргізу барысында қажеті болады деп санаймыз. Диссертациядағы ізденіс нәтижелері бүкіл ұлттық дәстүрлі білімнің ғылымның мәдениеттің теориялық жағы мен ХХ ғасырдағы оған жасалған қиянат тарихын білуге қызығушылық танытушы оқырманға керекті мәліметтер алуына мүмкіндік беріумен бірге, соғыстан кейінгі кезеңнің даму тарихын жалпы түсінуге жол ашып, оны терең білуге ұмтылдырады. .

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл тақырып отандық тарихнамада жеке және арнайы тақырып ретінде алынып зерттелмеген тақырыптардың бірі болып саналады. Зерттеу жұмысы қойылған міндеттерге сәйкес жүйелі және кешенді түрде жүргізілді. Бұрынғы зерттеулерді салыстыра отырып тәуелсіз көзқараспен ашып көрсетеміз. Зерттеудәі ғылыми жаңалығы мынадан көрінеді:

- Соғыстан кейінгі білімнің қалыптасуы мен дамуы теориялық-методологиялық жағынан негізделінді;

- Соғыстан кейінгі ғылымды дамыту қайнар көздерінің мәнділік сипаты пайымдалды;

- Зерттеу кезеңіндегі білімнің, ғылымның, мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісінің қоғамдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларға тәуелділігі ашылды;

- Соғыстан кейінгі білімнің, ғылымның, мәдениеттің қалыптасуы мен даму кезеңдері жүйеленді;

- Қазақ ағартушылары мен ұлттық интеллигенция өкілдерінің білім, ғылым, мәдениетті дамытуға қосқан үлестері сарапталды;

- Оқу пәні ретіндегі Қазақстан тарихының қалыптасу ерекшелігі ашылып, оның республикадағы тарихи білімді дамытудағы рөлі көрсетілді;

- Қазақстандағы тарихи білімді дамытуда кеңестік партиялық - таптық идеологияның ықпалы ашылды;

- Зерттеу жылдарында жинақталған Қазақстандағы тарихи білімді дамыту тәжірибесінің оңды және келеңсіз жақтары диалектикалық арақатыста бағамдалды;

- Мәдениет саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер ашылып көрсетілді.

Қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларының әсері болған ХХ ғасырдың 50-60 жылдар аралығындағы Қазақстандағы білім мен ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының бейнесін тарихи-теориялық жағынан қайта жаңғыртудың өзектілік мәні жоғары;

- қазақ ағартушылары мен ұлттық интеллигенция өкілдері қалдырған тұжырымдамалық идеялардың Қазақстандағы тарихи білімді дамытуға ықпалы болған;

- Соғыстан кейінгі кезең идеологиялық және саяси кедергілерге тәуелді болып келді;

- тоталитарлық режімнің қазақ халқының ұлттық тарихына шек келтіруі - Қазақстандағы тарихи білімнің дамуына да нұқсан келтірді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
1941-1991 кеңес мектебі мен педагогикасы
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы жөнінде
Постмодернизм, оның тіл біліміндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz