Алғашқы кезде Кеңес үкіметі амалсыздан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   

№1, 2 Лекциялар. Қос үкімет және кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы Қазақстан

Жоспар.

1. ХХ ғасыр басында қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі.

2. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру мәселесі.

3. Алаш орда үкіметі және оның таихи маңызы

4. Азамат соғысы-халық трагедиясы.

5. «Соғыс коммунизмі» және ЖЭС

ХХ ғасырдың басында мемлекеттік үшін күрес жаңа қарқын және сипат алды. Егер осы уақытқа дейін ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру әрекетін қазақ қоғамындағы басқарушы топ - сұлтан, бай, би, батырлар халықтың қалауымен бірнеше рет көтеріп, іске асыруға күш салды. Мұндай әрекеттің ХIХ ғасырдағы жинақы көрінісі Кенесары Қасымұлы бастаған халық қозғалысы болды. Бірақ бұл әрекеттер белгілі себептерге байланысты әр уақытта сәтсіз аяқталып отырды.

ХІХ-ХХ ғғ. тоғысында қалыптасқан ұлттық-демократиялық интеллегенция ендігі кезекте күрестің сипатын өзгерту қажеттігін түсінді. Олар біртіндеп ұлттық-азаттық идеяларды қалыптастырушылар рөлін орындайтын күшке айналды.

ХХ ғасырдың басында Ресей империясының қол астындағы Қазақстан жағдайы мүлдем жаңа сатыға көтерілді. Бұрын қазақ қоғамында аздап та болса негізгі бар дербестіктің ізін 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы», 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы Жарғысы» мен 1868 жылғы әкімшілік - территориялық реформасынан кейін ізі де қалмады. Қазақ жері әскери феодалдық империяның шет аймағында өмір сүріп жатты.

Патша үкіметі қазақ мемлекеттілігін бірте-бірте әлсіретіп, хандық билік жүйесін жойып, Ресей империялық басқару құрылымын, ендіру саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ жүздерінің әлсіреп, жікке бөлінуі патша үкіметі үшін өз пиғылының жүзеге асыруға қолайлы жағдай тудырды. Осы мәселеге байланысты қазақ қоғамының тарихын зерттеуші, тарихшы М. П. Вяткин « Патша үкіметінің Қазақстандағы отарлық билігін күшейтудің негізгі міндеті әр түрлі феодалдардың бір-бірлеріне үстемдік жүргізуге мүмкіндік бермеу. Шын мәнінде бұл саясат ішкі феодалдық күрестің шиеленіскен кезінде анархияны, мемлекеттік құлдырауды жақтайтын, яғни қазақ жүздерінің ең алдымен кіші жүздің әлсіреуін жақтайтын саясат болды » -дейді. Негізінде патша әкімшілігі алға қойған мақсатына жетуі үшін қазақ қоғамында ықпалын жүргізе алатын сұлтандар мен билерге қымбат төлемдер төлеуге барғандығы жөнінде А. И. Левшиннің « . . . сими и другими подобными средствами, казахские султаны и ханы удержаны были в приданости . . . России»-деп көрсетуі негізсіз еместігін байқатады. Саяси тәуелсіздігінен айырылған қазақ халқы құнарлы жерінен қол үзіп, отарлық мазмұндағы патша үкіметінің қазақ жеріндегі жүйесі хандық билікті жойып, қазақтардың шаруашылығын күйзелтіп, моральдық деградацияға ұшыратты.

ХХ ғасырдың басында Ресей империяындағы самодержавиелік шексіз билікті сынап, оның жөнсіз жақтарын ашық айтатын демократиялық және радикалдық топтардың құрылуы туралы мәселе туындайды. Осы негізінде қазақ қоғамында патша үкіметіне оппозициядағы саяси партиялар мен қозғалыстардың қалыптасуы туралы деректер келтіріледі. Қазақ зиялы қауымының Ресей империясының кейбір оппозициялық партияларының ықпалымен Қазақстанда саяси ой-пікірлер мен көзқарастарды өрістететін самодержавиеге қарсы әрекеттерге идеялық белсенділік танытуы болды. Кадеттер партиясының жолын ұстанған қазақ зиялылары болашақ қазақ мемлекеттілігі туралы мәселесінің күн тәртібіне шығаруы туралы мәселенің көтерілуі баяндады. Бұл мәселеге қатысты С. Асфендияровтың еңбегіндегі пайымдау бойынша: «Қазақтың буржуазиялық интеллигенттері орыстың буржуазиялық интеллигенттерімен кадеттерімен одақ болды. Ә. Бөкейханов партиясының кіндік орталық комитетінің мүшесі болды. І, ІІ Мемлекеттік Думаға қазақ атынан депутат болып сайланған Ә. Бөкейханұлы, М. Тынышбайұлы, А. Бірімжанұлы, Б. Қаратайұлы, А. Қалменұлы т. б. кадеттер басқарған прогрессивтік блокқа кірді. Партиясыз «мұсылмандық фракциясы» деген де болды» .

Кадет партиясының бағдарламасында парламенттік басқару жүйесінің негізгі идея ретінде көрініс табуы қазақ зиялыларын өзіне тартты. Қазақ оқығандары парламенттік басқаруға үміт артып, оның болашағын қазақ мемлекеттігі идеясымен байланыстырды. Осы мақсатта 1905 жылы желтоқсанда Ә. Бөкейханов басшылығымен Орал қаласында кадет партиясының қазақ қоғамындағы филиалы құрылды. Осындай тарихи оқиғаға байланысты зерттеуші В. Григорьев төмендегідей пікір айтты: «Баяғы бірінші орыс революциясының қызған шағында ақ Оралда бас қосқан Ә. Бөкейханов, Б. Сыртанов, Ж. Сейдалин және басқа да интеллигенция өкілдері өздерінің ресейлік пікірлестерінің көмегімен ұлттық буржуазияны, ауыл-аймақтың игі жақсылары мен зиялы қауымының жедел түрде елдің саяси өміріне араластыруды, қазақ қоғамының капитализмге қарай шапшаң дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін партия құрып алуды көздеді. Кадеттер партиясының орталық комитеті бірқатар себептерге қолдай қойған жоқ. Алайда Ә. Бөкейхановтың белсенділігіне тәнті болған оны кадеттер партиясының 1906 жылы екінші съезінде шақырылды» . Кадеттер партиясының идеясын ұстанған қазақ зиялылары Ресейде парламенттік конституциялық жолмен құрылған мемлекет арқылы болашақта республикалық мәртебесі бар ұлттық автономияға қол жеткізуді көздеді. Алайда бұл мәселенің тек идея түрінде қалып қою есебін зерттеу анықтау болды. Оның негізгі себебі 1917 жылдан бастап, кадет партиясының басшылары Ресейдің мемлекеттік тұтастығын сақтау мақсатында біртұтас теңдік және мәдени автономия ғана беруді ұсынды. Мұндай ұсыныс кадет партиясының шет аймақтарындағы қолдаушыларына ұнамады. Партияның Қазақстандағы филиалының мүшелері мәдени автономияға үзілді кесілді қарсы шықты. Ә. Бөкейхановтың кадет партиясының ұлттық автономия, жер мәселелеріне байланысты пікірлеріне наразылық білдіріп, оның құрамынан шығып кетті. Ә. Бөкейханов осы мәселеге орай «Мен кадет партиясынан неге шықтым?»- деген мақаласында былайша көрсетеді: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн. Біз қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы ұлт Автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып ұлт Автономиясын тікпек болдық»- деп өз ойын білдірді.

Мемлекеттік Думадағы мұсылмандық фракция Қазақстанда азат, егемен азаматтарының құқығы мен бостандығы бар мемлекет құру идеясында үндестік танытуы мәселе көтерілді.

Қазақ жерінің Ресей империясының қол астына енгеннен бастап, жер мәселесі ұлттық тұтастығын, халықтың бірлігін сақтаудың негізгі мәселелерінің біріне айналған еді. Осы мәселелерге байланысты қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың басында атқарған іс -әрекеттері болды. II Мемлекеттік Дума депутаты Б. Қаратаевтың жер мәселесін көтеруі, қазақтардың тәуелсіздік мүддесін қорғауға байланысты болды . Ә. Бөкейхановтың Ресей конституцияшыл- демократтар партиясы орталық комитетінің мүшелігінен шығып, Алаш партиясын құруға басты себеп болған негізгі мәселесі ұлт тәуелсіздігін жағырту еді. Қазақ халқының ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінің негізгі шарты ұлттық деңгейдегі мемлекеттікті жаңғырту еді. Соған байланысты 1917 жылы желтоқсанда Жалпықазақ құрылтайы федеративті негізгі Ресей құрамындағы қазақтардың саяси және экономикалық дербестігі бар автономия құру қажеттігін басты мәселе ретінде көтерген/15-202б/.

Түркі халықтарыны ұлттық тұтастығы үшін күрес барысында М. Шоқай ұлттық мемлекеттік тек тәуелсіздік жағдайында ғана құрауға болады деп есептеген өткен барлық өмірін сол идеясын насихаттауға арнады. Ол өз ойын «Осы елдің құрамындағы Қазақстанға ұлттық тәуелсіздік мәселесі түгіл, саяси және ұлттық бостандықтың ең қарапайым нышандары сөз болуы мүмкін емес. Өйкені . . . Қашан да орыс солдатының соңынан орыс мүжығы ілесіп отырады. Басып алынған жерде орыс билігі орнаған соң-ақ, пүшәйман халықтың жері тартылып алына басталады. Сол себепті де осындай жолмен біріктірілген мемлекет ішінде ұлттарды ерікті түрдегі тең құқықты одағының құруға ешқандай орын қалмайды». М. Шоқай өз пайымдауында қазақ халқының ұлттық дамуын тек тәуелсіз ұлттық мемлекеттік негізінде болуы мүмкін екендігін көрсетті.

Патшалы Ресейдің қол астында болған халықтар Ақпан революциясын үмітпен қуана қарсы алуының өзіндік себептері болды. Ол - Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі - 1917 жылы 20-наурызда Ресей азаматтарының құқығындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарамай шектеулерді алып тастауы еді.

Ақпан революциясының жеңісі ұлттық езгіні бәсеңдетуге, халықтың демократияның қалыптасуына мүмкіндік берді және халықтардың өзін-өзі басқаруына алғышарттар жасады. Қазақ халқының Ақпан революциясын қалай қабылдағаны туралы А. Байтұрсынов: « Қазақтар алғашқы революцияны зор қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, олардың өзімізді-өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта тусуінде еді » дейді

Келесі кезекте Қазақстан мен Түркістан зиялылары халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, түбірлі ұлттық мақсат-мүдделерді айқындап, оларды жүзеге асыру жолдарын анықтайтын партиялар мен саяси ұйымдар құру ісін шешуге кірісті. Осы бағыттағы хам-қаракеттерге 1905-1907 жж. революция айтарлықтай ықпал жасады.

Қазақстанда осындай партияларды ұйымдастыру ісінің басы-қасында Ә. Бөкейханов және оның сенімді серіктері, Түркістанда М. Шоқай және осы өлкедегі жәдидшілер қозғалысының басшылары М. Бехбуди, Муннавар қары, башқұрт халқының көрнекті саяси қайраткері Заки Әулиди Тоған, тағы басқалар болды.

Нәтижесінде Ә. Бөкейханов бастаған зиялылар тобы 1917 жылғы шілдеде өткен бірінші жалпықазақ құрылтайында ұлттық-демократиялық мақсаттарды көздейтін «Алаш» партиясын құрса, Түркістандағы жәдідшіл қайраткерлер өлкенің тұрғылықты халықтарының түбірлі мүдделерін бейнелейтін «Шуро-и-ислам» партиясын дүниеге әкелді.

Уақытша үкімет буржуазиялық-демократиялық революция жеңісі мен еркіндігінің шеңберінде шет аймақтарындағы халықтар үшін ұлттық территориялық мәселелелерді шешуге байланысты қазақ зиялыларының атқарған қызметтері мен көзқарастары қарастырылады. Саяси тәуелсіздігін алуға, қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтіруге ұмтылған қазақ зиялыларының мақсат-мүдделері жайлы деректер негізіндегі мәселелер қарастырылады.

Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруі бағытында құрылған Алашорда үкіметі мен Қоқан (Түркістан) автономиясы өлкеде тәуелсіз мемлекет қалыптастыру, ұлттардың өзін өзі билеу құқықтарына қол жеткізуге ұмтылысының бағыттары зерттелген бұл мәселе жөнінде «Қазақ» газетінің беттерінде автономия мәселелеріне арналған бірқатар мақалалар жарияланып, түрлі көзқарастар білдірілді. Мәселен, 1917 жылдың 24 маусымдағы санында : « Егер нақты түсінікте болса, онда автономия қажет онда қазақтар үшін анағұрлым көкейге қонымдысы қандай түрлі-мемлекеттік автономия немесе федеративтік автономия ма? Егер аймақтық автономия түріне келсек, онда оның негізі болып территория немесе мәдени ерекшелік алына ма? Қазақтар тәуелсіздікке талпына ала ма, немесе оған басқа халықтармен одақта қол жеткізе ала ма ?»/18/, - деп жазды. Ал, А. Байтұрсынов пен М. Дулатов Тәуелсіз автономиялық қазақ мемлекетін құру туралы пікір танытты. Ә. Бөкейханов «автономиялық, федеративтік, парламенттік Ресей республикасындағы» қазақ ұлттық, территориялық автономияны жақтады. Осы көзқарасты көпшілік қолдады. Съезд қарарларында «Қазақ облыстары территориялық ұлттық автономия алулары тиіс»-деп көрсетілді.

Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-індегі санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Ғұмаров, Е. Тұрмахаметов, Ғ. Жүндібаев, Ғ. Бірімжановтар дайындаған партия бағдарламасының ішінде мемлекеттік туралы да айтылған. Бағдарламада «Мемлекет қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болуы. Демократия мағынасы- құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада һәм қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді . . . ».

«Алаш» партиясы құрылып, оның бағдарламасы анықталып, мақсат-міндеттері айқындалған соң қазақ зиялылары Ұлт Кеңесін құру туралы мәселе қояды. Ол туралы «Қазақ» газеті беттерінде көкейге қонымды пікірлер айтылды. Сондай пікірлердің бірі мынадай: « Ресей іріп -шіріп жатыр, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде, бетіне кетіп, белгіленіп істеп жатыр біреу өлмес қамын қалып жатыр, біреу бермес қамын қылып жатыр, біреу лайсаң бүліншілікке кірмес қамын қылып жатыр. Біз де қазақ-қырғыз болып бірігіп қам қылмай қарап отыра алмаймыз. Мұндай лайсаң заманда закон жоқ. Жол жоқ, қорғайтын пана жоқ. Әркім өзін-өзі қорғайды» /. Осылайша қазақ мемлекеттілігі туралы мәселені талқылап екінші жалпы қазақ съезі 1917 жылдың 5 желтоқсанындағы Орынборда өтті. Съезде аталған мәселе бойынша Ә. Бөкейханов баяндама жасады. Сонымен қатар қазақ автономиясы, милиция, ұлт кеңесін құру мәселелері бойынша комиссия құрылып, қарар қабылданды. Қарарда былай делінді «Октябрь аяғында уақытша үкімет түскенін, ресей мемлекетінде халыққа сенімді һәм беделді үкіметтің жоқтығын, әкімшілік жоқ болған соң халық арасы бұзылып, пышақ тасып кететіндігін, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен-күнге халықтың халі нашарлаудың һәм бұл бүліншілік біздің қазақ-қырығыздың басына келуі ықтималын ойлап, бүкіл қазақ-қырғыздарды билейтін өкімет керектігін ескеріп, съезд бірауыздан қаулы қылды:

1 Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария бөлімдегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес обылыстарындағы жері біріңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдында ұлттық-жері автономия құруға.

2 Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын»

3 Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

4 Қазақ-қырғыз арасындағы тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясы кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемеде санына қарай орын алады . . .

5 Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылысын. Мұның аты «Алашорда» болсын . . . Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қасына алады /21/.

Съезд үш күнге созылып, ұлттық автономияға қатысты қарар қабылданады. Түркістан автономиясын салтанатты түрде жариялауға байланысты мына төмендегі жайттар айтылды: «ІV жалпы мұсылмандардың өлкелік төтенше съездері зор ресейлік төңкеріс жария еткен негізгі Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне ықылас білдіре отырып, Түркістанды Ресей Федаративтік Республикасымен республикасымен ынтамағы бір территориялық автономия жариялайды, автономия шарттарын белгілеп, бекітуді таяу арада шақырылатын Түркістан Құрылтайы ырқына береді, сондай-ақ Түркістанда тұрып жатқан басқа да халықтардың құқығы толық сақталатындығын салтанатты түрде мәлімдейді».

28 қараша күні құрылған мемлекеттік құрылымның атауы «Туркистон мухтариаты», яғни «Түркістан автономиясы» болып анықталады. Съезде қабылданған құжаттарға сәйкес Түркістан Құрылтайының шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңес мен Түркістан халық билігі қолында шоғырланатындығын белгіленеді».

Түркістан Уақытша Кеңес құрамы барлығы 54 адам болып белгіленеді. Олардың ішінде 32-і бұдан бұрынырақ Түркістаннан Бүкіл ресейлік Құрылтайға сайланған депутаттар еді. Кеңес құрамына енгендердің арасында негізгі тұрғындары қазақтар болып саналатын Сырдария және Жетісу обылыстарынан ІІ өкілі болды. Сонымен қатар мұсылмандар съездері сайланған өкілдерімен бірге, қаланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің төрт өкілі, түрлі өлкелік «европалық» ұйымдардың он сегіз өкіліне де орын бөлінеді. Осылайша, Кеңестегі барлық орынның үштен бірі сол кездегі Түркістан халқының 7 процентін құрған емес, европалық тұрғындардың үлесіне берілді .

Айта кетерлік жағдай, съезд Түркістандағы барлық халықтардың мүддесін көздеп, құқықтарын қорғайтындығын басқа мәлімдеп, өлкедегі барлық ұлт өкілдердің, әлуметтік топтарды, жұмысшы, солдат және шаруаларды, яғни барлық тұрғындарды Түркістан өкіметі төңірегіне топтасу шақырды.

Осылайша барлық Түркістан халықтарының тұтас мемлекет шаңырағының астына біріктіруге бағытталған Түркістан (Қоқан) автономиясы дүниеге келді. Бұл билік жергілікті халықтар мен ұлттардың мүддесін қорғай, өзін-өзі басқару құқығына қол жеткізу, отарлық езгіге қарсы күресу, барлық ұлттық теңсіздік атауларына жою мақсатында құрылғандығына паш етті.

Қоқан автономиясын барлық өлке халықтары қолдады. Осыған орай «Бірлік туы» газетінің беттерінде автономияға ықылас білдірген көшпелік бұқараның көзқарасы былайша көрініс тапты: « Съезд жұрттың шын көңілін біліп, шын тілегін тапқаны анық білінді. Автономия болғалы Түркістанның барша шаһарында шаһар халқы һәм дала халқы болып қуаныш қылып манифестанция жасап, Түркістан автономиясын һәм съез сайлауға Түркістан автономиясының Уақытша Үкіметіне ант ашып, мойын ұсынып отыр . . . Түркістаның шын балалары отанын аяқ асты қылып, өздерін ноябрьден бастап Түркістанның жаңа тарихы басталды . . . ».

Әйтсе де саяси тәуелсіздікке ұмтылған Түркістан автономиясының ғұмыры ұзақ болмады. Қоқандағы үкіметі жойылды. Большевиктік өкіметі Түркістан автономиясының өмір сүруін кеңестік билікке жат көрініс ретінде санады. Автономияның өзінің де саяси тұрақтылығының болмайы оның аяғынан тік тұрып кетуіне ықпал етті.

Автономиялар аз уақыт өмір сүргенімен, олардың саяси, ұлттық тәуелсіздік тұрғысындағы идеялары демократияға, өркениетті дамуға қол созған халықтар үшін үлгі боларлық қызметтерін ашып көрсету. Қазақстанның егемендік алуы-ұлттық автономия идеяларын толық іс жүзіне асыра алмаған қазақ зиялыларының бастамалары мен күресінің нәтижесін айқындайды.

№№ 3-4. Лекциялар: Алаш пен Үш жүз партиялары арасындағы текетірес

1917 жылғы жаздың соңы мен күздің басында Ресейде қалың бұқараны қамтыған саяси солшылдану басталды. Бұл Қазақстанға да тән болды Мұндай құбылысының басты себебі жергілікті жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары советтеріне большевиктер ықпалының күшеюінде еді.

1917 жылғы қыркүйек - қазан айларында лениндік ұрандарға сенген Қазақстан жұмысшылары, кедей шаруалары өкіметті советтердің қолына беруді, өнеркәсіп орындарында жұмысшы бақылауын орнатуды жиі - жиі талап ете бастады. Өлке шаруалары Уақытша Үкіметтің жергілікті әкімдеріне бағынудан, алым - салық төлеуден бас тартты. 3 қазанда Перовск, 18 қазанда Петропавл жұмысшы және солдат депутаттар кеңесі «Өкімет Советтерге берілсін» деген қаулылар қабылдады.

Бір сөзбен айтқанда, бүкіл ел сияқты Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде терең бетбұрыс жасаудың алғы шарттары пісіп жетілді. Елдегі күштердің арасалмағының түбірімен өзгеруі большевиктер көпшілігін басқарып отырған Кеңестердің қолына өкімет билігінің көшуін қамтамасыз етті

РСФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құру дайындық жұмыстары басталды. Большевиктер ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік Бүкілқазақ бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. Қазақстанда кеңестердің Бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жұмыстары кеңес үкіметін нығайту процесімен қатар жүргізіледі. Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетіп берді. Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңес өкіметінің мүддесіне қарай бағыт алумен келісе алмады. Алаш партиясы және оның басшылары кеңестік негіздері қазақ мемлекетінің құрылуы туралы бастаманы мойындағылары келмеді. Мұндай қарсылықтың себептері мынадай еді: бірі-қазақ зиялылыры әуел баста тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарлады, екіншісі-олар төңкерісін қабылдамады. Сондықтан да «Алаш» зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін жүргізді.

Алайда большевиктер партиясы Ақпан ревалюциясынан кейін өз тәуелсіздігі үшін күреске шыққан отарлық езгідегі халықтарға тек кеңестік негіздегі автономия беретіндігін иәләмдеді. Бұған дәлел В. И. Ленин және И. В. Сталин Түркістан кеңестерінің съезіне жолдаған жеделхатында былай деп жазды: «Халық комиссарлары кеңесі сіздердің өлкелерініздің кеңестік негіздері автономия болғандығын қолдайды».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі
Германияда фашизмнiң пайда болуы
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 жж.)
Әскери коммунизм саясаты - жер бетіндегі утопияны орнату саясаты
Фашизмнiң пайда болуы
Италиядағы «Маттеотти дағдарысы»
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz