Ақша қаражаттарынының кірісі


РЕФЕРАТ
Тақырып Активтердiң портфелiн басқару.
Практикалық сабақтар :
- Қаржылық активтердiң табыстылығын бағалау үлгiсi(моделi)
- Капитал рыногының сызығы. Бағалы кағаздар рыногының сызығы. В коэффициентiнiң тұжырымдамасы.
Жұмыстың мақсаты:
Фирманың қаржылық басқаруында айналым қаражаттарынан аккумуляцияланған капитал қарастырылады: біріншіден, компанияның үздіксіз қызмет атқаруы үшін қажетті капитал ретінде; екіншіден, айналымнан шығарылған қаражат ретінде (оларды инвестициялауға болмайды, яғни олардан пайда алу мүмкін емес) ; үшіншіден, қосымша шығындарды жабуға арналғанкөздер ретінде (қорларды сақтау) ; Бұл жағдайда кез-келген компанияның басты мақсаты болып, компанияның үздіксіз капиталын құру және сақтау табылады.
Қордың минимумнан азаюы кәсіпорынның физикалық тоқтап қалу тәуекелдігін арттырады немесе жоспарланбаған шығындардың жұмсалуына әкеледі, яғни қорларды толтыруға
арналған қосымша шығындар. Ал қорлардың ұлғаюы оларды сақтауға арналған және өзгермелі шығындардың өсуіне алып келеді.
Меншікті айналым капиталы қысқа мерзімді міндеттемелер алынып тасталған айналым активтеріне тең.
Айналым капиталын басқару қаржылық активтердің көздері туралы шешімдерді қабылдауды талап етеді. Айналым капитал циклі дегеніміз ол ағымдағы активтердің ақша қаражаттары мен міндеттемелер бойынша ақшалай төлемдерге айналатын уақыт мерзімі.
Көптеген фирмалар үшін активтердің циклі пассивтердің цикілінен көп болады, сондықтан фирмаларға қысқа мерзімді банктік несиелер немесе т. б. займдар қажет.
Қаржылық менеджер айналым капиталының көлемін ғана емес, сонымен қатар оның құрылымын да басқарады.
Дебиторлық берешек, тауарлық-материалдық құндылықтар қорлары, есеп айырысу шотындағы ақшалар және айналым капиталының басқа да элементтері өндіріс әсерлігіне әртүрлі әсер етеді. Сондықтан да менеджерлердің осы айналым капиталы элементеріне қатынасы әртүрлі.
Қорларды басқарудың негізгі моделі қорлардың қозғалысын жеңілдетеді және жүзеге асырады. Қорларға қоймалардағы шикізат, матириалдар, дайын өнім т. б. жатады. Ол келесідей алғышарттарға негізделген:
- өнімге деген сұраныс тұрақты, яғни қорлардың деңгейі белгілі-бір темппен өзгеріп отырады.
- әкелу уақытты тұрақты және алдын-ала анықталған
- қорлардың болмауын тудырмау керек
- жаңа тапсырыс әр циклде 1 рет жасалынады
- тапсырыс көлемі тұрақты
Белгілерді еңгізу:
П - материалдық қорлардың сәйкес түріндегі жыл сайынғы тұтыну. (бірлік)
Ц - қордағы өнімнің бірлігін сатып алу бағасы (теңге)
З - қордың көлемі (бірлік)
П/з - әр жылы берілетің тапсырыс мөлшері.
Сз - бір тапсырысты орындау құны (теңге) . Бұл көсеткішке көліктік шығындарды кіргізуге болады.
Схр- қордағы өнімнің бір бірлігін сақтауға кеткен өзгермелі құн (теңге) .
Өнімнің бір бірлігін сақтау құны өнімнің құнының пайызы ретінде анықталады. Бұл құнға кіретіндер:
- сақтаудың балама шығындары
- Сз; П/з - жылдық тапсырыс беру құны
- 3/2 - қорлардың орташа деңгейі
Жылдық қорларды сақтауға және хаттауға кеткен жалпы құны.
Со= Сз* П/з +Схр*3/2 (2. 1)
Өндіріс формуласын анықталғаннан кейн
-Сз*П/з+Схр/2=0 табамыз, осыдан келесі оптималды қор теңдеуі шығады.
Зопт=2Сз*п/Схр(2. 2)
Осылай, тапсырысты хаттау шығындары 3 опт көлемінде минималды. Осы өлшемді тапсырыстың экономикалық көлемі деп атайды. Қайталама тапсырыстың экономикалық интервалы 305, 3 опт/п
Қорларды басқарудағы негізгі моделді тәжірибе жүзінде қолдану үшін кейбір қосымша шарттарды есептеу қажет:
1. Үлкен фирмалармен қолданылатың қорлар номенклатурасы өте ауқымды, ал өндірістік қорлардың маңыздылығы әртүрлі. Сондықтан негізгі модельді қолдану экономикалық қортындыға әкелетін қорлардың негізін анықтау үшін оның сыныптамасын анықтаған жөн.
Қорлардың сыныптамасын жүргігу үшін оларды үш топқа бөлген жөн.
А тобы - ресурстардың неғұрлым құнды түрлерінің шектеулі мөлшері. Олар үшін жүиелі есеп және бақылау жүргізіп тұрған жөн: қордың нормативтін есептеу үшін оптимизация моделін қолдануға болады, осы топ бойынша сақтандыру қорын құру міндетті болып саналады.
В тобы - маңызды қорлар. Оларға бақылау және талдауды ай сайынғы инвентаризация түрінде жүргізілген жеткілікті. Оптимизацияны қолдану белгілі бір әсер беруі мүмкін
С тобы- аса құнды емес қорлар түрлерінің кең ассортиментің қосады. Оларды сақтау көп шығынды талап етпейді. Бұндай қорлар түрлері көбінесе көп көлемде сатып алынады. Резервтік қор құрылмайды, бірақ нақты үнемі болады.
2. Көліктік шығындар арнайы талдауды талап етеді. Егер тасымалдау меншікті емес көлікпен жүргізілсе, онда тасымалдау шығындарын есептеу қиындықтар туғызбайды. Ал меншік көлікпен тасымалдау негізінде қорларды құруға кеткен шығындарға көлік цехының тұрақты шығындарының бөлігін қосу керек болады.
Негізгі модельге нақты өндіріс жүйесінде атқарылмайтың шарттар еңгізіледі. Анағұрлым негізделген болып, неғұрлым идеализацияланған моделдер бойынша дәлелдік қорлар құру табылады.
Көтерме саудада тауардың бірлігінің бағасы сатып алынатын тауар көлеміне тәуелді болады. Үлкен көлемдегі тапсырыстарға жеңілдіктер жасалады. Жеңілдіктер оптималды қорлар көлеміне әсер етеді, яғни өсіреді. Оптимизация критерийі бұл жағдайда қорларды сатып алу құнын қосуы керек. Сәйкесінше жеңілдікпен есептелген сатып алудың жалпы құны:
СС=Сз*П/3+Схр*3/2+Ц+П
Мұндағы Сз*П/3- тапсырысты хаттау жылдық құны.
Схр *3/2- қорларды сақтау құны.
Ц*П - қорларды сатып алудың жылыдық құны.
Ақша қаражаттарының жетіспеушілігі және көптеген кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі дебиторлар мен байланысты жұмыстардың қаржылық менеджерлердің қызметіндегі басты функциясы етті.
Көптеген фирма жетекшілерінің айтуы бойынша дебиторлық қарызды басқару проблемалары қарызды талап етуге байланысты нормативтік және заңдылық базаның дұрыс жетілмеуімен де байланысты.
Дебиторлық берешекті басқару баға саясатын және төлемді жағдайының тәуекелін төмендету және қарыздарды талап етуді жылдамдатуға бағытталған коммерциялық несиені ойлап табумен және іске асырудан тұрады. Материалдық ресурстар өндірісінде инфляция қарқынымен дайын өнім арасындағы қатынастың өзгеруі фирма саясатын өзгертуі мүмкін.
Дебиторлық берешекті басқаруға жатады:
- деиторларды талдау
- дебиторлық берешектің нақты құнын талдау
- дебиторлық және кредиторлық қарыздар сәйкестігіне бақылау жасау
- аванстың есеп айырысу саясатын жүзеге асыру және коммерциялық несие беру
- факторингті бағалау және жүзеге асыру
Дебиторлық қарызды талдау, ең алдымен факторингтік келісім шарттың шарттарымен коммерциялық несие түсінігіне байланысты жеке шарттарды қалыптастыру мақсатына төлем қабілеттігін талдау.
Коэфициенттердің деңгейі мен қозғалысы менеджерді өнімді сату тек қана алдын-ала төлем жүргізілгенде немесе керісінше коммерциялық несие бойынша пайызды төмендетуге мүмкіндігінің бар екендігі туралы қортынды алып келеді.
Дебиторлық қарызды талдау және оның нақты құнын бағалау оның пайда болу мерзімдері бойынша талдау жүргізу, үмітсіз қарыздарды анықтау және күмәнді несиелер бойынша резервтер құру: болып табылады ҚР-ң Заңына сәйкес мерзімі өткен дебиторлық қарыз үмітсіз деп саналады. Үмітсіз несиелерді сызудың екі түрі бар: резерв құру әдісі және тікелей сызу әдісі. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың қатынасы қаржылық менеджменттің эффектілігі мен қаржылық тұрақтылық сипаттамасы.
Кәсіпорын балансы төлем қабілеті деп есептеуі, егер ағымдағы өтімділік коэффициенті 2-ден көп болса, және айналым қаражаттарын меншікті айналым капиталымен қамтамасыз ету коэфициентті 0, 1 болса.
Дебиторлық қарыз - айналым қаражаттары элементі, оның төмендеуін жабу коэффициентін азайтады. Сондықтан қаржылық менеджерлер дебиторлық қарызды азайту мәселесін ғана емес, сонымен қатар оның кредиторлық қарызбен байланыстыруын шешеді.
Дебиторлық қарызды басқаруда инкасация коэфициенті кең таралған. Инкасация коэффициенті - қарыздың пайда болу мерзімдігі жүзеге асырылу көлемінің белгілі-бір мерзімділігі түскен қарыздың бөлігіне қатынасы. Талдау үшін дебиторлық қарыздың қозғалысы құрылады.
Әр күндік инкассация коэффициенттері қарыздың жеке түрлері бойынша есептелуі. Инкасация коэффициентерінің қосындысы барлық мерзімдегі дебиторлық қарызды төлеудің соңғы уақыттағы тапсырыс көлеміне қатынасына тең. Егер инкассация коэффициенті белгілі бір мерзімде 1-ден артық болса, онда дебиторлық қарыз және үмітсіз қарыздың құрылу мүмкіндігі артады. Коммерциялық несиеге днген шектеуді алып тастау және несие мерзімін жоғарлату инкассация коэффициентінің төмендеуіне әкеледі.
Ақша қаражаттарын басқарудың басты мақсаты пайдалану үшін ақша табыстарының қойған бөлігін инвестициялау болып табылады, бірақ сонымен қатар бір уақытта (төлемдер бойынша) міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаражаты болу керек және күтпеген жағдайлардан сақтандыру. Фирмаға келіп түсетің ақша ағымының неғұрлым болжамдығы көп болса, сақтандыруға деген қажеттілік қажеттілік соғұрлым аз болады. Ақша қаражаттарын басқару өнімге төленетін сатып алушының чекті жазып беру кезеңінен басталып кредиторларға, мамандарға және бюджетке төленетін төлемдерімен аяқталады. Ақша қаражаттарын басқару кредиторлық қарыздарды басқарумен тығыз байланысты. Ақша қаражаттарды кіріс және шығыс ағымдарын фирманың қаржылық және инвестициялық қызметі арқылы білуге болады.
Ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстары көздері
Ағымдағы өндірістік процесстің сақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін өтімді бағалы қағаздардың дәрежесі көбірек келеді. Өтімді бағалы қағаздар фирмаға тіркелген табыс әкеледі. Ақша қаражаттары мен өтімді бағалы қағаздар жиытығы өтімді активтер деп аталады. Ақша қаражаттарының түсімі мен ақшалай төлемдер белгілі бір перспективаға келісілген болса, онда фирма соған байланысты ақша қаражаттарының анағұрлым көп емес қорларын құрады. Егер тәуекелділік жоғары болса, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздарды инвестициялаған жөн. Егер келісімнің белгілі белгілі бір бөлігі қолма-қол төленетін болса талап етілетін қолма-қол қаражаттардың көлемі артады және фирма несиені өзі қалаған шарттар бойынша алса, олардың көлемі төмендейді.
Пайыздық ставка неғұрлым жоғары болса, қолма-қол ақша қаражаттарын фирманың төмендетуі соғұрлым көп болады.
Фирманың есеп айырысу шотында және кассасында болуға қажетті қолма-қол ақша қаражаттарының көлемінің минималды мөлшері 2 процесс бойынша анықталады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz