Қазақы прагматизм



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ АҚ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы

Орындаған: Мұратұлы Қ.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Аширов Ш.A.

Шымкент 2020 ж.

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Прагматизм философиялық ағым ретінде;
2) Қазақы прагматизм;
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Елбасы өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасын оқырман назарына ұсынған.
Елбасы бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және бола - шаққа жіті көз тіккен бағдар - лар керек. Адамның да, тұтас ұлт - тың да нақты мақсатқа жетуін көз - дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар ел - дің мүмкіндіктері мен шама-шар - қын мұқият ескеруге тиіс. Яғ - ни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды деген ойды алға тартады. Сонымен, прагматизм идеологиясы - қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс-қимылымыз бен ұста - ным - дары - мыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру филосо - фиясы. Ол бәсекелікке қабілет - тілік - тің де, білім сапасы мен сал - та - нат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қаты - нас - тарымызды, санамыздың ашық - тығы мен өзгеру бағыты - мызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы.

Негізгі бөлім
Жалпы, оқырманға түсінікті болу үшін, прагматизм ұғымы - на сәл үңілген артық болмас. Прагматизм термині - іс, іс-әрекет дегенді білдіреді. Кейіннен, ХIХ ғасырда, ол америкалық философ Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ-тық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің басты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жет - кі - лікті, ақиқаттың өлшемі прак - тика, іс-әрекетте жетістікке жету үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағи - даларды ұсынады.
АҚШ қоғамының табысты өмір салты негізінде өнімді, тиімді қозғалыс идеясы жатыр. Мұн - дай философияның өзгеріс - тер кезеңінде дүниеге келетінін өмірдің өзі дәлелдеді. Өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлт - тың жиған тәжірибесімен ұш - - тас - тыру практикалық фило - со - фияның өзегі десек те бола - ды. Елбасының прагматизм фило - со - фиясына назар аударып отыр - ған - дығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстаным - дарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, мен - таль - дық болмысымыздың сипа - тына айналған кейбір дағды - лар - дан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі - аста-төк ысырапшылдық, даң - ғой - лық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқара - ды, ұлтты үнемшіл болуға, байлық - тың құны мен қадір-қасиетін баға - - лауға үйретеді деген ой-пікір - - дің де болғаны белгілі. На - рық заманының ширек ғасы - рын артқа тастасақ та, әлі сол ысы - рап - шылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Ысырапшылдық - жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мем - - ле - кет деңгейінде көрініп отыр - ғаны мәлім.
Біздің әлі де болса, еңбекті, бай - - лықты бағалай алмай жүр - гені - міз байқалады. Келген бай - лық адал еңбектің нәтижесі болса, маң - дай теріңмен келсе, мүм - кін ой - ланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Бай - лықтың иесі мен киесі болады. Біздегі байлықтардың иесі бол - ған - мен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, иттікпен тапқан малды, адам - шы - лықпен жұмсайтын уақыт жеткен тәрізді. Бұл - бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер - надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шек - тен шыққан тұтынушылық пси - хология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейі - нен асып, қоғамдық нормаға айна - лып бара жатқаны да белгілі. Руха - ни жаң - ғырудың менталдық кедер - гілері де осында.
Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыз - дың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мі - нез-құлықтық негізі, іргетасы ретін - де қалыптастыру, бүгінгі ұлт - тық идеологияның басты ба - - ғыт - тарының бірі екенін баса көр - сетуі өте орынды. Ұлт мента - ли - тетінде өзіндік орны бар құнды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру философиясы
Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы
Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары
ЗИЯТКЕР ҰРПАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі - туған жерге деген махаббат
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Рухани жаңғыру және оның пайдасы
Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуындағы прагматизмнің рөлі
Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизмнің рөлі
Прагматизм философиясы
Пәндер