Шартты рефлекстердін түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырып: Жоғары жүйке əрекеті жəне оның баланың осіп-дамуы барысында қалыптасуы

Орындаған: Бекбол Ақбөпе
Қабылдаған: Жапарова Л
Топ: ПМНО-011

Түркістан-2020ж

Жоспары:
1. Кіріспе
2. Жоғары жүйке әрекеті
3. Баланың өсіп дамуы
4. Балалардың шартты рефлекстері
5. Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.
6. Шартты рефлекстердін түрлері
7. Уақытша нервтік байланыс
8. Қорытынды

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.Мұғалімдері жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбелей алады.Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың "Ми рефлекстері" (1863) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп түсіндіредіИ. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шындалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен-ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.

Балалардың шартты рефлекстері манызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз рефлекстер деп белгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.

Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысыңда қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Ал ми қыртыстары бар жануарлардың ми қыртыстары бұзылса немесе сылып алып тасталса (тәжірибенің мақсатына қарай), шартты рефлекстер пайда болмайды, бұрын пайда болған шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер пайда болған сыртқы ортаның жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады, яғни олар түрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (түрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.
Шартты рефлекстердің пайда болуына қажетті жағдайлар.
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек:
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы;
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;
- тітіркендіргіштердің тұрақты ретпен әсер етуі; аталған жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;
-жүйке жүйесінің маңызды бөлімі -- ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.
Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ол шартсыз тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсерді пайдаланады. Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады, Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит ұстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:

1.
Үйретіліп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, "әке" деген сөзді үйрету үшін "әке" деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
2.
Сөзді айтушының болу керек жене алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шартты рефлекс туралы
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Рефлекс және оның түрлері
Балалардың шартты рефлекстері
Жүйке жүйесі
«Ағзаның шартты – рефлекторлық қызметтері және оның нейрофизиологиялық механизмдері»
Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік
Шартты рефлекстерінің шартсыз рефлекстерден айырмалары
Шартты рефлекс
Сигналдық системалар
Пәндер