Еркін түсу үдеуін анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№10 Зертханалық жұмыс

Еркін түсу үдеуін анықтау

Жұмыстың мақсаты: арнайы құрылым, электромагнит - ЭМ, болат шар, секундомер құралдарын пайдалана отырып, дененің еркін түсу үдеуін анықтау, жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау.

Құрал жабдықтар: арнайы құрылым, электромагнит - ЭМ, болат шар, секундомер.

ЭМ

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Электромагнитті 2 - 2, 2 м. биіктікке бекіту керек
  2. Секундомерді рычагты баса отырып, «0» нөлдік жағдайға қою керек
  3. Магниттің тумблерін «қосылған» жағдайға қою керек
  4. Болат шарды магнитке жабыстыру керек
  5. Секундомерді, магниттің тумблерін «қосылған» жағдайға қою керек
  6. Электромагниттің тумблерін тоқтан айырғанда, секундомер тоқтайды
  7. Шардыңt, cтүсу уақытын кестеге енгізу керек
  8. Тәжірибені 10 рет қайталау керек
  9. Еркін түсу үдеуін мына формула бойынша анықтаңыздар.

g = 2 h t 2 g = \frac{2h}{t^{2}}

  1. g - ның орташа арифметикалық мәнін анықтаңыздар.

g = g 1 + g 2 + g 3 + g n n g = \frac{g_{1}\ + g_{2}\ + \ g_{3}\ + \ \ldots\ g_{n}}{n}

  1. Еркін түсу үдеуінің орташа квадраттық қателігінің орташа арифметикалық мәнін табыңыздар.

Sg= ( g g 1 ) 2 + ( g g 2 ) 2 + + ( g g n ) 2 n ( n 1 ) \text{Sg=}\sqrt{\frac{\left( g - g_{1} \right) 2 + \left( g - g_{2} \right) 2 + \ldots + \left( g - g_{n} \right) \ 2}{n\ (n - 1) }}

  1. Еркін түсу үдеуінің орташа арифметикалық мәнінің сенімді интервалын есептеңіз.

Δg = t p , n S g t_{p, \ n} \bullet S_{g}

мұндағы t p , n t_{p, \ n} коэффициенті Р=0, 95 және n = 10 үшін кестеден алу керек.

  1. Кестені толтырыңыздар.
h, м
t, c
g, м с 2 \frac{м}{с^{2}}
g, м с 2 \frac{м}{с^{2}}
S g S_{g} , м с 2 \frac{м}{с^{2}}
Δg, м с 2 \frac{м}{с^{2}}
№:
h, м: 2
t, c: 0, 62
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 10, 4
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 9, 8
SgS_{g},мс2\frac{м}{с^{2}}: 0, 1
Δg,мс2\frac{м}{с^{2}}: 0, 226
№:
h, м: 2
t, c: 0, 65
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 9, 47
№:
h, м: 2
t, c: 0, 63
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 10, 07
№:
h, м: 2
t, c: 0, 65
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 9, 47
№:
h, м: 2
t, c: 0, 63
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 10, 07
№:
h, м: 2
t, c: 0, 65
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 9, 47
№:
h, м: 2
t, c: 0, 64
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 9, 77
№:
h, м: 2
t, c: 0, 64
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 9, 77
№:
h, м: 2
t, c: 0, 65
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 9, 47
№:
h, м: 2
t, c: 0, 64
g,мс2\frac{м}{с^{2}}: 9, 77

Бақылау сұрақтарына жауаптар:

  1. Еркін түсу қандай қозғалысқа жатады?

Еркін түсу үдеуі - айнымалы үдемелі түзусызықты қозғалысқа жатады

  1. Үдеу дегеніміз не?

Үдеу - жылдамдықтың өзгерісінің шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама.

  1. Жер бетінің әрбір нүктесінде ауырлық күшінің үдеуі неге әртүрлі?

Жер бетінің әр нүктесінде еркін түсу үдеуінің әртүрлі болу себебі, бікіләлемдік тартылыс заңынан шығатын еркін түсу үдеуінің формуласы радиусқа тәуелді, яғни жердің әр нүктесінде радиус ұзындығы әртүрлі

  1. Диаметрі бірдей екі шағын (картон және металл) дисклер ауада неге әртүрлі жылдамдықпен құлайды?

Диаметрі бірдей екі бірдей шағын (картон, металл) дисклердің ауада әртүрлі жылдамдықпен құлау себебі оларға ауаның тарапынан әсер ететін кедергі күшінің шамасы әртүрлі. Оны И. Ньютон тәжірибе жүзінде ддәлелдеген.

  1. Еркін түсу үдеуі дененің формасы мен массасына тәуелсіздігіне тәжірибе жүзінде қалай көз жеткізуге болады?

Еркін түсу үдеуі дененің формасы мен массасына тәуелсіз, оны былай дәлелдеуге болады: g = 2 h t 2 g = \frac{2h}{t^{2}}

  1. Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын жаз

F = G m 1 m 2 r 2 , G = 6. 67 × 10 11 F = G\frac{m_{1}m_{2}}{r^{2}}, \ \ G = 6. 67 \times 10^{- 11}

  1. Тәжірибеде алынған еркін түсу үдеуі мәндерін мына түрде жазып,

g = g орт ± \pm Δg және түсінік беріңдер.

g = g орт ± \pm Δg бойынша g = (9, 8 ± 0 , 226 \pm 0, 226 ) м/с 2

  1. Жер бетіндегі дененің еркін түсу үдеуі қандай күштермен анықталады? Еркін түсу үдеуі жердің ендігіне тәуелді ме?

Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі ауырлық күшімен анықталады. Еркін түсу жердің географиялық ендігіне ( ф ) және дененің теңіз деңгейінен биіктігіне тәуелді.

  1. Дененің салмағы мен гравитациялық тартылыс күшінің айырмашылығы неде?

Салмақ - дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күш. Егер дене тыныштықта болса, ауырлық күші мен дененің тірек реакция күші тең болады. Ал тең емес айнымалы қозғалса, салмақ қозғалыс бағытына қарай не жеңіл, не ауыр болады. Бүкіләлемдік тартылыс күші - кез келген массалары бар екі дене арасындағы әсерлесу күші, оның мөлшері массаға тәуелді және де мөлшері өте аз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тербелмелі қозғалыс
Қатты дененің еркін қозғалысы
Физика пәнінен 8,9,11 сыныптарға арналған зертханалық жұмыстар топтамалары
Динамика
Кинематиканың негізгі ұғымдары
Қатты дене статикасы
Сызықтық өлшемдерді өлшеу
Физика. Қозғалыс заңдары
Физика курсы бойынша қиындығы жоғары 100 есеп (есептер шешулерімен)
Барлық денелер бір-біріне тартылады
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz