Алғашқы ветеринарлық жәрдем өзге пәндермен тығыз байланыста


№1 Дәріс.
Тақырыбы: Кіріспе.
Дәріс сұрақтары:
. Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәні, оның мәселелері.
2. Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәні дамуының қысқаша тарихы мен оның болашағы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге алғашқы ветеринарлық пәні бойынша қысқаша тариғы мен емдеу әдістері туралы жалпы түсінік беру.
Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәні, оның мәселелері.
Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәні болашақ ветеринарлық−санитар дәрігерлері жұмысы үшін қажетті сабақтардың бірі. Аталмыш пәннің негізгі мәселесі студенттерге жануар өміріне қауіп төнген сәттерде қажетті жәрдем жасай білуді үйрету болып саналады.
Осы пәнді өқып−үйрену кезінде жануарларға бірінші емдік жәрдем жасау әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет.
Студент мыналарды білу және орындай алулары керек:
− жіті, төтенше ауруларды танып−білу тәсілдері негіздеріне машықтану
− алғашқы дәрігерлік жәрдем әдістерін қолдануды, жануар өміріне қауіп
төндіретін немесе оның өнімділігі мен жұмыс қабілеттілігіне нұқсан
келтіретін симптомдарды болдырмай−жоюды орындай білу
− жануарларды бекіту әдістерін, асептика, антисептика, десмургия негіздерін, қан тоқтату түрлерін, құрал−саймандарды, операцияларға
арналған таңу және тігін материалдарын, таңу түрлерінің байлап, алу тәртіптерін білу. Жіті жұқпалы және жұқпайтын аурулар кезінде алғашқы ветеринарлық жәрдем жасау.
Алғашқы ветеринарлық жәрдем өзге пәндермен тығыз байланыста. Патология процесстерін білу, емдік шаралар жасау, танымалы және топографиялық анатомияны жақсы білуді талап етеді.
Диагноз қою барысында клиникалық диагностика әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет, яғни осы пән оқытатын ағзалар мен жүйелердің функционалдық кемісіктерін анықтау әдістерін білу керек.
Сонымен қатар алғашқы ветеринарлық жәрдем пәнін оқу кезінде студенттерге физиология, фармакология, биохимия, ауылшаруашылық малдарының гигиенасы мен азықтандырылуы, хирургия, терапия, акушерлік, індеттану т. б. пәндерді білу өте қажет.
Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәні дамуының қысқаша тарихы мен оның болашағы.
Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәнінің даму тарихы жалпы ветеринария дамуымен тығыз байланыста. Жануарларды емдеу өнерінің қалпытасуы тарихқа дейінгі уақыттарға келіп, жануарларды қолға үйретуден бастау алады, тас ғасырдың өзінде алғашқы адамдар жануарларды емдегені жайлы деректер бар. Жалпы алғанда ветеринарияның өзі ұзақ уақыт бойы халықтық болған. Онымен жануар иелері, малшылар, тәуіптер, емшілер, ұсталар шұғылданған.
Тәуіптер мен емші−балгерлер тек жануарларды ғана емес, адамдарды да емдегені белгілі. Көне мәдениет пен жазу өнерінің дамуымен қатар тәуіптік−балгерлік тәлім жазылынып, кеңірек таратылып отырған.
Ертедегі шығыс халықтарының манускриптері (жазбалары), біздің эрамызға дейін 6 мың жыл бұрын Қытайда және 3 мың жыл бұрын Мысырда (Египет) тәуіптер мен емші−балгерлер бірқатар аурулар кезінде адамдар мен жануарларды шөптер, майлар, бальзамдар, уқалау қолданып, жылу мен суық пайдаланып емдегені жайлы мәліметтер береді, Қытайда сонымен қатар чжень−цзю−терапиясы ине қадау мен күйдіру әдістері қолданылған бұл әдістер осы күнге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Алайда аталмыш терапия орындаудың жоғары біліктілігін талап етеді, ал бұл ветеринарияда оны кеңінен пайдалануға кедергі болып табылады.
Біздің эрамызға дейінгі XVIII ғасырдың өзінде Хаммурапи патшаның заң жарғыларында мал емшілері жайлы мәлімдемелер ұшырасады. Осы аумақты жарғының 224 және 225 баптарында мал иесі мен мал емшісі міндеттері келтірілген, онда малдарды емдеу жайлы деректер бар.
Құл иеленушілік дәуірінде бірте−бірте қазіргі ветеринарлық медицинаның екі басты саласы терапия мен хирургия негіздері қалыптаса бастаған.
Сол кездері терапевт мамандары ішкі аурулар кезінде шөппен, маймен, тұнбалармен және өзге заттармен емдеулер жасаса, хирург мамандары қан жіберіп, жеңіл−желпі операциялар жасап жәрдем көрсеткен.
Ветеринарлық медицина ұзақ уақыт бойы жеке ғылым болып бөлініп шықпауына орай, көне медицинаның көрнекті тұлғалары адамдармен бірге жануарларды да емдеген. Медицина мен ветеринарияның дамуы мен ғылыми жетілуіне көне Грецияның атақты дәрігері мен ғалымы Гиппократтың (біздің эрамызға дейінгі 40−370 ж. ж. ) еңбектері үлкен әсер етті. Оның жара туралы ұғымы қазіргі кездегі ілімге сәйкестенеді. Сол кездің өзінде ол жара жазылуының бірінші және екінші сатылары, флегмона мен сепсис, тырысқақ ауруы белгілері жайлы жазған, асептика заңдылықтарын ұстануды ұсынған. Ол жануарларға жасалатын бірқатар операцияларды құрастырған, соның ішінде қабырға резекциясы бар.
Көне Римнің аса ірі дәрігері Цельс медицина және ветеринария бойынша тамаша еңбек құраған, қабыну белгілерін көрнекі түрде баяндаған. Ол қан ағуы кезіндегі таңу түрлерін және бас қаңқасы трепанациясына дейінгі бірнеше операцияларды ойластырып, ұсынған.
Ветеринарияның дамуына Гален (б. э. дейінгі 130−200 ж. ж. ) еңбектері ықпал етті, ол тәжірибелік бағыт енгізіп, анатомия мен физиология тұрғысында орасан зор тәлімдер берді.
Галеннің арқасында қан ағуы кезінде тамырларға бұрау салу мен оны байлау Үшін жібек жіптерін пайдалану қолданыла бастады. Ветеринария көне Грецияда жақсы дамыды. Атақты дәрігер Апсирт (біздің эрамыздың 300−360 ж. ж. ) ″Гиппитрика″−атты бағалы еңбек жазды. Бұл еңбекте жануарлардың, әсіресе жылқалардың, түрлі аурулары жазылды, пішу, қан жіберу, өзге емдеу әдістері баяндалды. Оны ветеринарияның ірге тасын қалаушы деп санайды.
Ежелгі Римде атақты агроном Колумелла (б. э. ғасыры) өзінің ауылшаруашылығына арналған көп томдарында бірнеше кітаптарын жылқы аурулары мен оларды емдеуге арнады. Алғаш рет осы кітаптарда ″veterinarius″ термині қолданылған.
Римде ветеринария ісінің үлкен білгірі болып, Вегеций (б. э. IV−V ғ. ғ. ) саналған, ол өзінің ″Artis veterinaria sive mulomedicina libri guaffuor″ атты еңбегінде мал дәрігерлігі салаларын ашық жазып өткен. Осы кезеңде Римде муломедичи деп аталатын ветеринариялық емханалар болған.
Орта ғасырлар кезіндегі шіркеулік қудалауларға байланысты өзге ғылымдармен қатар медицина мен ветеринария да запа шекті, онымен шұғылдану еретикалық белгі деп танылып, қатаң жазалануларға тартылды.
Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басында Бұхарада әйгілі дәрігер Абу−Ибн−Сина (980−1037) . әлемге Авиценна атымен танылған, өз зерттеулерін тынымсыз жүргізген. Авиценна ″дәрігерлік өнер тағылымдары″ атты бес томдық еңбегін жазды. Осы еңбек XVIII ғасырға дейін медицина бойынша жалғыз дерлік нұсқама болып келген. Оның қатерлі ісіктерді емдеу әдістері қазіргі заманғыдан аздап қана ерекшеленеді.
XVIII−ғасырдан бастап Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде жылқышаруашылығы дами бастады, бұл жылқыны ғылыми тұрғыда зерттеуге үлкен мұрындық болды. Араб оқымыстысы ветеринар маманы Абу Бакір 200-дей ауруларды аша отырып, жылқылар жайлы еңбек жазды. Осы ғасырда итальян жылқы маманы Джардано Руфо ″De medicine eguorum″ атты еңбегін құрастырады, ол Еуропадағы жалғыз дерлік нақты ветеринариялық шығарама болған.
Анатом Везалий (1514−1564 ж. ж. ) өзі жарып−сойған өлекселер негізінде анатомия пәнін жазған, осы үшін еретик делініп, қуғынға ұшыраған, олайда оның еңбектері ветеринарияның, атап айтқанда хирургияның дамуына үлкен әсерін тигізген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz