Психологиялық әдістердің түрлері


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Психология кафедрасы
«ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ» пәнінен лекция
сабағын жүргізудің әдістемелік нұсқауы
Шымкент-2020
Әдістемелік нұсқау кафедраның “” 2020 жылғы мәжілісінде талқыланды.
Әдістемелік нұсқауды дайындаған: аға оқытушы, магистр Әліпбек А. З.
Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к. Әліпбек А. З.
Лекция 1.
Тақырыбы: Әлеуметтік психологияның пәні
Сабақ жоспары:
1. Жалпы психология және әлеуметтану- әлеуметтік психологияның негізі.
2. Әлеуметтік психологияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы.
3. Әлеуметтік психологияның гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Андреева Г. М. Социальная психология. М., 1999
2. Б. Д. Парыгин. Социальная психология. М., 2001.
3. Битянова М. Р. Социальная психология. М., 1994.
4. Е. С. Кузьмин. Основы социальной психологии. ЛГУ., 1979.
5. Крысько В. Г. Социальная психология. М., 2001
6. Майерс В. Г. Социальная психология. СПб., 1998.
7. Шихирев П. Н. Современная социальная психология. М., 1999.
8. Шевандрин Н. И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
9. Сейдуллаев Б. А. Методическое пособие по курсу «Социальная психология». А., 1995.
10. Парыгин Б. Д. Социальная психология. Сиб., 1997.
11. Донцов А. И. Психология коллектива. М., 1984.
12. В. Н. Куликов. Проблемы социальной психологии. ЛГУ. 1967.
13. Шибутани Т. Социальная психология. М., 1999.
14. Кричевский Р. Л. Дубовская Е. М. Психология малых групп. - М., 1991.
15. Б. Ф. Ломов. Общение и социальная регуляция поведения индивида. М., 1976.
16. Методы социальной психологии. под ред. Е. С. Кузьмина и В. С. Семенова. ЛГУ., 1977.
17. А. В. Петровский, В. В. Шпалинский. Социальная психология коллектива. М. 1978.
18. Аверин В. А. Психология детей и подростков. М., 1998.
19. И. С. Кон. Социальная личность. М., 1967.
20. Елеусизова С. Қарым-қатынас психологиясы. - Алматы, 1993.
Қосымша:
1. В. А. Артемов. Введение в социальную психологию. М., 1972.
2. А. Г. Ковалев. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. 2-е изд. М. 1988.
3. И. П. Волков. Социометрические методы в исследованиях. Л., 1970.
4. В. П. Зинченко., В. М. Гордон. Методологические проблемы психологического анализа деятельности. М., 1976.
5. В. С. Агеев. Психология межгрупповых отношений. М. : МГУ., 1983.
6. Г. М. Андреева. Социальная психология. . МГУ. 1988.
7. С. С. Паповян. Математические методы в социальной психологии. М. Наука. 1983.
8. Тәжібаев Т. Жалпы психология. - Алматы, 1993
9. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993.
10. Аймауытұлы Ж. Психология. - Алматы, 1995.
11. Гамезо М. В. Домашенко И. А. Атлас по психологии. М. : 1986.
Қысқаша теориялық мәлімет
Жалпы психология және әлеуметтану- әлеуметтік психологияның негізі.
Әлеуметтік психологиялық зерттеудің методологиялық мәселелері. Әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Әлеуметтік психология - психология мен социология ғылымының араларында пайда болды. Әлеуметтік психология адамның әлеуметтік топтарға қосылу фактісі мен адамаралық қарым-қатынасы, іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін сонымен қатар осы топтарға психологиялық сипаттама беретін психологияның саласы. Ұзақ уақыт бойы әлеуметтік психологиялық көзқарастар философиялық ілімдерде өңделіп, қарастырылып келді.
Әлеуметтік психологияның алғашқы элементтері психология, социология, антропология, этнография, криминология сияқты нақты ғылымдарда қалыптаса бастады. ХІХ-ғасырдың І-ші жартысында әлеуметтік психологияның концепциялары құрыла бастады. Яғни халықтар психологиясы, тап психологиясы, әлеуметтік қарым-қатынас психологиясы т. б.
Әлеуметтік психология жеке пән ретінде 1908 жылы танылды. Әлеуметтік психологияға американ психологы Э. Руссоның және У. Макдугалл еңбектері жарыққа шыға бастады. І-ші дүниежүзілік соғыстан АҚШ-та және басқа елдерде өндірістегі, әскердегі т. б әлеуметтік психологиялық проблемалар комплексті өңдеу жүргізілді. Мұнда экспериментке негізгі роль берілді де, бірақ кіші топтарға көп көңіл бөлмеді. Бұл әлеуметтік психологияда танымдық, концепциялық аспектілерін дұрыс бағаламауға шындықтағы әлеуметтік проблемаларды жоққа шығаруға әкеп соқтырды.
Қарым-қатынас заңдылықтары және адамның функцияналдық әрекеті.
Әлеуметтік топтың психологиялық сипаттамасы. Оған үлкен топтар-нәсілдер, кластар, топтар, ұлттар. Кіші топтар - топтың шешімін қабылдау процесі, лидерлік, ұйымшылдық.
- Жеке адам психологиясы оның әлеуметтік бағдары социализациялануы, әлеуметтік психологиялық практикалық жағы.
- Әртүрлі ортадағы функционалдық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Психологияда осы мәселенің барлығы да іс-әрекеттің принципі негізінде жүзеге асырады. Әлеуметтік психологиялық құбылыстарды зерттеу бірлескен іс-әрекетте шындық әлеуметтік топтарда жүргізіледі. Бұл әр топта қоғамдық қарым-қатынасты терең түсінуге және ақыл-ой механизмдерін ашуға, диффузиялық топтан ұжымға айналуына көмектеседі. Әлеуметтік психология социология, педагогика, философия т. б ғылыммен тығыз байланысты. Социология немесе әлеуметтану қоғамдық, топтық және индивидуалдық нормалар мен құндылықтардың табиғатын немесе сипатын қарастырса, әлеуметтік психология оның макро және микро әлеуметтік ортаның әсерінен қалыптасу нақты механизмдерін немесе жеке адамның даралық ерекшелігін зерттейді. Егер әлеуметтану жеке адамның белсенділігін түзету себептерін түсіндірсе әлеуметтік психология бұлардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын зерттейді. Осы белсенділікті толық жүзеге асыруына жағдай жасауына көмектеседі.
Әлеуметтік психологияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінен-ақ адамдардың әртүрлі ортада өзара қарым-қатынас процесіне көңіл бөліне бастады.
Әлеуметтік психологияның алғашқы белгілері: Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Кейініректе: К. Гельвеций, Д. Дидро, Ж. Ж. Руссо Ресейде А. Н. Радищевтің және ХVІІІ ғасырда көптеген ойшыл ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Әртүрлі топтардағы жеке адамдардың психологиясы туралы жүйелі білім болғанымен бұл индивидтің әлеуметтік ақыл-ойының заңдылықтарын түсінуге бағыттады. Осылайша алғашқы әлеуметтік психологиялық концепциялары пайда болды.
Европада және Америкада ХІХ ғасырдың аяғында немесе ХХ ғасырдың басында әлеуметтік психологиялық концепцияларды құруға үлес қосқан психологиялық мектептердің өкілдері: Г. Гард, П. Лебон, У. Макдугалл, Э. Дюркгейм, Г. Занеля, Г. Кулидің еңбектері әлеуметтік психологияда алғаш рет абстрактылы тұрғыда емес, оның ерекшеліктері мен қасиеттерін топтармен топ жөнінде адамның психикалық әрекеті процесі мен байланысып қарастырады. Жеке адамды әлеуметтік контактісіз, ортасыз толық зерттеу мүмкін емес деген қорытындыға келді.
Г. Кули әлеуметтік психологияға «алғашқы топ» немесе «бірінші топ» терминін енгізді. Әлеуметтік ортаны тар көлемде түсіндіріп кіші топқа жақын түсіндірді. Бетбе- бет контакты арқылы топтағы жеке адам аралық қарым-қатынастың мәнін анықтады, бірақ бұл әлеуметтік орта ұғымына толық түсінік бере алмады. 20-шы жылдан бастап АҚШ-та, Англияда, Германияда, Францияда, Жапонияда әлеуметтік психологиялық ғылымның негізгі бағыттары қалыптасты. Хаттары экспериментінен кейін Э. Мэо қазіргі өндірісте психологиялық фактордың ролін зерттеуге негіз болатын қорытындылар жасады. Әрбір жұмысшының еңбек өнімділігі оның сан топтағы немесе ұжымдағы көңіл-күйіне байланысты болады.
ХХ-ғасырдың әлеуметтік психологиясының алғашқы фундаменті жалпы психологиядағы 3 бағыттық әсерімен қалыптасты. Олар: Гештальтпсихология, бихевиоризм, психоанализ. Мұның әсері ірі шетел психологтарының одан әрі әдіснамалық бағыттылығына әсер етті. Э. Фромм, Г. Салливен, Т. Хайвен, Л. Фестингер, К. Харни т. б. Әсіресе, әлеуметтік психологияда З. Фрейдтің психоанализ концепциясы мазмұнды болды. Бұл концепция бойынша адам 2 оттың ортасында болды. Бұл екеуінің ортасында әрқашан қарама-қарсы күрес болып отырды. Туа біткен санадан тыс инстингтер әуестенушіліктер, импульстер немесе қоғам талаптарының әлеуметтік ортаның әсерінің санадағы нәтижесі. Қоғам - іс-әрекет - адам.
Әлеуметтік психологияның гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
Қазіргі кезде әлеуметтік психологияның екі түрі бар:
- Психологиялық әлеуметтік психология.
- Социологиялық әлеуметтік психология.
Егер психологиялық әлеуметтік психология жеке адамдардың дара психологиялық әлеуметтік негізде зерттеуге бағытталса, социологиялық әлеуметтік психология әлеуметтік қоғам жүйе ретінде қарастырады. Сондықтан әлеуметтану әдістері мен құрылымы қолданылады.
- Жеке адамдардың психологиясымен салыстырғанда әлеуметтік психологияда жеке индивидтер арадағы өзгешеліктерге көп тоқталмайды. Адамдар өзара бірін-бірі қалай бағалайтындығына және бір-біріне қалай әсер ететіндігіне қөңіл бөледі.
- Жалпы психологияда социометрия әдісі көбінесе топтарда зерттейтін болса, әлеуметтік психология топтардың жекелік ерекшеліктері мен мазмұнына көңіл бөледі. Әлеуметтік психология адам және қоғамның өзара әрекеті туралы білімдердің ұзақ уақыт жинақталуынан пайда болды. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық идеялар философия, әлеметтану, антропология, этнография және тіл білімі саласында қалыптасқан. Алғашында «халықтар психология» және т. б. түсініктер пайда болды. Жеке әлеуметтік -нсихологиялық идеялар философия Платон мен Аристотельдің француз материалист-философтарының утопист-әлеуметтанушылардың еңбектерінде содан кейін Фейербах пен Гегельдің еңбектерінде кездеседі. XIX ғ. екінші жартысында әлеуметтік психологияның ғылыми білім саласы ретінде психология мен әлеуметтанудың түйіскен жерінде пайда болды, бірақ сипаттаушы ғалым ретінде ғана бөлінді. Оның пайда болуын 1859 жылы Германияда Штейнталь мен Лацарустың «Этностық психология мен тіл білімі туралы» журналын шығарумен байланыстырады.
Еуропада эмпирикалық әлеуметтік психологияның көрнекті өкілдері француз заңгері және әлеуметтанушысы Габриель Тард 1843-1904 француз әлеуметтанушысы Гюстав Лебон 1841-1931 және ағылшын-американ психологы Уильям Мак-Дугалль болды. Бұл ғалымдар өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басындағы қоғамның әлеуметтік дамуын адамның жеке психикалық қасиеттерімен байланыстыра көрсетуге тырысты. Тард-еліктеушілікті, Лебон-психикалық жұқтыруды, Мак Дугалль-инстинкті қарастырды. Г. Тардтың тұжырымдамасы бойынша, қоғамдық даму тұлға аралық әсвер факторларымен әсіресе, еліктеушілікпен, әдет-ғұрыптармен, модамен анықталады.
Тард бойынша, еліктеу негізінде топтық және қоғамдық нормалар мен құндылықтар пайда болды. Индивид оларды мең гкере от ырып, қоғамдық өмір жағдайларына бейімделеді. Әсіресе, төменгі топтар жоғарғы топтарға қарағанда қатты еліктейді. Дегенмен, идеалға болмаған кезде әлеуметтік «оппозиция», әлеуметтік өзара әрекетте конфликт пайда болды. Г. Тардтың бірінші рет тобыр психологиясын жекеліктің басымдық факторы ретінде терең зерттеді. Г. Тардтың идеясының әсерінен тұқымқулаушылықтың екі түрін ажыратуға болады, олар-табиғи және әлеуметтік.
Француз әлеуметтанушысы және әлеуметтік психологы Гюстав Лебон психикалық жұқтыру түсінігін енгізе отырып, әлеуметтік процестердің эмоциялы теориясын өңдеді.
Концепциялы әлеуметтік-психологиялық негіздер қатарын француздың әлеуметтік мектебінің негізін салушы Эмиль Дюркгейм 1858-1917 толықтырды. Ол «ұжымдық түсініктер» феноменін боліп көрсетті. Оның пікірі бойынша, дүниені жеке индивид арқылы көруге болады.
Дюркгейм бойынша индивидтің мінез-құлығы ұжымдық санамен анықталады. Г. Тардтың «әлеуметтік ватомизициясыцнан» айырмашылығы индивидті «қоғамның торы» деп есептейтін Э. Дюркгейм әлеуметтенудің бірігуі жалпы мақұлдаған әлеметтік құндылықтар негізіндегі идеяларды қолдады. Адамдар мінез-құлқының әлеметтік қасиеттері Э. Дюркгейм бойынша қоғамның құндылық-нормалық интеграциялануына, оның әлеуметтік қатынастардың дамуына байланысты.
Қоғамның құндылықтық-нормалық дағдарыстарын Э. Дюркгейм аномия француз тілінен - заңның болмауы деп көрсеткен. Ол бұқаралық құқықтық десоциализицияны тудырады. Аномия жағдайында қоғам бірнеше мүшелері үшін әлеуметтік және құқықтық нормаларының мәнділігін жоғалтады. Мінез-құлықтың үлгілі эталондарынан айырылған индивидтің өзін-өзі реттеу деңгейі төмендейді, әлеуметтік бақылаудан шығады. Бұқаралық девианттылықты трудыратын аномия, Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсетеді.
Осыдан, В. Меде адамдардың әлеуметтік топтарға қатынастарынан әр түрлі типтерді анықтады. Ол сонымен бірге топтардың әсері эмоция, ерік және моторика саласында жоғары екенін көрсетті. Әлеуметтік-психологиялық факторлардың индивидтің барлық психикалық қасиеттерге - қабылдау және ойлау, қиял, елес, ой, эмоция және ерікке әсер ететіні анықталды.
Мәселен, кейін американ психологы Гордон Олпорт 1897-1967 әлеуметтік психологияның экспериментті зерттеу әдістемесін дамытты. Оның зерттеуінің негізінде өнеркәсіпті ұйымдастыру, жарнама, саяси насихаттар, әскери іс және т. б. жетілдіруге арналған тәжірибелі тиімді нұсқаулар жасалады.
Әлеуметтік психология қолданбалы ғылым ретінде қарқынды дамыды. АҚШ-та басқару мәселесіне, психологиялық сәйкестікке, кәсіпкер мен жұмысшы арасындағы қатынастарды шиеленістің төмендеуіне және т. б. зерттеу жүргізіледі. Әлеуметтік психология жалпы психологияға және әлеуметтануға қатысты топтық эксперимент, әңгімелесу, сауңалнама және сұхбаттасу, құжаттарды анықтау, бақылау және т. б. әдістерді қолданады.
Пысықтау және бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік психологияның негізі болып табылады?
2. Әлеуметтік психологияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы не болып табылады?
3. Әлеуметтік психологияның гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны қандай?
4. Қазіргі кезде әлеуметтік психологияның қанша түрі бар?
5. Әлеуметтік психология қандай ғылым ретінде қарқынды дамыды?
6. ХХ-ғасырда әлеуметтік психологияның алғашқы фундаменті жалпы психологиядағы қай бағыттардың әсерімен қалыптасты?
7. Концепциялы әлеуметтік-психологиялық негіздерің кім қалады?
8. Американ психологы Г. Олпорттың әлеуметтік психологияға қосқан үлесі қандай?
9. Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әлеуметтік психологияға деген ықпалы?
10. Әлеуметтік-психологиялық факторларға нелер жатады?
11. В. Меде әлеуметтік топтардың қатынастарына байланысты адамдардың қандай типтерді анықтады?
Лекция 2
Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы
Сабақ жоспары:
1. Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы.
2. Алғашқы әлеуметтік психологиялық теориялар.
3. Кеңестік әлеуметтік психологияның даму тарихы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Андреева Г. М. Социальная психология. М., 1999
2. Б. Д. Парыгин. Социальная психология. М., 2001.
3. Битянова М. Р. Социальная психология. М., 1994.
4. Е. С. Кузьмин. Основы социальной психологии. ЛГУ., 1979.
5. Крысько В. Г. Социальная психология. М., 2001
6. Майерс В. Г. Социальная психология. СПб., 1998.
7. Шихирев П. Н. Современная социальная психология. М., 1999.
8. Шевандрин Н. И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
9. Сейдуллаев Б. А. Методическое пособие по курсу «Социальная психология». А., 1995.
10. Парыгин Б. Д. Социальная психология. Сиб., 1997.
11. Донцов А. И. Психология коллектива. М., 1984.
12. В. Н. Куликов. Проблемы социальной психологии. ЛГУ. 1967.
13. Шибутани Т. Социальная психология. М., 1999.
14. Кричевский Р. Л. Дубовская Е. М. Психология малых групп. - М., 1991.
15. Б. Ф. Ломов. Общение и социальная регуляция поведения индивида. М., 1976.
16. Методы социальной психологии. под ред. Е. С. Кузьмина и В. С. Семенова. ЛГУ., 1977.
17. А. В. Петровский, В. В. Шпалинский. Социальная психология коллектива. М. 1978.
18. Аверин В. А. Психология детей и подростков. М., 1998.
19. И. С. Кон. Социальная личность. М., 1967.
20. Елеусизова С. Қарым-қатынас психологиясы. - Алматы, 1993.
Қосымша:
1. В. А. Артемов. Введение в социальную психологию. М., 1972.
2. А. Г. Ковалев. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. 2-е изд. М. 1988.
3. И. П. Волков. Социометрические методы в исследованиях. Л., 1970.
4. В. П. Зинченко., В. М. Гордон. Методологические проблемы психологического анализа деятельности. М., 1976.
5. В. С. Агеев. Психология межгрупповых отношений. М. : МГУ., 1983.
6. Г. М. Андреева. Социальная психология. . МГУ. 1988.
7. С. С. Паповян. Математические методы в социальной психологии. М. Наука. 1983.
8. Тәжібаев Т. Жалпы психология. - Алматы, 1993
9. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993.
10. Аймауытұлы Ж. Психология. - Алматы, 1995.
11. Гамезо М. В. Домашенко И. А. Атлас по психологии. М. : 1986.
Қысқаша теориялық мәлімет
Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы.
Әлеуметтік психология - психология мен социология ғылымының араларында пайда болды. Әлеуметтік психология адамның әлеуметтік топтарға қосылу фактісі мен адамаралық қарым-қатынасы, іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін сонымен қатар осы топтарға психологиялық сипаттама беретін психологияның саласы. Ұзақ уақыт бойы әлеуметтік психологиялық көзқарастар философиялық ілімдерде өңделіп, қарастырылып келді.
Әлеуметтік психологияның алғашқы элементтері психология, социология, антропология, этнография, криминология сияқты нақты ғылымдарда қалыптаса бастады. ХІХ-ғасырдың І-ші жартысында әлеуметтік психологияның концепциялары құрыла бастады. Яғни халықтар психологиясы, тап психологиясы, әлеуметтік қарым-қатынас психологиясы т. б.
Әлеуметтік психология жеке пән ретінде 1908 жылы танылды. Әлеуметтік психологияға американ психологы Э. Руссоның және У. Макдугалл еңбектері жарыққа шыға бастады. І-ші дүниежүзілік соғыстан АҚШ-та және басқа елдерде өндірістегі, әскердегі т. б әлеуметтік психологиялық проблемалар комплексті өңдеу жүргізілді. Мұнда экспериментке негізгі роль берілді де, бірақ кіші топтарға көп көңіл бөлмеді. Бұл әлеуметтік психологияда танымдық, концепциялық аспектілерін дұрыс бағаламауға шындықтағы әлеуметтік проблемаларды жоққа шығаруға әкеп соқтырды.
Психологияда осы мәселенің барлығы да іс-әрекеттің принципі негізінде жүзеге асырады. Әлеуметтік психологиялық құбылыстарды зерттеу бірлескен іс-әрекетте шындық әлеуметтік топтарда жүргізіледі. Бұл әр топта қоғамдық қарым-қатынасты терең түсінуге және ақыл-ой механизмдерін ашуға, диффузиялық топтан ұжымға айналуына көмектеседі. Әлеуметтік психология социология, педагогика, философия т. б ғылыммен тығыз байланысты. Социология немесе әлеуметтану қоғамдық, топтық және индивидуалдық нормалар мен құндылықтардың табиғатын немесе сипатын қарастырса, әлеуметтік психология оның макро және микро әлеуметтік ортаның әсерінен қалыптасу нақты механизмдерін немесе жеке адамның даралық ерекшелігін зерттейді. Егер әлеуметтану жеке адамның белсенділігін түзету себептерін түсіндірсе әлеуметтік психология бұлардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын зерттейді. Осы белсенділікті толық жүзеге асыруына жағдай жасауына көмектеседі.
Алғашқы әлеуметтік психологиялық теориялар.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінен-ақ адамдардың әртүрлі ортада өзара қарым-қатынас процесіне көңіл бөліне бастады.
Әлеуметтік психологияның алғашқы белгілері: Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Кейініректе: К. Гельвеций, Д. Дидро, Ж. Ж. Руссо Ресейде А. Н. Радищевтің және ХVІІІ ғасырда көптеген ойшыл ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Әртүрлі топтардағы жеке адамдардың психологиясы туралы жүйелі білім болғанымен бұл индивидтің әлеуметтік ақыл-ойының заңдылықтарын түсінуге бағыттады. Осылайша алғашқы әлеуметтік психологиялық концепциялары пайда болды.
Европада және Америкада ХІХ ғасырдың аяғында немесе ХХ ғасырдың басында әлеуметтік психологиялық концепцияларды құруға үлес қосқан психологиялық мектептердің өкілдері: Г. Гард, П. Лебон, У. Макдугалл, Э. Дюркгейм, Г. Занеля, Г. Кулидің еңбектері әлеуметтік психологияда алғаш рет абстрактылы тұрғыда емес, оның ерекшеліктері мен қасиеттерін топтармен топ жөнінде адамның психикалық әрекеті процесі мен байланысып қарастырады. Жеке адамды әлеуметтік контактісіз, ортасыз толық зерттеу мүмкін емес деген қорытындыға келді.
Г. Кули әлеуметтік психологияға «алғашқы топ» немесе «бірінші топ» терминін енгізді. Әлеуметтік ортаны тар көлемде түсіндіріп кіші топқа жақын түсіндірді. Бетбе- бет контакты арқылы топтағы жеке адам аралық қарым-қатынастың мәнін анықтады, бірақ бұл әлеуметтік орта ұғымына толық түсінік бере алмады. 20-шы жылдан бастап АҚШ-та, Англияда, Германияда, Францияда, Жапонияда әлеуметтік психологиялық ғылымның негізгі бағыттары қалыптасты. Хаттары экспериментінен кейін Э. Мэо қазіргі өндірісте психологиялық фактордың ролін зерттеуге негіз болатын қорытындылар жасады. Әрбір жұмысшының еңбек өнімділігі оның сан топтағы немесе ұжымдағы көңіл-күйіне байланысты болады.
ХХ-ғасырдың әлеуметтік психологиясының алғашқы фундаменті жалпы психологиядағы 3 бағыттық әсерімен қалыптасты. Олар: Гештальтпсихология, бихевиоризм, психоанализ. Мұның әсері ірі шетел психологтарының одан әрі әдіснамалық бағыттылығына әсер етті. Э. Фромм, Г. Салливен, Т. Хайвен, Л. Фестингер, К. Харни т. б. Әсіресе, әлеуметтік психологияда З. Фрейдтің психоанализ концепциясы мазмұнды болды. Бұл концепция бойынша адам 2 оттың ортасында болды. Бұл екеуінің ортасында әрқашан қарама-қарсы күрес болып отырды. Туа біткен санадан тыс инстингтер әуестенушіліктер, импульстер немесе қоғам талаптарының әлеуметтік ортаның әсерінің санадағы нәтижесі. Қоғам - іс-әрекет - адам.
Қазіргі кезде әлеуметтік психологияның екі түрі бар:
- Психологиялық әлеуметтік психология.
- Социологиялық әлеуметтік психология.
Егер психологиялық әлеуметтік психология жеке адамдардың дара психологиялық әлеуметтік негізде зерттеуге бағытталса, социологиялық әлеуметтік психология әлеуметтік қоғам жүйе ретінде қарастырады. Сондықтан әлеуметтану әдістері мен құрылымы қолданылады.
- Жеке адамдардың психологиясымен салыстырғанда әлеуметтік психологияда жеке индивидтер арадағы өзгешеліктерге көп тоқталмайды. Адамдар өзара бірін-бірі қалай бағалайтындығына және бір-біріне қалай әсер ететіндігіне қөңіл бөледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz