Логопедиялық тексеру жұмыстары
Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке
дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру атты
(Әдістемелік ұсынымдар)
Уральск 2015
Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке дейінгі,жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде каралып,облыс педагогтарына таратуға ұсынылды
Хаттама№
Жинақтаған: облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогика лық кеңес беру мекемесінің логопед-мұғалімдері Р.Е. Маселова, Л.Б.Ажгалиева, А.Ж.Ташенова, Н.В.Панова
Рецензенттер:
Лебедева Н.Н. - Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының инклюзивті арнайы білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы;
Бауетдинова Ш.К. - МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу,инклюзивті, косымша білімді дамыту және тәрбие бөлімінің әдіскері.
Әдістемелік құралда логопунктте ұйымдастыру жұмыстары бойынша
материалдар ұсынылған. Сөйлеу тілі бұзылған балалар туралы негіздеме, түзету жұмыстың түрлері атап өтілген, логопедтің жұмыс істеген кезінде керек құжаттардың тізімі мазмұнына кіреді. Сонымен бірге күнтізбелік және тақырыптық жоспардың үлгілері, сыныптан тыс сөйлеу шараларын өткізуге ұсынылым берілген.
Әдістемегеқосымша сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларға толтырылатын логопедиялық тексеру карталары,логопедтік сабақтардың конспекттеріберілген.
Оқу-әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектептегі мұғалім-логопед, бастауыш сынып мұғалімі және тәрбиешілерге қолдануға болады.
КІРІСПЕ
Сөйлеу - бұл баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай жеткілікті болуы және оны белсенді қолдана алуы, осы сөздік қордан өз ойын құрап айта білу, айналадағы адамдардың сөзін түсініп қабылдай білу, сұрақтарға түсініп жауап беру болып табылады. Оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың сөздік қорын, дыбыстық мәдениетін, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу және күнделікті қарым-қатынаста сөздерді қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше көңіл бөлген.
Сөйлеу тілінің бұзылуы - мектеп жасына дейінгі және бірінші сынып балалары арасында жиі кездеседі. Егер сөйлеу тіліндегі кемістікті уақытымен түзетпесе, бала бастауыш сынып бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездеседі.
Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін сөйлеубұзылыстары оқытудың бастапқы кезеңдерінде жазу мен оқудымеңгеруге, ал келесі кезеңдерде ана тілі грамматикасын және гуманитарлық пәндер бағдарламаларын меңгеруге кедергі болады.
Сөйлеу тілі бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпымектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындаужағдайлары да кездеседі. Түзету жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы мен дер кезінде өткізілуі,логопед осындай балаларға сөйлеу тілінің бұзылуларын жеңуге және өзге балалармен тең дәрежеде мектептік білімдерді меңгеруге, соның нәтижесіндетолыққанды, жан-жақты дамуға көмектеседі.
Тәжірибеге жүктелетін болсақ, онда жүйелі жүргізген жұмыстың арасында бала тіліндегі кемістіктерді түзетуге болады. Сол себепті, баланың сөйлеу тілін түзету барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер іздестіру, қолдану уақытымен сөйлеу бұзылыстарын жоюға әкеледі.
Қазіргі кезеңде көптеген мектептерде логопедиялық пункттер ұйымдастырылған. Оларда логопед-мұғалімі ана тілде сауатты оқуға, жазуға, емін-еркін сөйлеуге көмек көрсетеді.
Мектептегі логопед-мұғалімнің міндеттері:
1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша балаларға сабақ жүргізуі және алғашқы кемістікке байланысты үлгермеуді болдырмау мен алдын алуға жәрдемдесуі;
2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беруі;
3) логопедтік пункттарға баратын балалармен жұмыс істейтін педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыруы;
4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен және сөйлеу қабілеттері күрделі бұзылған балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар поликлиникасының, ПМПК-ның, оңалту орталықтарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің дәрігер-мамандарымен байланысты жүзеге асыруы;
5) білім беру қызметкерлері, ата-аналар арасында логопедтік сабақтар жөнінде насихат жүргізуі, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзеу ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестер мен ата-аналар (заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі;
6) мұғалім-логопедтердің (аудандық, қалалық) әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы;
7) білім беру ұйымының әкімшілігі ұсынатын нысан бойынша жыл сайынғы есепті құрастыруы;
8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы (5 жылда бір рет) және педагогтік қызметкерлер үшін белгіленген тәртіппен аттестатталуы қажет.
Логопедиялық құжаттар және оларды жүргізу
- Оқу жылына арналған әдістемелік жылдық жұмыс жоспары.
- Сөйлеуінде кемшіліктері бар балаларды есепке алу журналы.
- Директормен бекітілген логопедиялық сабақтар кестесі.
- Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін тексерудің логопедиялық сөйлеу карталары.
- Логопедиялық пунктке қабылданған сөйлеу кемістігі бар оқушылардыңлогопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал.
-Логопедиялық жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары (оқу жылына оқушылардың әр тобына).
-Оқу жылының басында Логопунктке түзету сабақтарына балаларды қабылдау туралы бұйрық.
-Логопедиялықжұмыстың күнделікті сабақ жоспарлары (оқушылардың
әр тобына).
- Оқушылардың жұмыс дәптерлері.
- Үй тапсырмаларына арналған немесе ата-аналарымен байланыс дәптерлері (оқушыларда болады).
- Логопедиялық кабинеттің төлқұжаты.
-Жыл бойы өткізілген логопедиялық жұмыс жайлы есеп.
- Нормативтік құжаттар және ақпараттық-әдістемелік хаттар, ұсыныстар.
1.Оқужылына арналған әдістемелік жылдық жұмыс жоспары(бекітілген үлгідегі (қосымша № 1)ағымдағы жылдың1 қыркүйегіне дейін құрылады. Жоспар тор көзді дәптерге жазыладынемесе А-4 ақ қағазына басылып шығарылады.
Бірінші бетінделогопедтің ____ оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстыңжалпы жоспары.
Жоғарғы оң жақ бұрышына: Бекітемін _______ (қолы) мектеп директорының мөрімен бекітіледі.
Жоспарға логопед-мұғалімнің жұмысының негізгі бағыттарыкіреді:
oo Ұйымдастыру іс - шаралары. Жаңа оқу жылына дайындық(сынып, жоспарлар), 1-4 сыныптарды ауызша және жазбаша тілін тексеру; топтарды құру; сабақ кестесін құру және бекіту.
- Оқу - педагогикалық жұмыстар.Мұғалімдермен, ата-аналармен өзара әрекет ету; сабақтарға қатысу, психолог,дәрігерлермен бірлескен жұмыс; логопедиялық сабақтардынасихаттау (әңгіме, дәріс, әдістемелік бірлестіктер, ата-аналаржиналысының тақырыбы; ПМПК жұмысына қатысу; мектепмәселесімен, кабинетті жасақтау бойынша жұмыс).
- Кеңестік-әдістемелік жұмыс (педагогтарға, әкімшілік, ата-аналарға жеке және топтық кеңес беру; қоғаммен жұмыс, мақала,газет-журналдарға мақала жазу; Логопед бұрышын безендіру; түзету жұмыстың мониторингін жүргізу; зерттеужұмыстары, т.б.).
-Кәсіби біліктілікті көтеру (бастауыш сынып және қазақ тілімұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысына, логопедтердіңоблыстық семинар-практикумына қатысуы, жеке логопедтердің жұмыс тәжірибесін зерттеу, қазіргі технологиялар мен әдістемелердіенгізу, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, т.б.).
Жоспарды 3-5 жыл сақтау шарт.
2.Сөйлеуінде кемшіліктері бар балаларды есепке алу журналы үлкен форматтағы (А4) қалың дәптерде тіркеледі. Дәптертігіледі, беттері номерленеді, соңғы бетінде байлау желімделіп, келесіжазу жазылады:
___________бет
___________ басталды
___________ аяқталды
Мектеп директорының қолы және мөрі қойылады. Журнал көпжыл жүргізіледі, сондықтан жыл сайын зерттеу жылы жазылады (Мысалы:2015-2016 о.ж.). Тексеру кезінде журналға келесі мәліметтеренгізіледі:
Рс №
Аты- жөні
Жасы
Сынып
Тексе
ру күні
Мекен
жайы
Үлгерімі
Логопед
қорытындысы
Ұсыныс
тар
Ескер
ту
Қазақ тілі
Ана тілі
Матема
тика
1
Амиров Аман
6
1 а
4.09.15
Достық 56-5
Жалпы тіл кемістігінің ІІІдеңгейі
ІІІ деңгейілі ЖТК-нің № 1 тобына қабылданды
Психолог
тың кеңесі
Ұсыныстар бағанында № топқа қабылданды, кезекте тұр,кеңес берілді, ата-аналарға, мұғалімге ұсыныстар жасалды дегенжазу жазылады.
Ескерту бағанында баламен жүргізілген жұмыстың соңғынәтижесі жазылады: шығарылды, қалды. Журнал тізімдегі барлық оқушылардың толығымен оқуды аяқтау кезіне дейін, логопедиялық пунктте сақталады, яғни 9 жылдан кем емес.
3. Логопедиялық сабақтардың кестесі қаржылай есеп беруқұжаты болып табылады, өйткені онда логопедтің жұмысжүктемесі бекітіледі (1 ставка=18 сағат).
Сабақ кестесінде логопедиялық топтың толық аты (сабаққа қатысу
журналы бойынша), сабақтың өткізілген уақыты, апта күндерініңкөрсетілуі болуы керек. Сабақ кестесін мектеп директорыбекітеді.
Сабақ кестесі келесі уақыт параметрлеріне қарайқұрастырылады:
1 сынып оқушыларының оқу уақыты - 35минут, 2-4сыныптараралығы үшін оқу уақыты - 45минут;
топшалардың оқу уақыты - 20-25минут;
жеке оқыту уақыты - 15-20 әрбір оқушымен;
топтар арасында 10-15минут үзілістер, ал топшалар арасында 5-10 минут үзіліс болып тұруы мүмкін.
Осы үзілістерді логопед оқушылардың сабақта жазғанжұмыстарын тексеру үшін, есептерде кеткен қателіктерді талдауға,келесі сабақтарды жоспарлағанда осы қателіктерді түзетужұмысынкіріктіру үшін, өзінің қарауы бойынша өзге жұмыстар (балалардысыныпқа жинау, оларды сыныптарына апару, тақтаны дайындау,көрнекі материалды келесі сабақтарға әзірлеу) жасауғапайдаланады.
Логопедтің сабақ кестесі әр топтың балалары аптасына екі-үш рет әр күнде бір уақытта дайындалуы үшін таңдалып құрылады. Бұлбірінші сыныпта оқитын топтар үшін өте маңызды. Фонематикалықпроцестерінің қалыптаспағандығымен шартталған жазу бұзылыстарыбар 3-сынып оқушыларымен және жазу бұзылыстары бар 2-3 және 3-4сыныптардың аралас топтарымен сабақты аптасына 2 рет жүргізугеболады. Дыбыс айтуды түзету бойынша жеке немесе шағын топтықжұмыстар тілдік кемістіктің күрделілігіне байланысты логопедтіңшешімімен аптасына 1-3 рет жүргізілуі мүмкін.
Топ және топшаларды құру. Көп жылдық тәжірибелеркөрсеткендей, логопедтің тиянақты және толық түзету жұмысынөткізуі үшін балалардың максималды саны 25 адамнан аспауы керек. Оқушылардың санының көбеюі түзету жұмысыныңсапасының, нәтижесінің төмендеуіне әкеледі.
Логопунктқа қабылданған оқушыларды логопед келесі топтарғабөледі:
1. Жалпы тіл кемістігі немесе оның элементтері (1- сыныпта оқитындар);
2. Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық немесефонематикалық бұзылуы (1-сыныпта оқитындар);
3. Фонематикалық процестерінің қалыптаспағандығымен негізделген жазу бұзылысы (2-сынып оқушылары);
4. Фонематикалық процестерінің қалыптаспағандығымен,сөйлеу тілінің жалпы дамымауы немесе оның элементтерімен негізделген жазудың бұзылуы (2-3сынып оқушылары).
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар топқа сөйлеу тілініңлексико-грамматикалық, фонетико-фонематикалық немесефонематикалық жақтары, байланыстырып сөйлеуі қалыптаспаған небұзылған 1-сынып оқушылары қабылданады.
Оқу жылында логопунктте 5-6топ жұмыс істейді, топтағы оқушы саны 4-5. Түзету жұмысының топтық түрі бастыболады.
Логопунктке қабылданғандардың көбін 1-сынып оқушыларықұру керек. Мектеп бағдарламасын ұтымды меңгеруге кедерге болатынсөйлеу тілінің бұзылыстары бар 1-сынып оқушыларыныңбарлығының логопунктке қабылдануына ұмтылу керек. Егер логопедбұндай жұмысты атқара алса, онда 2-сыныптағы жазу бұзылыстары бар балалардың саны азаяды.
Мектептік логопунктте жұмыс істейтін логопедтің барлықназары оқушылардағы жазу бұзылыстарын алдын - алуға және сөйлеутілін түзетуге бағытталған. Бірақ сөйлеу тілінің жалпы дамымауыжәне жазу бұзылыстары бар топқа қабылданған балалардың ішіндефонетикалық бұзылыстары бар оқушылар да кездеседі. Бұндайбалалардан логопед дыбыс айтуды түзету бойынша жұмыс үшіншағын топтар құрайды. Топшаларда 2-ден 5-ке дейін оқушылар болуымүмкін.
Логопед бір шағын топқабірдей бұзылысы бар бір немесе әртүрлі жастағы оқушыларды біріктіре алады. Мысалы, ызыңдыбыстарды түзету бойынша шағын топ. Қажеттілік болса, ондалогопед оқу жылының ішінде бір топшадан екінші топшаға балалардыауыстыра алады. Дыбыс айтуды түзету бойынша топшалармен жұмыстоптық сабақтармен параллель жүргізіледі.
Сабақ кестесінің 1-данасы сабаққа қатысу журналының бірінші бетіне тігіледі, 2-шідана Логопед бұрышында орналасады, 3-дана - әкімшілікте (негізінендиректордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарында болады).
Бұлардың көшірмесі логопедиялық сабақтарға қатысатын оқушылардыңсыныбында (мұғалімде, сынып бұрышында) болуы керек.
4. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін тексерудің логопедиялық сөйлеу карталары(бекітілген үлгідегі (қосымша №2)логопунктке тіркелген жалпы тіл кемістігінің ІІІ деңгейі, фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтығу, сөйлеудің дыбыс айту жағы бұзылған (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары бар логопедиялық қорытындылар толтырылады.
Дыбыс айту бұзылуы деген логопедиялық қорытындысыбар баланың сөйлеу картасын толтырғанда артикуляциялықаппараттың құрылысына және дыбыстың бұзылу сипатына назараудару қажет. Мысалы: р - велярлы, увулярлы, с - тісаралық, ш - төменгі, осындай мысал келтіру міндетті.
Фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларға сөйлеу картасын толтырғандаартикуляциялық аппараттың құрылысына, дыбыстың бұзылусипатына, фонематикалық үрдіс деңгейіне, оппозициялықдыбыстарды жіктеуге, анализ және синтез дағдыларына назар аударылады Мысалы: С--Ш; Б--П; Р--Л;
Жалпы тіл кемістігі және фонетико-фонематикалық жетіспеушілігімен негізделген оқу мен жазу бұзылыстары деген логопедиялыққорытындылары бар сөйлеу карталары сөйлеу тілі кемістігінің сипатыбойынша толық болуы керек. Оның ішінде диагностикалық жазбашажұмыс және қателерді талдау хаттамасы болуы керек. Сөйлеу тілініңдыбыстық және мағыналық жағы бұзылғандықтан барлық бағандар дұрыс толтырылуы қажет. Дыбысталудың, фонематикалықпроцесстердің даму деңгейінің, сөздік қордың шектелуі және
жеткіліксіз жіктелуінің, грамматикалық құрылымның бұзылуларыныңсипаттамасы болу керек. Тексеру кезіндегі баланың сөйлеу тілініңмысалдары көрсетіледі. (Таңбалар қолданылады: ауыстыру =,алмастыру --). Жыл ішінде сөйлеу картаға логопедтің қандайкемістіктермен жұмыс істегені жайлы жазбалар, сол жұмыстыңнәтижелері жазылады.
5.Оқушылардың логопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал келесі түрде жазылған, бекітілген үлгідегі сыныпжурналы сияқты болуы керек. Мысалы:
____2015-2016____оқу жылына арналған
логопедиялық пункттегі логопедиялық сабақтарға қатысу журналы
_________Батыс Қазақстан____ облысы қаласымектебі
_________Орал қаласының №__ жалпы орта білім беретін мектебі
Журналды толтыру екі тілде жүргізіледі. Бірінші бетте директор бекіткен логопедиялық сабақтар кестесіжазылуы керек. Екінші бетте келесі түрде толтырылатын бөлім:
с №
Логопедиялық топтың аты
Беті
1
№1 топ. ЖТК-нің ІІІ деңгейі. 1 сынып
4-6 беттер
Бір топқа 3-4 бет, шағын топтарға және жеке оқитын әр оқушыға3 беттен беріледі.
Үшінші бетте - зерттеу. Мұнда логопед-мұғалім 1-15 қыркүйекжәне 15-30 мамыр аралығындағы тексеру нәтижелерін тіркейді.
Төртінші бетте сол жақ жартысында үстінде топтың аты,логопедиялық қорытынды, сынып белгіленеді. Мысалы: Топ №1. Жалпы тіл кемістігінің ІІІдеңгейі 1 сынып.
Топтың тізімі алфавиттік тәртіпте жазылады. Баланың аты-жөнітуу туралы куәлігі бойынша жазылады. Күндер мен жыл сандартүрімен (02, 05, 11, 19, 2015ж.), айы қазақ және орыс тілінде. Сабақтаболу жайлы белгі, болмауы - ж. Оң жақ жарты бетте жазылады:логопед-мұғалімнің аты-жөні. Күні: 02.09.2015ж. және күнтізбелік-тақырыптық жұмыс жоспары бойынша өткізілгенсабақ тақырыбы.
Журнал әр сабақтың басында толтырылады. Жеке топтарға жәнежеке сабақтарға берілген беттердің үстіңгі сол жақ жартысындатоптың номерінің орнына жұмыс жүргізілетін бұзылған дыбыстар тобы жазылады.
Соңғы беттердің біреуінде Демалыс кезіндегі логопед-мұғалімнің жұмыс уақытын тіркеу жүргізіледі.
Журналқаражаттық есеп беру құжаты болып табылады.Тізімдегі барлық оқушылардың толығымен оқуды аяқтау кезіне дейін,яғни 2 жылдан кем емес логопедиялық пунктте сақталады.
6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары(бекітілген үлгідегі (қосымша № 3)әр логопедиялық қорытынды бойынша логопедиялық зерттеу нәтижелері негізінде жасалады.Егер логопунктте бір жас шамасындағы бірдей сөйлеу бұзылысыбар балалардың екі немесе бірнеше тобы болса, онда логопед оларға бір күнтізбелік жоспар құра алады. Топтыңномерін, сыныпты, логопедиялық қорытындыны жазу міндетті.
Жоспар алдында түсінік хаты болады.
Мысалы:
Дыбыс айтуды түзету бойынша жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
Тақырыбы
Мақсатымен міндеттері
Сабақ саны
Құрал- жабдықтар
Тілдік материалдар
Оқу- әдістемелік құрал,әдебиеттер
Ескертулер
_______ cынып оқушыларында фонетико-фонематикалық жетілмеуі бойынша жұмысының күнтізбелік-тақырыптықжоспары
№
Тақырыбы
Сабақ саны
Уақыты
Тілдің лексикалық жағынбелсендіру
Фонематикалық естудітәрбиелеу және дамыту
Бағдарламалық материалжәне жұмыс мазмұны
Оқу-әдістемелік құралдар,әдебиеттер
Ескертулер
_______ сынып оқушыларында жазу және оқу бұзылыстары бойынша жұмысының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
Тақырып
Мақсаты,міндеттері
Сағат саны
Уақыты
Жұмыстыңнегізгі түрлері
Бағдарламалық материал
Көрнекілік құралдар
Оқу-әдістемелік құралдар,әдебиеттер
Ескертулер
________ сынып оқушыларында жалпы тіл кемістігінің ІІІ-і деңгейі бойынша жұмысының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
Дыбыстар
Сабақ саны
Уақыты
Дыбыстарды ажырату
Дыбыстық анализ дағдыларынмеңгеру
Сөздік қорды нақтылау, байытужәне белсендіру
Грамматикалық құрылымныңдамуы
Құрал- жабдық
Фонетика, грамматика,орфография саласындағытәжірибелік байыту
Ескертулер
ІІ кезеңдегі жұмыстың күнтізбелік жоспары
№
Тақырып
Сабақ саны
Уақыты
Құрал- жабдық
Тәжірибелік морфологиялықжалпылаудықалыптастыру
Сөйлемменжұмыс
Дыбыстықанализ бойыншажұмыс
Ескертулер
ІІІ кезеңдегі жұмыстың күнтізбелік жоспары
№
Тақырып
Сабақ саны
Уақыты
Құрал- жабдықтар
Байланысқансөйлемдерменжұмыс
Сөйлемдерменжұмыс
Фонетикалық жәнеморфологиялықжалпылаулардыжетіл діру
Ескертулер
Анық білінбеген сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуін жою мен алдын-алу бойынша жұмыстың перспективті-тақырыптық жоспары
№
Сабақтың тақырыбы, мақсаты
Сабақ саны
Уақыты
Дыбыстауды түзету
Фонетикалық естудің дамуы
Дыбыстық анализ дағдыларын меңгеру
Сөздік қорды нақтылау, байыту,белсендіру
Грамматикалық құрылымның дамуы
Тәжірибелікжалпылау(бағдарламалық материал)
Әдістемелік әдебиет, көрнекі құрал,дидактикалық материал
Ескертулер
2 сынып оқушыларында жазу мен оқу бұзылуын түзету
бойынша жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
Дыбыстар
Тақырып пенмақсаттар
Сабақ саны
Уақыты
Анализ-синтез дыбыстыңдамыту мен қалыптастыру.
Бағдарламалықматериалдыңмеңгерілуі (тіл, әдебиет,математика)
Көрнекі-құралдар,әдебиет
Ескертулер
7.Оқу жылының басына 15 қыркүйектен кейін мектепдиректоры логопед-мұғалімнің жұмыс уақыты, логопедиялықсабақтар кестесі, оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың жалпыжоспары, логопедиялық топтардың толықтырылуы және осы топтарғаперспективалы-тақырыптық жоспарлар бекітілгеннен кейін Логопунктке түзету сабақтарына балаларды қабылдау туралы бұйрығын шығарады.
8.Сабақтардың күнделікті жұмыс жоспарын (бекітілген үлгідегі (қосымша № 4) логопед жұмыс кезеңін, тіл кемшілігінің түрін, балалардың жасын,бағдарламалық талаптарды есепке алып күнтізбелік-тақырыптықжоспар негізінде құрастырады.
Сабақтың жоспар-конспектісі әр топқа құрылады. Бір күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша (бірдей жас шамасы,бірдей логопедиялық қорытынды) жұмыс істейтін екі немесе бірнешетоптар үшін бір сабақ жоспарын қолдануға болады. Мысалы: 1-сыныпоқушыларында ІІІ деңгейлі жалпы тіл кемістігін жою бойынша сабақтың жоспары, №1 және №2 топтар.
Сабақтың күнделікті жоспарында сабақты өткізу күні (мысалы: 11.10.2015ж.), сабақтың тақырыбы (күнтізбелік-тақырыптықжоспармен сәйкес келуі керек), мақсаттары мен міндеттері(білімділік,түзету, тәрбиелік), құрал-жабдықтар (көрнекілік,дидактикалық материал) көрсетіледі. Одан кейін сабақ барысы - жұмыстың мазмұны жазылады.
Логопедиялық сабақтың құрылымы сөйлеу кемістігіне, жұмыс кезеңіне байланысты. Мысалы:
Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі
-Ұйымдастыру кезі.
-Мақсатты қою.
- Артикуляциялық гимнастика.
- Дыбыс артикуляциясын нақтылау.
- Дыбысты қою.
- Оқшауланған дыбысты бекіту.
- Фонематикалық естуді қалыптастыру бойынша жұмыс.
- Дыбыс пен белгінің (графема) байланысы.
- Үй тапсырмасы.
- Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)
Дыбыстымашықтандырукезеңіндегілогоп едиялықсабақжоспарыныңүлгісі
- Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
- Мақсатты қою.
- Артикуляциялық гимнастика.
- Дыбыс артикуляциясын нақтылау, оның оқшауланған
айтылуы келесі сипатталуымен.
- Дыбысты буындарға, сөздерге, сөз тіркестеріне, байланысқан
сөйлемге енгізу.
- Дыбыстық анализ бен синтезді қалыптастыру бойынша
жұмыс.
oo Үй тапсырмасы.
- Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)
Дыбыстыажыратукезеңіндегілогопедиял ықсабақжоспарыныңүлгісі
oo Ұйымдастыру кезі.
oo Артикуляциялық гимнастика.
oo Артикуляциядағы араластырылатын дыбыстырдың ұқсастығы
мен айырмашылықтарын нақтылау және оларды сипаттау.
Дыбыстардың символдармен белгіленуі.
oo Дыбыстық анализ бен синтез бойынша жұмыс.
oo Үй тапсырмасы.
oo Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)
Жазуменоқубұзылыстарынжоюбойыншалог опедиялықсабақжоспарыныңүлгісі
oo Ұйымдастыру кезі.
oo Қайталау.
oo Сабақ тақырыбын айту.
oo Дыбыстырдың артикуляциясының ұқсастығы мен
айырмашылықтарын табу және дыбыстарды сипаттау.
oo Оқытылатын дыбыстарды ажыратуға, анықтауға
арналған жаттығулар (ауызша және жазбаша түрде).
oo Дыбыс пен әріп байланысын бекітуге жаттығулар.
oo Сергіту сәті.
oo Дыбыстық анализ бен синтезді қалыптастыру, бекіту
бойынша жұмыс.
oo Өздік жұмысы.
oo Өздігінен оқу сәттері.
oo Үй тапсырмасы.
ІІІ деңгейліжалпы тіл кемістігін жою бойыншалогопедиялық сабақ жоспарының үлгісі
oo Сабақты ұйымдастыру.
oo Үй тапсырмасын тексеру.
oo Сабақ тақырыбын айту.
oo Дыбыс артикуляциясын нақтылау. Дыбыстың сипаттамасы.
oo Дыбысты буындарда, сөздерде, сөйлемдерде дұрыс айтудыбекіту.
oo Оқытылатын дыбысы бар сөздерді талдау.
oo Сөздік қорды байыту бойынша жұмыс.
oo Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын жетілдірубойынша жаттығулар.
oo Үй тапсырмасы.
oo Рефлексия. (Сабақтың қорытындысы)
Ескерту: жұмыс кезеңіне байланысты сөздік қорды,фонетикалық жағын және грамматикалық құрылысын қалыптастырумен жетілдіру бойынша жұмыстың көлемі ауысып отырады.
Қазіргі түсініктерді пайдаланып, ұйымдастыру кезін психолого-педагогикалық дайындық деп, ал сабақ қорытындысын рефлексия депатауға болады.
Сабақ жоспарына тыныс алу, қолдың ұсақ моторикасын дамытужаттығулары, сергіту сәттері, кинезиологиялық жаттығулар жәненегізгі психикалық процестерді түзету мен дамыту бойыншатапсырмалар кіреді.
9. Оқушылардың жұмыс дәптері жазу дәптерінде жүргізіледі.
(1 сынып - жіңішке жолды, 2-4 сыныптар кең жолды дәптерде).
№ _____ мектептің ____ сынып оқушысы
____________________________ (баланың аты-жөні)
логопедиялық сабақтарға арналған дәптері
Дәптерде күн жазбаша түрде жазылады. Сынып жұмысыдеген жазу жазылмайды. Дәптерде бірегей орфографиялық тәртіпсақталуы қажет. Жұмыс түрлері арасында бір жол қалдыруға болады,әсіресе буындық, буындық-дыбыстық үлгілер және сөйлемдердіңүлгілері алдында және солардан кейін.
Әр сабақтың соңында логопед-мұғалім жұмыстарды тексеріп,қателерді түзетеді және талдайды. Жазбаша үйжұмыстары көбінесе берілмейді. Ауызша тапсырмалар келесі түрдеболуы мүмкін: берілген дыбысқа сөздер қатарын табу; жаңылтпашты,өлеңді жаттап айту; әңгімені аяқтау.
Жұмыс дәптерлері логопунктте арнайы папкаларда топбойынша сақталады.
10. Логопедиялық үй тапсырмаларына арналған немесе ата-аналарымен байланыс дәптерлері (оқушыларда болады) дәптерлері барлық балаларға ашылады. Бұнда логопед сабақтың өткізілу күнін, тақырыбын,лексикалық материалын, үйдегі өздік жұмысына арналғантапсырмаларды жазады. Оқушылар бұл дәптерлерді үйде сақтайдыжәне әр сабаққа әкеліп отырады.
11. Логопедиялық кабинеттің төлқұжаты(бекітілген үлгідегі (қосымша № 5)болуы қажет. Оған келесі бөлімдер кіреді:
- Кабинет туралы жалпы мәлімет
- Логопед мұғалім туралы жалпы мәлімет
- Құрал-жабдықтар: аппараттар,аспаптар, инструментарий.
- Оқулықтар, әдебиеттер
- Профильдер. Тыныс алу гимнастикасы.Артикуляциялық
жаттығулар.
-Ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығу және тренажерлер.
Құжат логопункттің жұмыс істеу жылдары бойы сақталады.
12. Логопедтің оқу жылында жүргізген жұмысы жайлы есепүш данада жасалады және тапсырылады: біріншісі қалалық білім беру бөліміне, екіншісі - мектеп әкімшілігінежәне үшінші дана логопедиялық кабинетте арнайы папкадасақталынады.
І. № ОМ-дегі логопункт жайлы мәлімет.
Ашылды ______________________________
№ _______ орта мектептердің оқушыларына қызмет көрсетеді.
___________ бастауыш сынып
___________ ТДО сыныптары
___________оқушы зерттелді
___________оқушы есепке алынды
ІІ. Логопед-мұғалім жайлы мәлімет:
Аты-жөні, туған жылы, білімі, нені және қашан аяқтады,логопед-мұғалім болып істегенінің жалпы педагогикалық өтілі, осылогопунктте жұмыс істеу уақыты, кәсіби біліктілігін қашан жәнеқайда арттырды, жүктемелері.
ІІІ. Атқарылған жылдық жұмыс туралы есеп (жазбаша).Мұнда жылдық әдістемелік жұмыс жоспарының пунктілерін орындауанализі беріледі. Логопункттің жұмыс істеген барлық жылдарыбойынша есеп берулер сақталады.
13. Нормативтік құжаттар және ақпараттық-әдістемелік хаттар. Ұсыныстар - бұл мұғалім-логопед жұмысқа керектінормативтік құжаттарды жинайтын папка. Мысалы:
- Мұғалім-логопедтің қызметтік міндеттері.
- Дәреже бойынша біліктілікке (сапаны бағалауға) талаптар.
- Жалпы мектептердегі логопедиялық пункттер жайлы қағида т.б. Мұнда мұғалім-логопедтердің семинар-практикумынанұсыныстар да кіреді.
Логопедиялық кабинетке қойылатын негізгі талаптар.
Жұмыстың топтық және жеке сипаты есепке алынып, логопед-мұғалімге жеке кабинет бөлінуі керек. Оптимальді ауданы - 20 м2.
Кабинеттің есігіне логопедтің аты-жөні, жұмыс уақыты жазылғанкесте ілінеді.
Логопедиялық кабинетте келесі жабдықтар болуы керек:
1. Логопедиялық жар айнасы (50X100) - 1шт.
2. Жеке жұмысқа үстел айнасы (9х12) - 8 шт.
3. Логопедиялық зондтар, шпател.
4. Қол жуғыш - 1 шт.
5. Сынып тақтасы - 1 шт.
6. Әдістемелік құралдарға сөрелер - 2 - З шт.
7. Канцелярлық үстел - 1 шт.
8. Отырғыш - 5 шт.
9. Парта - отырғыш - 8 шт.
10. Қиынды жар әліппесі - 1 шт.
11. Әріп кассасы - 10 шт.
12. Құм сағаты - 1 шт.
13. Секундомер - 1 шт.
14. Магнитофон - 1 шт.
15. Оверхед-проектор - 1 шт.
16. Экран - 1 шт.
17. Компьютер - 1 шт.
18. Видеомагнитофон - 1 шт.
19.Оқуқұралдары
20.Үстелдік ойындар, ойыншықтар, конструкторлар.
Логопедтің кабинеті эстетикалық жағынан жақсы безендірілуікерек, бөлме гүлдері өсіп тұруы қажет. Түзету процесімен байланысты емес материалдардың ілініп тұруы қажет емес.
Демалыс кезінде логопед-мұғалімнің жұмыс уақытын бөлу
Демалыс кезінде логопедиялық сабақтар өткізілмейді.
Күзгі демалыс кезінде логопед-мұғалім 2-4 сыныпоқушыларының жазбаша жұмыстары бойынша жазудың бұзылысыбар балаларды анықтау үшін олардың жазбаша тілінің күйін тексереді.Жазу бұзылысы бар балалар тобында бос орын болса, оған жаңаоқушыларды қабылдайды.
Қысқы демалыс кезінде логопед-мұғалім 1-сыныпоқушыларының жазбаша тілінің күйін олардың дәптерлері бойыншатексереді. Сонымен қатар ол логопед кабинетін жұмысқа керектікөрнекі құралдармен, кітаптармен, кесте, плакаттармен, т.б.толтырады; аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетке және басқалогопедтерге тәжірибемен алмасу үшін барады; логопункттеоқытылатын оқушылардың ата-аналарымен әңгіме және кеңесжүргізеді.
Аталған жұмыстардан басқа логопед-мұғалім демалыс кезінделогопункттегі балаларды қажет кезінде дәрігер-мамандарға(психоневролог, невропатолог, отоларинголог) көрсетуге ата-аналарға ұсыныс береді, жекекүрделі балалар бойынша өзінен тәжірибелі логопедтерді кеңес беругешақырады. Баланың дәрігер-маманға қаралуы ата-ананың рұқсатыменжәне олардың біреуінің қатысуымен ғана болуы мүмкін екендігін деесепке алу керек.
Логопед-мұғалім демалыс кезінде аудан тұрғындары мен ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізе алады.
Логопед жұмысының мұғалім, тәрбиеші, педагог-психолог,
дәрігер, ата-аналармен өзара байланысы
Логопедтің мұғаліммен қатынасы логопедиялық жұмыстыңбарлық кезеңдерінде іске асуы мүмкін: біріншілік тексеруден (сыныпжетекшісі немесе тәрбиешіге нәтижені жеткізу керек) бастапоқушының мектепті аяқтауына дейін. Қажет кезінде мұғалім(тәрбиеші) логопедтің кеңесі бойынша оқушыға белгілі жағдайлар(жазудың бұзылуының күрделі жағдайларында қазақ тілінен бақылаужұмысының жекешеленуі, тұтығатын балаларға тілдік ереженіұйымдастыру т.б.) жасау керек.
Логопунктке қатысатын оқушылардың айту күйі жайлы ақпараталу үшін қандай дыбыс қойылғандығы және оқушыдан дыбыстауданені талап ету керектігі жазылған дыбыстау кестесі қолданылуымүмкін.
Логопедиялық сабақтар аяқталғанда логопед мұғалімге(тәрбиешіге) жеткен дағдыларды сынып және сабақтан тыс уақыттатолық машықтандыруға дейін жеткізу амалдарын айтады.
Логопед сөйлеу бұзылыстары бар балалардың сөйлеумүмкіндіктерін тексеру мақсатымен ана тілі, тіл дамыту сабақтарына(логопедиялық сабақтардан бос уақытта) қатыса алады. Өз кезегіндемұғалімдер мен тәрбиешілер оқушылармен жүргізілетін жұмысжөнінде хабардар болуы үшін логопедиялық сабақтарға қатыса алады.
Логопед бағдарламалық талаптарды, ана тіліне оқытудыңәдістері мен амалдарын жақсы білуі және оларды өз жұмысындаесепке алуы керек. Егер логопед сыныпта өтілетін бағдарламатақырыбына сәйкес дидактикалық материал қолданса, логопедиялық сабақтардың нәтижелігі және алынған дағдыларды оқу үрдісінекірістіру біршама артады.
Бірінші және екінші сыныптарда логопед мұғалімдерге кеңесбереді, фонематикалық қабылдауды дамыту, дыбыстық анализдіқалыптастыру бойынша топтық сабақтарды ұйымдастыруға керекәдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етеді; бұл сабақтарда ерекше мәнаралас дыбыстарды анықтауға және дифференциялауға берілу тиіс.Осы сабақтарды өткізу үшін мұғалімдер логопедиялық жұмыстыңнегізгі принциптерімен және амалдарымен танысуы керек. Сондықтанмұғалімде арнайы білімі болмаған жағдайларда логопедтің көмегі асамаңызды.
Логопед жеке оқушылармен де, топ оқушылармен де сабақөткізе алатын және көрсетілетін тілдік бұзылыстарды, логопедиялықжұмыстың амалдарын түсіндіре алатын педагогикалық семинаржұмыстың ең тиімді түрі ретінде саналады. Логопедтіңмұғалімдермен (тәрбиешілермен) жұмысы басқа да түрде болады:жеке әңгімелесу, ашық сабақтар, әдістемелік бірлестік жиналысындаоқушылардың оқуға түскенде және оқуды бітіргендегі сөйлеуініңжазбасын көрсету, жұмыстың түрлі кезеңіндегі жазбаша жұмыстардысалыстыру.
Логопед оқушылармен тілдік жұмысты ұйымдастырудапедагогтарға көмектесуі керек. Оқушылардың сөйлеу тіліне белгіліталаптарды қосумен қатар мұғалім (тәрбиеші) логопедпен құрылатынлогопедиялық минуттарды өткізуі тиіс. Тәрбие сағаттарына тілдікойындар қосылуы мүмкін.
Мұғалім (тәрбиеші) белгілі бір мақсат қойып (темпін,анықтылығын, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, сөздік қорды бекіту т.б.), логопедпен бірге ойын кезінде балалардың эмоционалдыққызығушылығын пайдаланып, оларға керекті талаптар қояды.
Логопед педагог-психологпен тығыз қатынаста болуы тиіс,өйткені педагог-психологтың оқушылармен жұмысы олардың тілдікәрекетінің психологиялық негізін қалыптастыруға көмек тигізеді.
Оқу жылының соңында логопед оқуын аяқтаған оқушылар өзтабыстарын көрсете алатын тілдік іс-шараларды өткізе алады. Бұл іс-шараларға сөйлеу бұзылысы бар оқушылардың барлығы (оқытукезеңіне тәуелсіз) қатыса алады.
Логопедтің мекеме дәрігерімен де қатынасы маңызды. Логопедбұзылысқа сәйкес дұрыс және тиімді түзету жолдарын қарауды табумақсатымен этиологияны және сөйлеу бұзылысының сипатыннақтылау үшін медициналық тексеру нәтижелерімен таныс болуықажет.
Ата-аналар жиналысына қатысу, оларда баланың сөйлеу тілінедұрыс қатынасын ұйымдастыру және үй жұмыстарын орындаудакөмектесу үшін балалармен тілдік жұмысқа қатыстыру логопедтіңата-аналармен жұмысына жатады.
Сыныптан тыс сөйлеу тілі іс-шараларын өткізуге арналған
ұсыныстар
Дұрыс сөйлеу тілін тәрбиелеу тек логопедиялық сабақтаржағдайында ғана емес, сонымен сабақтан тыс уақытта сөйлеу тілі іс-шараларын ұйымдастырудың түрлі формалары арқылы іске асады.
Сөйлеу тілі іс-шараларының мақсаты - тілдік қатынастыдамыту, логопед қойған дыбыстарды сөйлеуде бекіту, байланыстырып сөйлеуді, фонематикалық түсініктерді дамыту, сөздік қорды байытужәне белсендіру, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымынжетілдіру. Сонымен бірге ойлауды, зейінді, есте сақтауды түзетужұмыстары жүргізіледі. Тілдік іс-шара материалының мазмұныарқылы тәрбие міндеттері шешіледі.
Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу формалары түрлі болады:тақырыптық кештер, диафильмдерді көрсету және дыбыстау,қуыршақ театры, тілдік кештер т.б.
Сыныптан тыс сөйлеу тілі іс-шарасының анализінің үлгіжобасы.
oo Іс-шараның тақырыбы және мақсаты.
oo Іс-шара жоспарының толық ойластырылып жасалуы.
oo Іс-шараны өткізу кезінде арнайы әдістемелік әдебиеттердіқолдану.
oo Бөлмені безендіру сапасы.
oo Қосымша құралдарды қолдану (ТСО, музыкалықинструментер).
oo Оқушылардың іс-шараны дайындауға қатысуы.
oo Іс-шараны өткізу.
oo Іс-шараның ұзақтығы.
oo Тілдік материалдың қол жетімдігі.
oo Тілдік әрекет түрлері және балалардың сөйлеу тілініңбелсенділігі.
oo Іс-шараның түзетушілік-дамытушылық, тәрбиелікбағыттылығы.
oo Іс-шара барысында дифференцияланған қарауды іске асыру.
oo Пәнаралық байланысты іске асыру.
oo Сөйлеу тілі іс-шарасын өткізу үрдісінде оқушыларды белсендіетудің амалдары мен әдістері.
oo Педагог пен оқушылардың орны және тәртібі.
oo Оқушылардың іс-шараны өткізуге қатысуы, қатысу түрі:көпшілік, өздігінен орындауы, жауапкершілік.
oo Іс-шараны өткізу барысында оқушылардың қызығуы жәнетәртіптілігі.
oo Логопедтің ұжыммен жұмыс істей алуы, жұмысындағы стиль:тапқырлық, эмоционалдық, педагогикалық такт.
oo Жалпы қорытынды:
oo Логопедтің жұмыстың бұл түрін өткізуге дайындық деңгейі.
oo Болашақта оқушылармен жұмыстың бұл түрін жетілдірубойынша ұсыныстар.
Қосымшалар
№1 қосымша
Логопед мұғалімінің жалпы әдістемелік, түзету жұмыстарының
жылдық жоспары
№
Жұмыс мазмұны
Мақсаты
Мерзімі
Логопедиялық тексеру жұмыстары
1
Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін тексеру.
Ауызша және жазбаша сөйлеуінде әр түрлі бұзылыстары бар балаларды анықтау.
Логопед, сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың сөйлеу тілін тексеріп, анықтау.
01.09-15.09.2013
15.05-25.05.2014
2
Медициналық қорытындымен танысу, анамнез жинау.
Сөйлеу тілінің бұзылыстарының себептерін анықтау.
01.09-15.09.2013
3
Сөйлеу карталарын толтыру.
Оқушылардың сөйлеу тілінің тексеру қорытындысын сөйлеу картасына түсіру.
01.09-15.09.2013
4
Сөйлеу тілінің кемшіліктері бар балаларды топтарға жинақтау.
Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балаларды сөйлеу кемістігіне байланысты топтар мен кіші топтарға бөліп, тізімді тіркеу.
01.09-15.09.2013
Логопедиялық түзету жұмыстары
1
Сөйлеу тілінің кемшіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұның жоспарлау
Мектеп бойынша сөйлеу тілінің кемістігі бар оқушыларда тіркеу, сабақ кестесін құру, осы оқушылармен жүргізілетін жұмыс мазмұнын жоспарлау.
01.09-15.09.2013
2
Балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ауызша және жазбаша сөйлеуінде бұзылыстары бар оқушылармен логопедиялық түзету сабақтарын жүргізу.
15.09.2013-15.05.2014
Оқу-әдістемелік жұмыстары
1
Логопедиялық білімін жетілдіру.
Ғылыми-практикалық семинар, курстар, әдістемелік кеңестерге қатысу арқылы білімді жетілдіру.
Айына бір рет
2
Кабинетті оқу жабдықтармен толықтыру.
Логопедиялық бөлмеде әдістемелік әдебиеттермен дидактикалық құралдарды жүйелеп, әрі оларды толықтыра түсу.
Жыл бойы
3
Кабинетке қажетті іс-қағаздар мен құжаттарын, сабақ жоспарларын жүргізу.
Логопедиялық кабинетке қатысты жалпы ережеге сәйкес қажетті құжаттарды толықтыру, күнделікті сабақ жоспарларын жүргізу.
Жыл бойы
4
Логопедиялық жұмысқа анализ жасау, жылдық қорытындылау.
Атқарылған түзете-оқыту жұмыстарына талдау жасау, жылдық қорытындылау
15.05-25.05.2014
Ата-аналар, мұғалімдермен профилактикалық ағарту жұмыстары
1
Ата-аналарға профилактикалық ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналар арасында логопедтік сабақтар жөнінде насихат жүргізу, түзету сабақтарының ерекшеліктері туралы ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу.
Жыл бойы
2
Логопедтік пункттарға келетін балалармен жұмыс жасайтын психолог, педагогтармен жүйелі түрде байланысты жүзеге асыру, сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру.
Сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзеу ерекшелігі туралы бастауыш сынып мұғалімдері арасында кеңестер жүргізу.
Жыл бойы
3
Психологиялық-медициналық-педагогик алық комиссия кеңесіне қатысу, ПДПК-нің мамандарымен байланысты жүзеге асыру.
Психологиялық-медициналық-педагогик алық комиссия кеңесінің отырыстарына қатысу, оқушылардың психофизикалық жағдайын нақтылау үшін қажет болған жағдайда дәрігерлер немесе ПДПК-нің мамандарына кеңес алуға жіберу.
Жыл бойы
4
Дефектология, логопедия сұрақтары бойынша іздену.
Ата-аналар мен балаларға арналған әдістемелік-танымдық бұрыштар шығару, баспасөз басылымдарына мақалалар әзірлеу.
Жыл бойы
№ 2 қосымша
Сөйлеу тілінің картасы
(мектеп жасына дейінгі балалар)
1.Фамилиясы,аты, әкесінің аты ___________________________________
2. Туған жылы, жасы ___________________________________ _
3. Ұлты ______________________
4.Мекен-жайы ___________________________________ ______________
5. Мектебі ___________________________________ ____________
Сыныбы ____________________
6. Логопунктке қабылдау күні ________________________
7. Мұғалім мен ата-анасының шағымы _____________________________
8. Психоневрологтың қорытындысы _______________________________
Анамнез
Жалпы анамнезі
1. Ата-анасында, басқа балаларда тіл кемістігі, нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулар болды ма? ___________________________
___________________________________ ___________________________________ _ ___________________________________ _ _________________________
2. Жүкті болуы: нешінші рет жүкті болуы (жүктілік кезіндегі аурулары)?

3. Босануы (уақытынан бұрын, уақытымен, уақытынан асып; босану кезіндегі асқынуы) ___________________________________ ______________
4. Баланың туғандағы салмағы, бойы ____________________________
Қорытынды: ___________________________________ _______________
___________________________________ ___________________________
Психомоторлық дамуы
1. Мойнын ұстауы:____________________
2. Отыруы _________ Еңбектеуі __________ Жүруі ______________
3. Бірінші тістерінің шыққаны: _______________________________
4. 23 жасқа дейін қандай аурулармен ауырды: _________________
Сөйлеу тілінің дамуы
1. Уілдеуі _____________ Былдырлауы __________________
2. Ересек адамның сөзін түсінуі _________________________
3. Алғашқы сөздерді айтуы _____________________________
4. Тіл кемістігі қашаннан бастап байқалды? ___________________
5. Тәрбие жағдайы (3 жасқа дейін қайда, кіммен болды, сөйлеу ортасы)___________________________________ ___________________________________ _ ___________________________________ _ ___________________
6.Ойыны және баланың құмарлығы (балаға ертегі, әңгіме айтып, оқып, өлең, жаңылтпаш айтып үйретті ме?) ________________________________
Қорытынды: ___________________________________ _________________
___________________________________ ______________________________
8. Есту жағдайы: ___________________________________ ____________
9. Ақыл-ой қабілеті: ___________________________________ _________
Баланың жалпы дамуы:
а)Сұрақ бойынша әңгімелесу:
- Сенің атың кім? _________________________
- Жасың нешеде? __________________________
- Сен қайда тұрасың? _______________________
- Ананның аты кім? _________________________
- Әкеннің аты кім? __________________________
- Анаң қайда жұмыс жасайды? _____________________________
- Әкең қайда жұмыс жасайды? _____________________________
- Сенің достарың кім? ___________________________________ _______
ә) Санау және санау операциялары:
Тура санау: ____________________
Кері санау: ____________________
б) геометриялық пішіндер: ___________________________________ ___
в) негізгі түстер: ___________________________________ ____________
г) түстің түрлері: ___________________________________ ___________
ғ) заттарды топтау: ___________________________________ _________
д) сүреттердің ішінен төртінші артық нәрсені табу: _________________
е) кеңістікте бейімделу:
- дене мүшелерінің схемасын білу: _______________________________
- заттардың өзіне қарау орналасу бағыттарын білу: _________________
ж) уақытты ажырата білу: ___________________________________ _
з) логикалық ойлау қабілеті: ___________________________________ _
Қорытынды: ___________________________________ _____________
___________________________________ __________________________
Просодиялық сөйлеу қабілеті
1. Сөзінің шапшандағы, жаттықтығы, саздылығы, ырғағы: _______

2. Мәнерлілігі, айқындылығы: ________________________________

3. Дауысы: ___________________________________ _____________

4. Тынысы: ___________________________________ _____________

Артикуляциялық аппаратының құрылысы
1. Еріндері: ___________________________________ _____________
2. Тістері: ___________________________________ ______________
3. Тілі: ___________________________________ _________________
4. Таңдайы: ___________________________________ _____________
5. Тістестіру(тістеу): ___________________________________ _____

Сөйлеу моторикасы
1. Артикуляциялық аппаратының қозғалысы:
Еріндердің қозғалысы:(еріндерді дөңгелектендіру О дыбысындағы сияқты; У дыбысында ұзын тұмсық істеу; еріндерді жұму;___________
- - - - - - - - - - - - - ___________________________________ ________________________
Тілдің қозғалысы: (жалпақ тілді төменгі ерінге қойып, оны 1-ден 5-ке дейін ұстау; жалпақ тіл жоғарғы ерінде 1-ден 5-ке дейін ұстау; жіңішке тілді тап солай ұстау керек);___________________________________ ________
Жұмсақ таңдайдың қозғалысы:(а дыбысын қаттырақ айту, жұтымдық рефлексін тексеру; тілді тістердің ортасына қойып, екі ұртын толтырып, тілге үрлеу;)___________________________________ _________________________
2. Берілген жаттығуларды ұстау дәлділдігі мен ұзақтығы: (балаға бірнеше жаттығулар беріледі, әр жаттығуды бірінші 1-ден 3-дейін ұстау керек, сосын 1-ден 5-ке дейін;) ___________________________________ __
3. Қозғалыс көлемі: (бір жаттығуды 2-3 рет қайталау керек) ______
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бір артикуляциялық жаттығудан басқасына ауысуы (бірнеше жаттығулар ұсынылуы керек). Мысалы: жалпақ тіл төменгі ерінде (1-ден 3-ке дейін); жіңішке тіл ( 1-ден 3-ке дейін); жалпақ тіл ( 1-ден 3-ке дейін); ______
Қорытынды:___________________________________ _______________
___________________________________ ________________________
Жалпы моторикасы
1. Ұқыптылық пен өз-өзіне қызмет көрсету дағдысы (киімін кию, ілгегін салу, аяқ-киімінің бауын байлау): ___________________________________ _

2. Ауызша нұсқау бойынша берілген тапсырмаларды орындауы (Мысалы: үстелден есікке қарай жүру; бір аяқпен тұру; екі аяқпен тұру) ____
___________________________________ _______________________________
4. Қимыл-қозғалыс координациясы: _______________________________

Қолдың ұсақ моторикасы
1. Үлкен затты қолында ұстауы (Мысалы: доп, стакан т.б.) ________
___________________________________ _______________________
2. Кішкентай затты қолында ұстауы (Мысалы: кубик, қалам т.б.) ____

3. Кішкентай затпен іс-әрекеті (мозаика құрастыру, пирамида т.б.) ____

Дыбыстардың айтылуы
Дауысты дыбыстар: А, О, У, Ы, И.
Ызың дауыссыздар: С, З, Ц, Ш, Ж, Ч, Щ.
Сонор, мұрын жолды, үнді дауыссыз: М, Н, Р, Л.
Тандайлы дауыссыздар дыбыстар: К, Г, Х, Қ, Ғ, Һ
Ұяң дауыссыздар: Б, Д, В
Қатаң дауыссыздар: П, Т, Ф
а) жеке дыбыста;___________________________________ _____________
ә) буында;___________________________________ __________________
б) сөзде; ___________________________________ ___________________
в) сөз тіркесінде; ___________________________________ ____________
г) сөйлемде; ___________________________________ ________________
Фонетикалық қабылдау, анализ, синтез процестерінің дамуы
Фонетикалық қабылдауы
1. Оппозициялық дыбыстары бар буындарды қайталауы:
ПА-БА-ПА ___________РА-ЛА-РА __________ КА-ГА-ХА __________
СА-ЗА-СА ___________ ЦА-СА-ЗА__________ША-ЖА-ЧА _________
2. Берілген суреттерді табуы: _________________________________
3. Сөздерді қайталауы: ___________________________________ ___
Фонематикалық анализ, синтез
1. Мына дыбысты берілген сөздердің ішінен табу: Мысалы: Р дыбысын, берілетін сөздер Ракета, Бала, Шана, Марат ____________

Л дыбысы Алма, Айна, Ләқ, Гүл_________________________

2. Мына сөздерде бірінші дыбысты табу: Ара, Қала, Арман т.б. ___________________________________ ____________________________

3. Соңғы дыбысты табу: Күн, Терезе, Айша т.б____________

4. Мына сөздер неше дыбыстан тұратының табу: Доп, Қалам, Алма т.б.___________________________________ _____________________

5. Мына сөздерде дыбыстардың орнын табу: (1,2,3,4) Машина, Ешкі ___________________________________ _________________________

6. Мына сөздерде дыбыстардың позициясын анықтау ( басында, ортасында, аяғында). Етік, Түлкі__________________________ ________

7. Мына дыбыстардан буын шығару: Мысалы: Н-А; М-Е__

8. Мына буындардан сөз шығару: МА+ МА, ША+ НА ___

9. Сөздерден сөйлем құрау: __________________________________

Қорытынды:___________________________________ ___________________________________ _ ___________________________________ _ _________
Сөздің буындық құрылымын тексеру
1. Сөздерді қайтала: Балдырған, Ғарышкер, Құрылысшы, Аспазшы, Қарлығаш т.б.___________________________________ ______

2. Сөйлемдерді қайтала: Ғарышкер ғарышқа аттанады , Құрылысшы құрылыста жұмыс жасайды т.б._______________________

Қорытынды: ___________________________________ ______________

Сөздік қорын тексеру
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz