Танымдық құзыреттілік сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін ойын арқылы дамыту»

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандығы бойынша

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі :

Нормабақылау:

Атырау

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

  1. Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесінің зерттелу жағдайы . . . 6

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың факторлары мен шарттары . . . 17

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС . . . 37

2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін ойын арқылы дамыту әдістемесі . . . 37

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін ойын арқылы дамыту тәжірибесі және оның нәтижесі . . . 44

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі. Қазақстандық білім беру жүйесі түбегейлі өзгерістер нәтижесінде жас ұрпақты білім, білік, дағдымен қаруландырып қана қоймай, солардың негізінде қоғамның өзгермелі жағдайларына тез бейімделіп, әлеуметтік-танымдық деңгейде жан-жақты ақпаратты меңгерген, танымдық тұрғыда құзыретті тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары мен оқыту нәтижесі көп жағдайда құзыреттілік түсінігімен бірге қолданылады.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын, оның ішінде «Білім туралы заңын», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасын», Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын негізге алатын болсақ, онда жас ұрпақтың зияткердік дамуын қамтамасыз ететін, оның келешек бастауыш мектептегі оқуға дайындығы ретінде танымдық құзыреттілігін дамыту қажеттілігі туындайды [1, 2, 3] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасуын негізгі білім, білік, дағдылар мен жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу қызметі қамтамасыз етеді. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балалардың бойында өзін қоршаған әлемді тануға деген танымдық құзыреттілігін дамыту негізгі міндеттердің бірі болып табылады [4] .

Құзыреттілік ұғымының мәнін бірқатар ғалымдар ашып көрсетті, мәселен А. В. Хуторской [5], Л. Е. Курнешова [6], Джон Равен [7], В. А. Козырев, Н. Ф. Радионова [8], А. К. Маркова, В. Д. Шадриков, Г. Ж. Менлибекова, С. И. Ферхо, И. А. Зимняя [9], В. Байденко, С. Е. Шишов, Ш. Таубаева, К. Л. Кабдолова, Б. Т. Кенжебеков, М. Ж. Жадринаның, Д. П. Мучкиннің, А. П. Чернявская, П. Симонов, М. Чошанов, В. Ландшеер, А. Арғымбаеваның, Р. Дәулетованың, В. Е. Гаибова, А. Б. Изделеуова т. б. еңбектерін атауға болады. Ресей ғалымы П. Симонов әлеуметтік құзыреттілік мәселесін көтерсе, М. Чошанов құзыреттілікті мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік) тұрғыда қарастыратын көзқарастарын білдірді, ал В. Ландшеер құзыреттілікті терендетілген білім деп түсіндірді [10] .

Танымал психологтар Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Л. И. Божович, Л. А. Венгер, Д. Б. Эльконин, Қ. Жарықбаев, Т. Тәжібаев, М. Мұқанов т. б. авторлар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуы сензитивті кезең ретінде және оны дамытудың тұлғалық негізділігін қарастырған. А. М. Леушина, А. А. Люблинская, т. б. мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық, танымдық және эмоциялық-еріктік ерекшеліктерін, мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде Б. Б. Баймұратова, А. Меңжанова, М. С. Сәтімбекова, М. Т. Тұрыскелдина, Г. Х. Дүкенбаева, А. Е. Манкеш, Қ. Меңдаяқова, т. б. ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер жүргізген.

Адам өмірінің мектепке дейінгі балалық шағында алғашқы таным үрдісі қалыптаса бастайды. Демек, осы кезеңде мектепке дейінгі білім беру траекториясын анықтап, соның негізінде танымдық құзыреттілікті дамытуға көңіл бөлу қажеттілігі туындайды да, бұл өзекті мәселе болып табылады. Осыған орай, мектепке дейінгі жас кезеңінде қалыптастырылатын құзыреттілік мазмұны мен мәнін ашуға үлес қосқан ғалымдар Е. М. Алифанова мен Е. Г. Юдина болатын [11] .

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің дамуы бұл бастапқы жеке тәжірибені игеріп, жаңаны тану, ақпарат жинақтау үрдісі десе де болады. Бұл кезеңде сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге ауысады. Сандық өзгерістер бала өміріндегі жетекші әрекеті ойын арқылы танымында, қарым-қатынасында, басқа да әрекеттерде сапалық тұрғыда көрініс табады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту мәселесі мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінен, әсіресе ойын арқылы игерілетін ұйымдастырылған оқу қызметіне баса назар аударуды қажет етеді. Сол себепті зерттеу тақырыбымызды «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін ойын арқылы дамыту» деп таңдап алдық.

Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттіліктерін ойын арқылы дамыту мәселесін теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тәжірибеде тексеру.

Зерттеу обьектісі: мектепке дейінгі ұйымындағы ұйымдастырылған оқу қызметі.

Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін ойын арқылы дамыту үрдісі.

Зерттеу болжамы: егер мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттіліктерін ойын арқылы дамыту тиімді болады, егер

1) танымдық құзыреттілік тұлғаның бойынан көрініс табатын күрделі кіріктірілген сапасы ретінде қаратырылса;

2) мектеп жасына дейінгі балалардың жас және даралық ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық құзыреттілігі қалыптастырылса;

3) танымдық құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін ойын әдістемесі дайындалса және педагогикалық қолдау тапса.

4) мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін бағалайтын индикатор көрсеткіштері дайындалса және қолданыс тапса.

Зерттеу міндеттері:

  • Мектепке дейінгі білім беру саласындағы құзыреттілік ұғымының

теориялық негіздерін айқындау.

  • мектепке дейінгі білім беру саласындағы «құзыреттілік»,

«танымдық құзыреттіліктер» түсініктерін сипаттау;

  • мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттіліктерін

ойын арқылы дамыту әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің теориялық негіздеріне: зерттеу мәселесіне қарай «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасында 2011-2020 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы басшылыққа алынды. Жеке тұлғаны сипаттайтын таным, танымдық белсенділік, танымдық құзыреттілік туралы психологиялық - педагогикалық тұжырымдар, осы бағытта зерттеу жүргізген ғалым-педагогтардың ғылыми-әдістемелік еңбектері алынды.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау; педагогикалық эксперимент, бақылау, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтармен сұхбаттасу, индикатор толтыру, көрсеткіштердің салыстырмалы және сапалық деңгейін талдау негізіне алынған мәліметтерді математикалық-статистикалық өңдеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері .

Бірінші кезең мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мәселенің теориялық тұрғыда зерттелуіне арналды.

Екінші кезеңде - мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекеттері, танымдық құзыреттілігін ойын арқылы дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін ойын әрекетін ұйымдастырудың мүмкіндіктері анықталып және оларға қажетті әдістемелік нұсқаулар дайындалды.

Үшінші кезең - мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыретілігін ойын арқылы дамыту әдістемесіне сәйкес тәжірибелік эксперимент жүргізіліп, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мазмұны, әдіс-тәсілдері, оның ішінде ойын әдісі алынған теориялық, тәжірибелік, эксперименттік нәтижелер жүйеленіп, қорытынды жасалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері анықталды;

- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамытудағы ойын әрекетінің мүмкіндіктері анықталды;

- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін ойын арқылы дамыту әдістемесі ұсынылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- зерттеу мәселесіне байланысты ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары, ойындар кешені, картотекасы жасалып тәжірибеге ендіріледі

- зерттеу материалдарын мектепке дейінгі ұйымдарда, педагогикалық колледждерде пайдалануға болады.

Зерттеу орны: Атырау қаласындағы №22 «Еркемай» балабақшасы

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кiрiспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесінің зерттелу

жағдайы

Білім беру жүйесіне құзыреттілік тұрғысынан келу мәселесі соңғы онжылдықтағы отандық білім беру саласындағы жаңалық. Отандық ғалымдар әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып, білім мазмұнын жаңарту қажеттілігін тың мәселе ретінде көтерді. Басты себеп қазақстандық білім беру жүйесі еуропалық деңгейдегі Болон келісіміне қол қоюына байланысты жаһандық өзгерістерге бет бұрып отыр. Осыған орай қазіргі заманғы білім беруді реформалау кезеңінде жаңа нормативтік және құқықтық құжаттар дайындалып, бекітілген [12], онда бала тұлғасын дамытудың басты міндеттері ретінде баланың әлеуметтенуіне ықпал ететін «оның жауапкершілігін және құқықтық сана-сезімін, руханилығы мен мәдениетін, толеранттылығын қалыптастыру» мәселелері қарастырылған. Осы міндеттерді шешу барысында қазақстандық білім беруде құзыреттілік тұрғысынан келу бағдары анықталды, білім алушылардың меңгеретін негізгі құзыреттіліктер тізімі дайындалды.

Педагогикалық ғылым мен практикада құзыреттілік тұрғысынан келу ұғымы әр түрлі мағынада кездеседі, әсіресе келесі ғалымдардың еңбегінде сан қырынан талданған: В. И. Байденко, В. А. Болотова, С. Г. Воровщикова,
А. Н. Дахина, Э. Ф. Зеера, И. А. Зимняя, Д. А. Иванова, О. В. Лебедева,
А. К. Маркова, А. М. Митяева, А. М. Новикова, И. Д. Фрумина, А. В. Хуторский, В. Д. Шадрикова және басқалары [13] .

Педагог ғалымдардың кейбірі дәстүрлі оқытудан құзыреттілік тұрғысынан оқытуға өтуді білім беру үрдісінің барлық құрауыштарын - мақсаттарынан бастап нәтижесіне дейін түбегейлі өзгерту жолымен қамтамасыз етуді ұсынды (О. В. Лебедев) .

Көптеген ғалымдардың ортақ пікірінше, танымдық құзыреттілік танымдық процестер қалыптасып, дамып, әрі психикалық күй өзгеріске ауысатын ерекше психологиялық феномен. Психологиялық зерттеулер негізінен қарайтын болсақ, танымдық құзыреттілік психикалық, яғни танымдық, эмоциялық-сезімдік, ерік-жігер процестерінің дамуынан, жаңа психикалық жасалымның қалыптасуынан құралады [14] .

Психологиялық-педагогикалық көзқарастарды зерделей отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың таным құзыреттілігін дамыту мәселесін зерттеу осы процестің ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, мектепке дейінгі ұйымдағы оны дамытуға бағытталған педагогикалық процесті, жас ерекшелік топтарындағы оқу қызметін ұйымдастыруда болатын күрделі де, өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту қарқынын, деңгейін және жалпы ерекшеліктерін Д. Б. Годовикова, Р. Буре, Л. Р. Голубева, Н. Н. Подъяков, В. А. Петровский өз еңбектерінде қарастырған болатын [15] . Осы авторлар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігіне тән негізгі сипаттарын, оның өту қарқыны мен бағыттылығын анықтап берді.

Мектеп жасына дейінгі баланың өзін қоршаған әлеммен танысуы, үнемі «жаңа дүниеге енуі», ол әрекеттерді бірінен екіншісіне ауыстыра білуі танымдық іс-әрекеттің басқа да іс-әрекет түрлерінен ерекшелігін айқындайды, десек те іс-әрекет танымдық белсенділіксіз жүзеге аспайды. Сондықтан танымдық белсенділік туралы ғылыми деректерді басшылыққа аламыз.

Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде қарастырған орынды, өйткені бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігін сипаттауға, мектепке дейінгі ұйымдардағы оқыту үрдісінде оны қалыптастыру және дамыту жағдайлары мен әдістерін қарастыруға мүмкіндік береді [16] .

Бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерде танымдық даму мәселесі (С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, Л. А. Венгер, К. К. Платонов, Л. П. Буева, В. П. Зинченко, А. А. Люблинская, Л. Ф. Обухова, Н. Н. Подьяков, А. П. Усова, А. М. Леушина, М. И. Лисина, Г. И. Щукина және т. б. ) психологиялық, педагогикалық жөне биологиялық сипатта айқындалатындығын көрсетті.

Танымдық белсенділікті дамыту мәселесі Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. П. Усова және т. б. зерттеушілердің еңбегінде педагогикалық тұрғыда қарастырылған. Осы ғалымдар өз еңбектерінде баланың өзін қоршаған сыртқы ортамен, айналасындағы адамдармен, өзараәрекеттестігі көп аспектілі және баланың танымдық белсенділігін ерте жастан дамыту қажет деген тұжырым жасады [18, 47] .

Мектепке дейінгі кезеңде баланың айналасын тануға деген танымдық қызығушылығы және сол жаңаны, таныс нәрседен белгісіз ақпараттарды білу арқылы қанағаттанудан туындаған сезімі пайда болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды «Негештер?» деп те атайды. Өйткені осы жастағы балаларда «Неге? Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтары арқылы білуге құштарлығы айқын байқалады. Олар өздерін қоршаған әлем, құбылыстар, заттар және олардың бір-біріне тәуелділігі мен байланыстарының себеп-салдарын анықтау және оны түсінуге деген талпынысы байқалады.

Құзыреттілік тұрғысынан келгенде ғалымдардың негізгі ұғымдар ретінде құзырет пен құзыреттілікті жіктеп қарастырады. Кейбір әдебиет қайнар көздерінде құзырет пен құзыреттілік білім, білік дағдылары мен тұлғалық қасиеттерінің бірлігі ретінде, тұлғаның кешенді сапасы ретінде, қабілеттілік, дайындық, жауапкершілік, сенімділік секілді қасиеттері ретінде анықталады (В. А. Кальней, В. М. Полонский, Дж. Равен, В. А. Хуторский, С. Е. Шишов және басқалары) [17] .

Құзыреттілік тұрғысын дәстүрлі оқыту жүйесінде қарастыру мүмкін емес, яғни жаңартылған инновациялық жүйені іске қосу арқылы мүмкін болады [18] .

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «құзыреттілік», «негізгі құзыреттіліктер» ұғымдарына анықтама берілген [8] :

құзыреттілік - мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі;

негізгі құзыреттіліктер - күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданыс тапқан «құзыреттілік» ұғымына: «Құзыреттілік - білім беру мен тәрбиелеудегі құндылықты бағдар», «Құзыреттілік - мектепке бару сатысындағы дамудың күтілетін нәтижесі» немесе «Құзыреттілік - білім, білік дағдылардың жиынтығы» деген анықтамалар беріледі. Байқап отырғанымыздай, құзыреттілік түсінігі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде, тәжірибеде, кәсіби мәтіндерде синоним ретінде қолданылады.

Құзыреттіліктің мәні мен құрылымын талдау жасау үшін педагогика мен психологияның, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ғылыми жаңалықтары мен мектепке дейінгі ұйымның қазіргі заманғы тәжірибесі мен әдістемесін назарға алған жетекші авторлардың еңбектерін басшылыққа алуға болады.

Әдістемеші ғалымдардың (Р. Б. Стеркина, О. Л. Князова, Е. Ю. Юдина) пайымдауы бойынша құзыреттілік, шығармашылық қабілеттер (креативтілік), білімге құмарлық (зерттеушілік қызығу) бастамшылдық (өзбеттілік, еркіндік, тәуелсіздік), коммуникативтілік (әлеуметтік дағдылар), «Мен» бейнесі (әлемге сенім, қорғаныс сезімі), жауапкершілік, еріктілік секілді қасиеттер жас ерекшелік сипаттамалары ретінде көрініс табады.

Авторлардың талдауы көрсеткендей, құзыреттілікті басқа көрсеткіштермен бірге бір қатардан орын алады, яғни тұлғаның басқа да көрсеткіштерімен өзара байланысты болады.

Жоғарыда аталған кейбір ғалымдардың «құзыреттілік» ұғымына берген талдауын қарастырайық. Е. Г. Юдина: «Құзыреттілік - индивидтің жай ғана ақпаратпен қамтамасыз етіліп қана қоймай, бұл ақпаратты қолдана алатын, сондай-ақ оны жеке шешімдерді қабылдау мақсатында пайдаланатындығын болжайтын даралық жекелік сипаттама» деген анықтама берген [19] .

Осы анықтамадан шығатын түйін: құзыреттілікті жеке шешім шығару, дараландыру, дербес әрекет, индивидтің іс-әрекетінің субьективтілігіне негізделген құзыреттіліктің негізгі мән-мағынасына байланысты анықталды.

Соңғы кезде ресейлік мектепке дейінгі білім беру саласының теориясы мен әдістемесін зерттеуші ғалымдардың бірі М. В. Крулехт «құзыреттілік» ұғымына мән бере отырып, құзыреттілік мектепке дейінгі ұйымдағы мектеп жасына дейінгі балаларға беретін білім, білік, дағдының нәтижесі деп өзіндік пікірін ұсынды [6] .

М. В. Крулехт ресейдің «Детство» мектепке дейінгі білім беру бағдарламасында мектепке дейінгі жас кезеңіне тән маңызды нәтиже ретінде заттық құзыреттілікті (қоршаған ортадағы объектілер жайындағы түсінік) және әлеуметтік құзыреттілікті (ересектердің еңбек циклі, білімнің мазмұны жөніндегі түсінігі, балада субьект ретінде іс-әрекет түрлерінің дамуы, еңбек іс-әрекетіндегі өзін-өзі ұйымдастырудың дағдылары) қарастырған. Ал осы аталған құзыреттіліктерді қалыптастырудың негізгі формасы ұйымдастырылған оқу қызметінде (сабақта), ал ұйымдастырылған оқу қызметі ойын формасында жүзеге асады.

Ғылыми әдебиетте «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарына түрлі анықтамалар табуға болады, сонымен қатар, олардың құрылымдық күрделілігін, жүйелілігін, пәнаралығын, интегративтілігін, вариативтілігін, әлеуметтік және тұлғалық мәнін т. б. көрсетеді. Сондықтан, құзыреттілік тұрғысын дәстүрлі түсіндірмелі-иллюстративті оқытуда жүзеге асыру мүмкін емес.

Бұл ұғымдарды «іс-әрекеттің объективті-субъективті шарттары» негізінде айырған дұрыс. Сонда объективті шарттар (адамның міндеттері, құқықтары және жауапкершілік аясы) құзырет мәртебесіне ие болса, субъективтілері (психофизиологиялық, әлеуметтік, жеке тұлғалық, рухани және кәсіби сапалар) құзыреттілік деп танылады [20] .

Білім беруді жүйелеуде құзіреттіліктің негізгі қажет ететін өзгертулері барлық педагогикалық жүйеде сатыланады: құндылығында, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен нәтижесінде, білім беру мазмұнында, мұғалімнің, оқытушының, білім алушылардың іс - әрекетінде, білім беру процесін технологиялық қамтамасыз ету, орта білім беруде ішкі ортаның отьасымен, өндіріспен, қоғаммен, БАҚ, мемлекеттік органдармен қарым - қатынаста көрінеді т. б.

Мектепке дейінгі білім беруде «құзыреттілік» ұғымын авторлар келесідей мағынада қолданады.

А) Білім беру мен тәрбиелеудегі құндылықты бағдар ретінде

Б) мектепке бару сатысындағы дамудың күтілетінт нәтижесі ретінде

В) Білім, білік дағдылардың жиынтығы ретінде.

Мектепке дейінгі білім беруде, тәжірибеде, мәтіндерде құзыреттілік түсінігі синоним ретінде қолданылады.

Берілген ұғымдарды мектепке дейінгі білім беру теориясы мен тәжірибесінде авторлар әртүрлі мағынады қолданады. : «ББД жиынтығы ретінде», іс-әрекеттің әлеуметтік қабылданған тәсілдерінің үлгілерін меңгеру ретінде, «табысты болуға мүмкіндік беретін қабілет» ретінде.

Талдау жасау үшін мектепке дейінгі білім берудің қазіргі заманғы тәжірибесі мен әдістемесінің жетекші авторларының еңбектеріне жүгінуге болады.

Авторлар (Р. Б. Стеркина, О. Л. Князова, Е. Ю. Юдина) анықтауы бойынша жас ерекшелік сипаттамалары ретінде көрінеді: құзыреттілік, шығармашылық қабілеттер(креативтілік), білімге құмарлық (зерттеушілік қызығу) бастамшылдық (өзбеттілік, еркіндік, тәуелсіздік), коммуникативтілік (әлеуметтік дағдылар), «Мен» бейнесі (әлемге сенім, қорғаныс сезімі), жауапкершілік, еріктілік [21] .

Алғашқы талдау құзыреттіліктің басқа көрсеткіштермен бір ретте табылатындығын көрсетеді, яғни тұлғаның басқа да көрінулерімен жалғасатын қандай да бір үздік, жекелік бар болады [22] . Е. Г. Юдинаның «құзыреттілік» түсінігін толығырақ қарастырамыз. Мұнда құзыреттілік ұғымы индивид жай ғана ақпаратпен қамтылған және бұл ақпаратты қолдана алатын, бірақ оны жеке шешімдерді қабылдау мақсатында қолданатындығын жорамалдайтын жекелік сипаттама ретінде қарастырады. [23, 24]

Жеке тұлғаның ББД-ның көлемінің есепке алынуын ескере отырып, индивидтің ББД-ны қолдана білуі керектігін және осы аталған қабілеттерді жекелік шешім қабылдаудың негізі ретінде қолдануы қажет. Біздің құзыретке деген анықтамамыз құзыреттілікті жеке шешім шығару, жекелендіру, өздік әрекет, индивидтің іс-әрекетінің субьективтілігіне негізделген құзыреттіліктің негізгі мағынасына байланысты анықталды.

Мектеп жасына дейінгі балада түйінді құзыреттіліктің қалыптасуын біз іс-әрекетте қалыптасушы жеке әлеуметтік тәжірибемен, бала тұлғасының даму ерекшелігімен, жастық жаңа өзгерістермен байланысты құзыреттіліктің алғашқы белгілерінің пайда болуы мен даму үрдісін айтамыз. Мектеп жасына дейінгі түйінді құзыреттіліктің қалыптасуының негізгі айрықша ерекшелігі балалардың іс-әрекетті орындау үрдісінде құзыреттіліктің игеріліп, көрінісінің бірігуі болып табылады. Мысалы, коммуникативті құзыреттіліктің игерілгендігі және көрінуі тікелей қарым-қатынас кезінде жүзеге асады: сұрақ қоюда, ой білдіруде, өзінің сезімдері туралы айтқан кезде бала сұрақ қоюды, пікірін білдіруді, өзінің жағдайын түсінідіруді үйреніп, өзінің іскерлігін бір нәрсені нақтылап, түсіну үшін және ақпарат алу үшін қолданады. Бала қарым-қатынас кезінде сөздік қорын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, өз-өзіне және басқаларға деген қатынасын қалыптастыруға, өз пікірін нақты және түсінікті етіп құруға үйрететін кері байланысқа ие болады [25, 26] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың теориясылық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың теориялық сипаттамасы
Жоғары сынып оқушыларының құзыреттілігі
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Кәсіптік оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz