Тамыр және тамыр жүйесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Жүзім өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу

Мазмұны
Мазмұны:
Кіріспе . . .
Мазмұны: 1
Әдебиеттерге шолу . . .
Мазмұны: 1. 1

Жүзімнің морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы және

олардың қызметтері . . .

Мазмұны: 1. 2
Тамыр және тамыр жүйесі . . .
Мазмұны: 1. 3
Жүзім жапырағының ерекшелігі . . .
Мазмұны: 1. 4
Гүл шоғыры, мұртша, гүлі . . .
Мазмұны: 1. 5
Жүзім шоғы, жидегі, дәні . . .
Мазмұны: 2
Тәжірибелік зерттеу . . .
Мазмұны: 2. 1
Фенологиялық бақылаулардың әдістемесі . . .
Мазмұны: 3
Зерттеу нәтижесі . . .
Мазмұны: 3. 1
Жүзімнің фенологиялық бақылаулар нәтижесі . . .
Мазмұны:
Қорытынды . . .
Мазмұны:
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Күн жидегінің қайталанбас дәмі Ежелгі Мысырда, Вавилонда, Сирияда, Палестинада, Рим империясында, Ежелгі Грекияда бағаланды. Мың жарым ғасырдан артығырақ бұрын жүзімді Қырымда, Кап тауы елдерінде өсірген-ді. Кейбір деректер Киевтің монастырлық шаруашылықтарында жүзімді ХІ - ғасырда өсіргендігін баяндайды.

Бұрынғы кеңестер одағында жүзімдіктің басым бөлігі Молдовада (үштен бірі), Украинада, Кап тауы елдерінде, Орта Азияда, Донда және Еділдің төменгі ағысында болған-ды.

Қазір егіліп жүрген сұрыптарды ғасырлар бойы халықтық селекция будандастыру арқылы шығарған. Қазір әр түрлі елде, жүзімнің 4000-нан аса сұрпы, ал ТМД-де 200-дей сұрып өсіріледі. Орта Азия республикаларында және Қазақстанда өсірілетін Витис винифера түрінің сұрыптары аязға, түрлі кеселдерге төзімді, сапасы да жақсы.

Жүзім - азық-түліктік өнімдердің ішіндегі ең бағалы емдәмдік және тамақтық өнім. Жүзімнің жас жидегінде 30 %-ға жуық жеңіл сіңірілетін қанттар бар - глюкоза, фруктоза және аздап сахароза. Фруктозаны адам ағзасы ұйқы безінсіз сіңіре алады. Бұның сусамыр ауруының алдын алуда маңызы өте зор. Жас жүзімде алма, шарап, лимон, янтарь, галл, құмырсқа, қымыздық, салицилл, т. б. органикалық қышқылдардың мол жиынтығы бар. Жүзім жидегінде калий (235 мг), кальций (45 мг), натрий (26 мг), фосфор (22 мг), сондай-ақ марганец, кобальт, темірдің минералды тұздары мол кездеседі. Жас жүзімнің 100 грамы тәуліктік кальций мөлшерінің 4%, магнийдің - 1, 6%, фосфордың - 0, 12%, темірдің - 16, 4%, жездің - 2, 7%, марганецтің - 16, 6 %-н қамтамасыздандырады. Жидектің қабықшасында бояғыш заттар (пигменттер), тік қосылыстар кешені, май қышқылдарының глицеридтерінің қоспасынан тұратын балауыз болады. Жүзім А, С, Р, В (В 2 , В 6 , В 12 , т. т. ) дәрумендері топтарының молдығымен ерекшеленеді, РР дәрумені бар. Жүзім шырынында тиамин (В 1 ), пантент (В 3 ) және никотин (РР) қышқылдары, пиродоксин (В 6 ) және инозит бар екені белгілі болды[1] .

Зерттеу мақсаты: Қазақстанда өсірілетін жүзімнің биологиялық ерекшеліктерін анықтау арқылы, олардың өнімділігі мен сапасын арттыру экологиялық таза өнім алуды қамтамасыз ететін кешенді агротехнологиялық тәсілдерді жетілдіру.

Зерттеу міндеттері:

1. Жүзімнің жаңа сұрыптарын таңдау және оларды өсірудің агротехнологиясын зерттеу;

2. Жүзім өсімдігіне фенологиялық бақылау жүргізу, өсу процесстерін, өнімділігі мен сапасын зерттеу;

3. Жүзімнің биологиясын зерттеу және өсірудің жетілдірілген агротехнологиялық шараларының тиімділігін бағалау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақстанның оңтүстік жағдайында жүзім шаруашылығында жүзімді өсірудің аса тиімді кешенді агротехнологиялық тәсілдермен өсіруге ғылыми негіздеме берілді.

Тәжірибелік маңызы. Жылыжай шаруашылығында жүзім өнімділігін 15- 20% арттыруға мүмкіндік беретін төзімді сұрыптары ұсынылды.

Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін отандық ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар құрайды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі, қарастырылған.

1 Әдебиеттерге шолу

1. 1 Жүзімнің морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы және олардың қызметтері

Жүзім - жер шарындағы гүлді өсімдіктердің бірі. Өткен замандарда ол ашық, күн көзі жақсы түсетін жерлерде өскен және тіктұрар өркендері бар бұталар түрінде болған, дара подиалды түрімен сипатталады. Үшінші дәуірде қоршаған орта жағдайының өзгеруіне, құрлықтың үлкен аумағында тропикалық ормандардың пайда болып, кеңеюіне байланысты Vitaceae жүзім өсімдігі өзіне үйреншікті емес көлеңкелену жағдайында қалды [2] . Орманның көптеген түрлерінің арасында жүзім өсімдігінде өзінің дамуына қажетті, жаңа жағдайға бейімделуге қолайлылық тудыратын ерекшеліктер пайда болды. Табиғи сұрыптау кезіндегі генетикалық жолмен нығайған өміршеңдік кезеңінің дамуындағы жеке ерекшеліктері мен биологиялық атқарым мүшелері өзгерді. Бұл жүзім өсімдігі пішінінің бұталыдан мұртшалармен жабдықталған, жіңішке (15мм аспайтын) және ұзын (20м-ге дейін) бұтақшалары бар басқа да орман ағаштарының өсімдіктері сияқты мығым, діңгегі мен бұтақшалары жоқ өрмелеуші ағаш шырмауығы сияқты өзгеруіне әкеліп соқты. Өркеннің ұшар басы мұртшаға айналды, сабақтың дара подиалды бойы симподиалды болып шыға келді. Мұрташалардың көмегімен өсімдік ағашқа мықтап жармасып, өркені тез өсті, жоғары өрледі, жарыққа ұмтылды. Желден немесе қоршаған ортаның басқа да қолайсыз әрекеттерінен сабағы сынған жағдайда жүзім шырмауында өркендегі тез жетілген өгей бүршіктердің дамуы есебінен, сондай-ақ орталық орынбасар бүршік пен бұйыққан бүршіктердің дамуы есебінен бойын тез қалпына келтіру қабілеті пайда болды.

Жүзімнің мүшелерін атқаратын қызметіне қарай вегетативті (тамырлар, өркендер және жапырақтар) және генеративті мүшелерге (гүл шоғырлары, жеміс шоқтары, жидектер мен тұқымдар) бөледі. Жүзімнің бүршіктері өсу және жеміс салу қызметтерін жүзеге асырады, өсінді және генеративті мүшелердің жұмысына жол ашады[3] .

Табиғи жағдайда жүзім бұтасы-ағаштар немесе жартастар бойымен орала, кейде жермен төселе өскен және күн сәулесіне ұмтылған, солқылдақ, ондаған метрлі, ұштарында жүзім шоғы болатын, ағаштанған, жылда жасыл өркен-шыбық беретін шырмауық. Жүзім өсімдігінің ерекшелігі оның жидегі өткен жылғы жасыл өркендерінде дамыған бүршіктерде, яғни, бір жылдық шыбықтарында байланатыны.

Жүзім түбі: топырақ астылық және топырақүстілік сияқты екі жүйеден тұрады. Жүзім түбінің топырақ астылық бөлігінде сүңгектің тамыр жүйесі мен бұтаның топрақастылық бөлігінің бастамасы бұта басы -жуанданған бөлігі болады.

Топырақастылық сүңгек-бұл жүзім бұтасы өсіп шыққан, қаламша. Оның төменгі бөлігінен және бүйірлік бетінен тамырлар өніп-өседі, ал жоғарғы көзшелерінен өркендер өседі де, солардан 3-4 жыл бойы бұтаның топырақүстілік бөлігі қалыптасады. Осы өркендер бұтаның негізі болады және салалы бұтақтар деп аталады, сүңгек пен салалы бұтақтар тіршілігінің бірінші жылынан кейін, тек жуанданып дамиды.

Сүңгек бойымен тамырлар: өкшелік немесе негізгі, орталық немесе бүйірлік және шықтық немесе ұштық, ал даму деңгейі бойынша-ескі немесе қаңқалы және жас немесе жаппай өсетін тамырлар болып ажыратылады. Қаңқалы тамырлар қатты, тоздық қабықпен көмкеріледі де, су және онда еріген минералды заттарды өткізетін және қордағы қоректік заттарды сақтағыш орын болып саналады. Жас шашақты тамырлар топырақтан су мен минералды заттарды сіңіреді және оларда жүзім бұтасының қоректенуіне қажет органикалық заттардың түзілуі жүреді. Әр жас тамыршаның ұшындағы өсу нүктесінің жаңа жасушалардың пайда болуы жүреді, яғни тамыр жүйесі дамиды. Жасы келе қаңқалық бұтақтардың бір бөлігі солады. Қалған алты-жетісі дамуын жалғайды да, кейінгі реттік: үшінші, төртінші және т. ттамырларды қалыптастырады.

2

1

1. Топырақастылық бөлімі:

а -топырақасты сидам; ә-өкше тамырлар;

б-шық тамырлар;

2. Топырақүстілік бөлімі. :

в-бас бұта (штамб) ; г-бұта тарамдары («қолдары») ; ғ- өркендер (шыбықтар) ; д-жемістік өркендер; е-өгей бұтақ; ж-балақтық өркен; з-орынбасар өркендер

Сурет 1 - Жүзім түбінің құрылысы

1. 2 Тамыр және тамыр жүйесі

Тамырлар өсімдік үшін аса маңызды өмірлік қызмет атқарады. Олар топырақтағы минералды заттары ерітілген суды сіңіріп алып, жоғары қарай жер үстіндегі бөлігіне, сабақтарға, жапырақтарға және генеративті ағзаларға дарытады. Жас тамырлар (шашақ тамырлар) топырақтан ерітілген минералды тұздармен қатар көмірқышқыл газын да сіңіре алады. Кәрі қаңқалы тамырлар өсімдікті топырақта нық ұстап тұрады. Олар әдетте, ұзын, жуан болып келеді, сырт жағы жыл сайын бөлінетін қабықтардың жұқа қабатымен қапталған. Қаңқалы тамырлар сабақтар бойы мен жапыраққа және генеративті ағзаларға нәрлі элементтері ерітілген суды өткізуші ретінде қызмет етіп қана қоймайды.

Олардың ішінде органикалық заттар жинақталады, қосалқы нәрлі заттар кейінге қалдырылады, бұл өсімдік үшін сыңдарлы кезеңде қажет болады. Зерттеулерден белгілі болғандай, қоректі заттар қорын толықтыру болмаған кезде қаңқалы тамырлар бұтақтың өміршеңдігін 6 жылға дейін қамтамасыз ете алады. Жас және кәрі тамырлардың жиынтығы өсімдіктің тамырлық жүйесін құрайды. Тамырлардың, әсіресе, жас тамырлардың маңызды қызметі -көмірсуын амин қышқылына айналдыру және ақуыздың бастапқы жинақталуын жүзеге асыру. Фотосинтез үдерісінде жапырақтарда көмірсу төмен қарай жылдам жылжып тамырға жетеді де, қантқа айналады және әртүрлі органикалық қышқылдар аммоний тұздарымен өзара әрекеттесіп, ақуыз заттарының негізгі құраушы сыңарлары аминоқышқыл қоспаларын жасап шығарады. Органикалық қышқылдардың болмашы бөлігі тамырлардан топыраққа сіңеді және оны органикалық заттармен байытады. Бұл топырақтың үстіңгі қабатында пайдалы микроағзалардың(саңырауқұлақтар, бактериялар және т. б) дамуымен жиналуына қолайлы болады, солардың өміршеңдігі нәтижесінде өсімдік үшін жетуі қиын топырақтың қоректі элементтері жеңіл игерілетін пішінге айналады. Тамырлардан амин қышқылдарының негізгі бөлігі жоғары көтеріледі де, өсуші өркен мен шоқ жемістердің ұлпаларына шоғырланады, қайтадан түрленетін жасушалардың түзілуі үшін пайдаланылады. Жас өркендер мен бүршіктердің қалыптасуы мен өсуі осы үдерістердің бәрінен өтуіне тікелей байланысты болады[4] .

Жүзімнің тамырлары 40-60% суды құрайды, сабақпен салыстырғанда, оларда азот, фосфор және күлді элементтер көп, калий аз болады. Тамырлардағы иілімді заттардың ішінде көмірсу көп болады, олардың құрамы маусым бойында өзгеріске түседі. Қыркүйекте тамырларда 7% моноқант, 3% диқант және 13% крахмал болады. Крахмалдың басым бөлігі (23%) жіңішке тамырларда, шағын бөлігі (15%) жуан тамырларда орын алады. Крахмалдың құрамы қарашада ұлғаяды.

Бұл уақытта олар тамырдың қабықты бөлігін және өзектерін толтырады. Күздің аяғы мен қысқы кезеңдерде сөл жылжуы басталғанға дейін тамырларда 1, 5-3% қант және 20% жоғары крахмал болады. Бұдан өзге, тамыр камбиясы аймағында майлар болады, сол майлар жаздың екінші жартысында (шілдеде) жинақталады, ал олардың барынша көп бөлігі байқалады. Тамырлар мен тамырлар жүйесінің даму сипаты тұтастай алғанда, жүзімнің, оның түрлер мен сұрыптық ерекшеліктерін, физикалық-механикалық қасиеттерін, топырақтың химиялық құрамын, оның температурасын, ылғалдылығын және отырғызу алдындағы өңдеу әдісін қолдануымен тікелей байланысты болады. Тұқымдық көбею кезінде, тұқым өсер уақытта әуелі оның тұмсықшасындағы сызат арқылы бастапқы ұрықша түбіртегінен ең басты, өзекті тамыр дамиды, одан таяу арада тамыр түкшелері пайда болады. Бірнеше күннен кейін басты тамыр тарамдала бастайды, оның жуан жерлерінен 1-кезектегі жіңішке қапталдық тамырлар пайда болады, олардан 2-кезектегі тамырлар, сосын 3-кезектегі тамырлар болып бөлінеді. Олар өзекті тамырдан тікбұрыштанып созылады, сосын олардың ұштары иіледі де, басты тамырмен қатарласа өсе бастайды. Сеппе көшеттің өзекті тамыры қапталдық тамырлардан күштірек өседі және 1- жылдың өзінде 1 м және одан әрі тереңдей түседі[5, 6] .

Алғашқы 2 жылда тамырлар жүйесі жерүсті бөлігінен едәуір күштірек дамиды. Сеппе көшеттегі тамырдан сабаққа дейінгі өту орнын тамыр мойны деп атайды. Жүзімді өсінді тәсілмен көбейту кезінде қаламшалар, телу, сабақтамаларды қолдану кезінде, олардың түйіндерде тамырлануы үшін қолайлы жағдайлар кезінде болатын жайттарды ескеру керек. Бұл жағдайларда үстеме тамырлар пайда болады, оларды адвентивті деп атайды. 8-10 см ұзарған соң олар тарамдала бастайды, әртүрлі реттегі қапталдық тамырлары пайда болады, Жуанданған тұстарының ұшы ақ түсті болып келеді. Бір көзшелі қысқа қаламшаларды отырғызу кезінде оларды әдетте, көлденең орналастырады, көзшеге қарама-қарсы шоғырланып дамиды. Тік орналастырылған 3, 4, 5 көзше қаламшаларды отырғызу кезінде тамырлар қаламшаның түйінінде, әуелі төменгі, содан кейін жоғарысында, бірақ шүйдесіндедамиды.

Сеппе көшетке қараған екпе көшеттің тамырлар жүйесі шашақ сипатта болады. Екпе көшеттің жерасты бөлігі тамырлары бірнеше қабатқа бөлінген сабақтан (жерасты сидамы) тұрады. Жерасты сидамының жоғарғы бөлігінде 10-15 см тереңдікте жыл сайын өңделетін топырақтың үстіңгі қабатында үстірт (шықшөп) немесе шықжинағыш тамырлардың басым бөлігі дамиды. Бұл тамырлар жіңішке, қысқа болады, егер оларды дер кезінде жұлып тастамаса, онда өсімдік тұтасымен тамыр жүйесінің дамуына көшеді, бұл терең қабаттағы тамырдың дамуына кедергі келтіреді, бұтақтардың осалдануына және олардың толық құрып кетуіне әкеліп соғады. Бұл ұзаққа созылған құрғақшылық кезінде және қыс мезгіліндегі қатты аяздардан кейін байқалады.

Жүзім түрлерінің тамыры сыртқы көрінісі мен анатомиялық құрылымы бойынша ерекшеленеді. Филлоксераға (өсімдік битіне) төзімді сұрыптардың америкалық түрлерінде, атап айтқанда, V. vulpina (V. riparia) түрлерінің тамырлары анағұрлым жіңішке, ұзарып өсуге бейім болып келеді, ұлпасының түзілімі тығыз, өткізгіш жүйесінің тамырлары өте ұсақ, паренхима жасушалары солғын дамыған және олардың саны да аз, жасуша қабаты тым жуан және сыртқы ұлпа жасушалары толымды сипатта болады. Олардағы интеркутис екі қатпарлы болып келеді, бұл америкалық түрлердің филлоксераға төзімділік көрсеткіштерінің бірі болып саналады, V. vinifera тамырлары жуан, жұмсақ құрылымды, ксилема тамырлары ірі және қапталдың бұтақшалары шағын бұрыштары ойық болып келеді.

Тамырларда тыныштық кезеңі болмайды. Олардың пайда болу, өсу және даму қарқыны өсімдіктің тамырлық жүйесі орналасқан жердің жағдайына байланысты болады. Топырақта жылу, ылғал және қоректік заттар жеткілікті мөлшерде болса, тамырлар жыл бойы өсе береді. Дегенмен, тамырлар дамуында жыл сайын өсудің анағұрлым артуының қарқынды екі толқыны байқалады, бірі - көктемде, топырақ тыңайған, 6-8°C-тан жоғары қызған кезде, екінші - күзде, өркендердің өсуі тоқтаған, жауын мол жауған, топырақ әлі жеткілікті дәрежеде жылы болған кезде білінеді (7-8°C) . Егер өсіп-даму кезеңінде құрғақшылық ұзаққа созылса, онда өсудің екінші толқыны болмайды. Тамырлардың белсенді тіршілік әрекеттері мен өсуі көктемде бүршік жарғанға дейін, топырақ 5-7°C температура болған кезде, өсімдіктің қарқынды сөл жылжуы ("жылау") жүрген сәттерде басталады. Тамырлардың тіршілік әрекеттері 18-24°C температурада өркендер мен жапырақтардың қарқынды өсуі кезеңінде күшейе түседі. Тамырлардың барынша өсуі (тәулігіне 12мм) және олардың тарамдалуы жаздың бірінші жартысында, гүлденгенге дейінгі уақытта, топырақтың тамыр жатқан қабатында 28-30°C қолайлы температура болған кезде байқалады. Аса жоғары (34-40°C) температура кезінде өсудің нашарлауы, тамырдың зақымдануы басталады, ақыры солып қалады[7] .

