Ауа баптау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
С.Өтебаев атыңдағы Атырау Мұнай және Газ Университеті
Индустриалды-технологиялық факультет

РЕФЕРАТ
Пән аты :Техника және технология қауіпсіздігі .
Тақырыбы : Желдету жүйелері

Орындаған : БЖД-18 қт студенті Сақыпов А.Қ
Қабылдаған : Профессор Канбетов А.Ш

Атырау, 2020ж
Жоспары

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Негізгі бөлім:
1. Желдету және ауа баптау жүйелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
2. Желдету мен ауа баптаудың санитарлық-гигиеналық негіздері. . 4
3. Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі. . . . . . . . 5
4. Табиғи желдету жүйелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
5. Жергілікті желдету жүйелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
7. Ауа баптау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .9
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

Кіріспе
Атмосфералық ауа бірнеше газ бен су буының қоспасынан құралады. Қоршаған биосферадағы атмосфералық ауа келесі газ қоспасынан құралады: азот -78,1%, оттегі-20,9%, көміртегі-0,03%, ал қалғаны инертті газдар болып саналады.Қазіргі таңдағы қалалардың ауасы өнеркәсіп орындарынан шығатын қалдықтар мен автомобильдерден пайда болатын газдармен ластануда.Желдету деген сөзді латын тілінен аударғанда бөлмедегі ауаны алмастыру деген ұғымды береді екен. Бөлмені желдету табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Желдету (латынша: ventіlatіo -- желдету) -- үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.
Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар -- абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.

Желдету және ауа баптау жүйелері
Желдету және ауа баптау жүйелері - бөлмелерде адамдардың өзін жақсы күйде сезінуіне қажетті микроклимат (ауа температурасы, ылғалдылығы және қозғалыс жылдамдығы) және технологиялық процестердің тиімді өтуіне қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғыза алатын, ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелерінің бір түрі.
Желдету мен ауа баптаудың санитарлық-гигиеналық негіздері
Желдету және ауа баптау жүйелерінің көмегімен мынадай зиянды заттардың әсерлерін жоюға болады: 1) бөлмелердегі артық жылу; 2) ауаның артық ылғал құрамы; 3) жалпы улы әсер ететін химиялық заттардың булары мен газдары; 4) улы және усыз шаң; 5) радиоактивті заттар.
Артық жылу бөлінуі - адамдардан және технологиялық жабдықтардан түседі.
Тыныштық күйіндегі үлкен адам қалыпты микроклимат жағдайында 1150 Вт жылу бөледі, оның 20 % конвекциямен, 55 % сәулелену арқылы, ал қалған 25 % буландыру арқылы бөлінеді. Адамнан бөлінетін жылу мөлшері оның механикалық жұмысы мен микроклиматқа байланысты болады.
Өндірістік бөлмелерде жылу көзі пештер, станоктар, технологиялық жабдықтар, электрлік қозғалтқыштар, жылутасымалдағышты құбырлар және т.б. болып табылады.
Ауаның артық ылғал құрамының көзі адамдар (қалыпты температурада, мардымсыз физикалық жүктемелі адам сағатына 40-75 грамм су буын бөледі; ауа ортасының температурасы жоғарылағанда сағатына 150 грамм және одан да артуы мүмкін), және түрлі технологиялық жабдықтар (булау камералары, ванналар және т.б.) болып табылады.
Адам организміне зиянды әсер ететін газдар мен булар (аммиак, көміртегі тотығы, күкіртті сутек, көмірсутек және т.б.) бөлме ауасына түрлі технологиялық процестер нәтижесінде бөлінуі мүмкін. Тыныштық күйіндегі адам 500 литр ауамен дем алып, шығарады, дем алғаннан кейін ауа құрамы өзгереді - оттегі құрамы 20,9 %-тен 16,4 %-ке дейін төмендеп, көміртегі құрамы 0,03 %-тен 3,6 %-ке дейін артады.
Ауа құрамындағы шаң концентрациясы артып кететін болса, ол адам организміне кері зиянды әсерін тигізеді. Дем алу органдарына тереңдеп өткен шаң созылмалы аурулар, мысалы, силикоз және т.б. аурулар туғызады. Әсіресе, ауада улы шаңдардың (кремнийдің, асбестің, қорғасынның және оның қосылыстарының қос тотықтары) концентрациясы артуы қауіпті.
Радиоактивті заттар өте улы болады, және олардың ауаға таралуы адамдар мен жануарлардың радиоактивті зардап шегуіне әкеліп соқтырады.

Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі
Қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы жағдай туғызу үшін желдету және ауа баптау жүйелері бөлмелерде тиімді ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ауа алмасу - бөлмедегі қызған немесе лас ауаны жартылай немесе толығымен таза атмосфера ауасымен алмастыру.
Бөлменің ішкі көлеміне шаққанда бір сағатта ішке берілетін немесе одан әкетілетін ауа мөлшері ауа алмасу еселігі деп аталады.
Бөлмелерде талап етілетін санитарлық-гигиеналық жағдайларды ауа алмасу қамтамасыз ететіндіктен, яғни бөлмеден лас ауаны әкетіп, таза ауа беретіндіктен, желдету жүйелері жұмыс түріне байланысты ауа беру және ауа шығару жүйелері болып бөлінеді.
Бөлмеден әкетілетін және бөлмеге берілетін ауа қозғалысын тудыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері табиғи (ұйымдасқан және ұйымдаспаған) және механикалық желдету жүйелері болып бөлінеді.
Ұйымдаспаған табиғи желдету кезінде бөлмедегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен қоршау конструкцияларының саңылаулары, ойықтар арқылы жүреді.
Ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен, бірақ, сыртқы қоршауларда арнайы орнатылған, ашылып-жабылуы реттелетін фрамугалар арқылы орын алатын ауа алмасу түрі - табиғи ұйымдасқан желдету жүйесі немесе аэрация деп аталады.
Бөлмеге ауа беру немесе одан ауа әкету механикалық қозғалыс туғызатын қондырғылар, яғни желдеткіштер көмегімен жүргізілетін болса, ондай жүйелерді механикалық желдету жүйелері деп атайды.
Бөлмелерде ауа алмасуды ұйымдастыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері жалпы алмасу, жергілікті, локализациялық, аралас және апатты жағдайдағы желдету жүйелері болып бөлінеді.
Жергілікті желдету жүйесі бөлменің белгілі бір жерлерінде, атап айтсақ жұмыс орындарында (мысалы, жұмыс орнына бағытталған ауа ағыны - ауа себезгісі) қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызады.
Локализациялық желдету жүйесі - бөлме ауасына зиянды зат тарамауы үшін өндірістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желдету және ауа баптау жүйелері
Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті
АЗХС зауытындағы цехтың желдету жүйесін автоматтандыруды жобалау
Ғимараттағы ауа алмасу процесін автоматтандыру жүйесін жобалау
Автомобиль парктерінің құрылысы мен ұйымдастырылуы. Жанар май құю пункті мен жанар жағар май қоймасы
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Өтпелі ағаш кесу
Айналымдағы техникалық әсерлесу саны
Агротехника сапасыз болғанда топырақты суарудан соң күтіп-баптау
Климат және орман
Пәндер