Футбол добы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
2020ж.

Реферат

Тақырыбы: Қазақстандағы футбол ойынының дамуы мен тарихы
Жазған: Бигалим Саяжан
Тексерген: Дюсенов Саят Муратович

2020ж.

Жоспар:

Футбол ұғымы
Футбол тарихы
Қазақстандағы футбол ойынының тарихы
Қазақстандағы футбол ойынының ережесі

1.1 Футбол ұғымы :

Футбол -- (ағылш. foot -- аяқ, ball -- доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол -- әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады. Халықаралық футбол ассоцияцияның (IFAB)әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т.б.) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар. Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар. Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.

1.2 Футбол тарихы

Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді? деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.
1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.

1.3 Қазақстандағы футбол ойынының тарихы :

Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді. Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Спорт ойындарының ережесі
Футболдың тарихи маңызы
Футбол ойынының шығуы мен дамуы
Қазақстанда футбол таралуы
Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол
Қазақстан Ұлттыұ футбол құрама командасы
Волейбол ойын ережесі
Спорт падишасы саналатын футболдың шығу, таралу тарихы
Баскетбол ойыны туралы
Пәндер