ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ Департаментінің КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ

5В090300 - ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ МАМАНДЫҒЫ
(мерзімі: 15.06.2020-18.07.2020)

Орындаған:
Геодезия және картография мамандығының

2 курс студенті Партаев Х

Қабылдаған:
Байдаулетова Г.К

Алматы 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕ АҚ ТО филиалы Тіркеу және жер
кадастры Кентау қалалық бөлімі
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..4

II. ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ Департаментінің КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМІНДЕ
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... 6-10

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ҚОСЫМШАЛАР
Практикада орындаған жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ КҮНДЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... ..19
СТУДЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер
оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы
бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.
Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі
барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік
беретіні бәрімізге мәлім.
Студенттердің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңына сәйкес жүргізіледі.Студенттің
өндірістік тәжірибесі – жоғары білім беру барысындағы оқу процесінің
маңызды нысанының бірі. Өндірістік тәжірибеден өту кезінде студент теория
түрінде алған білімін іс жүзіне асырып, құқықтық қызметтің тәжірибесін
қалып­тастыра бастайды. Жалпы, студенттің өндірістік тәжірибеден өтудегі
негізгі мақсаты – дәріс тыңдау барысында алған, меңгерген теориялық
материал­дарын, басқа да ақпаратты бекітіп, өз бетінше жұмыс істей білу
тәжірибесін жинақтауды көздеуі. Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде
жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе
жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден-бір жол. Осы
себептен мен 15 маусым – 18 шілде аралығында "Азаматтарға арналған үкімет"
МК КЕ АҚ ТО филиалы Тіркеу және жер кадастры Кентау қалалық бөлімінен
өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың
құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, жерге орналастыру мамандығына
байланысты мәліметтер алу, негізгі жерге орналастырушы мамандардың
атқаратын жұмыстарын іс жүзінде көре отырып, тәжірибе алу болды. Кәсіптік
біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық
нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге
қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді
орындауға тырыстым: филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
— әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды
толығымен әрі уақтылы орындау;
— филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты
кйіну;
— филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.
Келесі тәжірибе есебі негізгі 2 бөлімнен тұрады, екі тақырыпты
қарастырады. Бірінші тақырыпта "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕ АҚ ТО
филиалы Тіркеу және жер кадастры Кентау қалалық бөлімі туралы сипаттадым.
Келесі бөлімде осы мекемеде атқарған жұмыстарым, жинаған мәліметтерім
туралы жаздым.

I. "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КЕ АҚ
КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМІ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ – ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ
ДЕПАРТАМЕНТІ
Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және
шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі.
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен
шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін
бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер
кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге
орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға
байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып
табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық
және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын
жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер
кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға
ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру
тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттің
негізгі міндеттері:
–мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік
техникалық тексеру, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
келпілі саласындағы қызмет, сонымен қатар жеке тұлғалардың кәсіпкерлік
қызметінде пайдаланбайтын жылжымайтын мүлік объектілеріне салық салу үшін
оны бағалау;

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ:

– жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру;
– жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақ
зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақ бағалауды
жүргізуді қамтитын жердің сапасын есепке алу;
– мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер санын, жер телімдерінің меншік
иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа
да субъектілерін есепке алу;
– жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жерді
мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер телімі үшін төлемақының
базалық ставкаларын түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы
бағалау аймақтар шекараларының сызбаларын жасау; жер телімі үшін
төлемақының базалық ставкаларын есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге
байланысты есеп мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою
кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындарды анықтау;

– жер телімдері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-
ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз тасығышта және электронды түрде
жинақтау, өңдеу және жүргізу;
– мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін
жүргізу;
– жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау
және жүргізу;
– жер-кадастрлық кітапты және жердің біріңғай мемлекеттік тізілімін
жүргізу;
– жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын жасау және беру;
– жер-кадастрлық жоспарды дайындау;
–жер телімдеріне кадастрлық нөмірлер беру;
– жер телімдеріне төлқұжаттар дайындау;
– жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қоры жерінің шекараларын
белгілеу;
– жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерді
қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер
телімдерін ұсынған кезде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу;
– мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
жер пайдалануға берілген жер телімдері бойынша шаруашылық ішілік жерге
орналастыру жобаларын әзірлеу;
– жерге түгендеу жүргізу;
– Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын
бастапқы және кейінгі тексеру, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе
олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру;
– міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеуді жүзеге асыру;
– міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету;
– бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік қызметте
пайдаланбайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерін салық салу
үшін міндетті бағалау.

II. ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ Департаментінің КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ
БӨЛІМІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Жер кадастры бөлімі — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану
мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесін қамтитын іс
шаралармен айналысады. Жерге кадастры жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің
республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын
пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану
ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды;
жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар
дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен
белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа
да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен
жаңа жерді игеру жобалары жатады. Жалпы жер кадастры бөлімі жерге
орналастыру жұмыстарымен өте тығыз байланысты. Бөлімдегі негізгі маңызды
жұмыстардың біріне геодезиялық құрал жабдықтар арқылы берілген жер
учаскесінің шекараларын анықтау, оларды белгілеу жатады. Жалпы инженерлік-
геодезиялық жұмыстардың мақсаты - бір арнайы аймақтың бедері мен ахуалы
жайлы мәлімет алып, кейін осы мәліметті қағазға немесе электрондық тасушыға
түсіру. Инженерлік-геодезиялық жұмыстардың нысаны – жоспарлы-биіктік
түсірім геодезиялық торабын құру, топографиялық түсірім жасау, жер асты
коммуникацияларын түсіру және жер тәлімінің шекараларын анықтау; құрылыстар
мен ғимараттарды орнықтыру, туралау жұмыстарының нәтижелеріне және нысанда
бұрыннан бері бар темір жолдар мен автожолдардың сипаттамаларына қарай
қажетті профильдерді құру және жаңа жолдарды жобалау. Төңіректе
жүргізілетін өлшеу жұмыстарының барлығы жоспарға 1:200 – 1:1000 масштабында
түсіріледі.
(абрис), координаталарының жиынтығы, жер учаскесінің ситуациялық
Сонымен қатар, жерге кадастры бөлімінде жерге орналастыру жобаларының
маңызы зор. Жерге орналастыру жобасы - бұл жаңа жер формаларын
қалыптастыру және оларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеу жөніндегі есептер
мен сызбалар жиынтығы. Республиканың бүкіл территориясы және жер
иеленушілер мен жер пайдаланушыларға белгіленген. Бұлар жерге орналастыруды
жобалаудың объектілері болып табылады. Осы объектілерден өзгерістерді
жоспарлау, оларды экономикалық және техникалық есептермен дәлелдеу,
соңғылардың нәтижесінде территориялық жаңа кеңістік реттілігін қалыптастыру
жерге орналастыруды жобалаудың негізгі мазмұнын құрайды. Жобада белгіленген
шаралар агроэкономикалық, инженерлік-экономикалық және смета-қаражаттық
есептермен жан-жақты мұқият дәлелденеді. Осылармен жобаның графикалық
құрамына қатысты құжаттар жалпы жоба – сметалық құжаттаманы құрайды.
Heгізгі құжат болып жобалық план саналады. Бұнда жер иеленушіліктің ауданы,
орналасуы және мэселелері көрсетіледі. Осымен катар тағы да көптеген,
жоғарыда аталып өткен, жер реттілігінің элементері план бетіне түсіріледі.
Демек, жобалық план белгіленген экономика жағынан тиімді, территориялық
реттестіру формаларының жалпы графикалық сипаттамасы болып табылады.
Планнан басқа жобаны жер бетше түcipy мақсатымен жұмыс сызбалары жасалады.
Қалған құжаттардың керектігі арнайы әдістемелік нұсқаулармен анықталады.
Жерге орналастыру жобаларын құру үшін әдетте 1:5000 және 1:25000
масштабтарындағы пландарды дайындайды. Жергілікті жердегі бірінің жойылып,
екіншісінің пайда болуынан болатын өзгерістеріне байланысты түсіріс
нысандарының (ситуация) орналасуымен пландардың (карталардың) кезеңдік
жаңартылуы жүргізіледі, яғни ситуациядағы болатын өзгерістерді қолданыстағы
планға енгізу үрдісіндегі ескісі негізінде жаңасын жасау немесе түзету
жатады. Жерге орналастыру жобасы жер кадастрлық істе тігіледі.
Өндірістік тәжірибеден өту барысында мен осы жерге орналастыру жобасына
қатысты жұмыстармен айналыстым. Жалпы, жобаның негізгі бөлігі болып оның
техникалық бөлімі саналады. Техникалық бөлімде мынадай құжаттар тігіледі:
түсіндірме жазба, жер учаскесінің схемалық сызбасы, кадастрдан алынған
схемалық сызба, жер учаскесінің планы, бақылау өлшемінің сызбасы планы және
хаттама. Ең басты назар жер учаскесінің схемалық сызбасы мен абрисінде
болып табылады. Бұл сызбаларды сызу үшін жер учаскесінің планы
пайдаланылады.
абрис - тұрпат‚ нобай, заттың бейнесін, қандай да бір объекті нысанын
көрсететін сызық;
нобайлар - жергілікті жердің маңызды элементтерін көрсететін, көз
мөлшермен түсіруде орындалған сызба;
Жерге орналастыру жобасы мынадай ретпен қажетті іс-шараларды жүзеге
асыруды көздейді:
1) жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш;
2) дайындық жұмыстары;
3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу;
4) жерге орналастыру жобасын қалыптастыру;
5) жерге орналастыру жобасын бекіту;
6) жерге орналастыру жобасын орындау.
Дайындық жұмыстарының құрамында жоспарлау-картографиялық материалдарды
іріктеу, мемлекеттік жер кадастрында жерге орналастыру, қала құрылысы,
орман орналастыру, геодезиялық және картографиялық құжаттамаларда
қамтылатын жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау және зерттеу
жүргізіледі.
Жерге орналастыру жобасында берілетін (өзгеретін) жер учаскесінің
алаңы, оның шекарасы және орналасқан орны, бөгде және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау
Жер ресурстарын басқару
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Шет елдеріндегі жер кадастры жұмыстары
Уақ малы
Жер учаскелерінің кадастрлық құнын бағалау
Қызылорда облысы арал ауданы туралы қысқаша мәліметтер
Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу
Пәндер