Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттыларының экологиясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттылары және оларды мектептің биология пәнін оқытуда қолдану

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы - Биология 5В011300

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Ғылыми әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Зерттелетін аймақтың физико-географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ..15
1.3 Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2. ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ БӨЛІМ
2.1 Ақсуат өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылардың түрлік құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттыларының экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
2.3 Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттылар өкілдерін мектептің биология сабағында қолдану әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..63
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 8

КІРІСПЕ

Жартылай қанаттылар немесе қандалалар (Hemiptera) бунақденелілер ішіндегі ең көп таралған топ, дүние жүзінде 50 тұқымдасқа біріктірілген 43000-нан астам түрді қамтиды. Қазақстан фаунасы 1250-ден астам түрден тұрады. Бұл топ биоценоздар құрылымында елеулі орын алады, табиғи және жасанды әртүрлі қауымдастықтардың жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Жартылай қаттықанаттылар (Hemiptera) - түрi мен мөлшерi əртүрлi құрлық жəне су бунақденелілері. Сонымен қатар, жартылай қаттықанаттыларға тән тағы бір маңызды ерекшелігі - барлық тіршілік орталарында кездесуі.
Отрядтық түрлік құрамының көп болуы және экологиялық жағынан әртүрлілігі оларды аймақтық биоалуантүрлілікті зерттеуге нысанды топ ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызады. Жартылай қаттықанаттылардың экологиялық аспектісін зерттеу республиканың биоалуантүрлілігін анықтауда да маңызы бар [1].
Жартылай қатты қанаттылардың көптеген түрлері өсімдік шырынын сорып, ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, су қандалалары балық уылдырығын, майда шабағын жеп, балық шаруашылығына зиян келтіреді. Жыртқыш түрлері адам және жануарлар арасында әр түрлі аурулардың қоздырғыштарын таратады. Бұлардың ішінде (Anthocorіdae, Nabіdae, Mіrіdae, Petaromіdae тұқымдасының өкілдері) зиянды жәндіктер мен кенелерді құртатын биологиялық реттеушілері қызметін атқаратындығымен маңызды, өсімдіктерді тозаңдандыратын, балыққа жем болатын пайдалы түрлері де кездеседі [2].
Жұмыстың өзектілігі: Зерттеу жұмысын жазуға негіз болып отырған 2019 жылы Ақсуат өңірінен жиналған материалдар. Бұрын бұл аймақта жартылай қаттықанаттыларға арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі кездегі өзекті экологиялық мәселелердің бірі - биосфера және қоғам қызметіне әсер ететін фактор ретінде биоалуантүрлілікті сақтау болып табылады. Соған байланысты табиғат экожүйелерінің құрылымдық - қызметтік алуантүрлілігін зерттеу маңызды болып отыр.
Аймақтық жағдайда биоалуантүрлілікті зерттеудің маңызды аспектісі - түрлердің инвентаризациясын жүргізу. Жартылай қаттықанаттыларды (Hemiptera) зерттеу биоалуантүрлілікті зерттеудің негізгі бөлімі болып табылады. Сол себепті Ақсуат өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылар отрядының түрлерін анықтап, олардың ауыл шаруашылығындағы зияны мен қазіргі заманғы биологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлін анықтаудан басталады.
Жұмыстың мақсаты: Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттыларының түрлік құрамын анықтау және оларды мектептің биология пәнін оқытуда қолдану әдістемелерін дайындау.
Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Ақсуат өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылардың түрлік құрамын және морфологиясын анықтау;
2. Ақсуат өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылардың экологиялық ерекшеліктерін көрсету, табиғаттағы маңызына тоқталу;
3. Жартылай қаттықанаттылар өкілдерін мектептің биология сабағында оқыту әдістемелерін дайындау.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Ақсуат өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылардың 13 тұқымдас, 20 туысқа жататын 24 түрі анықталды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспе, ғылыми теориялық, ғылыми зерттеу, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі бөлімдерінен тұрады. Дипломдық жұмыстың мазмұнын ашу үшін 3 кесте, 33 сурет, 2 диаграмма келтірілген, 50 әдебиет қолданылған. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 66 беттен тұрады.

ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Ғылыми әдебиеттерге шолу

Жартылай қаттықанаттылар фаунасы бойынша көптеген шетелдік және отандық ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Кужугет С.В. 2013-2017жж. Тува фаунасының жер үсті жартылайқатты қанаттыларының таксономиялық әртүрлілігін зерттеді. 388 түрді анықтады. Тува үшін 7 түр, Ресей үшін 1 жаңа түр енгізді [3].
Софронова Е.В. 2009-2013 жж. жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде Бурятия республикасының фаунасынан жартылайқаттықанаттылардың 209 түрін анықтаған. Ол гемиптерофаунаға зоогеографиялық талдау жүргізді және жартылай қаттықанаттықанаттылардың трофикалық байланыстары мен қоректену спектірінің кеңдігін зерттеді [4].
2010 жылы жарияланған Ресейдің Азиялық бөлігінің жартылайқатты қанаттылар каталогында Туваның жартылай қатты қанаттыларының 24 тұқымдасынан 316 түрдің таралуы туралы мәліметтер бар.
Зиновьева 2007ж. Ресейдің еуропалық солтүстік-шығысына зерттеуі бойынша жартылай қатты қанаттылардың фаунистік және экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама берілді. Зерттеу нәтижесінде Ресейдің еуропалық солтүстік-шығыс аумағында 157 туыс, 27 тұқымдасқа жататын жартылай қанаттылардың 271 түрі тіркелген. Оның ішінде 19 тұқымдас 96 түрі зерттеу ауданы үшін алғаш рет келтіріледі. Ресейдің еуропалық солтүстік-шығысына алғаш рет Палеарктикалық (65%), Голарктикалық (26%), мультирегионистік (9 %) және космополит (0.4 %) сияқты 4 кешенге жататын топтардан тұратын жартылай қатты қанаттылар фаунасының ареалогиялық құрылымы талданды.
Ресей фаунасының негізін трансеуразиялық (50 %) және Голарктикалық (23 %) ареалдары бар кең таралған температуралық түрлер құрады.
Қоректену типі бойынша жартылай қатты қанатты аймақтар фитофагтарға (55 %), зоофагтарға (22 %), зоофитофагтарға (15 %) және мицетофагтарға (4%) бөлінді [5].
Мингазова, 2002; Яковлев, 2003; шығармалары Татарстан Республикасының су жартылайқаттықанаттыларына арналды. Кейінірек гемиптерофаунасы мен зоогеографиясы бойынша үлкен жұмыс Ильясова еңбектерінде жарияланды. Зерттеулер нәтижесінде ТР аумағындағы жартылайқатты қанаттылардың түрлік құрамы мен экологиялық-морфологиялық ерекшеліктері бойынша толық деректер алынды. Hemiptera отряды өкілдерінің өмірлік нысандарының спектрі ұсынылды және су қоймалары үшін ең маңызды жартылай қатты қанаттылардың морфологиялық ерекшеліктері анықталды. Су айдынының орналасқан жеріне және олардың экологиялық жағдайларына байланысты су қандырларының саны мен түрлік құрамы бойынша салыстырмалы мәліметтер алынды. Әр түрлі 5 типті су қоймаларындағы су қандырлары қауымдастығының экологиялық құрылымы зерттелді [6].
И.В. Дюжаеваның 2000 ж. зерттеу жұмысында Самар облысында алғаш рет хортобионтты жартылайқанаттылардың қазіргі заманғы фаунасына толық сипаттама берілді (барлығы 540 түрі анықталды, оның ішінде - 227 түрі жаңа). Бірінші рет орман-дала және дала Поволжьесі үшін хортобионды жартылай қаттықанаттылардың фаунасына зоогеографиялық талдау жасалды, 353 түрдің қоректік байланыстары зерттелді, 277 түр үшін маусым бойы имаго белсенділігінің негізгі түрлері және генерациялар саны анықталды. Зерттелетін өңір үшін алғаш рет хортобионтты жартылай қаттықанаттылардың ландшафтық-биотоптық бөлінуі көрсетілді. Самар облысы үшін алғаш рет сирек кездесетін, қорғауға мұқтаж жартылай қатты қанаттылар түрлерінің тізімі анықталды [7].
Бурятияның оңтүстігіндегі гименоптера фаунасына С.В. Дридоренко (1985) және Л.В. Болдаруева (1977) мақалалары арналған [8].
Об өзенінің орманды даласында тіршілік ететін Nabidae тұқымдасына жататын жыртқыш қандалаларды зерттеумен И.Г. Кротова айналысқан. Зерттеу жұмыстары 1995-1998 жж. Новосибирск аймағында жүргізілген. Нәтижесінде Nabis тұқымдасына жататын қандалалардың дәнді-дақылдар егілетін аймақтардағы жыртқыштықпен тіршілік ететін бес түрі, мойыл битін жейтін бір түрін анықтаған. Олардың биологиясына және экологиясына тәжірибелердің нәтижесінде сипаттама жасаған [9].
2000 жылдан бастап Г. М. Абдурахмановтың басшылығымен Үлкен Кавказдың солтүстік-шығыс бөлігіндегі аридты шұңқырлардың жартылай қаттықанаттылар фаунасы зерттелді [10].
Соңғы онжылдықта қалқаншалы қандалалар әлемнің көптеген елдерінде -- Солтүстік және оңтүстік жарты шараларда -- өз ареалдарын кеңейтті және инвазиялық зиянкестер мәртебесін алды. Бұл түрлердің санын тиімді бақылау үшін олардың биологиясы мен вольтинизм ерекшеліктерін толық және жан-жақты білу қажетігіне байланысты Муссолин Д.Л., Hayes Barry зерттеулер жүргізді. Қалқаншалы қандалалардың бұл инвазиялары (басқа жәндіктер сияқты) бірқатар себептерге байланысты. Бұл жағдайда қалқаншалы қандалалардың маусымдық бейімделуінің әртүрлілігі, олардың маусымдық дамуын бақылау және климаттың өзгеруіне реакциялар туралы нақты түсініктер берді. Салыстырмалы тұрғыда алғаш рет қалқаншылардың маусымдық бейімделуінің әртүрлілігі талданды. [11].
М.Ю. Демченконың 2000ж. жүргізген зерттеулерінде Ресейдің еуропалық бөлігінің аумағында Lygus туысының толық құрамын анықтады, ол 7 түрді қамтиды. Оның ішінде l. orientis осы аумақ үшін алғаш рет көрсетілді. Эдеагустың l.gemellatus, l. pratensis және L. rugulipennis түрлерінің өзгергіштігі зерттелді және сипатталды [12].
Кавказда жартылайқаттықанаттылар отряды туралы алғашқы мәліметтер 1948 жылы А. Н. Кириченконың зерттеулерімен байланысты. Негізінен Кавказ гемиптерофаунасын алғашқы зерттеуші Ф.А. Коленати есімімен байланысты, оның жұмыстарының кемшіліктері болғанына қарамастан Кавказдың жартылай қаттықанаттыларын зерттеуге маңызы болды [13].
1977 жылы Г. Я. Яцкая Қорған облысының аумағында дәнді дақылдарды бүлдіретін жәндіктер туралы мәліметтерді жариялады. Зиянкестерге Scutelleridae және Pentatomidae туыстарынан бірқатар түрлер жатқызылды. [14].
Алтын - Емел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында кездесетін жартылай қаттықанаттылар (Нeteroptera) отряды фаунасының алуантүрлілігін, тіршілік ерекшеліктері мен практикалық маңызын Ж.Б. Чилдибаев және П.А. Есенбекова 2014 ж. зерттеді. Себебі, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Респуликасының Заңына сәйкес, биоалуантүрлілікті мониторингілеу және сақтауға арналған зерттеулер жүргізу көзделді [15].
2013, 2014 жылдардың маусым - шілде айлары аралығында жиналған материалдар нәтижесінде, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында жартылай қаттықанаттылар (Нeteroptera) отрядының 22 тұқымдасқа кіретін 174 түрін жинап, талдау жасады. Зерттеу барысында жартылай қаттықанатты (Нeteroptera) насекомдар номенклатурасы Aukema B., Rieger C. каталогына сәйкес берілді. Бұл таксондық құрамда алуантүрлілігімен ерекшеленген тұқымдастар: Miridae (64 түр), Lygaeidae (30 түр), Pentatomidae (17 түр), Saldidae (9 түр), Rhopalidae және Anthocoridae (әрқайсысы 7 түрден), Tingidae және Corixidae (әрқайсысы 6 түрден). Ал, түр саны сирек кездескен: Gerridae (5 түр), Nabidae, Reduviidae (әрқайсысы 4 түрден), Coreidae, Alydidae, Nepidae (әрқайсысы 2 түрден), қалған 8 тұқымдастың әр қайсысынан 1 түрден келді. Жүргізген фаунистикалық зерттеулер нәтижесінде, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы үшін алғаш рет жартылай қаттықанаттылар (Нeteroptera) отрядының 3 тұқымдасынан 8 түрді анықтап (кесте 5), Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының омыртқасыз жануарлар тізіміне енгізді. Бұл түрлер: Gonocerus acuteangulatus, Dimorphocoris pedetes, Piliphorus reticula, Phaxia festiva, Globiceps sordid, Globiceps fulvicollis. [16].
Ж.Б. Чилдибаев және П.А. Есенбекова зерттеу жұмысы барысында Алтын - Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы жартылай қаттықанатты насекомдардың фаунистикалық құрамын анықтаумен қатар, олардың тіршілік ерекшеліктеріне бақылаулар жүргізіп нәтижесінде салыстырмалы - талдау берді.
Алтын - Емел мемлекеттік ұлттық табиғи бағы аумағындағы жартылай қаттықанаттылар фаунасының имаго кезеңінде қыстаған түрлердің саны басым - 110, ал жұмыртқа - 60 және дернәсіл кезеңдерінде - 8 түрді анықтады. Алтын - Емел мемлекеттік ұлттық табиғи бағындағы жартылай қаттықанаттылардың басым түрлер моновольтинді - 92, ал бивольтинді - 58 және поливольтинді - 24 түрлер екенін анықтады. Мұндай ерекшелік бақтың климаты шұғыл континенталды, жазы ыстық, қыста қар аз түсуіне байланысты екенін көрсетті.
Ж.Б. Чилдибаев және П.А. Есенбекова зерттеуі бойынша Алтын - Емел мемлекеттік ұлттық табиғи бағында қоректік ерекшеліктеріне байланысты жартылай қаттықанаттылардың өсімдіктермен қоректенетін түрлері басым - 116 түр, ал зоофагтар яғни буынаяқтылардың дернәсілдерімен, ересек ағзаларымен қоректенетін жыртқыш түрлері - 36, зоофитофагтар - 22 түр анықтады [17].
2006-2009 жж. Есенбекова П.А. Қазақстанның топырақ жартылай қаттықанаттыларын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде Cydnidae тұқымдасына жататын 14 туыстың 40 түpiн анықтады. Оның ішінде 11 түр Қазақстанда алғаш кездесіп отыр [18].
Қазақстанда су жартылай қаттықанаттылар фаунасын зерттеуде үлкен үлес қосқан, Р.Б. Асанованың еңбектері болды, соның қатарында анықтауыш Қазақстанның су жартылай қаттықанаттылары және Қазақстан жартылай қаттықанаттылары (инфраотряд Pentatomomorpha), I-II бөлімдері. Негізінен Орталық Қазақстан аймақтары зерттелді .
Р.Б. Асанова Іле өзені жайылымдарында жүргізген тәжірибелерінде су қоймаларында тіршілік ететін қансорғыш маса түрлерімен күресуде биореттеушілер ретінде кең таралған су жартылай қаттықанаттылары - Ilyocoris cimicoides және Notonecta glauca пайдаланудың тиімділігін анықтады. Дәл осындай тәжірибелерді далалық жағдайда жүргізгенде де, Notonecta glauca мен Ilyocoris cimicoides дернәсілдері және ересек даралары өз дене мөлшерлеріне сәйкес жемтіктерге шабуыл жасайтынын зерттеді. Жартылай қаттықанаттылардың дернәсілдері масалардың (Culex) ұсақ 56 дернәсілдерімен, ал ересектері ірілерімен қоректенетіндігін анықтады.
Зерттеу нәтижесінде, осы суда тіршілік ететін жартылай қаттықанатты насекомдардың жыртқыш түрлерін табиғи жағдайда көптеп кездесетін жерлерден аулап, зиянкес қансорғыш маса дернәсілдерінің жаппай өсіп - өнетін су қоймаларына жіберу арқылы биологиялық жолмен күресуге болады деген қорытынды жасады [19].
Белгілі ғалым И.М. Крежнердің еңбектерінде Жоңғар Алатауы (Жетісу Алатау) аймағындағы су жартылай қаттықанаттылар фаунасына сипаттама беріліп, бірқатар жаңа түрлері анықталды [20].
Р.А. Асанова, Н.Б. Баймұрзаев бірлесіп 2004-2011 жылдарда Іле өзені бойындағы тоғай қандалаларына экологиялық- фаунистикалық шолу жасалды. Фаунада монофитофагтар, олигофитофаг, полифитофаг, зоофитофагтар мен зоофагтар кездескен, олар Tingidae (5), Nabidae (2), Anthocoridae (3), Reduvidae (1), Lygaeidae (4), Miridae (21), Acanthosomatidae (1), Pentatomidae (5) тұқымдас өкілдері. Бұлардың 9 түрі - жыртқыштар, олар зиянды насекомдармен жəне олардың жұмыртқаларымен қоректеніп, пайда келтіреді. 7 түр өсімдік жəне жануарқоректі, қалған 26 түр - фитофагтар, олар өсімдіктің гүлі, жапырағы жəне тұқымы шырындарымен қоректенеді. Зерттеу нəтижесінде табылған түрлердің аннотациялық тізімін жасады [21].
П.А. Есенбекова 1984 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін үздіксіз су жартылай қаттықанаттылар фаунасын Қазақстан территориясында зерттеу жұмыстарын жүргізуде . Жоғарыдағы аталған ғылыми зерттеу еңбектеріндегі су жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалардың (Нeteroptera: Hemiptera) тіршілік ерекшеліктері туралы материалдарға сүйене отырып, Алтын - Емел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында 2013-2014 жылдардың маусым - шілде айлары аралығында жиналған материалдар негізінде су жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар (Нeteroptera: Hemiptera) фаунасының тізімі ұсынылды және тіршілік ерекшеліктері бойынша сипаттама берілді; - суда тіршілік ететін жартылай қаттықанаттылардың (Heteropterа) қансорғыш масалардың (Diptera: Culicidae) санын реттеудегі маңызын анықтау үшін зерттеу жұмыстары орындалып, тиімді нәтижелері алынды [22].
2010 жылы Н.Н. Винокуров, В.Б. Голуб және Е.В. Канюкова Ресейдің азиялық бөлігінің гименоптера (Heteroptera) фаунасына кіретін осы күнге дейін барлық белгілі түрлер және Сібір мен Қиыр Шығыста таралған жартылай қаттықанаттылар каталогын құрастырды [23].
Профессор В.И. Поспеловтың еңбегінде жартылай қаттықанаттылардың негізгі екі тұқымдасына Pentatomidae және Cimicidae морфологиялық, биологиялық және экологиялық жағынан жақсы сипаттама жасалған.
Тасбақашық қандалалар туысы түрлерінің ауылшаруашылығы дақылдарына зиянкестігі туралы мәліметтер берген [24].
Г.Я. Бей-Биенконың Общая энтомология деген еңбегінде қандалалар отрядының морфологиясына, қоректенуіне, тіршілік ету ортасына тоқтала келіп екі отрядқа жіктейді. Олар: жасырынмұртшалылар және босмұртшалылар. Жасырынмұртшалыларға Criptocerata, мұртшалары өте қысқарған, тіршілік ортасы суда өтетін, көпшілігі жыртқыш, иіс бездері дамымаған қандалалар тобы жатады. Бос мұртшалылар Gymnocerata мұртшалары жақсы жетілген, басынан ұзын, көпшілігі жер бетінде, кейбірі суда тіршілік ететін қандалалар [25].
Үлкен фауналық материал О. В. Сиротининаның (1921), В. Л. Бианки, А. Н. Кириченконың (1923) жұмыстарында бар, мұнда Еділ өзені бассейні үшін 34 су қандаласының түрі белгіленген [26].
Қазақстанда суда тіршілік ететін жартылайқаттықанаттылар отряды туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың 80 - жылдарында басталған. Жартылай қаттықанаттыларды зерттеуге V. E. Яковлев елеулі үлес қосты. В.Е. Яковлев Маңғыстауда, Қазалы және Қарқаралы тұщы суларында, Іле өзені мен жағалауында жартылай қаттықанаттылардың кейбір түрлерін анықтаған [27].
XX ғасырдың басында су жартылай қаттықанаттылар отрядын зерттеген ғалым В.Ф.Ошанин Перовскте (Қызыл-Орда), Қазалыда, Балхаш көлінде (Балқаш), Шымкентте, Әулие - Атада (Тараз), Жаңа қорғанда, Жетісуда (Алматы, Ұзынағаш). В.Ф.Ошанин еңбектерінде көрсетілгендей А.А.Кушакевич суда тіршілік ететін жартылай қаттықанаттыларды Жетісу (Алматы) облысында, А.И.Вилькинс - Құлжа ауданында, Д.В.Веригин - Амударияда, В.А.Баласогло - Қазалыдан Ташкент жолында (Қызыл - Орда, Шымкент, Жетісу, Тянь-Шань). Бұл еңбектерде негізінен фауналық тізім ретінде ұсынылады [28].
Ақмола облысында А.Т. Тилменбаев зиянкес жартылай қаттықанаттылардың өкілі Aelia тұқымдасының астық тұқымдастарына әсері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді [29].
Т. М. Брагина Қостанай облысының жартылай қаттықанаттыларын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде жартылай қаттықанаттылардың 20 тұқымдасына жататын 83 түрін анықтады, олардың 15 тұқымдасы құрлық, 5 тұқымдасы су жартылай қаттықанаттыларына жатады. Бұлардың арасында түр құрамының көптігімен ерекшеленетін тұқымдастар Pentatomidae (23 түр - 27,7%), Lygaeidae (13 түр - 15,7%), Miridae (8 түр - 9,7%), Rhopalidae (7 түр - 8,5%), Coreidae (5 түр - 6%), Reduviidae (4 түр - 4,8%) [28 ] [30].
А.Ф.Каменский Солтүстік Қазақстандағы Наурызым мемлекеттік қорығындағы суда тіршілік ететін жартылай қаттықанаттылардың тізімін (58 түріне) ұсынды [31].
Батыс Қазақстанның суда тіршілік ететін жартылай қаттықанаттыларының зерттелуіне үлкен үлес қосқан А.Н.Кириченконың жұмыстары Оралдың суда тіршілік ететін қандалалар фаунасын аудандарын қамтиды [32].
Батыс Қазақстанда 1949 - 1950 жылдар аралығында РҒА Зоология институтының негізгі экспедициялық орталығы жұмыс жасаған. Осы ауданда суда тіршілік ететін жартылайқаттықанаттылардың 287 түрі анықталды [33].
Ж.Б. Чилдибаев 1973 - 1974 жылдары Оңтүстік - Шығыс Қазақстан су жартылай қаттықанаттылар фаунасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғалым зерттеу жұмыстарын 1973 - 1974 жылдары зиянкес жартылай қаттықанаттыларының Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның жайылымына әсерін зерттеді. 1974 - 1977 жылдары Оңтүстік - Шығыс Қазақстан жартылай қаттықанаттылар фаунасының түрлік құрамын, биологиясын, экологиясын, шаруашылық маңызын, жайылымдардағы негізгі зиянды және пайдалы түрлерін зерттеді. Зерттеу жұмыстары негізінен Алматы облысы және Жамбыл облысының шығыс бөлігінде жүргізілді. Зиянкес түрлердің даму тіршілігін бақылау жұмыстары Оңтүстік Балқаш маңындағы Тауқұм шөлінде, Үлкен Алматы шатқалы және биіктау жайылымы Іле Алатауындағы Төрежайлауда жүргізілді [34].

Ақсуат өңірінің физико-географиялық жағдайы

Ақсуат - Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 350 км жерде, Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік-батысында, Қарабұға өзенінің сол жағалауындағы шөлейтті белдемде орналасқан.
Ақсуаттың климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын - шашынның аз жауатындығынан байқалады. Климатының мұндай болу себебі - оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедері де әсер етеді.
Ақсуаттың жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орташа температурасы - 22°С, - 30°С, шілдеде + 25°С, + 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, көбі қыс айларында түседі.
Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді [35].
Зайсан көлі маңында: -17-20 С, Зайсан қаласында - 16 С, шілденің орташа температурасы 21-23 С. Ауаның абсолюттік жоғарғы температурасы 40С (Зайсан қаласы шілдеде), абсолюттік төменгі температурасы - 40С-қа жетеді (Тополев мүйісі, қаңтарда). Аязсыз күндердің ұзақтығы 120-159 күн аралығында, жерасты суларының мөлшерін және режимін анықтайтын атмосфералық ылғалдың түсуі де бірқалыпты емес. Бұл аймаққа әсіресе батыс бағытында соғатын желдер тән. Бұл желдің жылдамдығы секундына 1,3-3,9 метр шамасында. Кумашкино, Ақсуат және оңтүстік-батыс желдері де басымдық танытады.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120-180 мм, тауда 400-500 мм шамасында. Зайсан көліне құятын Қара Ертіс, Ақсу, Кендірлік, Теректі, Темірсу, Жеменей, Үйдене өзендері бар. Құмда бірен-саран көлдер кездеседі. Олардың бастылары: Сарыкөл, Сарыманақ, Тұздыкөл, Сауыр тауында бірнеше кішігірім көлдер бар.

Сурет 1
Ақсуат өңірі

Өңірдің жер бедері өзінің күрделілігімен және сан алуандығымен қызықты, Сауыр-Тарбағатай мен Алтай тауының арасында орналасқан. Ол солтүстік батыстан, оңтүстік шығысқа қарай тек Қазақстан жерінде ғана 250-300 км-ге созылып жатыр, ені - 140-150 км. Жалпы аумағы 40 мың кв² жетеді. Ойпаттың жер бетінің биіктігі тау бөктерінен 700-900 метрден орталығына қарай 400-500 метрге төмендейді.
Өңірдің жері күлгін қоңыр, сортаң топырақты. Құмды жерлер де кездеседі. Ауданда таулы, далалы және шөлді жерлерде кездесетін өсімдіктер бар. Ағаш пен бұтаның 26 түрі ұшырасады. Тау беткейлерінде, өзен бойында, құм арасында - тал, тобылғы, тікенек, биігірек жерде - қайың аралас терек, одан жоғары аздап қылқан жапырақты орман өседі. Жабайы жануарлардан - арқар, марал, суыр, елік, түлкі, қоян, сасық күзен, қарсақ, ақкіс, жабайы шошқа; құстардан - құр, ұлар, үйрек, көкқұтан, т.б. мекендейді [36].

Зерттеу материалдары мен әдістері

Ақсуат өңіріндегі Hemiptera өкілдерін зерттеу 2019 жылдың жаз, күз айлары (маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан) және 2020 жылдың сәуір айының аяғы мен мамыр айының бас кездерінде жүргізілді. Жартылайқаттықанаттыларды жинау Ақсуат өңірінің, атап айтсақ Ойшілік, Қарасу, Екпін, Көкжыра, Сәтбаев, Қызылкесік, Үштөбе, Жәнтікей елді мекендерінде жүргізілді. Зерттеу нысаны Hemiptera өкілдері болып табылады. Бунақденелілердің түрлері шалғынды жерлерден, бау-бақшалардан, далалы жерлерден, тұщы су қоймаларынан жиналды. Бунақденелілерді жинау барысында төмендегідей арнаулы құралдар қолданылды. Зерттеу жұмыстары барысында жәндіктерді анықтау және сипаттама беру жалпы энтомологиялық зерттеу жүргізу әдістемесіне негізделіп жасалды. Hemiptera отрядының түрлік таксономиялық құрамын анықтау үшін В.Л. Казенастың, П.А. Есенбекованың анықтағыштары пайдаланылды.

Бунақденелілерді жинау
Жәндіктерді ашық, шуақты күндері жинаған оңай, өйткені осы уақытта олар белсенді қоректенеді. Ең кеңінен қолданылатын әдіс - сачокпен аулау әдісі болып табылады. Шөп үстін, бұталар мен ағаштарды сачокпен бірнеше рет сермеп, өсімдіктің осы ярусында мекен ететін жәндіктерді аулауға болады. Бұл жағдайда сачокқа ересек жәндіктермен қатар дернәсілдер де түсуі мүмкін. Бұл бунақденелілерді өсімдіктерден аулаудағы басты әдіс. Ол үшін таяқшаның бос ұшын оң қолмен ұстап қатты серпеліспен шөптер үстінен, ағаш бұталарынан оңға, солға серпей отырып жинадым. Серпу шеңбері мүмкіндігінше төмен болуы керек, бірақ жерге тигізбеген жөн. Бұл тордың орналасуы өсімдіктердің төменгі бөліктерінде тұратын жәндіктерді жіберіп алмау үшін қажет. Көлеңкеден шөпке түскен жәндіктер үркіп ұшады немесе жерге құлайды.
Бірнеше серпілістен кейін сачок түбіне қарап, қаптағы ұсталған бунақденелілерді алады. Сачокқа көбінесе өте қозғалмалы қандалалар ұсталады, сондықтан қапты байқап қарау керек. Көбінесе сол қолмен ұстап банканы еңкейтіп бунақденелілерді соған салады. Бұл әдісті қолданғанда күнге қарсы жүру керек және желге қарсы тұруға тырысу өте ыңғайлы. Қатарынан сачокпен көп соққылар жасауға болмайды. Онда тым көп жәндіктер мен қоқыс жиналуы мүмкін, олар араласып және бұл жәндіктерді таңдауды қиындатады. Бір шабындық үшін сачокпен шамамен 15-20 рет серпуге болады [37-38].

Бунақденелілерді жинау кезі

Флотация әдісі яғни субстратты суға батыру арқылы жақсы нәтижелер алынады - бұл жәндіктердің субстраттан кетуіне және оларды жинауға оңай болатын судың бетіне қалуға себеп болады. Флотация ересек қоңыздар мен личинкаларды, мысалы, гүлдену немесе көңнен алу үшін қолданылады. Дәл осындай әдіс құмды немесе басқа гигроскопиялық топырақта өзен жағалаулары мен ұсақ тас немесе құмы бар су объектілері бойымен қоңыздарды жинау үшін қолданылады. Бұл әдіс - суды жағаға шашырату - кейбір жер қоңыздарын ұстағанда жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар, су объектілерінің жағасындағы өсімдіктер мен бұтақтарды суға батыруға болады, ал ондағы жәндіктер судың беткейіне қарай жүзіп кетеді [39].
Су қандалаларын ұстау үшін торлы дорбаны су бетіне жақын жерге, түбіндегі лай батпақты қопсыта отырып орналастырады. Себебі, су түбінен шығатын қандалалар судың ағынымен қозғалып отырып торлы дорбаға өздері барып түседі. Ал, ағыны жоқ тұрақты су қоймаларында торлы дорбаларды судың ішіне кіргізіп орналастырады. Судың үстіңгі тартылыс қабатының бетінде су қандалалар Gerris, астыңғы бетінде Notonecta қандалалары жүгіріп жүреді. Мұндай жәндіктерді үздіксіз бақылау қиын: оларды судан тек аулағыш тордың көмегімен аулауға болады. Көптеген жәндіктер өздеріне мекен және қорек таба алатын су өсімдіктерінің қопасында тіршілік етеді. Қопаны мекендеушілерді аулағыш тордың көмегімен аулаймыз, сонымен қатар судан алынған өсімдіктердің сабағына, жапырағына, тамырына үздіксіз қарау арқылы табамыз [40].

Сурет. Ауада қолданылатын жеңіл сачок
Су сүзгі

Жиналған бунақденелілерді өңдеу және бекіту.
Алдымен жиналған бунақденелілер бір-бірін жеп зақымдамас үшін жеке ыдыстарға салу керек. Әдетте, бунақденелілерді жансыздандыру үшін кең мойынды кәдімгі банкалар немесе морилка қолданылады. Морилка ішіне сірке қышқылының эфирі немесе хлороформмен дымқылданған мақта салынады. Сірке қышқылының эфирі және хлороформ буына бунақденелілерді бірнеше сағат немесе тәулік қалдыру керек.

Бунақденелілерді жансыздандыруға арналған банка - морилка

Құрғақ бунақденелілерді сақтау әдісі.
Құрғақ бунақденелілерді мақтаға қою арқылы жақсы сақтауға болады. Мақтадан матрастар жасалады. Кез келген қорапшадағы матрас мақта қабаты, қағаз қорапша мөлшеріне сәйкес келуі керек.

Мақтадан жасалған матрас

Бунақденелілерді энтомологиялық қорапқа коллекциялау. Бунақденелілерді арнайы энтомологиялық қорапқа коллекциялау барысында оларды оң жақ қанатының үстінен энтомологиялық инелермен қадаймыз [41-42].

Энтомологиялық қорап

Hemiptera отрядының өкілдерін анықтау.
Біз жартылайқаттықанаттыларды анықтау үшін ұлғайтқыш әйнекті оларға жақындата отырып қарадық. Әрбір анықталған түрлердің жеке этикеткасы болуы керек. Бұл қағаз бөлігі түйреуішпен түрдің астына қойылады. Hemiptera отрядының түрлік таксономиялық құрамын анықтау үшін В.Л. Казенастың, Е.М. Мамаев, П.А. Есенбекованың анықтағыштары пайдаланылды [43-50].

Ұлғайтқыш құрал

ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ БӨЛІМ

Ақсуат өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылардың түрлік құрамы

Ақсуат өңіріндегі Hemiptera өкілдерін зерттеу 2019 жылдың жаз, күз айларында (маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан) жүргізілді. Жартылайқаттықанаттыларды жинау Ақсуат өңірінің, атап айтсақ Ойшілік, Қарасу, Екпін, Көкжыра, Сәтбаев, Қызылкесік, Үштөбе, Жәнтікей елді мекендерінде жүргізілді. Hemiptera өкілдері шалғынды жерлерден, бау-бақшалардан, далалы жерлерден, тұщы су қоймаларынан жиналды. Зерттеу нәтижесінде Ақсуат өңірінің Hemiptera фаунасының кадастры жасалды.
Кесте 1
Ақсуат өңірінде кездескен жартылай қаттықанаттылардың түрлік құрамы

Отряд
Тұқымдас
Туыс
Түр
Экземпляр саны
Жартылайқаттықанаттылар, немесе Қандалалар Hemiptera
1.Gerridae Водомерки Суаршын қандалалар
1.Gerris

1.Водомерки прудовая Gerris lacustris

2

2.Nabidae

2. Nabis
2. Охотник свирепый Nabis ferus
2

3.Notonectidae

3.Notonecta
3.Notonecta glauca glauca Клоп гладыш
1

4.Coreidae Краевики
4. Coreus

4.Coreus marginatus Краевик щавелевый
3

5.Lygiaedae Клопы наземники Жер қандалалар
5.Trapezonotus

5.Трапезонотус пустынный Trapezonotus desertus
4

6.Kleidocerys

6.Клейдоцерис пахучий Kleidocerys resedae
2

7. Arocatus
7. Арокатус ильмовый Arocatus melanocephalus
1

8.Кәдімгі рипарохромус Rhyparochromus vulgaris
1

6.Pentatomidae Клопы щитники Қалқаншалы қандалалар
8.Graphosoma Краснополосатые клопы
9. Graphosoma lineatum Щитник линейчатый
2

9.Dolycoris
10.Ягодный клоп Dolycoris baccarum
3

10.Palomena
11.Паломена зеленая Palomena prasina
2

11.Aelia

12.Щитник осроголовая Aelia acuminata
1

12. Eurydema
13. Рапс қандаласы Eurydema oleracea
1

14. Орамжапырақ қандаласы Eurydema ventralis
1

15.Әдемі қандала Eurydema ornate

1

7.Rhopalidae Булавники Шоқпармұртшалы қандалалар
13.Corizus

16.Беленовый клоп Corizus hyoscyami

2

8.Alydidae Земляные клопы
14.Alydus

17. Алидус темный Alydus calcaratus
2

9.Miridae Травяные клопы, или Слепняки
15.Lygus

18.Lygus pratensis Степняк луговой

2

16Adelphocoris

19.Жоңышқа қандаласы Adelphocoris liticolatu

2

10.Қызыл қандалалар Pyrrhocoridae
17.Pyrrhocoris

20.Клоп-солдатик Pyrrhocoris apterus

5

11. Scutelleridae

18. Eurigaster
21.Зиянкес тасбақашық Eurigaster intergripces
2

12.Nepidae
19.Nepa

22.Су шаяны Nepa cynerea
2

Ranatrа
23.Таяқшатәрізді ранатра
Ranatra linearis
1

13.Corixidae
20. Sigara
24. Sigara lateralis
1

1-ші кестеде көрсетілгендей Ақсуат өңірінің Hemiptera фаунасын Gerridae - Суаршын қандалалар, Nabidae, Notonectidae, Coreidae, Lygiaedae, Pentatomidae -Қалқаншалы қандалалар, Rhopalidae- Шоқпармұртшалы қандалалар, Alydidae, Miridae, Pyrrhocoridae - Қызыл қандалалар, Scutelleridae, Nepidae,,Corixida тұқымдастары құрады. Зерттеу жұмыстары барысында Hemiptera отрядының 13 тұқымдасы, 20 туысы және 24 түрі анықталды. Түр алуандылығымен көзге түскендер Lygiaedae тұқымдасы ( 4 түрі), Pentatomidae тұқымдасы ( 7 түрі) болды. Қалған тұқымдастар
Miridae, Nepidae тұқымдастарынан 2 түрден кездесті. Қалған тұқымдастарда бұл көрсеткіш 1 түрден болды.

Отряд: Жартылайқаттықанаттылар, немесе Қандалалар Hemiptera
Тұқымдас: Водомерки Gerridae Суаршын қандалалар
Көзшелері екеу, кейде тіпті байқалмайды. Тұмсығы төрт буынды, бірінші және екінші буыны өте қысқа. Мұртшалары басынан әлдеқайда ұзын. Қалқаны алдыңғы арқасының өсіндісінің астында байқалмай тұрады. Алдыңғы аяқтары ортаңғы және артқы аяқтарына әлдеқайда қысқа, артқы жамбасы құрсағының ұшынан асады. Алдыңғы аяқтары ұстағыш қызметін атқарады, ортаңғы және артқы аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Денесінің астыңғы жағында күміс түсті түктені болады. Судың бетінде тіршілік етіп, әр түрлі су қоймаларында кездеседі.
Туыс: Gerris
Түр: Водомерки прудовая Gerris lacustris
Морфологиясы: Дене ұзындығы 15мм. жыртқыш. Денесі жұқа, түсі қоңыр-сұр. Басы кішкентай, көздері үлкен. Үш жұп аяқтарының ұзындықтары әртүрлі. Алдыңғы аяқтары қысқа. Аяқтардың ұштарында судағы кедергілерге жауап беретін сезімтал түктері бар. Қорегін ұстау және қозғалыс жылдамдығын реттеп отырады. Ортаңғы және артқы аяқтары дене көлемінен әлдеқайда ұзын. Су бетінде тірек қызметін атқарады. Ол артқы аяқтарын руль ретінде пайдаланып, су бетінде қозғалады; Алдыңғы аяқтарымен өлген немесе суға түскен жәндіктерді ұстайды. Қанаттары бар. Басында орналасқан сезімтал мұртшалары су бетінің ұсақ тербелістерін азайтуға және иістерді сезуге қабілетті. Ауыз аппараты шаншып-сорғыш. Дернәсілі ересегіне ұқсас, тек дене мөлшері мен пішінінде ғана айырмашылық болады
Экологиясы: Ерте көктемнен күзге дейін су қоймаларынан табуға болады. Барлық өмірін су бетінде өткізеді. Аяқтарын түрлі бағытта қозғап су бетінде сырғанайды. Кедергілер кезіккенде секіру қабілеті бар. Бунақденелілермен, ұсақ омыртқасыздардың сөлімен - су бетіндегі олардың өлекселерімен қоректенеді. Жұмыртқаларын өсімдіктерге салады. Ересек формасы сияқты қоректенеді. Шамадан көп болғанда балық шаруашылығына зиян келтіруі мүмкін.

Водомерки прудовая Gerris lacustris

Тұқымдас: Nabidae
Туыс: Nabis
Түр: Охотник свирепый Nabis ferus
Морфологиясы: Денесінің ұзындығы 9 мм-ге дейін жететін қандала. Түсі ашық түсті. Денесі ұзынша, тегіс, басы ұзарған. Мұртшалары нәзік және ұзын. Арқасы трапециятәрізді, қанаты көрнекті жүйкелері бар ашық-сұр түсті. Аяғы ұзын, сарғыш, мөлдір.
Экологиясы: Жайкөзшесіздер тұқымдасының дернәсілдерімен, бітелермен қоректенеді. Сонымен қатар, көбелектердің жұлдызқұрттарын жеп құртады. Орман белдеуінің жанында, қысқы дәнді дақылдар мен көпжылдық шөптесін өсімдіктерде, бақшаларда кездеседі

Охотник свирепый Nabis ferus

Тұқымдас: Notonectidae
Су қандалалары, денесі қырлы, үсті өте дөңес, үстіңгі қанаты шатыр тәрізді. Мұртшалары қарапайым. Өте қысқа, буынды, басынан қысқарақ, көзінің астына жасырынып орналасқан. Тұмсығы қысқа 4немесе 3 буынды, еріні, көзшелері болмайды. Үстіңгі қанаты клавус, кориум, эмболиум және жарғақша болып бөлінеді, жарғақшасы жүйкесіз немесе барлығы терілі. Ортаңғы және артқы кеуделері қарапайым. Құрсағының соңында тыныс түтікшесі болмайды. Алдыңғы аяқтары ұстағыш, ал артқы аяқтары жүзгіш, алдыңғы жамбастары алдыңғы кеуденің артқы жағында орналасқан, артқысы қозғалмалы.
Туыс: Notonecta
Түр: Тегіс қандала Notonecta glauca glauca Клоп гладыш
Морфологиясы: Ересегінің ұзындығы 15-20 мм. Денесі жұмыр қайық тәрізді, суда үнемі аяғын жоғары көтеріп, шалқасынан жүзеді. Элитрасы дөңес, құрсағы тегіс. Түсі жасыл - қоңыр реңі басым, құрсағы қанатына қарағанда түсі қоюлау. Кориумның бұрыштары ұсақ-қоңыр дақтармен, артқы арқасы және құрсағының ұшы қара. Аяқтарының соңғы екі жұбы басқаларына қарағанда ұзынырақ, ескек қызметін атқарады және тығыз қылшықтармен қапталған.
Экологиясы: Тегіс қандала су астында 8 минутқа дейін тұра алады. Жақсы ұшады, негізінен түнде. Осылайша, олардың қоныс аударуы орын алады.Өзеннен, тоғаннан, тұрып қалған суларда кездеседі. Су жануарларының шырынымен қоректенеді. Жас шабақтарға зиян келтіреді.

Тегіс қандала Notonecta glauca glauca Клоп гладыш

Тұқымдас: Coreidae Краевики
Ірі қалқаны жоқ. Тұмсығы төрт буынды. Мұртшалары басынан әлдеқайда ұзын. Қалқаны үлкен емес. Денесі орташа мөлшерде. Жабыны қатты, түсі қоңыр, сары және қара түстілер сирек кездеседі. Кеудесіндегі иіс шығарғыш бездері жақсы байқалады. Өсімдік қоректілер, кейбір жағдайларда жануартекті тамақты пайдаланады. Жапырақтың, сабақтың, бұталардың, гүл қауызының генеративті органдарының шырынын сорады. Имагосы өсімдіктердің қалдықтарының, үйілген сабанның астында қыстайды. Қыстаудан ерте көктемде шығады.
Туыс: Coreus
Түр: Қымыздық қандала Coreus marginatus Краевик щавелевый
Морфологиясы: Ересегінің дене ұзындығы 11-14 мм. Түсі сұр-қоңыр ұсақ қара ноқаттары бар. Қанатының үсті қола түстес жылтыр. Мұртшасының 2 және 3 бөлігі қызыл, 4 бөлігі қара. Арқа тұсының екі жағы ортасына қарай қысыңқы және төмпектеу, доғал бұрышпен бітеді. Құрсағы ортасына қарай кеңейеді, ромб тпішінді және құрсақ жиектері элитрамен жабылмаған. Құрсақ жиегінің әрбір сақинасында анық емес сары нүктелері бар, ол қанатының екі шетінен шығып тұрады. Қалқанының ең ұшы сары түсті, денесінің төменгі жағы және аяқтары жоғарғы жағына қарағанда ашық түсті.
Экологиясы: Ылғалды, көлеңкелі жерлерді ұнатады. Көктемнен кұзге дейін ормандарда ағаштарда және егістіктерде кездеседі. Әр түрлі өсімдіктерде өмір сүреді, өсімдік қоректі қандала. Ересектері көпқоректі, негізінен қымыздық өсімдігімен. Имагосы қыстайды. Бір жылда бір рет ұрпақ береді. Көптеген қандалалар жағымсыз иісімен танымал болғанымен, қымыздық қандала жасыл алма сияқты жағымды иіс шығарады.

Қымыздық қандала Coreus marginatus Краевик щавелевый

Тұқымдас: Lygiaedae Клопы наземники Жер қандалалар
Ұсақ, сирек орташа мөлшердегі бунақденелілер, жабындары қатты. Денесі ұзынша, жоғарғы жағынан қарағанда жалпақ, төменгі жағынан дөңестеу. Жиі қанатүсті қысқарған, жарғақтары жоқ немесе толық емес. Аяқтары жүгіргіш. Көптеген түрлер топырақ бетінде өсімдіктің, түскен жапырақтардың астында өмір сүреді, бірақ араларында шөптесін, бұталы және сүректі өсімдіктерде тіршілік ететіндері де бар. Әртүрлі биотоптарда жақсы таралған, олар өсімдіктердің түскен тұқымдарымен және өсімдіктердің жасыл бөліктерінің шырынымен қоректенеді. Жыртқыш формалары өте аз.

Туыс: Trapezonotus
Түр: Трапезонотус пустынный Trapezonotus desertus
Морфологиясы: Денесі 9-11 мм. Ірі қандала. Арқасында қоңыр сары белдеулері бар. Полифитофаг, Имагосы қастап шығады.
Экологиясы: Ашық далада, құрғақ жерлерде сексеуіл, жусан өсімдіктерінде кездеседі.

Трапезонотус пустынный Trapezonotus desertus

Тұқымдас: Lygiaedae Клопы наземники
Туыс: Kleidocerys
Түр: Клейдоцерис пахучий Kleidocerys resedae
Морфологиясы: Ересегінің денесі 5 мм., сопақ келген. Түсі қызыл сұр, алдыңғы жағы ашық түсті. Басының ұзындығы денесінің еніне тең. Мұртшалары қоңыр-сары, апикальды сегменті қара түсті. Алдыңғы кеудесінде екі қара көлденең дақтары бар. Алдыңғы арқасы жылтыр келеді. Құрсағының астыңғы жағы толық қара. Элитрасы аз мөлдір.
Экологиясы: Бұталарда, сүректі өсімдіктерде, әсіресе қайыңда кездеседі. Түскен жапырақтардың астында имаго күйінде қыстап шығады.

Клейдоцерис пахучий Kleidocerys resedae

Туысы: Arocatus
Түр: Арокатус ильмовый Arocatus melanocephalus
Морфологиясы: Денесінің мөлшері 5,5-7,5 мм.
Экологиясы: Ағаштардың (әсіресе еменнің) қабығының астында, ағаштың жарықтарында, түрлі ағаштардың жапырақтарында кездеседі. Қалалық жағдайларда терезелердің, есіктердің және т.б. арасындағы жарылыстарға ену себебінен ағаштардың жанында орналасқан үйлердің тұрғындарына қолайсыздық тудыратыны белгілі.

Арокатус ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың өзектілігі
Ақсуат ауылдық округі
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Көкжыра ауылының климаты
Семей өңіріндегі алғаш ашылған жәрмеңкелер
Қостанай облысының туризмі
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
БӨРІТАСТАҒАН ҚҰПИЯЛАРЫ
Қазақстанның көлдері мазмұны
Пәндер