Темірбетон бұйымдарының түрлерімен таныстыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы

«Бекітілді»

Бекітемін:

Кафедра меңгерушісі

«» 2020 ж.

5В073000 - «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру»

Т А П С Ы Р М А

Жұмыстың тақырыбы : Есік терезе ойықтарының маңдайшасын темірбетоннан жасайтын зауытын өндірістік құрылым схемасын сызу. Шұңқырлы булы камера. Өнімділік П=155 мың дана маңдайша жылына.

Жұмыста келесі тараулар қамтылуы керек:

Есептік-түсіндірме жазба

  1. Кіріспе
  2. Өндіріс туралы жалпы мағлұмат
  3. Технологиялық бөлім
  • Бұйымның номенклатурасы;
  • Технологиялық схеманың жазбасы мен принципиальды схемасы;
  • Кәсіпорынның, цехтың немесе объектінің жұмыс істеу режимі;
  • Жылумен өңдеудің әдісін негіздеу және жылумен өңдеу тәртібін таңдау;
  • Жылу қондырғысын конструктивті есептеу.
  1. Техника қауіпсіздік ережелері
  2. Қоршаған ортаны қорғау
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Графикалық бөлім (AutoCAD бағдарламасы негізінде және ол А3 форматында жасалуы керек) Жылу қондырғысының сызбасы

Әдебиеттер тізімі:

1. Еремин И. Ф. Процесс и аппараты в технологии строительных материалов. -М. Высшая школа, 1981

  1. Борщ И. М. и др. Процессы и аппараты в технологии строительных материалов:- Киев: Высшая школа, 1981.
  2. Удербаев С. С. Құрылыс материалдар технологиясындағы жылу қондырғылар, Алматы. 2012.
  3. А. А. Борщевский, А. С. Ильин Механическое оборудование для производства строиельных материалов и изделий. Москва «Высшая школа» 1987г.
  4. Соловьев В. И. и др. Проектирование предприятий сборного железобетона. Алматы. 1987
  5. Горчаков Г. И. Строительные материалы - М. В. школа, 1981г.
  6. Ахвардов И. Н. Основы физики бетона - М., стройиздат, 1981
  7. Прыкин Б. В. Проектирование и оптимизация технологических процессов заводов и сборного железобетона. -Киев; В. школа, 1976
  8. Вознесенский В. А. и др. Современные методы оптимизации композиционных материалов - Киев: Будивельник, 1983.
  9. Оборудование для производства строительных материалов и работ. Справочник. - Москва: Стройинформ, 2006

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Өндіріс туралы жалпы мағлұмат

3. Технологиялық бөлім

  • Бұйымның номенклатурасы;
  • Технологиялық схеманың жазбасы мен принципиальды схемасы;
  • Кәсіпорынның, цехтың немесе объектінің жұмыс істеу режимі;
  • Жылумен өңдеудің әдісін негіздеу және жылумен өңдеу тәртібін таңдау;
  • Жылу қондырғысын конструктивті есептеу.

4. Техника қауіпсіздік ережелері

5. Қоршаған ортаны қорғау

6. Қорытынды

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Темірбетондегеніміз
-бетон мен арматураны біртұтас етіп біріктіруді айтады. Темірбетонның негізгі артықшылығы оның беріктігі, тозбайтындығы, қалаған формада құюға болатындығы. Бетон сығу күшіне қарсыласады, ал бетон созу күшіне бетоннан әлдеқайда артық кедергі көрсетеді. Бетон болатпен жақсы ұстасады және оны коррозиядан сақтайды. Қолданылуы: көпір салуда, гидротехникалық құрылыста, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттарды салуда т. б. құрылыстарда кеңінен қолданылады. Қатқан, күштi көтере алатын бетон өзiнiң құрылымы бойынша негiзгi бөлiгi - ұсақ шағыл тастан, қиыршық тастан және цемент ерiтiндiсiнен (цемент, құм және судан ) тұратын бiркелкi емес материал.
Цемент тасында ( судың цементпен қосындысы ) химиялық процестер ұзақ уақыт жүредi. Сондықтан бетон қатқан сайын берiктiгi артады, көлемi кiшiрейедi
( ауада кiшiрейедi, шөгедi ), ал ылғал ауада iсiнедi. Мұның бәрi бетонның құрамына (ондағы цемент құрамына ) байланысты. Сөйтiп, бетонның құрылымы оның берiктiк және деформативтiк қасиеттерiне өте үлкен әсер етедi. Мұны түсiну үшiн, бетонның физикалық-химиялық түзiлу процесiн қарастырайық. Цемент пен толтырғыш тастардың қоспасына су қосқанда, химиялық реакция ( гидротация ) басталады, соның нәтижесiнде сiлiкпе зат - гель пайда болады, қосылымның кей бөлiгi химиялық реакцияға түспейдi, кристалл ретiнде бөлiнедi. Араласу процесiнде гель толтырғыш тастардың түйiрлерiн бiрiктiрiп, уақыт өткен сайын iрi кристалл бөлшектерге айналдырады. Гель қатайып, цемент тасына айналады да, бiртұтас қатты бетон пайда болады.
Сөйтiп, бетон құрылымы бiркелкi емес, цемент тастарынан тұратын кеңiстiк тор, ол құм мен iрiлiгi әртүрлi ұсақ шағыл тастан құралады, бұл толтырғыш түйiрлердің арасында қуыстар (микропоры, капилляры) болады. Ол қуыстар химиялық жолмен байланыспаған судан, су буынан және ауадан тұрады. Физикалық жағынан қарағанда бетон дегенiмiз құрылымы бiркелкi емес, үш түрлi күйде - қатты, сұйық және газ түрi нде болатын капиллярлы-саңылаулы (қуысты ) материал. Бетонның сығылуға берiктiгi, созылуға қарағанда, 15-20 есе үлкен. Осыған байланысты иiлуге немесе созылуға жұмыс iстейтiн бетон конструкциялар өте үлкен көлемдi және ауыр салмақты болып, практикалық жағынан қолдануға тиiмсiз болар едi. Керiсiнше, болат созылуға да, сығылуға да жақсы жұмыс жасайды. Осындай қасиеттерiн пайдалана отырып, бетон iшiне болат арматура орналастыру арқылы жаңа темiрбетон конструкциясын жасауға мүмкiндiк туды.
Темiрбетон - бетон және арматурадан тұратын, бетонның сығылған және созылған бөлiгiне арматура тиiмдi орналасқан, өзара ілінісуіне байланысты сыртқы күш әсерiне бірігіп жұмыс iстейтiн, кешенді құрылыстық материал. Бұл материал қасиеті бойынша өзінің құрамдас бөліктерінен ерекшеленеді.
Темiрбетон конструкцияларды жасаудағы негiзгi мақсат бетонды сығылуға, арматураны созылуға жұмыс iстеуге пайдалану. Бетон мен болат арматураның бірігіп жұмыс істеуінің негізі - табиғи қасиеттерінің тиімді үйлесуі. Темірбетонның негізгі жетістіктеріне оның отқа қарсы тұрғыштығы, мәңгілігі, жоғары механикалық беріктігі, әртүрлі әсерлерге үлкен кедергісі, түрліше тиімді конструкциялар жасау мүмкіндігі, тұтыну шығынының аздығы, жергілікті материалдарды қолдану мүмкіндігі. Темірбетонның негізгі кемшіліктері : үлкен тығыздығы, жоғары жылу және дыбыс өткізгіштігі, жөндеу қиындығы, керекті беріктігіне жеткенше уақыттың керектігі, қата бастағанда және күш әсер еткенде жарықтың пайда болуы.
Арматуралық болат шығынын азайту және жарыққа төзімділікті арттыру мақсатымен қазіргі уақытта құрылыста алдын-ала кернеуленген темірбетон қолданылады. Темiрбетон конструкцияларына арналған бетонның қажеттi берiктiгi болуы, арматурамен жақсы жалғасуы, арматураны коррозиядан сақтау үшiн жеткiлiктi тығыздығы болуы керек. Құрылыс талаптарына байланысты бетон арнайы қасиеттермен қамтамасыз етiлуi керек : аязға төзiмдiлiк, жоғарғы температура ұзақ әсер еткенде ыстыққа төзiмдiлiк, агрессивтi ортада коррозияға шыдамдылық, су өткiзбеушiлiк және тағы да басқалары. Қуысты толтырғыш ретiнде табиғи (перлит, пемза, ракушечник), жасанды (керамзит, шлак және т. б. ) толтырғыштар қолданылады. Соңғы жылдары полимербетон және фибробетон сияқты арнаулы бетондар қолданыла бастады. Полимербетон кәдiмгi бетонға полимер немесе мономер сiңiру арқылы алынады, шашыраған талшық арматура қосылған бетон фибробетон деп аталады.
Бетон маркалары оның үлгілерін престе сығу арқылы анықталынады. Бетон маркаларының жоғарғы шегі - 60 МПа дейін. Бірақ бетонның созу күшіне беріктігі өте төмен: сығу кұшіне беріктігінен 10-17 рет аз; ұзындығы бір метр бетон 1- 2 мм-ге ғана созылады, яғни бетонның созылғыштығы өте төмен. Сондықтан кәдімгі бетон ию, осы арқылы созу күштері әсеріне тап болатын бұйымдар, конструкциялар жасау үшін әдетте қолданылмайды.
Темірбетон бұйымдар өндірісінің төхнологиясы мынандай кезек пен жұретін негізгі операциялардын түрады ; бетон араласпасын және арматураны дайындау, арматураны қалыпқа орнату және оған бетон араласпасын салып ( құйып ) нығыздау, ыстық бумен өңдөу, бұйымдарды қалыптан босату, қалыптарды тазалау және майлау. Сыртқы қабырға панелі нығыздау операциясы кезіндө, қажетті жағдайда, жылу өткізбейтін қабатпен ( материалмен ) толықтырылады да беті декоративті өңделеді.
Жоғарыда көрсетілген технологиялық операциялардың қандай жағдайда өткізілетініне байланысты құрама төмірбетон бұйымдары мынандай үш схема: 1) әр операцияны сәйкесінше постан постқа жылжитын қалыпта орындау. 2) барлық операцияларды бірінен соң бірін жерде жылжымайтын қалыпта орындау. 3) бұйымдарды лентада ( қалыпсыз ) үзіліссіз дірілдетіп прокаттау сығыздау ) арқылы өндіріледі.
Темірбетон бұйымдарының түрлерімен таныстыру. Темірбетон бұйымдары негізгі өлшеміне қарай ұзын (бағаналар, арқалықтар, формалар, қадалар, ригельдер ), жалпақ жабындық және этажаралық плиталар, қабырғалық панельдер ), қалын массивті құрама фундамент және цоколь блоктары ) және көлемді санитарлық техника бөлмелері, лифті шахтасының көлемді элементтері, блок-бөлмелер, құдық сақиналары болып өндіріледі.
Құрастырмалы темірбетон және бетон құрылыстық бұйымдар мен конструкциялары тұрғын, азаматтық, өнеркәсіптік, көліктік және құрылыстың басқа түрлеріде кеңінен пайдаланады.
Темірбетон - қатайған бетон мен болат шыбық тұтаса бірігіп, қатар жұмыс істейтің конструкция. Бұрын айтылғандай бетон сығуға жақсы түзгенмен, созуға шыдамсыз, ал болат шыбық созуға көп шыдайды.
Екі тіреуіштің үстінде жатқан аралықтың үстінен салмақ түсіргенде оның үстінгі бөлігі сығылады да, астынғы жағы созылады. Бетоннан жасалған аралықтың беріктігі көп емес, бетон созуға шыдамайтындықтан, ол көп күш түспей-ақ бүлінеді. Ал төменгі қабатына болат шыбық салынса, аралық едәір күшке төтеп бере алады. Бетон мен болат шыбықтың бірігіп жұмыс істеуі олардың арасындағы күштеріне байланысты. Болат шыбық бетон ішінде тоттанудан жақсы қорғалады.
Дайындау тәсілдеріне қарай темібетон конструкциялары тұтас құйма және құрастырмалы болып бөлінеді. Тұтас қима темірбетондар тікелей құрылыс алаңдарында жасалады. Оларды конструкцияларды бөлшектерді бөлшектеуге болмағанда, стандартты емес және элементтердің аз қайталануы жағдайында, аса үлкен салмақ түсетін конструкцияларды жасағанда (көп қабатты өнеркәсіп ғимараттарының іргетастары, қаңқалар мен жабындарын жасағанда гидротехникалық, көліктік және басқа құрылыстарды салғанда) қолданылады.
Тұтас қима темірбетон конструкцияларына қарағанда, құрастырмалы темірбетон конструкциялары тиімдірек, өйткені оларды өндіріс процесі жоғары механикаландырылған технология қолданылатын арнаулы завоттар мен полигондарда жасайды.
Темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын жай және алдын-ала күш түсірілген болат шыбықтар пайдаланып жасайды. Байырғы тәсіл бойынша болат шыбықтар, торкөздер немесе қаңқа салғанда конструкцияларда былайғы пайдалануда жарықшақтар, сызаттар пайда болудан бір жола сақтала алмайды. Пайда болған сызаттарға ылғал мен газдар кіріп, болат шыбықтардың тоттануы басталады. Алайда, алдын-ала жасалған есеп бойынша күні бұрын бетонды қысса, онда бетонның созу күштері түскен астынғы қабатында жарық, сызат пайда болмайды. Бетонды күні бұрын қысу болат шыбықтарды керіп тарту арқылы жүзеге асады.
Тұрғын үй және азаматтық ғимараттарға арналған бұйымдар. Іргетастар мен ғимараттардың төменгі бөліктеріне арналған бұйымдар. Іргетастық блоктар, подвал қабаттарының блоктары, қадалар және басқа бұйымдар. Іргетас блоктары М200, М250, М300 маркалы ауыр бетондар жасайды, оларға жайдақ денекерленген болат торкөздер салады. Төле қабырғалары блоктарын бітеу және қуыс етіп, маркалары М10 және М150 ауыр бетоннан төрт қырлы өтіп, көлемдерін мынадай өтіп жасайды; ұзындығы 2, 5м-ге дейін, қалындығы 500мм, биіктігі 700мм. Ірі блокты және ірі панельді үйлерді салғанда құрылыстың мерзімі қысқарып, құны азаяды.
Қабырғалық панельдер сыртқы және ішкі панельдер болып бөлінеді. От жағылатын ғимараттардың сыртқы қабырғаларын көбінесі бір қабаттан тұратын етіп, маркасы М50-М100, тығыздығы 700-1000кг/м³ жеңіл бетоннан, маркасы М35-М50, тығыздығы 550-700 кг/м³ ұякөз бойынан жасайды. Тұрғын үйлердің сыртқы қабырға панельдерінің ұзындығы 3600 және 7200мм (бір немесе екі бөлмеге) биіктігі 2900, қалындығы 400мм.
Ішкі қабырға панельдерін маркасын М150, М300 ауыр бетондардан жасайды. Олардың қалындығы конструкциялық ерекшеліктеріне, түсетін күштер мен бетон маркасына қарай 120-дан 160мм аралығында болады. Қабатаралық жабын бұйымдарына жабындық төсеніштер мен панельдер жатады. Олардың түскен күшке төтеп беретін және дыбыс оқшаулағыш қасиеттері болуы тиіс. Ені бөлмеге тұтас жететін жабынды панель, ені одан азын плита деп атайды. Плиталардың ызындығы жабылатын аралық ұзындығына қарай 3-6, 5м болады, қалыңдығы 220мм, ені 1, 6-2, 4м. Олардың маркалары М200, М300 ауыр бетондардан жасайды. Болат шыбықтары алдын-ала керіліп тартылған плиталардың, панельдердің ұзындығы 9м-ге дейін болады. Сатылар мен алаңқайлар М200, М300 маркалы бетондардан жасайды. Олардың көлемін қабаттар биіктігіне және саты ұясының еніне қарай ынғайлап жасайды.

Өндіріс туралы жалпы мағлұмат

Құрама бетон және темірбетонның өндірістік технологиялық үдерістері жеке үдерістерге біріктілген бірқатар дербес операциялардан тұрады.
Тасқынды-агрегатты өндіріс әдісі бойынша бұйымдарды дірілдеткіш алаңында немесе қалыптағыш машинадан, бетон төсегіштен және қалыпты қалыптау бекетіне орнатуға арналған машинадан тұратын арнайы жабдықталған қондырғы-агрегаттар қалыптайды. Бұл әдіспен бұйымдары бар қалыптар үздіксіз жылжи отырып барлық жұмыс орындарында тоқтамай, тек қана берілген типтегі бұйымдарды әзірлеуге арналған жұмыс орындарында тоқтай алады. Бұл жерде әрбір бекетке тоқтау уақыты алуан түрлі болуы мүмкін. Ол берілген технологиялық операцияларды орындау үшін қажетті уақытқа байланысты болады.
Конвейерлік әдіс -темірбетон бұйымдарын қалыптаудың жетілдірілген үздіксіз-агрегаттық әдісі болып табылады. Технологиялық конвейерлік желілер конвейердің бар болуымен, әдетте айналма жолмен қозғалатын вагонша-қалыптан тұратын немесе технологиялық операциялар дәйекті іске асырылатын қозғалыстағы шексіз лента болып табылады.
Технологиялық үдерісті мұндай ұйымдастыру барысында бірқатар циклдерге бөлінеді, оның әрбірі қалыптың қозғалысыны берілген жылдамдығында конвейердің
белгілі бір бекетте дәйекті орындалады, соңғылары жалпы тізбекті құрайды.
Қабырғалы технологияның маңызы дегеніміз бұйымдарды қалыпқа салады және олар қабырғада тұрақты орында немесе қозғалыссыз арнайы қондырғыда қатаяды, ал барлық материалдар қалыпқа салатын және басқа технологиялық қондырғылар, сонымен қатар оған қызмет көрсететін жұмысшы буыны қабырғадағы бір қалыптан екінші қалыпқа ауысатыны болып табылады. Бұл әдіс үлкен өндірістік алаңды, өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру, жоғары еңбек шығындарын қажет етеді.
Өндірістің құндақты әдісінің ерекшелігі бұйымдарды алмалы-салмалы металлдық топтық қалыпта-құндақта тігінен қалыптау болып табылады, оның ішінде бұйымдар бетонның қажетті беріктігін алғанға дейін қалады. Бұйымды қалыптайтын жұмысшы буыны өндіріс үдерісі кезінде бір құндақтық нысаннан екіншіге ауысып отырады. Қалыптардың тиісті көлемінде болуы үздіксіз өндірістік ағынды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көптеген жағдайларда бұйымдар қалыптың ішінде құрастыру және жобалық беріктігіне қол жеткізгенге дейін болады.

Материал немесе бұйымның эскизі
Бұйымның өлшемі, м
Көлемі,
м 3
Масса,
кг
Маркасы
а
b
h
№: 1
Материал немесе бұйымның эскизі: peremychki-zhelezobetonnye
Бұйымның өлшемі, м: 4150
Көлемі,м3: 250
Масса,кг: 290
Маркасы: 0, 182
455
3Пф42-5
№: 2
Материал немесе бұйымның эскизі: 4150
Бұйымның өлшемі, м: 250
Көлемі,м3: 290
Масса,кг: 0, 194
Маркасы: 585
7Пф42-5
№: 3
Материал немесе бұйымның эскизі: 5680
Бұйымның өлшемі, м: 380
Көлемі,м3: 290
Масса,кг: 0, 464
Маркасы: 1160
4Пф57-7
№: 4
Материал немесе бұйымның эскизі: 5680
Бұйымның өлшемі, м: 380
Көлемі,м3: 290
Масса,кг: 0, 477
Маркасы: 1193
8Пф-57-7
№: 5
Материал немесе бұйымның эскизі: 2380
Бұйымның өлшемі, м: 250
Көлемі,м3: 500
Масса,кг: 0, 209
Маркасы: 523
1ПШ24-170
№: 6
Материал немесе бұйымның эскизі: 2265
Бұйымның өлшемі, м: 250
Көлемі,м3: 290
Масса,кг: 0, 148
Маркасы: 370
1ПФУ23/15-8
№: 7
Материал немесе бұйымның эскизі: 2200
Бұйымның өлшемі, м: 250
Көлемі,м3: 290
Масса,кг: 0, 207
Маркасы: 518
1ПГУ22/14-26
№: 8
Материал немесе бұйымның эскизі: 2135
Бұйымның өлшемі, м: 120
Көлемі,м3: 220
Масса,кг: 0, 089
Маркасы: 222
1ПБУ21/13-3

Технологиялық бөлім
Бұйымның наменклатурасы
Кесте 1-бұйымның наменклатурасы

Технологиялық схеманың жазбасы мен принципиальды схемасы

Бетон араластырғыштарды таңдау.
Қатты және аз жылжымалы бетон қоспалары үщін мәжбүрлі қимылды бетондараластырғыштар қолданылады. Осы жобадағы бетон араластырғыш цехы үшін БП-750 мәжбүрлі қимылды бетонараластырғышы таңдап алынады. Оның техникалық сипаттамалары кестеде көрсетілген.

Көрсетіштері
БП-750
Көрсетіштері: Өнімділігі, м 3
Жүктеу көлемі, л
Бетон бойынша дайын араласпа көлемі, л
Скиптің сыйымдылығы, м 3
Толтырғыштардың ірілігі, мм
Араластыру уақыты, с
Араластырғыш валдың айналу жылдамдығы, об/мин
Кернеу/жиілік, В/Гц
Қуаты, кВт
Өлшемдері, мм
Масса, кг
БП-750: 8-12
750
500
0, 5
70
120 . . . 180
30
380/50
15
2800х2000х2000
2100

1 сағаттағы араласпа санын есептеу
N зам =V бс/ч /V зам β \beta
Мұнда: N зам -1сағаттағы араласпа саны;
V бс/ч -бетон араластырғыштың сағаттық өнімділігі, м 3
V зам -араласпа көлемі, м 3
β \beta -бетонның шығым коэффициенті
N зам =1, 68/0, 5 \bullet 0, 61=5, 51
N зам =5
Циклдер саны келесі теңсіздікті қанағаттандыру керек:
V зам β \beta N зам >V бс/зам
Мұнда V бс/зам -араластырғыштың 1 араласпадағы өнімділігі, м 3 /замес
0, 5 \bullet 0, 61 \bullet 5>0, 336
шарт орындалды, демек бетон араластырғыш қажетті талаптарға сай.
Темірбетон тақталарын қалыптан босату технологиялық процесі келесі операциядан тұрады:
-жылу-ылғалды өңдеу камерасының қақпағын ашады;
-тақтаны қалыптан босатуға зертхананың рұқсатын алған соң оны кранмен көтеріп қалыпты босату-құрастыру бекетіне орнатады;
-қалыптарды босатады, қалыптың жақтарын және бүйір жағын сүйменнің көмегімен ашады және алдын ала ширатылған армаратураның учаскелерін қырғышпен тазалайды. Орындаушылар:қалыптаушылар IV-ші разрядты 2 адам.
Арматураның ширату кернеуін босату технологиялық процесі келесі операциядан тұрады:
-доғалы дәнекерлеу арқылы тақтаның шеткі бетқабатынан 10 мм қашықтықта алдын ала қатайған стерженьдердің шеттерін кесу;
-кесілген шеттерін арнайы конвейерде жинақтау;
-бетонды қоспа қалдықтарынан қалыпты тазалау.
Орындаушылар: электрдәнекерлеуші.
Дайын бұйымдарды жетілдіру және техникалық бақылау бөліміне өткізудің технологиялық процесі келесі операциядан тұрады:
-жетілдіру бетіне тақтаны жеткізіп оны астарға жайғастырады;
-кельма көмегімен ширатылған арматураның шығып тұрған шеттерін сылақтайды;
-салу детальдарының ашық беттерін бір қабат төсем қабатымен жабады;
-цементті құм қоспасымен майда ақауларды сылақтайды;
-тақтаның сыртқы бетқабатына маркалық жазбаларды еңгізу;
-техникалық бақылау бөлімінің шеберіне дайын бұйымды өткізеді.
Орындаушылар: қалыптаушылар IV-ші разрядты 3 адам, строптаушы ІІІ-ші разрядты 2 адам, қосалқы жұмысшылар ІІ-ші разрядты 1 адам, бақылаушы-сұрыптаушы1 адам.
Бұйымдарды қаттап жинау және сақтаудың технологиялық процесі келесі операциядан тұрады:
-техникалық бақылау бөлімімен қабылданған тақталар дайын өнімдер қоймасына жөнелтіледі;
-қоймалау схемасына сәйкес қатарластырып жайғастырады;
-цехқа өздігінен жүретін арбаша жіберіледі.
Орындаушылар: строптаушы ІІІ-ші разрядты 2 адам, қосалқы жұмысшылар ІІ-ші разрядты 1 адам.
Тұтынушыға жөнелтудің технологиялық процесі келесі операциядан түрады:
-ілгекке ілінген тақтаны кранның көмегімен арнайы автокөліктерге артады;
-тақтаны арнайы ағаш төсемдерге жайғастырады.
Орындаушылар:строптаушылар ІІІ-ші разрядты 2 адам.
Қорытынды операцияның технологиялық процесі:
-бетон төсегішті және діріл алаңын бетон қалдықтарынан тазалау;
-жұмыс орнын жинақтау;
-қоқыстарды тазарту;
-жұмыс аспаптары мен құрал-саймандарын жинау;
-электр қондырғыларды өшіру.
Орындаушылар:қосалқы жұмысшылар ІІ-ші разрядты 2 адам.

Темірбетон тақталарын тасқынды агрегатты әдіспен өндірудің технологиялық схемасы

img-GhFNgN

а- бетон қоспасының толтырғыштарын сақтау зонасы; б -бетон қоспасын дайындау зонасы; в -арматура қаңқаларын дайындау зонасы; г -бұйымдарды қалыптау дәне өңдеу зонасы; д -дайын бұйымдарды сақтау және жөнелту зонасы.

1-құмды түсіру бекеті; 2-цемент түсіру бекеті; 3-жинақтау бункерлері; 4-қиыршық тастарды түсіру бекеті; 5-цементті пневмокөтеру; 7-бетонараластырғыш цехы;
8-арматуралық қаңқалар мен элементтерді өндіру жабдықтары; 9-арматураны алдын-ала ширату агрегаты; 10-армирлеу бекеті; 11-өздігінен жүретін бетонтөсегіш;
12-бұйымдарды виброқалыптау агрегаты; 13-қалыптанған бұйымдарды ұстау зонасы; 14-жылуылғалдылықты өңдеу камерасы; 15-бұйымдарды қалыптардан босату және оларды тазалау; 16-бұйымдарды көтеру және тасымалдау; 17-өздігінен жүретін арба; 18-дайын өнімдер қоймасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы бетондар
Құрама темірбетон бұйымдарымен конструкциясы
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Темірбетон конструкциялары
Құрылыста және құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Темір бетон бұйымдарын өндіретін цеч
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Темірбетон қадаларын өндіретін цех
Арматуралық болаттар. Суық штамптауға арналған болаттар жайлы
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz