Алыс арақашықтықпен ұрыс әрекетіне оқыту


Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Дене шынықтыру спорт және туризм факультеті
Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы
Сандибеков Адилжан Адильханович
БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Курстық жұмыс
5В010800-« Дене шынықтыру және спорт»
Ғылыми жетекші: Сафаргалиева Г. Н.
Аға оқытушы,
Педагогика ғылымдарының магистрі.
Қостанай, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-4
1 Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру . . . 5-9
1. 1 Жаттықтыру сабақтарында боксшының техникалық, тактикалық дайындығының негізгі ережелері мен қорғаныс әрекеттері . . . 5-9
1. 2 Бокс қозғалысындағы техникалық, тактикалық дайындығының арақашықтық түрлері мен сақтау тәсілдері . . . 9-13
2 Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдірудің әдістемесі . . . 14-19
2. 1 Боксшының техникалық, тактикалық дайындық кезеңдерін жетілдіру . . . 14-19
2. 2 Боксшының психологиялық дайындықта шыңдау жолдарының нәтижесі . . . 19-26
2. 3 Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының ағзаға әсері мен қимыл дамуының үлесі . . . 26-36
Қорытынды . . . 37-38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39-40
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда.
Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса [1996 ж. ], 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын жолдады [1, 2, 3, 4] .
Жалпы орта білім беру жүйесінде оқушыларға дене тәрбиесін оқытуда жүргізіліп жүрген педагогикалық зерттеулерде бокс спорт түрімен айналысушылардың жас ерекшеліктеріне және психологиялық, физиологиялық әсерін анықтау негізгі мәселеге айналып отыр. Себебі Қазақстандағы мектеп оқушыларының жекелей денсаулық көрсеткіштері мен дене дайындығының нақты тенденцияларының төмендеуі аталған мәселенің қазіргі уақыт талабына сай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің әдістемелік негізделген ғылыми тұрғыда шешім шығаруды қажет етеді.
Сонымен, оқушылардың дене тәрбиесінің қазіргі уақыттағы талап етіп отырған деңгейлерінің арасындағы қарама-қайшылық оқушылардың дене дайындығын жетілдіруге педагогикалық мүмкіндіктер туғызатын спорттық үйірмелер оның ішінде бокс спорт түрін кең көлемде қолдану мәселесі ұсынылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және жасөспірім кезеңдегі боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіруді әдістемелік тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік мақұлдау әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету;
2. Спорттық үйірмелердегі оқушылардың жас ерекшелігіне сай дене
тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау;
3. Спорт мектептерінде жаттығатын балалар мен жасөспірімдердің дене сапаларын бокс спорт түрі бойынша жан-жақты дамыту;
4. Бокс спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық жағдайын анықтау;
5. Жаттығушылардың бокс спорт түріне байланысты жас ерекшеліктерін
анықтау, жаттығу сабақтарын жүйелеу әдістерін енгізу;
- Жеке тұлғаға спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгертіп,
салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру.
Курстық жұмыстың нысаны. Зерттеу жұмысының нысаны ретінде « Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының негіздерін жетілдіру » тақырыбы алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жалпы білім беретін мектептер мен спорттық үйірмелерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіріп, денсаулықтарын жақсарту мақсатында боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру мен әдістерінің жаңа, тиімді жолдарын тауып, концептуалды үлгісін жасап, практикаға енгізілуінде.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының негіздерін жетілдіру аспектілері
1. 1 Жаттықтыру сабақтарында боксшының техникалық, тактикалық дайындығының негізгі ережелері мен қорғаныс әрекеттері
Бокстың даму барысында шайқастық жағдайдың талаптарына жауап беретін көптеген бастапқы ережелер пайда болып көрінеді.
Бастапқы ережелер төмендегілерді атқаруы тиіс.
А) Боксшыға қарсыласының соққыларынан максималды қорғанысты қамтамасыз ету;
Б) Боксшыға қарсыласына шабуыл жасауы үшін мүмкін беру. «Шайқастық тұрыс» түсінігін бастапқы ереже деп түсіну қабылданған, бұдан боксшы барлық уақытта дайын болуға мүмкіндік беретін тиімді шайқастық позициялардың (ұстанымдардың) жіберілу мүддесін ескерте алады. Осылайша, боксшының шайқастық тұрысы іс жүзінде шабуыл үшін және қорғаныс қолданылатын әмбебап бастапқы шайқас ережесі болып саналады. Әрбір боксшыға белгілі бір «шайқастық тұрыс» тән екендігі. Оны спортшының психикасы, физикалық дамуы, анықтайды. Ол жекеше, себебі жеке тұлғаның психикалық және физикалық қасиеттерін едәуір толық қолдануға ықпал етеді. Сондықтан да болар-«Қаншама боксшы болса, шайқастық тұрыс да соншалықты» деп айтылады. Алайда оқытуды барлығына бірдей типтегі (тұрпаттағы) тұрыстан бастайды. Шайқастық тұрыс жағдайында спортшы қарсыласына жартылай бұрылып тұрады. Сол қолын шынтағына бүге тұрып, алға созу арқылы бесбармақ буындарын бүге отырып, оның басын қарсыласына бағыттайды. Жұдырық сырт жағы мен оңға қарай, иектен жоғары, шамамен 30-40см бағытта ұсталады. Сол қолдың шынтағы денеден әдетте 10-15 см қашықтықта ұсталады. Ол қарсыласының жұдырығынан жүрек тұсын қорғайды. Оң қолдың жұдырығы жартылай жұмылады және иек астынан оңға таман болады; шынтақ денеге, жамбас сүйекке тоғысады. Ол бауыр орналасқан аумақты жауып ұрады. Бас алға қарай, иек сол жақ бұғанаға түйіседі. Боксшы қарсыласына маңдай астынан қарайды. Денені бос алады, сол жаққа қарағанда сәл жоғары көтеріледі, ішті тартып ұстайды. Дене салмағы сәл бүгілген аяқтарға тең бөлінеді, ал оң аяқ арт жақта жартылай қадамда оңға қарай орналасады. Өкше еденнен 3-5 см көтеріліп, алдыңғы бөлікке салмақ салады. Екі жақ та бір-біріне параллель орналасып, жарты айналымда оңға бұрылады.
Боксшының орын ауыстыру тәсілдері. Боксшы үшін статикалық ережелер толығымен болмайтындығы тән. Ауысудың жеңіл болуы мен шапшаңдығы қорғаныс үшін де, шабуыл үшін де шешулі рол атқарады. Боксшының алаңдағы (ринг) ауысуы немесе ерсілі-қарсылы жүруі шапшаң әрі тосын. Бағытты ауысулар шайқастың әрбір жаңа кезеңінде өзгеріп отырады. Сол кезеңде ерсілі-қарсылы жүруден шабуыл мен қорғанудың белсенді әрекеттерінің орындалуы тікелей қатысты.
Аяқтардың дұрыс орналасуынан боксшы шайқас барысында қажетті қимылдарды орындауға мүмкіндік алуы тиіс. Негізінен боксшы алаңда аздаған тайғанақ қадаммен жылжиды, бұл әрекет табанның алдыңғы бөлігі арқылы жүзеге асады. Әуелі алдыңғы және артқы бағыттағы жекелеген қадамдар игеріледі. Ерсілі-қарсылы жүру кезінде боксшы дененің салмағын арттағы аяғына салады, осылай алдыңғы аяғын босата отырып еденнен жеңіл (аздап) көтереді және оң аяғымен түрткі жүргізіледі. Сол аяқ бір қадам алға белгіленген бағытқа басады, ұлтаннын еденге тигізеді, содан кейін барлық табанға толық тұрады. Арттағы қалған аяғы алдыңғыға тартылады және бастапқыға аналогиялық жағдайда орналасады. Дене салмағы екі аяққа тең бөлінеді [5] .
