Оны түзететін ұжымдық тәжірибе



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
С.Өтебаев атыңдағы Атырау Мұнай және Газ Университеті
Индустриалды-технологиялық факультет

РЕФЕРАТ
Пән аты :Философия.
Тақырыбы : Жаңа дәуір философиясы

Орындаған : БЖД-18 қт студенті Сақыпов А.Қ
Қабылдаған : Доцент Нигметов Б.С

Атырау, 2020ж

Жоспары
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Негізгі бөлім:
1. Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы. . . . . . . . . . . . . 4
2. Рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт . . . . 4
3. Дж.Локк пен Т.Гоббстың философиялық концепциялары . . . . . . . 7
4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы. . . . . . . . . . 9
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

Кіріспе

Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту
Капиталистік өндіріс тәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.
Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.

Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту
Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.
Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.
Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан -- ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан -- философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады;

Рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт, Б.Спиноза.
Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: Жаңа Органон, Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар, Жаңа Атлантида, т.б.
Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі Білім -- күщ (Знание -- сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды.
Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері -- құдай. табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісітабиғат құбылыс-тарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайда-лана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде -- Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу -- физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын -- метафизика.
Философияның соңғы бөлімі -- адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік акиқаттарды танып-білу тосілі, бұл тәсіл.Жаңа Органонда баяндалады. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идоя-дар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар:
1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай болады дейді.
2) Үңгір идолдары -- адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе.
3) Алаң идолдары -- адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм бағытын жалғастырады).
4) Театр идолы -- жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім философиялықтеатрларды туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон екі ақиқат теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы.
Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фак-тілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік пай-ымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу (бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға қол жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение) процесінде емес, эксперимент процесінде ғана мүмкін.

Рене Декарт (1596-1650) -- француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: Бірінші философия туралы пайымдаулар. Фи-лософияның алғашқы бастаулары, Метод туралы ойлар.
-философия ағаш секілді, оның тамыры -- метафизика, діңгегі -- физика, діңгектен тарайтын бұтақтары -- үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды.
Ерекшеліктері:
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет -- энумерация.
Декарттың рационализмінің негізі -- күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.

Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі -- Этика.
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай -- табиғаттың өзі. Ол субстанция, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа дәуір философиясының қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы персоналды басқару
Қазақстан халқының табысы және оның түрлері
Linux операциялық жүйесімен танысу
Қазақстан халкының өмір сүру деңгейі
17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым
Арнайы білім беру
Эластикалық қалып алатын материалдар
Жарық репарациясы
Жоғары сынып мектеп оқушылары бойындағы қимыл-қозғалыс белсенділігін дене шынықтыру құралы ретінде пайдалану арқылы қалыптастыру
Пәндер