Педагогикалық зерттеуде теориялық әдістерге сипаттама



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықарадық қазақ - түрік университеті
Филология факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру жолдары

Қабылдаған: Паштанов С
Орындаған: Керимбай А
Тобы: ФАТ 914-А

Түркістан 2020
Жоспар
Кіріспе
1.Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру жолдары.
2. Эмпирикалық әдістер:бақылау әдісі, әңгімелесу
3.Педагогикалық зерттеуде теориялық әдістерге сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар.Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық қүбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мүғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы: дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің обьектісі -- баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді.Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оку-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.

Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жүмыстары,эксперимент жәнс т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бүл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық қүбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обһектісі (сабақ,саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техникасы дүрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық қүбылысты дүрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне,қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бақылау - бүл белгілі бір қүбылысты үзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмүнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-қүлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дүрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық қүралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалдама мәліметтерімен толықтырады. Оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің, ата-аналардың сүрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қортынды жасау үшін зор тірек. Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын эерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен үштастырылып жүргізіледі.

Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сүрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жон. Педагогикалық қүбылыстарды анықтау үшін әңгіме мүғалімдер мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да кажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің сүрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зоршеберлікті, зейінділікті талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми танымның әдістеріне жалпы сипаттама
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері
Статистикалық әдіс
Әлеуметтік - педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Психологиялық эксперименттің тазалығы
Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Пәндер