Егер боксшыға қарсыластың шабуылы мен қарсы шабуылдауынан және шапшаңдығынан қорғану; ынтасына тосқауыл болу; қарсыласты жалықтыру; қарсыласты әшкерілеу; соққы алған соң өз-өзіне келу; қарсы соққыны даярлау; арнайы тактикалық мақсатта келесі шабуылдау әрекетіне дайындық ретін де бірқатар қорғаныс әрекеттерін үздіксіз шабуылдауға қарсы қою қажеттілігі туындаған қорғаныс әрекеттері қолданылады. Қорғаныс әректтері көрсетілген міндеттерінен басқада боксшы қарсы және жауап ретіндегі қарсы шабуылдау ықпалдарын яғни, қарсыластың қайта қайтару әрекеттерін жая отырып үздіксіз шабуылдау мүмкіндігін береді.
Жеке шабуылдау не қарсы шабуылдау уақытында боксшы келесілерден қорғанады.
-өзі шабуылдаудан кейінге жауап ретіндегі не қарсы соққылардан. Жауап ретіндегі соқыға қарсы қорғану назар аудару мен шабуылдан қорғанысқа шапшаң көшуді талап етеді.
Соққыдан қорғанысқа және қайтадан соққыға шапшаң өту көбінесе боксшы соққы кезінде тепе-теңдік сақтаған жағдайда ғана мүмкін:
-қарсы соққыдан (оның алғашқы шабуылдауды соққысына) . Мұнда боксшы көбінесе бүгуді пайдаланады, өз қозғалысының бағытын өзгертеді.
-шабуылдаушы боксшының екінші соққысына сүйенетін қарсы соқыдан. Бұл шабуылдаушы үшін өте қиын жағдай, себебі одан шабуыл уақытында айрықша көңіл аударады және ұрысты орта және жақын арақашықтықтарда дамыта және шабуылды ұзбей отырып шабуылдаудан қорғаныс әрекетіне шапшаң көшу шеберлігін талап етеді.
Ұрыс орта және жақын арақашықтықтарда дамыған уақытта қорғану сипаты да біршама өзгереді. Соққылар бұл кезде шапшаң және көбіне аз амплетудада беріледі. Сондықтан соққымен кезектестіріп қорғануды қолдану қиын; олар дәл және шапшаң болуы және аз амплетудамен берілуі тиіс. Шабуылдаушы (қорғанады) соққыдан қорғауға және қайтадан соққыға шапшаң өтуі тиіс. Оқытудың бастапқы кезеңінде негізгі міндет боксшыны дұрыс қозғалысқа үйретуден тұрады (соққы, қорғаныс, финт пен қарсы соққы) . Боксшы белгілі тактиканы меңгергеннен кейін әр алуан күрделілікті ұрыс жағдайында, яғни әрекетті қас-қағым сәтте таңдау қажет болған қарсыластың белсенді қарсы әрекет жасауы кезіндегі ұрыс жағдайларында оны қолдануға үйренуі тиіс. Тек жаңа бастап келе жатқан боксшылар ғана сол қол соққысымен шабуылдауды әлі үйрене қоймайды, арақашықтықты дұрыс есептей алмайды, біресе қарсыласынан тым алыс, біресе тым жақын жерден табылады, соққы үшін қолайлы кезеңді таңдай алмайды, сасып-әбіржіп әрі қарай қалай әрекет жасау керек екенін білмей қалады. Көбінесе қорғана алмайды. Мәселен, шабуыл алдында иегін оң қолғабымен көлегейлей отырып, олар қарсыласы шабуылдағанда немесе өзі шабуылдай бастағаннан-ақ еріксіз ашып қояды. Көбінесе боксшылар арақашықтықты үзеді және бір-бірінен 2-3 қадам аралықта тұрып шабуылдауға тырысады, бірақ қарсыласына соққысы жетпейді. Сондықтан боксшыны шабуылдау мен қарсы шабуылдауға үйрете отырып мұғалім онда дұрыс техникалық дағдыларды ғана дамытып қоймай, оны арақашықтықты есептеуге және шабуылдау мен қарсы шабуылдау үшін кезеңдерін таңдауға үйретуі қажет. Шабуыл мен қарсы шабуылдауға даярлау үшін финті шебер қолдану маңызды. Қарапайым финтке (кеудеге соққы көрсету және бастан соққы, не басқа соққы көрсетіп кеудеден соққы беру) боксшы соққы техникасын меңгергеннен кейін бірден үйрету қажет. Сонда олар шабуыл мен қарсы шабуылдаудың дайындығының күшті құралымен қаруланатын болады және барынша ұйымдасқан түрде және ықпалды шабуылдай алады[6] .
Оқытылатын негізгі тактикалық әрекеттерге үйрету және осындай қасиеттерді дамыту үшін (ықыластылық пен қозғалыс есі, реакция шапшаңдығы) жаттықтырушыға жаттығулардың көптеген санын іріктеу қажет. Олардың барлығы да есте сақтауды, байқағыштықты, ықыластылықты, қабылдау шапшаңдығы мен әр алуан ұрыс жағдайларына жауап беруін дамыту үшін тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіру ұстанымы бойынша құрастырылуы тиіс. Боксшылар қолғап кигеннен соң бір-бірінен ұрыс арақашықтығынан тыс аралықта тұрады. Біреуіне алға және артқа қадам жасау тапсырмасы беріледі (немесе 2-3 қадам алға-артқа) ал содан соң алға қадам жасаумен сол қолмен тікелей бастан соққы беріледі. Ал екінші алға-артқа қадам қозғалысымен жауап қайтарады және соққыдан өтірік қорғанады. Бұдан соң осы жаттығуды ұрыс арақашықтығында орындайды және боксшы алға-артқа қозғала отырып қарсыласына тікелей соққы беріледі және соңында боксшылар залда ерікті қозғала отырып жаттығуды орындайды. Бұдан соң қарсы шабуылдауды үйренуге түседі. Боксшы екі жағдайда қарсы шабуылдай алады алғашқы боп қарсылас шабуылдағанда немесе қарсыластың шабуылын боксшының өзі шақыруының көмегімен ашылумен және басқа да жалған әрекеттермен арандатылған және даярланған жағдайда. Бәрінен бұрын қарсы шабуылдаушыға финттен соққыны ажырата алуға, соққы бағытын ажыратуға қарсы шабуылдау әрекеттерін шапшаң және дер кезінде жүргізуге үйрену қажет. Шабуылдаушы қарсы шабуылдаушы қарсыласының әрекетін айыра алуы тиіс: жауап ретіндегі немесе қарсы (аяқ қозғалысы кезінде, көкірек қозғалысы кезінде) . Алдымен оқушыға боксшылар тұтқиылдық немесе маневрлеу жағдайында қойылған міндеттерді шешетін залда ерікті қозғалу кезінде және шектеулі қозғалыспен (бір орында жаттығу) таңдаусыз жаттығу беріледі [7] .
Сол қолмен тікелей шабуылға қарсылас белгілі жаттықтырушы тапсырған қорғаныспен жауап береді (артқа шегіну, бұғу, сол қолмен тойтарыс беруі және қарсы соққы береді) . Шабуылдаушы қорғаныстың бірін қолданады. Мәселен егер боксшы сол қолмен тікелей бастан шабуылдаса, оның қарсыласы артқа қарай шегінумен қорғануды пайдаланады және алға қарай шапшаң қозғалумен сол қолмен тікелей бастан соққы береді және («қайық қозғалысы» түрінде) шабуылдаушы тойтарыс берумен қорғанады немесе боксшы сол қолмен тікелей кеудеге шабуылдайды, ал қарсылас оң алақанға тіренумен қорғанады және сол қолмен бастан қарсы соққы береді. Шабуылдаушы шегінумен қорғанады.
Қарсы шабуылдаушының әрекетін күрделендіру және жаттығуды ұрысқа жақындату үшін шабуылдаушы бастан және кеудеден соққы беру, ал содан соң финтті қолдану тапсырмасын алады.
Бірнеше мысалдар келтіреміз:
1. Шабуылдаушы сол қолмен бастан немесе денеден соққыны орындайды қарсылас не бастан кезекті соққымен артқа шегінеді, не басқа соққымен оң алақанға тіренеді. Шабуылдаушы екі жағдайда да келесі әрекеттер үшін бастапқы қолайлы жағдайды сақтай отырып қорғануды қабылдайды.
2. Шабуылдаушы кеудеден жалған және шын соққылап, бастан шын соққы береді; қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғану мен қарсы соққыларды пайдаланады (финтті орындау кезінде ашық қалмауы тиіс) . Шабуылдаушы қорғанады, ал қарсыластың финтқа жауап қайтару жағдайында ашық жерден шапшаң шабуылдайды.
3. Шабуылдаушы бастан жалған және шын соққы кеудеден шын соққы береді: қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғанумен және қарсы соққымен жауап беруі тиіс. (финтті қолдану кезінде ашық қалмауы тиіс. Шабуылдаушы қорғанады, ал қарсыласының финтқа жауап қайтаруы жағдайында ашық жерге шапшаң шабуылдайды.
4. Шабуылдаушы бастан және кеудеден жалған және шын соққылар береді; қарсыласы бұрын келтірілген мысалдағыдай қорғанумен қарсы соққыны қолданады (финтті орындау кезінде ашық қалмауы тиіс. Шабуылдаушы қорғанады, ал қарсыластың финтқа жауап қайтаруы жағдайында ашық жерден шапшаң шабуылдайды.
Мұғалім ары қарай оқушылардың шартты ұрысын барлай отырып, олардың ұрыс әрекеттерінің мәнін сезіне бастағандығын, айналы ойлар мен талғамды, қарсыласты ұту мен алдауды игергенін, дұрыс тактикалық ойлай бастағандығын, ұрыста жақсы бағытталғандығын, бәсекелесінің әрекетін айыра алатындығын байқай алатын болады. Дегенмен алғашқы кезеңдерде олардың кемшіліктері көп болады. Шартты ұрысты жүргізе отырып олар жиі ашуланады және ұрыс құмарлығымен өз әрекеттеріне бақылауын жоғалтып алып, тапсырма жайында ұмытып кетеді, қорғануды ескермей, өзін ашық ұстап, соққы алмасымына ынталана жүгіреді. Шартты ұрыстарда әсіресе техниканың; барлық кемшіліктері жақсы көрінеді. Бұл тұрысты бұзудан, көсілмелі соққылардан тепе-теңдікті жоғалту мен қозғалыстан туындайды. Боксшының кемшіліктерін жөндеу үшін мұғалім қолғапсыз және серіктесу тактикасы мен техникасын оқытуға үздіксіз оралып, шартты ұрыстағы тапсырмаларды жеңілдетіп отыруы қажет. Сол қолмен басқа және денеге тікелей соққы берумен ұрыс әрекеттерін оқытуға егжей-тегжейлі тоқталуы қажет. Сол қолмен өзара ұрысты жүргізу кезінде боксшы арақашықтықты есептеуді, әр алуан құралдардың көмегімен қорғануды, қорғанудан шабуылдауға жылдам өтуді, маневр жасауды үйренеді бір сөзбен айтқанда бокстау негіздерін меңгереді және ұрыс кезінде оған қажетті ықыластылық, тапқырлық, ептілік сияқты қасиеттерді дамытады. Сол қолмен тікелей соққы көмегі кезінде ұрыс әрекетін үйрету уақытында боксшыны оң қолмен басқа және денеге тікелей соққы берудің техникасымен және одан серіктесіп қолғапсыз жаттығуларға сүйене отырып, тірену, шегіну, бұғу арқылы қорғанумен таныстыруға болады. Жаңа бастаушы боксшылар сол қолмен тікелей соққы көмегімен ұрыс әрекеттерін және оған сәйкес қорғануды меңгергеннен кейін сол қолмен тікелей соққы беруді үйретуге өте қажет [8] .
1. 2 Бокс қозғалысындағы техникалық, тактикалық дайындығының арақашықтық түрлері және сақтау тәсілдері
Боксшыны арақашықтық тактикасын меңгертуге оқыту. Тактикаға оқытудың негізгі міндеті-боксшы белгілі тактикалық мақсатта техникалық тәсілдерді пайдалануға үйрету, барлық үш арақашықтықта тактикалық әрекеттермен таныстыру. Әрекетке оқыту үрдісінде тактикалық ойлауға үйрету-серігін ұтуға, әр алуан айлалы ниеттерді талғауға дағдыландыру. Алыс арақашықтықпен ұрыс әрекетіне оқыту. Ұрыс әрекетіне оқыту тік тұру мен қозғалыстан басталады. Ұрыстағы тік тұру ұрыс әрекеттерін жүзеге асыру мен дайындау үшін барынша қолайлы бастапқы жағдай. Бұл жағдайдан боксшы қозғалып, қорғаныш, шабуылдап және қарсы шабуылдай отырып, қарсылас әрекеттерін жақсы үлгіде қабылдап және оған көңіл аудара алады. Әрбір арақашықтық үшін өзінің ұрыстық тік тұруы тән. Осылай, алыс арақашықтықтан ұрыс әдетте түзуленген тік тұрумен, әр ортада топтастырылған, жақында тағы да барынша жинақталған және төмен тік тұруда жүргізіледі. Ұрыстағы тік тұруды үйрету кезінде оқушының жұмыс істемейтін бұлшықеттері босаңсығаны өте маңызды-бұл боксшыға қажымауға ішкі зорланудан (психологиялық) қажуға және кез-келген қас-қағым сәттік әрекетке дайын болуға мүмкіндік береді. Боксшының ұрыстағы тік тұруы қозғалыспен бір уақытта үйретіледі.
Боксшы қозғалысысының екі негізгі тәсілі бар.
Жалғыз қадаммен қозғалтуды алыс арақашықтықта шабуылдау мен қарсы шабуылдауға дайындық кезінде, сондай-ақ орта және жақын арақашықтықтағы барлық әрекетте негізгі деп санау қажет. Осы тәсілмен алға қарай қозғала отырып боксшы сол аяғымен азғана қадам жасайды, сосын бастапқы жағдайдағыдай шамаланған мөлшерде олардың арасында арақашықтықты сақтай отырып оған сол аяқты созады. Боксшының созған аяғы еденмен сырғанап не оған тиіспестен қозғала алады. Бүйірлік деп аталатын сол не оң жаққа қадам жасау көкірек бұрылысымен де орындала алады. Жеке қадамдар біріккен екі немесе үш қадамға көше алады. Дегенмен бұл жағдайларда да (типтік техникада) барлық келесі біріккен жылжымалы қадамдар барлық уақытта жеке қадамдарды қайталайды. Әрі боксшы аяғының әрбір қадамынан кейін барлық уақытта ұрыстағы тік тұру үшін тән жағдайды сақтайды. Қозғалудың өзге тәсілі-секіріс алыс арақашықтықтан ұзақ уақыт маневрлеу кезінде, әсіресе қарсылас айналысындағы қозғалыс уақытында одан жалт беру немесе ұрысты қабылдамау үшін қолданылады. Осы тәсілмен алға және солға қарай қозғала отырып, боксшы алға немесе солға қарай сол аяғымен қадам жасайды (қадам жылжымалы қозғалыспен оған оң аяғын қосады. Бұдан кейін ол сол аяғымен адамдап ұрыстағы тік тұруға тән жағдайға оралады. Артқа және оңға қозғала отырып боксшы алғашқы адымдаушы қозғалысты жылжып сол аяққа қоса отырып оң аяғымен жасайды. Бұдан кейін сол бағытта оң аяғымен қосымша қадам жасай отырып, ол ұрыстағы тік тұруға қайта оралады. Осындай қадамды бірнеше рет қайталай отырып, боксшы секіріс жасай отырып қозғалады. Ұрыста секірістер көбінесе шеңбер бойынша жүргізіледі. Біліктілігі бар боксшылар ұрыста жасалған жағдайға байланысты бір қозғалысты қолданады. Дерлік рингтағы барлық рингте сол қолмен соққы және одан қорғаныс қолданылады. Осындай соққы толығымен меңгерген және одан жақсы қорғана алатын боксшылар шебер. Тек сол қол соққысын пайдалана отырып ұрыста жеңген ринг шеберлерінің жағдайлары белгілі. Әдетте мұндай соққылар ұрыста әр алуан тактикалық мақсатттарда қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz