Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қайнар Академиясы

«Құқықтану» мамандығы

Академия «Кайнар» | Выпускник.Kz

Баяндама

Орындаған:Бейсембек Сабрина 3-курс 1-топ

Алматы, 2020

Жоспар

Кіріспе

  1. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының ұғымы және ерекшеліктері
  2. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері
  3. Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік
  4. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектісі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтық процесс - бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан - сот, екінші тараптан процеске қатысушылар болып есептеледі. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.

1. Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:

  • олар азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен тікелей белгіленген;
  • ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
  • бірлігі мен біріктік;
  • арақатынасында.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.

Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда боладьі. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.

Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтың іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік көмек көрсетушілік.

Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.: Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары - іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде туындайды.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.: Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.

Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді.

Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Ерекшеліктері :

  • Азаматтық процессуалдық кодекс арқылы реттеледі ;
  • Соттың қатысуы міндетті;
  • Сатылардан тұрады ;
  • Сот тәжірибесі қолданылады ;
  • Көп субъектілік;
  • Субъект құқықтарының теңдігі.

2. Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру, олардың құқықтары мен міндеттері

Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.

Азаматтық іс жүргізу қатынастарынын субъектілері - азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына - шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.

Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынаста қатысушылар және олардың құқықтары мен міндеттері

Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.

  1. Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар. Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсыльқ білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды. Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы және олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендігін хабарлайды. Сот приставы - төмендегідей міндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауды жәрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды және процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың және басқа органдардың атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді. Сот орындаушысы - бұл мемлекеттік қызметтегі және заңмен жүктелген соттың және басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымдм тұлға.
  2. Іске қатысушы адамдар- тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мілімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тәртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер және басқа да мүдделі адамдар. Іске қатушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. Осы тұлғалар іс жүргізу құқықтарын орындамаған жағдайда заңдарда азаматтық сот ісін жүргізу туралы қарастырылған салдарлар туындайды. Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінед:1) өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни, ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді, 2) мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар.
  3. Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдар

Бұл топқа куәгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мән-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жәрдемдеседі және нақты әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.

Талапкер және жауапкер

Талапкер мен жауапкер процестің тараптары болып табылады, олар құқық туралы дауларын сотта шешетін адамдар. Талапкер - өз мүддесін немесе мүддесі көзделіп талап қойылған азамат немесе заңды тұлға. Талапкердің құқықтары мен заңды мүдделері бойынша сот дауы пайда болып, ол сотпен шешіледі.

Сотқа талап-арыз қоюшы адам әрқашан талапкер бола бермейді. Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, азаматтар не прокурор басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап арыздарының негізінде қозғалуы мүмкін.

Жауапкер - өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар немесе заңды тұлғалар. Жауапкер бұл құқық жөніндегі даудың екінші тарабы, ол талап қоюшының көзқарасы бойынша оның құқығын бұзған немесе дау бойынша құқығы мен заңды мүдделеріне дауласады. Процесте тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының соттарында құқық туралы даулар қаралуға тиіс болса шетелдік құқық субъектілері де (шетелдіктер азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар), халықаралық ұйымдар) тараптар болуы мүмкін. Азаматтық процеске бірнеше тараптар мен бірнеше қатысушылар қатыса алады. Сонымен, азаматтық процесс - бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, оның әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар - бұл азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен процесс қатысушыларының бірінің арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

3. Азаматтық процесс - бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан - сот, екінші тараптан процеске қатысушылар болып есептеледі. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.

Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі - бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі. -Ол азаматтар мен ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туған сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.

Азаматтық іс жүргізудің әрекет қабілеттілігі - бұл өз әрекеттері арқылы өз құқықтарын жүзеге асыру және сотта міндеттерін орындау, істі жүргізуді өкіліне тапсыру, жауапкершілікті дербес алып жүру қабілеті.

Іс жүргізу әрекет қабілеттілігіне толық көлемде 18 жасқа толған азаматтар, сондай-ақ егер неке жасы белгіленген тәртіпте төмендетілсе, 18 жасқа толмай неке құрған адамдар ие болады. Сотта 14 және 18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері олардың заңды өкілдері, яғни ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаушылары арқылы қорғалады.

4. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісі мен мазмұны

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және арнайы.

Жалпы объект - сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.

Арнайы объект - нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтың іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы) .

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны - азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу қүқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А. А. Мельников) субъектілердің мінез- құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және ар-найы.

Жалпы объект - сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.

Арнайы объект - нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтың іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы) .

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны - азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу қүқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А. А. Мельников) субъектілердің мінез- құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.

Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру, олардың құқықтары мен міндеттері

Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.

Азаматтық іс жүргізу қатынастарынын субъектілері - азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына - шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.

Эмансипация (лат. Emancіpatіon) - тәуелділіктен, бағыныштылықтан, езілуден, соқыр сенімнен босату, арылту деген мағынаны білдіреді.

Ал азаматтық құқықта - кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді толық әрекет қабілеттілігі бар деп тану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік
Нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Азаматтық құқықтағы мерзімдер түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz