ЕПҰ қызметкерлерінің еңбек жағдайларының ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ АҚ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Гигиена және эпидемиология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: ЕПҰ медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайының ерекшелігі және жеке бас гигиенасы

Орындаған: Мұратұлы Қ.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Жақсыбаева Ж.Б.

Шымкент 2020 ж.

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1) ЕПҰ қызметкерлерінің еңбек жағдайларының ерекшелігі;
2) ЕПМ медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтау ережелері;
3) ЕПҰ медициналық қызметкердің жеке қорғанысына қажетті құралдар;
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасын зерттеу мәселесі өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бері кең ауқым алып келе жатыр. Содан бері жүрзілген зерттеулер дәрігерлер еңбегіне әсер ететін әртүрлі қолайсыз факторларды анықтады. Сол себепті медицина қызметкерлерінің жұмыс күнін қысқартуға, қосымша демалыстарды бекітуге, жекелеген категориялардың жалақысын жоғарылатуға негізделген заңды актілер дайындалды.
Сол жылдардан бері дәрігерлер еңбегінің сипатында бірқатар өзгерістер туындады. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың саны жаңа емдеу-профилактикалық жабдықтардың (рентген қондырғылары, электронды, электрлімедициналық, лазерлі, ультрадыбысты және жоғары жиілікті қондырғылар, емдік барокамералар) шығуына байланысты. Сонымен қатар, жанаспалы дерматиттер, ингаляциялық уланулар шақыратын дәрілік заттардың, радиоактивті заттардың көптеген түрлері шығарылды. Науқастан дәрігерге жеңіл берілетін жұқпалы аурулардың жиілігі күрт өзгерді. Оларға ЖИТС жұқпасы, туберкулез, В және С гепатиттері және басқа да бірқатар аса қауіпті жұқпалармен шақырылатын аурулар жатады.

Негізгі бөлім
Сонымен бірге, қолайсыз гигиеналық факторлар щағын климат жағдайлары (температура, ылғалдылық және ауаның қозғалыс жылдамдығы) өз маңыздылығын жоғалтпады. Көбінесе, қолайсыз метеорологиялық жағдайларға еңбегі ұзақ уақыт физикалық жүктемелермен жүретін хирургтар мен стоматологтар шағымданады, сондықтан да организмнің ысыну кету қаупі жоғары.
Егу, манипуляциялық және стоматологиялық кабинеттерде аллергиялық реакциялар шақыратын химиялық заттармен қатынаста болу мәселесі күн тәртібінен шықпайды.
1984 ж. Ереванда Медицина қызметкерлерінің денсаулығы және еңбегі атты тақырыбындағы Бүкілодақтық конференцияда келесі мәселелер қарастырылған:
-- медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен еңбек жағдайын кешенді бағалау бағдарламасын дайындау;
-- жалпы және кәсіптік аурушылдық;
-- мүгедектікке шығу себептері;
-- әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің өлімшілдігі;
-- негізгі дәрігерлік мамандықтарға кәсіптік және медициналық таңдау критерийлерін дайындау;
-- кәсіптік еңбектің медицина қызметкерлерінің жүрек қан тамыр жүйесінің патологиясына әсері;
-- әртүрлі мамандықтағы дәрігер-әйелдердің гинекологиялық аурушылдығы және жүктілік кезіндегі бұзылыстар сипаты;
-- медицина қызметкерлері арасындағы түрлі токсикомания себептері мен жиілігі;
-- онкологияда жұмыс істейтін, патологоанатомдардың, микрохирургия саласындағы мамандардың және еңбегі жүйкелік-эмоционалды күштенумен байланысты дәрігерлердің еңбек жағдайы;
-- қазіргі заманғы диагностика және емдеу әдістерін қолданатын персоналдың еңбек жағдайын гигиеналық бағалау;
-- қазіргі кезде жүргізілетін емдік мекемелерді паспортизациялау нәтижелерін ғылыми талдау.
Бүгінгі күнде мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің жоқтығынан, дәрігерлердің төмен сапалы өмірінің мәселелеріне жеткіліксіз көңіл аударылу салдарынан, дәрігер мамандығы өз маңыздылығын жоғалтып отыр. Медицина қызметкерлерінің қаржылық жағдайы төмен екені баршамызға мәлім. Сонымен бірге, олардың еңбегі адам іс әрекетінің ішіндегі ең қиын және жауапты түрлерінің бірі. Медицина қызметкерлерінің еңбегі маңызды интеллектуальды жүктемемен сипатталады, ал жекелеген жағдайда жоғары физикалық күштенуді, шыдамдылықты, зейінді және шұғыл жағдайларда жоғары еңбек қабілеттілігін талап етеді.
Хирургиялық профильдегі дәрігерлер (хирургтар, анестезиологтар, реаниматологтар) қолайсыз өндірістік факторлардың әсерінің айқындылық дәрежесі бойынша аса маңызды орынға ие. Операциялық бригада мүшелерінің тыныс алу зонасындағы ингаляциялық анестетиктердің мөлшері шекті рұқсат етілген деңгейден жоғары болады. Хирургиялық профильдегі мамандардың еңбегі наркотикалық заттардың әсерімен және жоғары эмоционалды күштенумен, дискомфортты шағын климат жағдайымен, ыңғайсыз жұмыс қалпымен, рационалды ұйымдастырылмаған еңбек және демалыс тәртібімен, түнгі және ауысымды кезектермен бірге жүреді. Жиі осы факторлар жүрек қан тамыр жүйесінің және асқазан ішек жолдарының ауруларының, сонымен қатар вегетативті бұзылыстардың, аллергиялық реакциялардың дамуына ықпалын тигізеді. Хирург-әйелдер мен анестезиологтарда еңбек үрдістерінің факторлары овариалды-менструальды циклдың бұзылыстарына, жүктілік кезеңінің бұзылыстарына, балалардың төмен өмірқабілеттілігіне алып келуі мүмкін. Жүктілік басталғаннан бастап хирургиялық профильдегі дәрігерлер қаупі жоғары топқа жатқызылуы тиіс.
Персоналдың инфицирленген науқастармен тұрақты қарым-қатынаста болуы кәсіптік жұғу мүмкіншілігін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар жұмысшының иммунологиялық статусының және реактивтілігінің өзгерістерін шақырады. Персоналдың жұқпалы және туберкулезді науқастарға серологиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізуі қанда ішек және респираторлы жұқпалардың, В гепатитінің қоздырғыш антигендері мен антиденелердің жоғары кездесу жиілігін анықтайды, бұл жұқпалы аурумен ауырғандығының, вирус тасымалдаушылықтың, жұқпалы үрдістің азманифесті түрінің айғағы болып табылады.
Медицина қызметкерлерінің туберкулез аурушылдығының өсу қарқыны соңғы 5 жылда халық арасындағы аурушылдық көрсеткіштерінен асып түсуде. Соңғы жылдары туберкулезге қарсы мекемелердің медицина қызметкерлерінің туберкулезбен аурушылдық көрсеткіштері халық арасындағы аурушылдық көрсеткіштерінен 8 есе жоғары болып, рекордты көрсеткіштерге жетті, бұл аурулардың негізгі саны шығу тегі бойынша ауруханаішілік (кәсіптік) екенін көрсетеді. Бұл жағдайға халық арасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби факторлардың мейіргер денсаулығына тигізер әсері
Заманауи АІИ-ң эпидемиға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру қағидалары
Дезинфекция
Электрқоректену параметрлері
Індетке қарсы санитариялық шаралар
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Науқастың инфекцияларға бейімділігі
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. Ұсыныс пен сұраныс
Медициналық әртүрлі құралдар
Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері
Пәндер