Физикалық география


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті

Реферат

Пәні: Физикалық география

Тақырыбы: И. B Мушкетовтың зерттеулері

Орындаған: Уналбай Фариза

Тексерген: Шакирова Н. Д

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1) XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

2) И. В. Мушкетовтың Қазақстанды зерттеудегі еңбегі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе

VI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық мәліметтер орыс мемлекетінің ресми орындарында жинақтала бастады. Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық экономикалық байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері туралы деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да, саудагерлер мен саяхатшылар арқылы да жинады. Осылардың нәтижесінде Қазақстан табиғаты, халқы, мемлекеттік шекаралары жайында деректер толыға түсті. Сол мәліметтерге сүйеніп, Борис Годунов патшаның өтініші бойынша Қадырғали Жалаири (XVIғ аяғы - XVIIғ басы) (Жами ат-тауарих) Жылнамалар жинағы жинағы атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітап дүниеге келді. Онда қазақ хандығының құрылуымен қоса, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары жөнінде кең мәлімет беріледі. ХVII ғасырда орыс патшасы 1 Петр Қазақстанмен қарым-қатынасты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын қақпа әрі кілт санады. Оны Ресейге бағындырудың жоспарларын жасады. Осыған орай Қазақстанға әскери экспедициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен шекаралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 1734 жылы Орынбор экспедицисы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция жасақталды. Бұлардың жұмысына Паллас, Фальк, Рычков сияқты ғалымдар қатысты. И. Муравин мен А. И Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында, Г. С. Карелин Каспий жағалауында зерттеулер жүргізді. Қазақ жерін жалпы географиялық тұрғыдан зерттеген бұл ғалымдардың еңбектерінде, жаңа деректермен қоса табиғаттың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіруге де алғашқы талаптар жасалды. Осы және басқа материалдарды жинақтау негізінде А. И. Левшин 1832 жылы Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы атты еңбегін жазды. Мұнда Қазақстан жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ географиялық сипаттама берілді.

II. Негізгі бөлім:

1) XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

Қазакстан табиғатын шын мағынасында ғылыми-географиялық тұрғыда зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл тұрғыда П. П. Семенов-Тян-Шанскийдің, Н. А. Северцовтің, Ш. Ш. Уәлихановтың, И. В. Мушкетовтың, А. Н. Красновтың, Л. С. Бергтің сіңірген еңбектері айрықша.

И. И. Мушкетов.

И. В Мушкетов (1850-1902 жж) тамаша геолог болуымен қатар, физикалық география саласындағы ірі маман еді. Оның геологиялық зерттеулері физикалық географияның көп мәселелерін шешуге, табиғат құбылыстарының пайда болуы мен заңдылығын анықтауға көмектесті. 1875-1876 ж И. В Мушкетов Тянь-Шаньның солтүстігімен Жетісу (Жоңғар) Алатауына үлкен саяхат жасап, Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алқабын, Боаш шатқалын, Ыстықкөлді зертейді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен.

И. В Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геоглогиясына арналған «Түркістан» (1886-1906жж) деген еңбегінде жазды. «Түркістан немесе Түркістан бассейні деген атпен-деп жазды автор, -мен Азия материгінің батысында Мұғалжар таулары мен Үстірттен бастап, шығысында Жетісу Алатауында, Тянь-Шаньға және Памирге дейінгі, оңтүстігінде Копетдагтан және Хорасан тауларынан бастап, солтүстігінде Шыңғыстау және Арал- Ертіс суайрығына дейінгі ұлан-ғайыр кеңістікті алып жатқан байтақ өлкені түсінемін. »

И. В Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақтары және саздақ балшықты жерлердің пайда боуындағы метеорологиялық жағдайын зерттейді. Сонымен бірге шекараларын анықтап, алғашқы геоглогиялық картасын (1881 ж) жасады. Ғалым А. Гумбольдтың Тянь-Шаньда вулкандық құбылыс бар деген көзқарасын теріске шығарып, өз деректерін келтіреді. Сонымен бірге 1887 ж Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.

III. Қорытынды

XIX ғасырдың екінші жартысында басталған табиғатты физикалық-география тұрғысында тұтас зерттеу жұмысы XX ғасырдың бас кезінде де жалғасты. Бұл кезде Сібір темір жолының қазақстандық бөлігі бойында (Солтүстік Қазақстан) Қоныс аудару басқармасының ұйымдастыруымен Ақмола, Торғай, Жетісу облыстарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. В. А. Обручев пен В. В. Сапожников Жетісу мен Тянь-Шаньды, Н. И. Андрусов Маңқыстау түбегін, С. С. Неуструев Жер қабатының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар және Оңтүстік Қазақстандағы топырақтардың негізгі типтерін сипаттауға үлес қосты. Осылардың еңбектері негізінде физикалық географияның аумақтық мәселелерімен қоса халық шаруашылығы үшін пайдалы қолданбалы міндеттерді шешуге де мүмкіндік туды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанның физикалық географиясы, География кітабы Қалымбетова С, Интернет көздері;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
География оқулықтары
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Географияны оқыту құралдарының міндеті
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Қазақстанда географиядан мұғалімдер дайындау саласы
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz