Бірінші басымдық аясындағы міндеттер шеңберінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Әлеуметтану бағытындағы өлкетануды оқыту. Білім беру және
Қазақстанның үшінші жаңғыруы

Орындаған: Мұратұлы Қ.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Жанысбеков М.А.

Шымкент 2019 ж.
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік;
2) Мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес
нақты басымдықтар;
III. Қорытынды

Кіріспе

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына
арнаған дәстүрлі жолдауы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік деп аталғандығы барлығымызға аян. Елбасымыздың үшінші
жаңғыруымен кеңірек таныспастан бұрын, бірінші және екінші жаңғыруларына
кішігірім тоқталып, еске түсіре кеткеніміз жөн.
Қазақстанның Бірінші жаңғыруы – 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан
шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде
біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем
картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға көшу жүзеге асырылды.
Ал, Екінші жаңғыру Қазақстан-2030 стратегиясының қабылдануымен және
жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз.
Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі
экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде қазіргі таңда тәуелсіз
Қазақстан күннен-күнге алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыртуға да табан
тіреді.
Сонымен Қазақстанның Үшінші жаңғыруы қалай болмақ? Бұл сұраққа
Президент Жолдауында: Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес
жоспары емес, болашаққа, Қазақстан-2050 стратегиясы мақсаттарына
бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - 100 нақты қадам
базасында өткізіледі деген жауап берілді. Бұнда экономиканың әлемдік
өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің
қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған негізгі бес басымдық
қарастырылады.

Негізгі бөлім

Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес,
болашаққа, Қазақстан-2050 стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді
көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - 100 нақты қадам базасында өткізіледі -
деген еді Мемлекет басшысы осы Жолдауында. Осы жаңғырудың аясында бастысы
- баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға,
əлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет
үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты
белгілегендігі мәлім. Сонымен қандай басымдықтар?
Бірінші басымдық – экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту.
Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік - ең басты қару.
Дәуіріміздегі жаңа жаһандық қатерлерге қарсы мемлекеттің бәсекелестігін
арттыру арқылы кез келген мемлекет жаңа индустрияландырудың ғаламдық
үдерісіне қосыла алады. Осы ретте көптеген дамыған елдердің мысалын
қарастыра отырып, экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізудің
маңызын сезетін едік. Яғни, соңғы жылдары шапшаң дамып жатқан интернет
саудалары, энергоүнемді желілер, транзакцияларды жүзеге асыру бағытындағы
мобильді қосымшалар және тағы басқалары - ең үлкен басымдыққа ие болып
отыр. Ендеше, бәсекеге қабілеттіліктің өзегі де осында. Елбасы Жолдауында
бұл басымдықтың өзі бірқатар міндеттерді қамтыды. Атап айтқанда, бірінші
міндет - цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды
өркендету. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық
қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын
және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар
қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп,
дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке Цифрлық
Қазақстан жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын, - деді
Н. Назарбаев. Бұнымен қоса, Елбасы коммуникацияның дамуы мен оптикалық-
талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз етуді,
инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізуді белгіледі. Бұл
ретте ЭКСПО-2017 базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құру
көзделеді. Президент халықаралық технопаркте әлемнің барлық елінен
кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуы тиістігін алға
тартады. Бірінші басымдықтың екінші міндеті - Жаңа индустриялар құрумен
қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру. Дәстүрлі салаларға
өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы
және басқалары жатады. Осы тұста Елбасы негізгі фактор ретінде Төртінші
өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге назар бұрады.
Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды
көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек. Үкімет алдында қазірдің
өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті
тұр, - деді Н. Назарбаев. Бірінші басымдық аясындағы міндеттер шеңберінде
Елбасы аграрлық секторға да ерекше тоқталып, бұл саланы экономиканың жаңа
драйверіне айналуы тиістігін атап өтті. Жалпы Қазақстандағы аграрлық
саланың экспорттық әлеуеті зор екені белгілі. Әсіресе экологиялық таза өнім
шығаратын қазақстандық тауарлар көршілес елдерде маңызды басымдыққа ие.
Ендігіде Қазақстан астығы мен астық өнімдері арқылы Еуразияның нан
себетіне айналуы керек. Бұл үшін Елбасы шикізат өндірісінен сапалы
өңделген өнім шығаруға көшуді жүктеді. Сонда ғана Қазақстан халықаралық
нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз. Бірінші басымдықтың еншісіндегі
және бір сала - жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Осыған
байланысты Елбасы Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық
көлемін  контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе - 2 миллион
контейнерге дейін, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе - 1,6
миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырды. Ал транзиттік
тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе - жылына 4 миллиард долларға дейін
көбейту қажет. Бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті - еңбек нарығын
жаңғырту. Жаһандық өзгерістер аясында бұл бағытта да белгілі бір қауіптер
баршылық. Сондықтан Президент Үкімет пен әкімдерге жұмыспен қамту бағытында
барлық жағдай жасауды тапсырды. Бұл ретте ірі кәсіпорындар әкімдіктермен
бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлейтін болады.
Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту.
Бизнес, шағын және орта кәсіпкерлік - соңғы жылдары биліктің күн
тәртібінде күнара талқыланатын мәселе. Шындығында, шағын кәсіпкерлігі мығым
елдің шаруасы шайқалмайды. Бұған мысал да жетерлік. Қазақстанда тұтастай
алғанда бизнес ортаны дамытуға деген қадамдар жасалды. Дегенмен, жергілікті
өңірлерде кәсіпкерліктің кедергілерін ысырып тастау реформасы әлі де
жалғасуда. Осыған байланысты мемлекеттің экономикаға араласуын тежей
отырып, жеке сектор арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
көзделеді. Елбасы Жолдауында екінші басымдық етіп белгілеген бизнес ортаны
жақсарта түсу - дағдарысқа қарсы маңызды құрал болмақ. Бұл ретте Президент
ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем
дегенде 50% болуын қамтамасыз ету межесін белгіледі. Ал бұл үшін не істеу
керек? Бұл да бес міндеттен тұрады. Атап айтқанда, биылдан бастап Қазақстан
азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге
дейін шағын несие ала алады. Осыны жандандыру үшін шағын несие беру аясын
кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін
белсенді пайдалану көзделеді. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті,
соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар
ұсынуға тиіс, - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы Үкімет пен
Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестің барлық шығынын жаппай
азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Кәсіпкерлікке кедергі
келтіретін құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартылып, қайталанатын
рәсімдер жойылатын болады. Екінші басымдық аясындағы Елбасы ерекше
тоқталған жайт - мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-
ына дейін төмендету. Бұл экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс. Осыған
байланысты Үкімет жекешелендіру жұмыстарын тездетіп, оны 2018 жылдың соңына
дейін аяқтайтын болады. Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік холдингтер рөлін қайта
қарастыруды тапсырды. Бұл үшін Үкіметке Самұрық-Қазына холдингін сапалы
түрде трансформациялайтын болады. Ал Бәйтерек және ҚазАгро холдингтері
де қайта құрылады. Түйіндей айтсақ, әлгі екі холдинг мемлекеттік даму
бағдарламаларын іске асыратын оператор болып қалады. Олардың функциялары
оңтайландырылып, жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсенің барлығы бизнеске
берілмек.
Үшінші басымдық – қаржы секторын қайта жаңғырту.
Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы жүйесі түрлі дағдарысты бастан
өткерді. Шатқаяқтаған тұсында мемлекетке арқа сүйеді. Дегенмен, бұл салада
әлі де проблемалар бар екені белгілі. Ендеше ортамерзімдік перспективада
еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығында қаржы секторын дамыту, оның
экономиканың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан, Ресей және Беларустың Кеден одағы іштегі өндірушілерді сырттағы бәсекелестерден қорғауды көздейді
Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Мемлекет пайда болуының жалпы заңдылықтары
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Пәндер