Дедуктивті ойлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ АҚ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауы

Орындаған: Мұратұлы Қ.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Аширов Ш.A.

Шымкент 2020 ж.

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Индуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауы
2) Дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Сапалық талдауда континуумның екі ұшы ретінде қарастыру қажет екі бәсекелес бағыт бар. Бір жағынан алғанда, сапалық талдау жүргізетін зерттеушілер мәліметтердегі өздері зерттеуді қалайтыны туралы жалпы пікірге ие болады, және кем дегенде, осы ізделетін ақпарат болуы мүмкін және осы ізделетін түрлі салалар туралы кейбір ұғымды білдіреді. Осы дедуктивті тәсіл белгіленген тақырыптарға қатысты ақпаратты өңдеу мен зерттеуге бағытталған, олар басында толықтай анықталмаған болуы мүмкін, алайда, дегенмен, талдауды дамыту үшін жалпы бағыт береді. Басқа жағынан алғанда, тәжірибелі теоретиктер пайдаланатын, мәселен, индуктивті тәсіл мәліметтерге апаратын толықтай ашық тәсілді қолданады және талдау үшін құрал ретінде мәліметтердің өзінен туындайтын тақырыптарды пайдаланады. Шын мәнісінде, сапалы материалмен жұмыс істейтін зерттеуші педагогтар әдетте екі әдістің қоспасын қолданады, алайда Хьюберман мен Майлздың сөздеріне қарағанда, түрлі зерттеулерге түрлі назар аударылады: Еркін, индуктивті бағытталған жобалар және қатаң мейлінше дедуктивті-бағытталған жобалар артықшылыққа ие.

Негізгі бөлім
1) Дедуктивті ойлау
Пайымдаулар - субъект пен предикаттан тұратын сөйлемдер: Ит мазасызданып тұр. Бұл жерде субъект - біз не туралы айтып тұрсақ сол: яғни ит. Ал предикат - субъект туралы айтып тұрғанымыздың мәні: мазасызданып тұр. Пайымдаулар белгілі бір формаларды қабылдауға тиіс: бір категорияға кіретін ұғымдар басқа категорияға да кіре алады (немесе кіре алмайды). Мысалы, ит категориясына жататын әлгі хайуан мазасызданушылар категориясына да жатады.
2) Индуктивті ойлау
Ойлаудың индуктивті әдісі ықтимал қорытындыларды баяндауға бағытталған. Әрі қарай осы ықтимал қорытындылардан оларды да іс жүзінде тексеруге болатын басқа қорытындылар жасалуы мүмкін. Аристотель индуктивті ойлауды дамытқан жоқ. Фрэнсис Бэкон (1561-1626) мен Джон Стюарт Милльдің (1806-1873) еңбектерін біраз уақыт күтуге тура келді. Алғашқы кезден бастап-ақ тіл теориясының қалыптасуы логика-философиялық ұстанымдардың дәйектелуімен тығыз байланысты болды. Адамзат жаратылысының ерекше құралы болып табылатын тіл ойлау, пайымдау әрекеттерінің нәтижесін құрайтындықтан, оның табиғатын, қызметін анықтау міндеттері де өз бастауын танымдық ғылымдардан алды. Өзге ізденістер қатарында тілдік фактілер де сатылы дамудың көрсеткіші ретінде айқындалып, ғылыми нақтылауға дейін логикалық болжамдар мен уәждемелер тізбегін құрды.
Логика деген ұғымның бастапқы қолданысы да logos - ойдың сөз арқылы көрініс табуы сынды мағынаны білдірген екен, сол себепті К.Аханов та кезінде логика ғылымын оқып білу адамның ойлау мәдениетін арттыратыны сияқты, тіл білімін оқып білу адамның сөйлеу мәдениеті мен жазу мәдениетін арттырады, ой өрісін кеңейтеді. Ойлауды және оның заңдарын жете білу үшін логика ғылымы қаншалықты маңызды болса, тілді және оның заңдары мен қағидаларын жете білу үшін тіл білімі де соншалықты маңызды деген құнды қорытынды жасады. Ежелгі дәуір пәлсапасынан бастап өрбіген тіл мен ойлау арақатынасы, бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған логикалық және тілдік құрылымдар сияқты мәселелер терең танымның, бақылау мен пайымның негізінде дүниеге келді. Грек пәлсапасында тілдің өзі адам ойын сыртқа шығаратын қасиетіне орай сана мен қоршаған дүние байланысын сабақтастырушы құбылыс деп танылды. Ойшылдар зат пен оның атауы арасындағы байланыстың негізінде адамның сөйлеу мен ойлау әрекеттерін, олардың құрылымдық өзгешеліктерін айқындауға тырысты. Соның нәтижесінде пайда болған пайымдау теориясы сөйлем табиғатының шындықты бейнелер ерекшелігін зерделеуге бағыттала отырып, синкретті логика-лингвистикалық терминдерді қолданумен көзге түсті. Айталық,

жоғарыда келтірілген logos сөзінің астарында сөйлеу, ойлау, пайымдау ұғымдары қатар берілді немесе onoma - атау мағынасында әрі зат есім нысаны ретінде, әрі логикада субъект есебінде қарастырылды; ал rema сөз табы мен сөйлем мүшелерін қатар білдірді. Демек, тілдік категориялардың қалыптасу үдерісі логикалық бірліктермен үйлесімді сәйкестікте жүзеге асып отырды.
Қазір логика ілімі адамзаттың ойлау әрекетін сипаттау формалар мен заңдылықтар жүйесін айғақтайтын пәлсапалық, танымдық ғылымдар қатарында қарастырылып келеді. Логика ойлауды оның функциялары мен құрылымы, оны құрайтын элементтері, яғни түрлі формалары, сондай-ақ, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Ендеше, логика - дұрыс ойлау заңдары мен формалары туралы философиялық ғылым, - деп аталғандай, оның негізгі мәселелерін ойлау заңдылықтары мен пішіндері; ұғым мен пайымдау негіздері; ой қорыту принциптері, яғни М.Серғалиевтің пікіріне жүгінер болсақ, ойдың қайшылыққа ұрынбауы құрайды, сондықтан тілтанымның логикаға негізделген тұжырымдары да дедуктивті ізденістердің индуктивті зерттеулерге ұласуынан, жалпыдан жалқыға қарай және, керісінше, жалқыдан жалпыға жылжу, ауысу нормаларынан туындайды. Таным, соның ішінде тілдік таным, адам табиғатының басты көрсеткіштерінің бірі. Ол логикалық заңдарға бағынған ойлау әрекетінің ажырамас бөлшегі, философиялық пайымға негізделген сана әрекеті, қоршаған әлемнің сана мен жадыдағы көрінісі әрі қоры болып табылатындықтан, тіл теориясының танымдық негіздерін ойлау мен пайымдау формаларынан бөлек талдауға болмайды. Ойлау танымның негізін құрайтын, шынайы болмыстың көрініс табатын ең жоғарғы формасы, субъектіге заттар мен құбылыстардың байланысын танытушы әрі жаңа шығармашылық идеяларды дүниеге әкелуші құрал деп анықталады. Демек, oйлау формасы немесе логикалық форма дегеніміз - бұл ой құрылымы мен оның элементтері байланысының амалы болып табылады. Оның негізгі түрлерін ұғым, пайымдау, ой тұжырымы құрайды. Олай болса, ғылыми тұжырымдардың іргетасын қалайтын ой, таным, пайым мәселелерінің бірлігі адамның қоғамда өсуін де, өркендеп дамуын да саралайды. Адам танымдық үдерістер арқылы өзін қоршаған дүние мен заттар, құбылыстар мен ұғымдар туралы, олардың өзіндік белгілері мен қасиеттері хақында пікір-болжамдар қалыптастыра алатындықтан, оларды қарастырған кезде ой белгілі құбылыстар мен оқиғалардан олардың әлі байқалмаған, бірақ ықтимал болар себептеріне, даму заңдылықтарының реттілігіне қарай жүреді. Ғылыми-теориялық ұстанымдардың негізінде екі амал-тәсілден туындайтын көзқарастар жатыр деп есептелінеді. Оларды В.И. Постовалова: логикаға негізделген не болмаса солай болу керек деген ой қорытындысынан бастау алатын түйіндер. Концептуалды дәйектелген немесе белгілі бір теориялық тұжырымдармен нақтыланған пікірлер, - деп топтайды. Автор әр тұжырымды өз алдына жеке емес, тығыз байланыста, ажырамас тұтастықта қарастыру керектігіне де баса назар аударады. Ол логикалық пікірлер ғылыми ұстанымдардың алғашқы сатысын да құрауы мүмкін, оған бір пайымнан туындаған бірнеше

қағидаларды келтіруге болады, - деп атап көрсетеді. Әр адамның өзіндік бақылау, ойлау, қорыту қабілеттері боларын ескерсек, олардың жинақтайтын тәжірибелері де, дүниетанымдары да, ой-түйіндері де бірдей бола бермейді. Қабылдау мен танымның әр түрлі деңгейлері әр келкі болжамдардың жасалуына, абстарктылы да нақты ойлау түрлерінің дамуына септігін тигізеді, соның ішінде О.Н. Лагута дедуктивті - индуктивті танымның бірден-бір көзі ретінде абстрактылы ойлаудың ерекшеліктеріне тоқталады. Ғалымның айтуына қарағанда, абстрактылы ойлау адамның төмендегідей қабілеттерінің дамуы нәтижесінде жүзеге асады:
Шынайы болмысты жалпы бейнелер арқылы көрсете білу қаситі арқылы;
Болмысты дедуктивті және индуктивті амалдармен бейнелеу өзгешелігіне қатысты;
Түрлі абстракциялар мен символдар негізінде болмысты сипаттай алу қабілетімен сабақтаса;
Тілмен тығыз байланыста дамитын белгісіне орай.
Қазақ тілтанымының қалыптасу бағыты да танымдық ойлаудың дедуктивті амалдарынан бастау алды. ХХ ғасырдың бас кезінде дүниеге келген зерттеулер тіл табиғатын айқындау барысында ойдың, қоғамның, ұлттық-мәдени құндылықтардың орнын сұрыптауда, тілдік бірліктердің функционалды-семантикалық ерекшеліктерін талдап көрсету процесінде, бір жағынан, жекеленген субъективті тәжірибелер мен білім қорларына сүйене дамыса, екінші жағынан, олар жалпыадамзаттық немесе белгілі бір этносқа ортақ нормалар мен заңдылықтардың ықпалымен дәйектеліп келді. Олардың астарында ой формасын құрайтын пайымдау, яғни нәрсенің бар екендігі, нәрсе мен оның қасиеті арасындағы немесе нәрселердің ара-қатынасы туралы бір нәрсенің құпталатындығы, не терістелетіндігі жатқандықтан, адам тіл арқылы ойлау әрекетінің нәтижелерін сақтауға не болмаса сыртқа шығаруға әрі қатысымдық, ақпараттық және ғылыми міндеттерді шешуге мүмкіндік алды. Осыған орай, тілтанымдық тұжырымдардың бастамасын құраған еңбектер нақты теориялық ұстанымдарға негізделген индуктивті қорытындылардан гөрі, дедуктивті тәжірибе арқылы өзектеліп, тың лингвистикалық мәселелердің қарастырылуына себепкер болды. Ой элементтері мен құрылымдарының байланысуы, шынайы болмыстың тілтанымдық мазмұнға сәйкестендіріле берілуі логика формасы негізінде жаңа болжамдардың жасалу принциптерін айқындады, сол себепті А.Байтұрсынұлының Тіл - құрал деген тұжырымынан өрбіген экстралингвистикалық ұстанымдар тілдік фактілерді зерттеудің өзгеше белесін құрады. Ғалымның қара сөз бен дарынды сөз ерекшеліктерін, өзара байланысу сипаттарын зерделеген тұжырымдары тілтанымның логикалық ұстанымдарынан бастау алды. Әдебиет танытқышта ұсынылған ақыл мен қиял нормалары нақтылық пен дәлдік, болжау мен жорамал сынды дедуктивті-индуктивті тәсілдердің салыстырмалы сипаттамасын жасады. Пән, ғылым, білім негіздерін әуезе, толғау, айтыс сияқты сөз үлгілерімен сабақтастыра талдаған тілшінің пікір-көзқарастары адамға тән екі түрлі қасиетті басшылыққа ала дүниеге

келгендіктен, бірінші жағдайды ғалым жаратынды, тиіс ғалам турасындағы нақ әңгімелер деп қарастырса, екіншісін ұйғарынды түйіс ғалам турасындағы боларлық әңгімелерге жатқызды. Аталмыш жіктеме негізін автор алынған тұжырымдар мен олардың қоршаған дүниеге қатыстылық деңгейі арқылы сұрыптады, жалқы мен жалпы арасындағы қатынас та қара сөзде не болмаса дарынды сөзде айтылған нәрсенің нақ болғанын білуге сайды, сол себепті ес пен іс ұғымдарынан бастау алатын қара сөз түрлерін сөз еткенде, тілші оның көбінесе ғалымдардың, шешендердің сөзі болатындығына, ал дарынды сөздің ақындардың, арқалылардың сөзі деп танылатындығына назар аударды. Ойын дәлелдеу мақсатында ғалым. Ақындар ғалымдар сияқты болған уақиғаны яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, қақиқаттауға тырыспайды. Тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз ұйғаруынша суреттеп көрсетеді деген тұжырым жасай отырып, дарынды сөздің дедуктивті танымдық сипатта, субъективті қиял-көңілге негізделе қалыптасатындығын ескертумен қатар, қара сөздің болмысы мен қызметіне, мақсат-міндетіне айрықша тоқталды. Пән яки ғылым деп жүйеленген білімді айтамыз. Білімде үйрету мақсатпен де, үйлестіру мақсатпен де жүйеленеді. Сондықтан ғалымдардың білімді таза білім жүйесімен жүйелеп шығарған кітаптары да, үйретушілердің білімді тек үйрету қолайына қарай жүйелеп шығарған оқу кітаптары да - бәрі де пән тобына жатады дей келе, А.Байтұрсынұлы жорамал мен болжаудан гөрі нақты да дәлелді білімді қажет ететін сөз үлгілерін бөлек-бөлек талдап көрсетті. Оларды дүниені танып білудің аса қажет құралына айналдыра отырып, тілші ақыл арнасына жуысатын мәліметтердің құндылығын зерттеулеріне арқау етті. Сөйтіп, Ғылым дегеніміз дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану. Ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң, дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңлауы дұрыс болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін бұрынғылар теріс танып, теріс әуезе қылған деген анықтама негізінде ғылыми танымның маңыздылығын өзектеген зерттеуші ғылымның дүние танудағы қызметін жоғары бағалауға, оның сана-саңлауын дамытудағы орнын саралауға, сол арқылы анайы замандағы адам дедукциясын қазіргі танымымен салыстыруға мүмкіндік берді. Бәрі жору, жорамалдау, ұйғару айналасында болып, нәрсенің сырын тану, шынына жету жоқ болып, ақыл жағы күшеймей, қиял жағы күшейіп, анайы заманның адамының ақылы нашар, қиялы күшті болғанын ескерген ғалым адам санасы дүниеге әкелген алғашқы шығармалардың, ой түйіндерінің орасан қияли, орасан кереметі көп, расы аз түрде айтылғанын дәйектеді, оның айқын айғағы ретінде жұмыста әр түрлі табиғат құбылыстарын тануға тырысқан алғашқы бала сананың элементтері сөз болады. Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы - біздің балалық шағымыз мысалды тілші этнотанымдық фактілердің бір қатарына шолу жасау арқылы тұрпайы халықтық болжамдар табиғатын түсіндіруге тырысты, олардың астарында жатқан адамдық

ғаламның құрамды бөліктерін тең таразылауға, арасындағы сабақтастықты дәл анықтауға бар танымдық қорын жұмсады.
Гипотезаның мазмұны дедуктивті түрде ақиқат алғышарттардан шығарылады, яғни танымның логикалық негізде жалпыдан жалқыға жылжу сипаты болашақ ғылыми бағдарларды қалыптастырар мүмкіндіктерге ие болуымен қатар, ой үдерісінің кезеңдік сатыларын дәйектеуге де ат салысады, сондықтан логиктер болжамды ұсынудың және оны дәлелдеудің мынадай сатылары бар деп тұжырымдайды:
І кезең - Бұрынғы теориялар мен гипотезаларға сәйкес келмейтін және жаңа болжамды қажет ететін деректер тобын анықтау.
ІІ кезең - Гипотеза құрастырудың екінші сатысына осы деректердің мүмкін себебі туралы болжау жасау жатады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индуктивті және дедуктивтік ойлау салыстырмалы талдау
Индуктивті ойлау
Зерттеудің жалпы логикалық әдістері
Теориялық танымның негізгі әдістері
Ғылыми зертеу методологиясы
ҒЫЛЫМИ - ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Талдау және синтез
Когнитивті психология рөлі
Логикалық ойлау қабілеті
Ғылыми теорияның қурылымы
Пәндер