Топырақтың тамыр жатқан қабаты қатып қалған жағдайда, 5-8°C температура кезінде жүзімнің еуропалық-азиялық сұрыптарының тамырлары, 10-12°C кезінде амур жүзімі мен америкалық түрінің филлоксераға (өсімдік битіне) төзімді сұрыптарының тамырлары өліп қалады. Қыстан жайлы шыққан жағдайда ғана көктемде тамырлардың өсуі жаңарады. Олардың негізгі бөлігі отырғызылғаннан кейінгі алғашқы 2 жылда шыға бастайды. Негізгі тамырлардың саны және бірінші реттегі тамырлар саны және бірінше реттегі тарамдануы бұл кезде 60-70%-ға жетеді. Өсімдіктің жасы ұзарған сайын бірінші реттегі тамырлар саны 5-6 есе азаяды, ең жіңішкелері қурайды, бірақ қоректенуші тамырлар саны артады, бұлар 3-4 реттегі тамырлардан қалыптасып шығады. Бұл тамырлар ақ түстерін ұзақ уақыт сақтап қалады.

Тамырлардың негізгі бөлігі топырақта 2- жылы 20-80 см, 3- жылы 20-130 см, 4- жылы 20-180 см тереңдікте орналасады. Олардың орналасу тереңдігі топырақтың түріне, физикалық-механикалық ерекшелігіне, отырғызу алдындағы өңдеу тереңдігіне, егу жағдайына байланысты болады. Құнарлы, ылғалы жеткілікті және жарамды топырақтарда тамырлар мықты болады, топыраққа тереңдеп ене түседі және тез тарамдалып, ұсақ тамырлары көбейіп шығады. Күл басқан көңде және орманның сары топырағында олар тереңдей алмайды, өйткені бұл топырақтар физикалық-механикалық ерекшеліктері жағынан осал болып келеді. Оңтүстіктегі құрғақ аудандардың құнары аз топырағында тамырлар осал тарамдалады, бірақ 5-6 м және одан әрі тереңге жетеді. Алайда, өсімдіктің сорғыш тамырларының негізгі бөлігі 20-40 см-ден 60 см-ге дейінгі тереңдікте орналасады, жылу мен ылғал алуына, қоректенуінежақсы жағдай туындайды. Жерасты суларына жақын жатқан топырақта (1, 5 м-ге дейін) жүзім өсімдігі сол сулардың үстіндегі қабатта орналасады. Солтүстік аудандардағы жүзімшілікте тамырлар жүйесі 30-35 см тереңдіктегі топырақтың жылытылған қабатында дамиды. Көлбеу бағытта тамырлар бұтадан 2-5-тен 8 м-ге қашықтыққа дейін таралады, егер бәсекелес өсімдік жоқ болса, белгіленген кеңістік шегінен асып кететін кездері болады.

Қоректенудің үлкен көлемін алып жатқан, бойшаң боп өскен жүзім сұрыптарының тамырлар жүйесі анағұрлым мықты болып дамиды.

Жүзім өсімдігінің тамырлар жүйесін егістік жерлерді қазу жолымен зерттейді.

Сабақтың бұта қаңқасын құрайтын көп жылдық бөліктерінде біржылдық жемістік өркендері дамиды. Олар мүшелі, буымдар мен буынаралықтардан тұрады. Буындарда кейін шоқ жеміске айналатын жапырақтар, гүл шоғыры, сондай-ақ өгей бұтақшалар, мұртшалар және қуыс бүршіктер қалыптасады. Өркендердің буынаралықтарында ешқандай ағзалар дамымайды. Жеміс өркенінің әр буынының ішінде қалқа-диафрагма болады, бұл паренхима жасушаларының мол крахмалы бар жуан ағаш қабықшадан тұрады. Диафрагманың тірі ұлпашықтары өзектің өлі жасушаларынан бірнеше бітеу жасуша арқылы бөлінеді. Диафрагма - өсімдік сабағына қажетті нәрлі заттар қорының қоймасы. Гүл шоғырын немесе мұртшаны көтеретін өркен буындарында диафрагма толымды және мұнда нәрлі заттар қоры көп, ал мұртшасы жоқ буындарда диафрагма толық емес.

Рис. 24. Плодоносный побег винограда: а - узлы; б - междоузлия; в - листья; г - пазушные почки; д - пазушные побеги (пасынки); е - усики; ж - соцветия; з - верхушка побега (коронка)

а-буындар; ә-буынаралықтар; б-жапырақтар; в-қолтықтық бүршіктер; г-қолтықтық (өгей) бүршіктер; ғ-мұртшалар; д-гүлшоғырлар; е-өркен ұшы (тәжі, тарағы)

Сурет 2 - Жүзімнің жеміс салатын бір жылдық өркені

Сабақ меристеманың бөлінуі есебінен және сол сияқты буынаралық жасушалардың созылуы есебінен де өседі. Алайда жоғарғы меристема жасушаларының бөлінуі өркеннің болмашы ұзаруын қамтамасыз етеді. Өсу ең алдымен, жасушалардың созылу есебінен болады. Өркеннің негізіндегі бастапқы 2-3 буынаралықтар ұзақ өспейді, сондықтан өркенде қысқа күйінде қалады, келесі буынаралықтардың ұзындығы қалыпты болады. 5-6 буынаралықтар барынша ұзарып өседі. Буындардағы мұртшаларды көтеретін буынаралықтар анағұрлым қарқынды өседі. Сабақ бойлаумен қатар, ені қалыңдап та өседі, ең жоғарғы бөлігінде ол жасушалар көлемінің ұлғаюы есебінен, ал төменгі бөлігінде флоэма мен ксилеманың шоғырландырма қабаттарын жасауға қабілетті қайталама меристеманың (камбий) жасалуы нәтижесінде жуандайды.

Өркендердің қарқынды өсуіне температуралық себепшарт қатты әсер етеді. Өсудің бастапқы кезеңінде, ауаның тәуліктік орташа температурасы әлі төмен болған кезде, өркендер түнде қатты өседі. Температура жоғарылаған соң түнгі және күндізгі өсу арасындағы айырма білінбей кетеді. Өркендердің қарқынды өсуіне полярлық, сұрыптық ерекшеліктер, экологиялық жағдайлар ықпал етеді (сурет2) .

Сабақ тік қалыпта болған жағдайда әуелі жоғары аумақтың, содан кейін ортаңғы және төменгі аумақ көзшелерінің бүршіктері өсіп жетіледі. Жоғары орналасқан өркендер төмен орналасқандарға қарағанда анағұрлым қарқынды өседі. Сабақ көлденең қалыпта болған жағдайда бүршік жару мен өркендердің өсуі біршама тең дәрежеде болады. Жүзім өсіру тәжірибесінде бұл сапалар мен құнарлы өркендерді көлденең бағыттап байлау түрінде пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр-түйнек құрылысымен танысу жайлы ақпарат
Тамырдың анатомиялық құрылысы
Тамыр және тамырлар жүйесі
Тамыр: тамырдың бірінші реттік құрылысы. Тамырлықжүйе
Тамыр-түйнек құрылысымен танысу
Жанама тамыр
Тамыр оймақшасы
Тамыр түктерінің өсу кезеңдері
Тамырлардың мамандануы және түрлене өзгеруі (метаморфозы)
Тамыр және тамырлар жүйесі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz