Бастауыш сыныптағы ойын технологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Бастауыш сыныптағы ойын технологиясы
Тақырыбындағы ғылыми жоба

Орындаған:
Зәкір Ақмаржан Асанқызы,
Болат Жадыра Родикқызы

Мазмұны

І. Кіріспе
1.1 Бастауыш сыныпта ойындарды пайдаланудың ғылыми теориялық негіздері
ІІ. Негізгі бөлім
2. Теориялық бөлім
2.1 Ойын ұғымы және оның психологиялық, педагогикалық негіздемесі, тәрбиелік мәні
2.2 Ойын технологиясы-балалардың жеке танымдық белсенділіктерін дамыту құралы
2.3 Дидактикалық ойын түрлері
2.4 Бастауыш сыныпта қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану

ІІІ. Қорытынды бөлім
3. Ұсыныс
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Түйін
Ғылыми жобада бастауыш сыныпта ойын арқылы оқытудың технологиясы қарастырылған. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, ойын арқылы оқытудың пайдасы туралы сипатталған. Сабаққа пайдаланылған ойынның балаларға пайдасы зор екендігі дәлелденген.
Ойын арқылы балалардың белсенділігі артады. Баланың мұғаліммен және құрдастарымен қарым-қатынастары дамиды.
Ғылыми жобада ойынның түрлері және ойынды мұғалімнің қалай пайдалану керектігін сөз етеміз, ғылыми деректермен нақты дәлелдермен тұжырымдаймыз.

КІРІСПЕ
Жобаның өзектілігі:
Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды. Білім негізі бастауышта, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығы, адалдығы мен шыншылдығы нақ осы кезеңнен бастау алады. Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру ол мұғалімнің қолында. Мұғалім қаншалықты сабақты қызықты, әрі түсінікті өтсе, бұл балалардың дамуын зор ықпалын тигізеді. Сабақта оқушыларды ізденіске баулу-мұғалімнің басты мақсаты. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден бір тиімді жолы-сабақта ойын түрлерін пайдалану болып табылады.
Жобаның түрі: зерттеу
Зерттеудің мақсаты:
1 Ойынды пайдалану мақсатын анықтап алу
2 Ойындарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жүйелеу
3 логикалық жаттығулардың бала ойының дамуына әсерін анықтау
Зерттеудің нысаны:
Оқу сапасын көтерудегі тиімді технологиялар , ал зерттеу бұйымы - ойын технологиясының тиімді жақтары.
Зерттеу әдістері: іс-тәжірибе қолдану
Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы:
Бастауыш сыныпта сабақ беру барысындағы болатын қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - ойын технологиясы. Себебі бастауыш сынып балаларының негізгі іс-әркееті - ойын. Біз бұл технологияның тиімді екенін өз жобамызда дәлелдейміз.
Зерттеудің мәселелері: ойын технологиясының дұрыс қолданылмауы,мамандардың аз болуы және тағы басқалары
Іс тәжірибеде пайдалану аясы :бастауыш сыныпта

Теориялық бөлім
2.1 Ойын ұғымы және оның психологиялық, педагогикалық негіздемесі,тәрбиелік мәні
Адамның жан дүниесі дамып жетілу, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әртүрлі іс әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы - ойын әрекеті. Ойын әрекеті баланың психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Ойын теориясы мен тәжірибесі, мән мағынасынан мәдениет мұраларын шетелдік және отандық психологтар, философтар этнографтар, социологтар, педагогтар зерттеді.
Ойын ұғымы баланың белсенділігін, қоршаған дүниемен араласуын, өзін-өзі тануының алғашқы көрінісі.
Ойын проблемасын шұғылданған көрнекті ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В.Марова, Н.Я.Михайленколардың айтуы бойынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығы мен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойынның педагогикалық жақтарын аса көрнекті Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Е.А.Аркин, Р.И.Жуковский, С.О.Лозинский сынды педагогтар зерттеді.
Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді өзінің психиалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара қарым - қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екендіге байқап көреді. Тиімді қолданылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әркетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім - тәрбие психолгиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл - ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Ойын әрекетінде бала психикасына дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғұров, Ш.Құдайбердиев, Т.Тәжібаев тағы басқа қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алды.
Қазіргі кездегі оқытудың ойын формасы зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: иммитациялық, символдық және оқу - зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр. Чех педагогы Я.А.Коменский ойынды баланың ең қажетті іс әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды.
Ойынның тәрбиелік мәні:
Қазіргі ұлттық мәдениет пен салт-сананың жаңару кезеңінде ойынның тәрбиелік мәні зор жеке тұлғаның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі.
Ғалымдарымыз М.Танекеев, Е.Сағындықов, Б.Төтенаевтың ғыыми еңбектерінде қазақтың халық ойындары туралы жазып, жалпы сипаттамалар, топтастырулар берген. Олар ойынды ауыз әдебиетінің мұраларында,бейнелеу өнерінде көрініс тауып, балалардың тұлғалық болмысын тәрбиелеуге ұрпақтан-ұрпаққа ауысып ерекше мәнге ие болды деп көрсеткен.
Бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекетін зерттей отырып ойынның, біріншіден, көшпелі қазақ елінің ежелгі санасы, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста туғанын; екіншіден, балаларды тәрбиелеуге бағытталған негізі бар екендігі айқындалады.
Ойын бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің және баланың іс - қимылының негізгі түрі, сыртқы ортамен қарым - қатынасын білдіретін маңызды құралы. Ғалымдардың пікірі бойынша баланың жеке болмыстық тұлғасын қалыптастырудағы басты шарттың бірі - баланың мінез құлқынтәрбиелеу. Мінез құлық дегеніміз - адамдардың өзін қоршаған ортаға, қоғамға, басқа адамдарға деген қарым - қатынасынан көрініс табатын тұрақты психикалық ерекшелігінің жиынтығы. Балаға мінез - құлық туылғаннан бастап қалыптаса бастайды. Әр балаға өз жастарына сай ойын ұйымдастыру керек. Оларды мақсаттылыққа, шешімділік, ұстамдылық, сабыр, төзім,батылдылық, белсенділік қасиеттерін қалыптастыруды басшылыққа алып, естен шығармау. Балалар ойынында Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік, ұжымдық, еңбекті қадірлеу,кішіпейілділік, ізеттілік, тәрбиелілік, тәртіптілік т.б жоғарғы қасиетттерді ойын үдерісінде,ойын арқылы үлгі-өнеге ғибрат алғызу, ұлттық болмыс пен мінезді өскелең ұрпақ бойына дағды етіп сіңіре білу бастауыш сынып мұғалімдерінің үлесінде. Ойынды өткізудегі мұғалімнің мақсаты- оқушыларды еркін сөйлей білуге, айтайын деген ойын тез,әрі жүйелі жеткізуге, ойлау қабілетін дамытуға , тіл байлығын арттыра түсуге жету. Ойында бала өзін батыл ұстап, айтайын деген ойын еркін жеткізуге тырысады.
Ойындардың барлығы белгілі бір мақсатты көздейді, бәрінің де тәрбиелік мәні зор. Ең бастысы ойынды өз дәрежесінде ұйымдастырып пайдалана білуде.

2.2 Ойын технологиясы-балалардың жеке танымдық белсенділіктерін дамыту құралы.
Танымдық әрекет- оқушының білімге деген өте белсенді ақыл ой әрекеті. Танымдық әрекет- танымдық қажеттіліктерін, мақсат, танымдық жіне әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Н.Ф.Талызина бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінің қалыптасуына жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп,маңызды тұжырымдамалар жасады. Мәселен, бірінші сынып балаларының ойын арқылы, танымдық іс - әрекеттің тәсілдері арқылы ақыл - ойларын дамытып, бірте - бірте ойынды оқу іс - әрекетімен алмастыру қажеттігімен анықтап көрсетті. Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Ойындарды топтастырылуында баланың дамуында ойын басқаратын іс-әрекеттің түріне айналады деген тірек идеяларды басшылыққа алу керек. Сонымен мәнді ойын арқылы пайда болған іс-әрекет бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық танымдық белсенділіктерін дамытудың мүмкіндіктері болатынды.
Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік,тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады. Ойын оқушыларды жылдамдылыққа төзімділікке тәрбиелейді. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындарына жатады. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Мектеп жасындағы оқушыларында ойын әрекетінің маңызын көрсету
Білім сапасын арттырудағы жаңа оқыту технологиясының маңызы
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Пәндер