Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауыттың өндірістік құрылым схемасын сызу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Сәулет және құрылыс өндірісі кафедрасы

Тақырыбы: Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен жасайтын
зауыттың өндірістік құрылым схемасын сызу

Қабылдаған: т.ғ.д., профессор

Қызылорда 2020

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе

2. Өндіріс туралы жалпы мағлұмат
3. Технологиялық бөлім
1. Бұйымның номенклатурасы
2. Технологиялық схеманың жазбасы мен принципиальды схемасы
3. Кәсіпорынның, цехтың немесе объектінің жұмыс істеу режимі
4. Жылумен өңдеудің әдісін негіздеу және жылумен өңдеу тәртібін таңдау
5. Жылу қондырғысын конструктивті есептеу.
4. Техника қауіпсіздік ережелері
5. Қоршаған ортаны қорғау
6. Қорытынды
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Кіріспе
Қызыл кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған,
өз бойымен бұйымдар болып табылады. Кез келген қызыл кірпіштің құрамы
саздан тұрады. Ежелгі адамның өзі кірпішті пайдалануды үйренген, күйдіріліп
жасалған саз бұйымдары адамның даму этапының барлық кезеңінде кездеседі.
Қазіргі уақытта қызыл кірпііштер барлық құрылыста қолданылады. Керамикалық
құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш
өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады.
Қызыл кірпіш саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи
материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір
форма беріледі, содан кейін ол температурада күйдіріледі.Керамикалық
материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады.
Қызыл кірпішті материалдар өте көп уақыт өмір сүреді. Кірпішті
бұйымдар өндірісінің даму тарихы өте көне заманда басталған. Ертеректе
қабырғаны қалауда тұраланған сабанмен, қаңқаланған және ағаш балауызы
немесе асфальтпен қаныққан күйдірілмеген балшықты кірпіштерді қолданған.
Ешқандай материалдар керамикалық материалдар орнын толық ауыстыра
алмайды. Мысалы, еденге арналған плиталар, өзінің беріктілігімен қатар,
адамға жақсы әсер береді. Қазіргі уақытта рынокта көптеген дизайндағы
материалдар бар. Соның ішінде итальяндық технологиялық әдіспен жасалынған
керамикалық кірпіштер де бар. Оның өзі үлкен қолданыста.Оны едендерге,
терассаларға, жолдарға, ішкі қабырғаға,баспалдақтарға, т.б. жерлерде
қолданады.
Қызыл кірпіштың тағайындалуына байланысты қолданылуы: кірпіш пен
керамикалық тастар – аз және көп қабатты ғимараттар мен салулар үшін;
керамикалық плита мен беттік кірпіш – ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары
кезінде; жолдық кірпіш пен керамикалық трубалар – жол құрылысына және жер
асты коммуникацияларына; черепица – жамылтқы құрылғысына; жеңіл

керамикалық бұйымдар – жылу оқшаулау үшін.
Құрылыстық керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй
құрылысы, өнеркәсіпті ғимараттың құрылысында және салуларда қолданылады.
Керамикалық қабырғалық бұйымдар – ертедегі жасанды материалдардың бірі,
олардың жасы 5 мың жыл. Олар - өз ұзақ өмір сүруімен, жоғары көркем
мінездемелермен, қышқылға төзімділігімен және улылықтың толық жоктығымен
ерекшеленеді.
Қызыл кірпішті материал өндірісінде дәл қазір технологияның толық
жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған, жоғары
механикаландырылған технологиялық кәсіпорындарды құру көзделеді.
Қызыл кірпішті бұйымдарды дайындау үшін шикізат есебінде иілімді
материалдар (саздар, каолиндер) және иілімді емес материалдар (жанатын
қоспалар) қоданылады. Саздар мен каолиндердің жалпы атауы сазды материалдар
болып аталады. Кейбір жасанды күйдірілген материалдар өндірісінде диатомит,
трепел, сонымен қатар қождар, күлдер, сланецтер қосымша ретінде
қолданылады.

2. Өндіріс туралы мағлұмат
Өнеркәсіп мекемесінің жобасы технологиялық құжатнама комплексімен
түсіндіріледі, яғни ол есептерден, сызбалардан, түсіндірме парағынан және
басқа да жобалық материалдардан тұрады.
Жобалық ұйымның құрылымы мен олардың қарым-қатынасы 1.1.
сұлбада көрсетілген.
Мекеме басшысы, оған берілген құқықтарғ сай бүкіл өндірістік-
техникалық, шаруашылық және қаржылы іс-әрекеттерді ұйымдастырады, бүкіл
басшылықтарды сайлап. Мекеме жұмыс жобасының сұрақтарын шешеді.
Мекеменің бас инженері мекеме басшысымен теңдей жауапкершілік алады
және ол жоқта орнына жауап береді; барлық өндірістік-техникалық іс-
әрекеттерге басшылық етеді. Өте қиын және маңызды жобаларды қарауда кеңес
жұмысын ұйымдастырады және олардың іске асуын қадағалайды.
Жобалық құжатнама құрамына кіретіндер: технико-экономикалық бөлігі,
яғни онда өнеркәсіп қуаттылығы анықталады, жұмыс алаңын таңдау, механизация
дәрежесі анықталады, тұрғын құрылыс туралы мәлімет т.б.
Бас жоспар – жобаланған және дайын ғимараттардың, тасымал жолдарының
орналасу жері; технологиялық құрамы технологиялық процесстерден,
қондырғыларды таңдаудан, цехтарды жоспарлаудан, электро жабдықтау, жылу
жабдықтау және сумен жабдықтау сұрақтарынан, жұмыс режимінен тұрады;
құрылыстық бөлігі жоспардан, кескіннен ғимараттардың алаңымен көлемінен,
констукция типі ен құрылыс материалдарынан тұрады.
Негізгі сызбаның құрамына кіретіндер: бас жоспар, типті жобаларда
қолданылатын үйреншікті сызбалар; типті емес ғимараттардың, үймереттердің
іргетасының сызбасы; еңбек қорғауға қатысты типті емес қондырғылардың
сызбалары; қабырғалардың, іргетастардың архитектуралық құрылыстық жоспары.
Құрылыс үшін жер көлемі қоршаған ортаны қоғаумен қамтамасыз етілген,
сонымен бірге отқа және жарылысқа қауіпсіз деп танылған, СНиП ке

және басқада нормативті құжаттардың талабына сай болу керек,
Құрылыстық өнеркәсіптер, ғимараттар мен үймереттермен орнықтыру үшін
ауданы мен құрылыс алағын таңдағанда мынадай жағдайлар ескерілуі керек:
1.Өнеркәсіп шикізат және энергетикалық ресурстарға жақын орналасу керек,
ал тасымалдау магитралінің жолдары осы ресурстардың керек жерге жеткізілуін
қамтамсыз етуі керек.
2.Сол аудандардағы өнеркәсіптермен жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылуы
керек
3.Көп көлемдегі капитальді шығындарсыз тасымал коммуникативі қолданылады.
Бас жобалаушының міндеті: ірі және қиын мекемелердің құрылысын
өңдегенде қатысу; жобалауға ұсынылған тапсырмалардың құралуына қатысу:
құрылыс алаңын және оған керекті материалдарды таңдағанда қатысу: жобалауға
ұсынылған жұмыстың көлемі мен бағасы туралы келісімге отыру.
Бас жобалаушы болып, заңға сәйкес, жобалаушы ұйым ғана болады.
Жаңа құрылыстың орындалуы кезінде тұрғызылып жатқан өнеркәсіптің
дирекциясына мына міндеттер жүктеледі:
1) құрылысты жоспарлау аймағында, жобаның бесжылдық жоспарын өңдеу және оны
құрылысты монтажды ұйымның капиталды салымдары мен қуаттылығымен байыту.
2) Жобалық сметалық құжатнамалар аймағында, жобалаушы ұйыммен бірге отырып
тапсырманы қарау және келісім жасау; өз уақытында бақылау жасау және
жобаның сапалы орындалуын қадағалау.
3) құрылыстық қаржы аймағы, капиталды салымның көлеміне қарай қаржымен
қамтамасыз етеуі керек; капиталды салымның құрылымына сәйкес шыққан шығынды
есептеу.
4) материалдық техникалық қамтамасыз ету аймағында, құрылысты техникалық,
энергетикалық, электротехникалық, ортақ зауыттық және басқа қондырғылармен,
аппараттармен, құрылғылармен, материалдармен қамтамасыз ету
5) құрылыс мекемесінің аймағында мекемені және құрылыс сапасын бақылап
отыру.
6) аяқталмаған обьектілер аймағында, қабылдау үшін комиссия құру; аяқталған
құрылысты пайдалануға беру.

3. Технологиялық бөлім
3.1. Бұйымның номенклатурасы
Минералды шикізаттан, қалыптау жолымен және жоғары температурада
күйдіру арқылы алынған жасанды тастарды керамикалық деп атайды.
Құрылымына байланысты қызыл кірпішті бұйымдарды қуысты және
тығыз деп екіге бөледі. Қуысты деп әдетте су сіңірімділігі 5% -дан жоғары
бұйымды айтады, оларға жататындар – қуыс денелі, керамикалық тастар, шатыр
плиткасы, қаптағыш плиткалар, ағызу құбырлары. Тығыз құрылымды бұйымның су
сіңірімділігі 5%-дан төмен болады. Оларға – жолдық кірпіштер, еденге
арналған плиткалар, фарфорлы бұйымдар жатады.
Конструктивтік тағайындалуына байланысты қызыл кірпішті бұйымдар
былай бөлінеді: қабырғалар үшін (кірпіш және керамикалық тастар); қасбеттік
қаптама үшін (беттік кірпіш, плиталар); жабулар үшін (қуыс денелі тастар);
шатыр үшін (шатыр плитасы); санитарлы-техникалық бұйымдар үшін (құрылыстық
фаянстан дайындалған бұйымдар); жылу оқшаулау (жеңіл кірпіш, фасонды
бұйымдар); және жеңіл бетон толтырғыштары үшін (керамзит, аглопорит).
Қызыл кірпішті қаптама материалдары әр түрлі болып келеді. Өз
тағайындалуына байланысты оларды сәндік және конструктивті деп екіге
бөледі.
Сәндік бұйымдарды қабырғаны қаптауға, олардың тұрғызылуы кезінде
пайдаланады, және жоғары безендіруге үлкен пішінді қабырға панельдерін
қолданылады. Олар темірбетонды бұйымдар зауытында өндіріледі. Ғимараттың
цоколь қаптамалары, жерасты қабырғалары және т.б. қаптамалар үшін
жылтыратылған плиталар қолданылады. Мозайкалы керамиканы кіші пішінді,
жіңішке қабырға плиткаларын, әр түрлі түстегі ғимараттың әсемдік өңдеулері
үшін пайдаланылады.
Конструктивтік бұйымдардың әсемдік қасиетінен басқа,
конструктивтік материал қасиеті де бар, ол ауырлықты кәдімгі қабырға сияқты
көтере алу керек. Конструктивтік материалдарға беттік кірпіштер мен
керамикалық тастарды жатқызады. Оларды қуыс денелі және толық денелі деп
екіге бөледі. Айтылған бұйымдар ГОСТ 7884-69 сәйкес болуы керек. Беттік
кірпіш өлшемі 250х120х65 немесе 90 мм, керамикалық тас 188х120х140 немесе
250 мм болады.
Екі қабатты қалыптау әдісімен жасалған кірпіш және керамикалық
тастар қабаттанбауы керек. Беттік қабатының қалыңдығы 3 мм-ден кем болмауы
қажет.Қасбеттік қаптама керамикалық материалдар барынша түрлі болып келеді.
Оларды түрлеріне байланысты үш топқа бөледі: беттік тастар, қасбеттік
қаптағыш плиталар мен плиткалар, сәулеттік-көркемдік бөлшектер.Кірпіш және
беттік тастар жоғарғы беттік түріне байланысты жалпақ және профильді,
офактуралы, тегіс немесе бедерлі суреттерімен, жабусыз немесе жабуымен
болып бөлінеді.
Қалыпталуына және тағайындалуына байланысты кірпіш пен тастар
қатар және профильді болып екіге бөлінеді.
Қызыл кірпішті беттік тастар 4 түрлі маркада шығарылады: 150, 125,
100 және 75. Кірпіш маркасы оның бүгілуі және қысылуы кезіндегі
беріктілігімен, тастар маркасы оның қысылуы кезіндегі беріктілігімен
анықталады.
Профильді кірпішті - ернеулерге, базаларға, бағаналарға,
белдіктерге, есік және терезе жақтауларына, және басқа сәулеттік ғимарат
бөлшектері үшін қолданады.
Беттік қатарланған және профильді кірпіш пластикалық және
жартылай құрғақ әдіспен жасалынады. Ал, басқа керамикалық бұйымдар әдетте
пластикалық әдіспен дайындалады .
Беттік кірпішті жаппай және қуыс денелі қылып, беттік тасты -
қуыс денелі қылып жасайды.
Кірпіш пен тас массасы ГОСТ 22951-78 сәйкес болуы қажет.
Кірпіш пен тастарды аязға төзімділігіне байланысты Мрз 15, Мрз 25, Мрз 35
және Мрз 50 деп бөледі.
Кірпіш пен тастардың өлшемдеріне байланысты бөліну 1 кестеде
көрсетілген.

№1 кесте

№ Материалдың немесе Бұйымның өлшемі
бұйымның эскизі Көлемі, Салмағы Маркасы
м3
а b
1 Өнімділік данасағат5000
2 Шығу кезіндегі мм 450
тығыздатқыш диаметрі
3 Электроқозғалтқыштың кВт 55
қуаты
4 Өлшемдер: мм
ұзындығы 3650
ені 1400
биіктігі 1500


n=1 деп қабылдаймыз.

Бункер және қоймаларды есептеу

1. Саз сақтауға арналған бункер.
Өндірістік бағадарламаға сәйкес 1,23 м3сағ – та ену керек.
2 сағаттық шикізат қорын қамтамасыз ету керек:
1,23∙2=2,46 м3
Толтырғыш коэффициентін есепке ала отырып бункер көлемі:
2,460,8=3,08 м3
2. Шамот сақтауға арналған бункер.
Өндірістік бағадарламаға сәйкес 0,9 м3сағат – та ену керек.
2 сағаттық шикізат қорын қамтамасыз ету керек:
0,9∙2=1,8 м3
Толтырғыш коэффициентін есепке ала отырып бункер көлемі:
1,80,8=2,25 м3
3. Шихта сақтағыш.
Өндірістік бағадарламаға сәйкес 10,84 м3сағат – та ену керек.
10 тәуліктік шикізат қорын қамтамасыз ету керек:
10,84∙240=2601,6 м3
Толтырғыш коэффициентін есепке ала отырып шихта сақтағыштың көлемі:
2601,60,8=2352 м3

4.Техника қауіпсіздік ережелері

Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің
жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, еңбек жағдайын
жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін
алдын-алу жөніндегі күнделікті және перспективалық шараларды іске
асырумен шүғылданады, жұмысшылар мен инженерлер техникалық жүмысшылардың
еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселесі бойынша оқуын
ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке
алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұсқау
береді, және т.б.
Кұрылыс бұйымдары мен материалдарын өндіретін бірлестік ұйымдарында
техникалық қауіпсіздік ережелірінің орындалуы және құрылыс материалдарын
өндіру жұмыстарындағы санитарлық өндірістікті қарап, қамтамасыз ету
инженерлі-техникалық жұмысшыларға жүктеледі.
Құрылыс алаңдарда немесе жұмыс істеп отырған ортада санитарлы-
тұрмыстық бөлмелер және құрылғылар болуы тиіс: гардеробты бөлмелер,
жуынатын бөлмелер, кебуге арналған бөлмелер, арнайы киімнің
залалсыздандыруы, шаңсызандыруы, тамақтану пунктері, күн және атмосфера
радиациясынан және өндіріс құрылғыларының сәулелерінен қорғану
қүрылғылары мен бөлмелері болуы қажет.
Кұрылыс машиналары, механизмдері, құрылғылары, инвентарь құралдары мен
саймандар жұмысқа қолайлы болуы керек. Жұмыс істеп тұрған өндірістік
машиналарын мен механизмдерді қараусыз қалдыруға болмайды.
Жұмыс барысында қызметшілердің барлығы арнайы киіммен қамтамасыз етілуі
керек және де қорда тағы да болуы керек.
Жұмыс орны мен еңбек процесіне қойылатын талаптар
Жобаланатын еңбек процесінің, технологиялық жабдықтардың және жұмыс
зонасының өлшемінің ерекшеліктеріне байланысты, ыңғайлы жұмыс позасында
жұмыс атқарудыжұмыс орыны қамтамасыз етуі керек. Еңбек операциялары өажет
ететін аймақтың шегінде орындалуы керек. Жиі пайдаланатын еңбек құралдары
мен басқару органдары (1 минутына 1 рет және одан да көп) жұмыс бетінің
шетінен 300 мм-ден аспайтын қашықтықта ең қолайлы аймақтың шегінде
орналасуы қажет.
Отырып орындалатын жұмысқа арналған жұмыс орны – көтерілетін-бұрылатын
орындықпен және рационалды конструкциядағы аяқ тіреуішімен, ал еңбектің
сипатына қарай түрегеліп жасалатын жұмысқа тағайындалған жұмыс орны
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу
КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ
Керамикалық кірпішті жартылай – құрғақ әдіспен дайындау
Силикатты кірпіш утолщенный беткі пустотелый қоңыр
Силикатты кірпішті өндіру технология­сы
Құрылыс материалдарының қауіпсіздігін тексеру Кірпіш өнімі
Керамикалық кірпішті алудағы созымталдық әдіс
Санитарлық-техникалық керамикалық бұ­йымдарды өндіру технологиясы
Күлді керамикалық кірпіш
Құрылыс материалдардың өнім сапасын басқару
Пәндер