Микобактериялардың биологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

«Микробиология» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы : Актиномицеттердің және атипті микобактериялардың биологиялық ерекшеліктері

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Курманбекова Ш. Ж.

Шымкент 2020 ж.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1) Актиномицеттердің биологиялық ерекшеліктері

2) Микобактериялардың биологиялық ерекшеліктері

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер

Негізгі бөлім

Актиномицеттер

Актиномициттер - сәулелі саңыраукұлақтар бактериялардың және сілбілі саңырауқұлақтардың қасиеттерін үйлестіруші бір жасушалы микроағзалар. Актиномициттер микроағзалардың шынайы бактериялар және саңырауқұлақтар арасындағы өтпелі топты кұрайды. Актиномициттер қатарында адам, жануарлар және өсімдіктер үшін зиянды түрлері бар, сонымен қатар белсенді дамушы антибиотиктер (стрептомицин тетрациклин және т. б. )

Актиномикоз (грекше aktіs (aktіnus) - сәуле және mykes - саңырауқұлақ) - актиномициттер қоздыратын жұқпалы ауру. Актиномикозбен көбіне жануарлар шалдығады, ал адамдар сирек ауырады. Актиномикоз табиғатта кең тараған. Ол топырақта, жануардың ішек-қарнында, арпа-бидай дәндерінде ұзақ сақталады. Актиномикоз адам аузының шырыш қабатында, ішек-қарнында, жоғарғы тыныс алу жолында әрқашан кездеседі, бірақ зиян келтірмей тіршілік етеді. Ағзадағы қорғаныс қызметі төмендегенде (тұмау, аппендицит, туберкулез т. б. ) адамдар актиномикоз ауруларына шалдығады. Ол көбінесе мойын терісін, асқазан мен өкпені зақымдайды. Актиномикозды операция жасау, антибиотиктер егу, сәулемен күйдіру арқылы емдейді. Аурудың алдын алу үшін қабынған ошақтарды (әсіресе ауыз қуысын, тісті) уақтылы емдеу қажет.

Таксономиясы . Қоздырғыштардың басым көпшілігі Actynomyces туыстастығына жатады, ең жиі кездесетіні анаэробты түрі A. israeliі, кейбір түрлері Propionobacterium немесе Bifidobacterium туыстастығына жатады. Қалған түрлерінің ішінде жиі кездесетіндері: A. bovis, A, viscosus, A, naeslundii, A, odontolyticus болып табылады.

Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Тармақтары бар жіпшелер мен жіңішке таяқшалар, Грам оң боялады, қозғалмайды. Саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша қабырғасында хитин және целлюлозасы жоқ, қабырғасының құрылымы грам оң бактериялар сияқты. Мицеллиялары қарапайым, жіңішке, тармақталған, тік немесе иілген таяқшалар. Актиномициттердің ерекше қасиеттері - жақсы дамыған мицеллий түзеді. Таяқша пішінді актиномициттердің ұштары жуандау. Жағындыға жұптасып V, Y тәрізді немесе қатарласып орналасады.

Резистенттілігі . Ауаға түскенде бірден жойылады. Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал. Дегенмен, фунгицидтық препараттарға тұрақты. Тәжірибеде кеңінен қолданылатын дезинфектанттар мен антисептиктерге сезімтал. Негізгі мекендейтін ортасы- топырақ. Тұрақты түрде ауада, суда, әр түрлі қоршаған орта объектілерінде, өсімдіктерде, жануарларда және адамдарда табылады. Адам және сүт қоректілердің ауыз қуысының шырышты қабатында орналасады.

Патогенезі . Актиномикоз-аэробты және факультативті анаэробты актиномициттер тудыратын адам және жануарлардың созылмалы оппортунистік инфекциясы. Актиномициттер ауыз қуысы мен ішектің қалыпты микрофлорасының құрамына кіретіндіктен эндогенді инфекция дамуы мүмкін. Түрлі ағзалар мен тіндерде қабыну ошақтары-актиномалар түзіледі. Оппортунистік инфекция тудырады. Алғашқы актиномицеттік зақымданулар олардың орналасқан жерлерінде пайда бола бастайды. Содан соң біртіндеп тері асты шелмайлар, байланыстырушы тін, лимфа және қан арқылы бүкіл ағзаға таралады. Міне соның салдарынан эндогенді инфекция ретінде дамиды.

Клиникалық көріністері. Клиникасы гранулемалық қабынумен сипатталады, белгілері полиморфты. Орналасуы бойынша: мойынды-беттік, торакальды, абдоминальды, зәр шығару - жыныстық, сүйек-буындық, сепсистік және т. б. түрлерін ажыратады. Ең жиі кездесетін түрі - жақ-беттік және мойын беттік түрі болып табылады. Өкпе актиномикозы оған қарағанда сирек кездеседі. Актиномикоздың абдоминальды түрінде кіші жамбас қуысы ағзаларының перфорациясы салдарынан дамиды. Ол - аппендикстің жарылуы, ойық жара тесілуі, хирургиялық дивертикулиттер мен және т. б зақымданулар.

Емдеуі . Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал. Дегенмен фунгицитдық препараттарға тұрақты.

Алдын алуы қарастырылмаған, бейспецификалық сақтандыруы адамның иммундық статусын жоғарлатуға бағытталған.

Микобактериялар

Тұқымдастығы: Mycobacterium

Туыстастығы: Mycobacteriaceae

160-тан астам түрлері кіреді. Бұл полиморфты, тік немесе сәл иілген және тармақталған таяқшалар. Мицелий секілді жіптер түзуі мүмкін, оларды коктар мен таяқшаларға бөлінеді.

Микобактериялардың ерекше қасиеті - қышқылға, спиртке, сілтіге тұрақты болуы. Бұл липидтердің көп мөлшерінің жасуша қабырғасында орналасуына байланысты. Олар анилин бояуларымен қиын боялады, мысалы Грам әдісімен бояғанда әлсіз грам оң болып келеді. Қозғалмайды, спора түзбейді, капсула түзбейді. Аэробтар немесе факультативті анаэробтар. Өсуі баяу немесе өте баяу. Каталаза немесе арилсульфатаза өндіреді. Лизоцимге тұрақты болып келеді. Халықаралық жұмыс тобының ұсынысы бойынша Mycobacterium туыстығына жататын микобактериялар 3 топқа жіктеледі.

1. Баяу өсетіндер , олар температура мен қоректенудің қолайлы жағдайында тығыз қоректік орталарда 7 және одан да астам тәуліктен кейін көрінетін колониялар түзетін микобактериялар (M. tuberculosis, M. bovis, M. africanum, M. avium, M. cansasi, M. marinum, M. simia, M. gastrii және т. б. ) .

2. Жылдам өсетіндер , олар температура мен қоректенудің қолайлы жағдайында тығыз қоректік орталарда 7 тәулікке дейін көзге көрінетін колониялар түзетін микобактериялар (M. phlei, M. vaccae, M. diernhoferi, M. smegmatis және т. б. ) .

3. In vitro-да дақылданбайтын немесе ерекше қоректік орталарды қажет ететін микобактериялар (M. leprae, M. lepraemurium, M. haemophylium) .

Шартты-патогенді микобактериялар, микобактериоз тудырушылар, және сапрофиттер Е. Раньон зерттеуі бойынша атипті микроорганизмдерге жатады, сол себептері пигмент түзу, өсу жылдамдығы, культуралдық және биохимиялық қасиеттеріне байланысты 4 топқа жіктеледі.

4 топқа жіктеледі:

1. Фотохромогендік микобактериялар, жарық әсерінен пигмент тудырады, баяу өседі. Осы топ өкілі M. kansasii адам өкпесінің аурулары кезінде көрінеді. 2. Скотохромогендік микобактериялар, қараңғыда сары, жарықта қызыл немесе қызғыш пигмент, баяу өседі. M. scrofulaceum балаларда лимфаденит тудырады. 3. Хромогендік емес микобактериялар, пигмент түзбейді, баяу өседі. Бұл топ өкілі M. аvium құстарда туберкулез ауруын тудырады, кейде адамда да болуы мүмкін 4. Тез өсуші микобактериялар, (1-2 күннен 14 күнге дейін) . Бұл топ өкілі M. Smegmatis адамда ауру туғызады.

Mycobacteriaceae туысы, туберкулез бен лепраны тудырады. Атипті микобактериялар ағзаға әр түрлі жолмен түсуі мүмкін: • Ауа арқылы • Шаң арқылы • Су арқылы • Нашар өңделген жануар өнімдері арқылы • Ауру жұқтырған үй жануарлары мен құстар арқылы Адамнан адамға жұғу жолы анықталмаған. М. tuberculosis және атипті мико­бактериялар көбінесе ұқсас келеді. Екі жағдайда да классикалық морфологиялық ортақ белгісі ол казеозды некроздық гранулеманың пайда болуымен көрінеді. Бірақ атипті микобактериялардың гранулеммалары жоқ, дұрыс емес формалы және жылжымалы казеозды некроздың пайда болуымен байқалады. Гранулемалар тек созылмалы қабынулы өгерістер кезінде болмайды Уақыт өте келе бұл бактериялар белсендіріліп кәдімге туберкулезге жататын белгілерді шақыра алады. Бұл жұқпаның негізгі ерекшелігіне жүргізілетін емге деген жоғары тұрақтылығы жатады. Атипті туберкулезді емдеу курсы 1, 5-2 жылды және көптеген микробқа қарсы препараттардың комбинациясын талап етеді. Гон ошағы (англ. Ghon's focus, Ghon focus) - туберкулез кезіндегі өкпенің біріншілік зақымдануы. Бастапқы кезде рентгенограмма суретінен гранулематоздық қабыну түрінде байқалады. Көп жағдайда өзінен кейін дәнекер тінінен құралған капсуланы қалдырып тыртықтанып, кейін сүйек тініне айналуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайда науқастың иммунитеті әлсіз болса толыққанды туберкулез дамуы мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез қоздырғышы
ЖИТС кезіндегі микобактериоз
Балалардағы туберкулез
Туберкулез қоздырғышы туралы
Екіншілік иммундық тапшылықтар
Қабынудың этиологиясы, морфологиясы мен патогенезі
Туберкулез – проблемалы инфекция. Аспектілері
Туберкулез ауруы
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
Туберкулез қоздырғышы,оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz