Географиялық қабық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Географиялық қабық

Дайындаған: Жакипбекова Асем Н.
Қабылдаған: Шакирова Н
Тобы: ГНК 2-топ

2020 жылы
Мазмұны
* Географиялық қабық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..1
* Гидросфера ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .2
* Географиялық қабықтың заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
* Географиялық белдеулер мен зоналар ... ... ... ... ... ... ...5 -6
* Топырақ - ерекше табиғи түзілім ... ... ... ... ... ... ... ... .6-7
* Экологиялық мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... .7-8

Географиялық қабық ландшафттық қабық, эпигеосфера -- атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін жердің беткі (жоғарғы) қабығы.
Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі -- мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық және газ) болады. Екінші ерекшелігі -- географиялық қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органикалық өмір пайда болуы. Бүкіл органикалық өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 -- 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төменгі қабатына (озоносфера қабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы жер бетінен 30 -- 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 -- 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүзілік мұхиттардағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы 5 -- 8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергетикалық құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі -- оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі -- зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі механикалық қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі химиялық трансформация (биологиялық айналым).
Айналымдар нәтижесінде жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрономиялық және геологиялық факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде географиялық қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан географиялық белдемдер пайда болады. Кеңістікте географиялық құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П.И. Броунов, ал географиялық қабық терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді.[[1]][[2]][[3]]
Географиялық қабық екі маңызды қасиеттердің диалектикалық бірлігімен сипатталады: үздіксіздік (континуальдық) және іркілістік (дискреттік). Үздіксіздік географиялық қабықтың кеңістіктегі таралуының тұтастығымен, ал іркілістік - оның жеке геожүйелерге бекінуімен сипатталады.
Компоненттердің өзара әсер етуінің нәтижесінде географиялық қабықтың өзіне ғана тән қасиеттеріне ие болады. Мұнда тірі организмдер бар, топырақ, жасыл өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, онда органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыру процесі жүріп жатады. Заттар қатты, сұйық және газ түрінде болады, мұның Жер бетінде тіршілікті дамыту үшін зор маңызы бар.
Атмосфера (көне грекше: ἀτμός -- бу, шар) - Жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады.
Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера ғарыш кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады немесе жұтады. Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жібермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің - жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да, инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда
Гидросфера - табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.
Литосфера -- жер қабығы (грекше: λίθος -- тас және σφαίρα -- шар, сфера) -- жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі -- шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Швгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе базальттық аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера) - шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты , бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді. Биосфера - жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады. Биосфера - заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады. Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.
Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялық қабықтың бірлік заңдылығы
Материктердің физикалық географиясының зерттеу обьектісі
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері
Табиғи - аумақтық кешендер
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы ғылыми-практикалық конференцияның маңызы.
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы ақпарат
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Геродоттың еңбектері
Жалпы жертану (сұрақ-жауап түрінде)
Пәндер