Шығыс Қазақстан облысы Уржар аумағындағы мал шаруашылығындағы бруцеллез індетінің таралуын зерттеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Серикова А. Т.
«»2017 ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Үржар ауданы бойынша бруцеллез ауру кезіндегі ветеринариялық- санитариялық іс-шараларын ұйымдастыру»
Мамандығы: 5В120200 -«Ветеринариялық санитария»
Орындаған:ВС-203 тобының студенті
Тарту Қ
Ғылыми жетекшісі: ас профессор Нуркенова М. Қ
Семей
2017
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . .
Терминдер мен анықтамалар . . .
Қысқартылған сөздер . . .
Кіріспе . . .
1 Әдебиетке шолу . . . 8
2 Негізгі бөлім . . .
2. 1 Үржар ауданының сипаттамасы . . . 48-52
2. 2 Азаматтық қорғаныс және жануарларды жаппай қорғау . . 52-53
2. 3 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі . . . 54
2. 4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 58-
3 Өзіндік зерттеулер . . . 64
3. 1 Зерттеу әдістері мен материалдары . . . 64-
3. 2 Зерттеу нәтижелері . . .
Қорытынды және ұсыныстар . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
1
2
Нормативтік сілтемелер
- Закон Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии»
- Приказ МСХ РК от 29. 06. 2015 г. № 7-1/587 «Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил».
- Приказ МСХ РК от 30. 04. 2015 года № 7-1/393 «Об утверждении Правил отбора проб перемещаемых (перевозимых) объектов и биологического материала».
- Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 июня 2014 года № 16-07/296 «Об утверждении Правил проведения диагностических исследований».
- Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 июня 2014 года № 16-07/332 «Об утверждении Правил планирования и проведения ветеринарных мероприятий против особо опасных болезней животных».
- Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 7-1/700 «Об утверждении Правил карантинирования животных».
Терминдер мен анықтамалар
Бруцеллез - жаппай іш тастаумен, дене қызуының көтерілуімен және сыртқы белгілерінің әр түрлілігімен сипатталатын антропозоонозды індет.
Иммунитет - ағзаның генетикалық тұрғыдан алғанда бөгде инфекциялық емес агенттерді жұқтырмаушылығы.
Антигендер - ағзада иммунды жауап тудыратын бөгде заттар.
Антиденелер - жұқпалы ауру қоздырушыларына және генетикалық тұрғыдан алғанда бөгде заттарға қарсы бағытталған ағзаның лимфоидтық жасушаларынан тұратын маңызды қорғаныс факторлары.
Агглютинация - антиген мен антидененің желімделуі.
Агглютинат - антиген мен антидене кешені
Аллергия - ағзаға қайтадан енген кезде жоғары сезімталдықпен білінетін белгілі бір антигенге бағытталған жай-күй реактивтілігі.
Серологиялық реакция - антиген мен антидененің әрекеттесуі нәтижесінде жүретін реакция.
Диссоциация - бактерияның дамуы кезіндегі оның биологиялық қасиетінің өзгеруіне ұласатын, терең морфологиялық, функционалдық және биохимиялық өзгерістердің өтуі.
Идентификация - микроорганизмдердің белгілі бір түрге, туысқа т. б жататындығын анықтау, олардың биологиялық белгілері жиынтығын (морологиясы, биохимиялық белсенділігі, антигендік қаситеті, малға ауру тудыруы т. б) зерттеуге негізделген.
Санация - ағзадағы дерттік өзгерістерді емдеп, жазу, сауықтыру.
Патогендік зардаптылық - патологиялық процестің немесе күйдің даму механизмі. Микробтардың індеттік ауруды қоздыру қабілеті.
Иммундеу - ағзаға белгілі бір вакциналарды жіберу арқылы белгілі жұқпалы ауруларға қарсы төтеп беретіндей қсиеттер дарыту.
Балау - жан-жақты зерттеулер нәтижесінде ауруды анықтау, ауырған ағзаның хал-жағдайы туралы қорытынды.
Биологиялық сынама - зертханалық жолмен жануарларға патологиялық материалдарды жұқтырып, соны зерттеу арқылы жұқпалы ауруларды балаудың бір тәсілі.
Вакцина - микроорганизмдерден, олардың жекелеген компонеттерінен, антигендерінен немесе олардың өмір сүру процесі кезінде түзілетін заттардан дайындалатын биологиялық дәрмек.
Уыттылық - белгілі бір микроб штаммының уыттылығы, оның ауырту қабілетінің күштілігі.
Қысқартылған сөздер
ҚР - Қазақстан республикасы
ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы
ЕМК - Еншілес мемлекеттік кәсіпорын
РМК - Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
АБП/БДҰ - Аграрлық бірлестіктің федерациясы/ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
РБС - роз-бенгал сынамасы
ПРА - пластинкадағы агглютинация реакциясы
АР - агглютинация реакциясы
КБР - комплементті байланыстыру реакциясы
КҰБР - комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
СР - сақина реакциясы
ИФР - иммунды флуоресценция реакциясы
ДНҚ - дезоксорибонуклеин қышқылы
ЕПС - ет-петон сорпасы
ЛПС (LPS) - липополисахарид
м. ж - микроб жасушасы
г - грамм
ВҒЗИ - ветеринария ғылыми-зерттеу институты
ҒЗС - ғылыми - зерттеу стансасы
АҚ - акционерлік қоғам
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ПВП - поливинилпирролидон
ОФР - офсонофагоцитарлық реакция
КСРО - Кеңестік социалистік республикалар одағы
АтБР - антителаны бейтараптандыру реакциясы
ТЕГАР - тіке емес гемагглютинация реакциясы
ИФА - иммуноферменттік анализ
Кіріспе
Ел басының Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауында және ауылды көтеру мәселесіне байланысты мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының оның ішінде ауылдық жағдайын жақсарту мәселесі айрықша атап көрсетілген.
Бұл мақсаттарды табысты атқару үшін, ең алдымен ауылшаруашылығындағы мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді (ет, сүт, жүн, жұмыртқа т. б) мейлінше көбірек өндіру қажет. Бірақта аталған проблемаларды жүзеге асыру оңай шаруа емес екені белгілі. өйткені басқаны айтпағанда мына малдардың арасында кездесіп, өлім-жетімге және де басқа қыруар шығынға әкеліп соқтыратынәртүрлі жұқпалы аурулар үлкен бөгет болып келеді. Бұрыннанда әсіресе соңғы жылдары төрт түлік малдардың арасында жұқпалы бруцеллез ауруы өте қауіпті малдан малға және малдан адамдарға жұғатын індет болғандықтан, бұл ауруға шалдыққан малдар арнайы нұсқаулар бойынша арнайы малдәрігерлік санитарлық тәртіпті сақтай отырып көзі жойылады.
Қазақстанда малдардың бруцеллез ауруының эпизоотологиясы, шығу көздері, аурудың белгілері, қоздырғышның биологиясы, ауруды анықтап балау жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде бірқатар ғылыми тәжірибелік жұмыстар атқарылғаны белгілі. Соған қарамастан бұл ауру малдәрігерлік ғылымы мен өндірістің әлі де болса толық шешімін таппаған мәселеге айналып отыр.
Бруцеллез зооантропоноздық ауру болғандықтан, ол біздің елімізде үлкен әлеуметтік - экономикалық мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанда бруцеллезбен ауыратын адамдар мен жануарлар саны бұрынғы одақ және ТМД елдерімен салыстырғанда алғашқы орындардың бірін алып отыр.
Бруцеллез нозеареалы әр қилы, шаруашылықтың экономикалық, табиғи-географиялық жағдайына, халықтың тұрмысы және арнайы ветеринариялық шаралардың жүргізілу деңгейіне байланысты болып келеді.
Адамдардың негізгі бруцеллезжұқтыру көзі жануарлар болып табылатын балғандықтан, бруцеллезбен күресу шаралары өте жоғары дәрежеде және тиімді болуы керек.
Республика аумағында ауыл шаруашылық малдар арасындағы бруцеллез індетінің таралуы әлі күнге дейін әр жылы әр түрлі дәрежеде, көбіне бруцеллезге қарсы арнайы шаралардың орындалуына да байланысты болып келеді.
Бруцеллез қазіргі кезде адамдар мен жануарлардың өте күрделі ауруы екендігі дәлелденіп, оны жою үлкен экономикалық және әлеуметтік мәселеге айналып отыр.
Бруцеллезбен күрес шараларының тиімді болу үшін, олар міндетті түрде ғылымның жетістіктеріне негізделуі қажет.
Бүгінгі таңда індетті ауруларға қарсы белсенді иммундеу заттарын ойластырудың екі жолыбар. Олардың бірі - тірі, ал екіншісі - экологиялық жағынан қауіп төндірмейтін өлі вакцина қолдану.
Бруцеллезбен күрес шараларының тиімдіболуы ең бірінші бұл індетті дер кезінде әрі нақты балауға да байланысты.
Осыкүнге дейін қолданып келген бруцеллезді дифференциалды балау, дауалау әдістері әлі де қанағаттандарарлық дәрежеде емес. өйткені соңғы уақытта кең таралған мал өсіру технолгиясы (жекелеген шаруа қожалықтары, жеке меншік үлесіндегі малдар) бруцеллезді балау, дауалау және онымен күрес шараларын сәйкесінше, өзгеше жүргізуді қажет етеді.
Соңғы бесжылдықта жыл сайын Қазақстанда бруцеллезге шалдыққан адамдар саны 3000-нан кем емес, эпидемиологиялық жағдай әсіресе республикамыздың оңтүстік аймағында күрделі болып отыр. Бұл фактілер ветеринария және медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазіргі кезде ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі шаруашылықтарды бруцеллез індетінен толықтай сауықтыруды қамтамасыз ете алмай отыр.
Айтылғандарды ескере отырып жүргізілген, осы ғылыми зерттеужұмыстарында Шығыс Қазақстан облысындағы жануарлар бруцеллезін дифференциалдық балау, дауалау және оған қарсы жүргізілетін арнайы шараларды жетілдіру мен нәтижелерін өндіріске енгізу мәселелері алға қойылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Үржар ауданы бойынша бруцеллез індетінің таралуын зерттеп, осы індетті дифференциалды балау тәсілдерін салыстыра отырып бруцеллезден сауықтыру шараларын қарастыру болып табылады.
Бұл мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. Шығыс Қазақстан облысы Уржар аумағындағы мал шаруашылығындағы бруцеллез індетінің таралуын зерттеу.
2. Үржар ауданы бойынша бруцеллезге ветеринариялық- санитариялық іс-шараларын ұйымдастыру
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Жануарлар бруцеллезі және оның таралуы
Сайдулдин Т (2009) Бруцеллез (Brucellosis) - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндо-метрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Бруцеллездің адамда байқалатын белгілерін Гиппо-крат сипаттады, ал жан-жақты зерттеулер 18-19 ғ. жүргізілді. Ф. Марстои (1861) Мальта аралында бруцеллез адамның өз алдында дербес ауруы екендігін көрсетті, ал Д. Брюс (1877) оның қоздырушысын бөліп алып Micrococcus melitensis деп атады. Бұлар ағылшын ғалымдары еді. Даниялық ветеринария дәрігерлері В. Банг жэне Стрибольт (1896) ауру қоздырушысын іш тасталынған бұзаудан, ал американдық Траум (1914) іш тасталынған торайдан бөліп алды. Бұл микробтар 1918-1920 жылдар аралығында бір туыстастыққа біріктіріліп, Брюстің құрметіне Бруцеллалар деп аталған. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында бруцеллез ауылшаруашылық маддардың арасында барлық жерде де кеңінен тарады. Қазақстанға бұл ауру Еуропалық өлкелерден келді, оны алғаш рет 30-жылдары Семей облысында Тасбұлақ деген жерде ветеринария дэрігері Тевельский анықтады. [1]
Қазіргі кезде бруцеллез деп аталып жүрген жануарлар ауруы Англияда XIX ғасырдың басында ақ белгілі болған. Бұл ауру онда кеңінен таралып жануарларға тән белгі бойынша "жаппай іш тастау" деп аталған. Оның этиологиясы көп уақыт бойына белгісіз болып келген.
Аздаған уақыттан соң Ленерт (1878) және Броурер (1880) бұл аурудың жұқпалылығын растады.
Ауру жұқпалы іш тастау атына ие болды. Бірақ аурудың қоздырғышы тек 1896 жылы дат зерттеушісі Банг Стрибольт ауру сиырлардан, соңынан Банг бацилласы деп аталып кеткен, микроб тауып алған кезден бастап белгілі болды.
Ығылманұлы Ө (2010) Ауруды Brucella туыстығына жататын өте майда микробтар қоздырады. Br. bovis, Br. suis, Br. ovis, Br. melitensis. Адамға өте зардапты болып Br. melitensis табылады. Бруцеллалар грам-теріс боялады, полиморфты, сыртқы бейнесі коктар тәрізді, сопақшалау, таяқшаға ұқсас болып келеді.
Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар түрлері бейім болып келеді. Сиыр, қой ешкі, шошщқа, солтүстік бұғысы ауруға тез шалдығады. Жануарлар организмінен шумен, шаранамен, тастанды төлмен, жыныс жолдарынан аққан сорамен, сүтпен, шәуетпен, нежіс және несеппен бірге бөлініп отырады.
Ірі қара малда бруцеллез көп жағдайда клиникалық белгілері анық білінбей, үстіртін латентті (жасырын) түрде өтеді. Ауырған аналық малдың негізгі белгісі - іш тастау (аборт) . Буаз аналықтардың іш тастауы 3-4 айлық немесе 6-8 айлық кезінде болады. 1ш тастау мезгілі ауру микробының жұғуына тығыз байланысты. Жаппай іш тастау көп жағдайда алғаш туатын құнажындарда байқалады. Оның мөлшері 30-50 пайызға дейін жетеді.
Ауру сиырда іш тастау бір рет болады, ал екі не үш рет іш тастауы өте сирек кездеседі. Сиырда іш тастауына 2-3 күн қалғанда оның сыртқы жыныс органдары ісініп, қызарады және жатыр алды бөлімінен қызғылт иіссіз кілегей ағады. Мұндай малдың буындары қабынып, жүргенде қатты қиналады, көпке дейін оның шуы түспейді, жатыр ішінде шіриді. Ақырында мал эндометритке метритке, вагинитке ұшырайды. Оның желіні қабынады. Мұндай жағдайда аналық малдың ұрықтану қабілеті төмендейді немесе жойылады.
Ауырған ірі қараның негізгі белгісінің бірі - буындарының ісініп қабынуы, әсіресе, тобық, Тізе буындары. Бастапқы кезде буын іспей, ұстап қарағанда мал ауырсынады, содан соң ісініп, ісігі күннен күнге ұлғая береді. Бара-бара буынға ірің микробтары түсіп, буын ісіп қатты қызып, мал мүлде жүре алмай қалады. 1сік тесіліп, одан ірің ағады. Буында өзіне тән емес ұлпалар өсіп, ол әк тұздарымен қапталып, буын қозғалысы бұзылады.
Бруцеллезбен ауырған бұқаларда іріңді орхит, эпидидимит, артритте және синовиттер болады.
Бруцеллезбен ауырған сиырларда патологиялық өзгерістер лимфа бездерінде, паренхиматозды ұлпаларда және жыныс мүшелерінде болады. Жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары ісініп, қызарады, жатыр алды бөлімінен қоңыр-қызыл түсті кілегей ағады. Хорион мен жатырдың кілегей қабығының арасында іріңді-фибринді эксудат пайда болады, хорион ворсинкасы мен жатыр карункулында көп нүктелі қанталаулар, кей жағдайда өлі плацент қалдықтарымен жабылады.
Ұрықтың қабығы қалыңдап, ісіп қызарады, үсті іріңді-фибринге қиыршыққа толы, көп жері қанталаған. Хорионды гистологиялық тексеруден өткізгенде көптеген некроз бен эпителийдің қалыңдағаны көрінеді. Хорион ворсинкаларынан іріңді және некрозды қабынғаны немесе жаппай грануляциялық ұлпалардың өскені байқалады.
Кей жағдайда ұрық мумификацияга ұшырайды. Мүшелердің және құрсақ қуысының кілегейлі және сыртқы қабықтарында ұсақ тары тәріздес қанталаған тері асты көк етте серозды және геморрагиялық қабынған талақ пен сөл түйіндерінің ісінгені байқалады. Бауырда күңгірт сары түсті некроз кездесіп, өкпе іріңді-қатаральді пневмонияга ұшырайды. Буаз сиырлардың желіні мен оның үстіндегі лимфа бездері қабынады, олар іріңді және фибриозды желінсау түрінде өтеді. Бүйректе интерстициальді нефрит кездесед1. Бұқалардың ені мен қосалқы ендерінің көлемі үлкейіп, ұстап қарағанда өте қатты болады, ал кесіп көрсе онда некрозды ірің қалдықтары кездеседі, сперматогенез функциясы мүлдем жойылады не болмаса азаяды. Ен паренхимасы атрофияға ұшырай ен каналдарында өзіне тән емес тканьдер өсіп, тесіктері бітеледі.
Бруцеллез ауруының белгілі дәрежеде кеңінен таралуына себеп жануарлар ағзасында қоздырушылардың әртүрлі тірі затпен қоректенуге икемделіп, жануарлардың ауруға бейім келуі үлкен бір шеңбер құрайтындығымен сипатталады.
Қазіргі таңда бруцеллез індеті барлық әлемде тіркелген десек те болады.
Біріккен сараптама комитетінің АБФ/БДҰ-ң бруцеллез мәліметтеріне сүйенсек (алтыншы баяндама, 1986 ж. ), ауылшаруашылық малдарының бруцеллезі дамыған капиталистік АҚШ, Франция, Канада, Австралия, Италия, Испания, Нидерланды елдерінде де таралған.
Қазіргі уақытта жануарлар бруцеллез! Жерорта тещз1 кауызында, I Азия (Туркия, Иран), Азияныц Оңтүстік-Шығысында (әсіресе Үндістанда Лаоста), Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада (Мексика, Бразилия Чили, Парагвай, Гватемала, Колумбия) кеңінен етек алған.
ТМД бойынша эпизоотологиялық және экономикалық жағынан ірі қара малының бруцеллезі ең маңыздысы, содан кейін ұсақ мүйізді мал, солтүстік бұғылар және шошқалар болып табылады. Эпидемиологиялық тұрғыдан адамдарға 91, 2-100 пайыз бір-бірімен тығыз байланысты болғаннан кейін ең қауіптісі қой-ешкі бруцеллезі болып саналады. Басқа жануарлардан қара мал, шошқалар, бұғылар, түйелер) бруцеллездің адамдарға жұғу қаупі эпидемиологиялық сараптама бойынша өте төменгі дәрежеде. B. ovis қоздырушысынан зарарланған адамдар еш жағдайда тіркелмеген.
ТМД елдеріндегі бруцеллездің эпизоотикалық және эпидемиология, жағдайына Қырғыстан мен Қазақстан аса кауіп төндіріп тұр. Бруцеллезді жою Закавказье, Орта Азия, РФ-ң - Солтүстік Кавказ, Поволжья елдерінде де : мәселе болып отыр.
Осы айтылған елді-мекендерде адамдардың бруцеллез ауруымен ауруы өте жоғары көрсеткіштер көрсетіп отыр, себеб1 олардың басым көпшілігі шаруашылығымен айналысуымен байланыстырылады [36] . Эпидемиология, керсеткіштер мәліметіне сүйенсек негізінен адамдардың бруцеллезбен ауруы қайта өңдеу кешендерінде, қойларды күтіп-бағу, қолдан ұрықтандыру, қырқын кезі, қораны тазалау уақыттарында тіркелген.
Қазақстанда алғаш рет ірі қара малының бруцеллезбен ауруы 1930 жылы Петропавл және Щучинск аудандарына қарасты жеке шаруашылықтан Петропавл мал дәрігерлік зертханасында анықталған. Осы жылы Семей облысының «Тас-бұлақ» совхозының мал дәрігері Тавель қойдың бруцеллезін аңғарған.
Қазақстанда бруцеллез жөнінде 1933 жылға дейін іс жүзінде ғылыми- зерттеу жұмысы жүргізілген жоқ десе де болады. Тек кейбір ғылыми қызметкерлер ғана өздерінің ықыласымен бруцеллезді анықтау тәсілдерін білу мақсатында азды-көпті зерттеулер жүргізді. Академик С. Н. Вышелесскийдің басшылығымен 1933 жылдың бас кезінде Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты мал дәрігерлігінің бруцеллезді анықтау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылды. Онан кейінгі жерде осы институт жанынан бруцеллезді, сондай-ақ тағы басқа да жұқпалы ауруларды анықтау тәсілдерін игеру жөніндегі мал дәрігерлік мамандар даярланды.
Бруцеллездің жалпы алғанда жеткілікті зерттелмеуі, оның республикада барған сайын тарап, экономикалық үлкен зиян келтіруі, аурудың малдан адамға жұғұының жиілей түсуі, Қазақстанда барлығы істі үйлестіріп отыратын және кеңес беретін орталық болып табылатын ғылыми мекеме құруды талап етті. Міне, осыған орай Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты жанындағы ірі қара ауруларын зерттейтін зертхананы қайта құру негізінде 1937 жылдың бас кезінде бруцеллезді зерттейтін арнайы зертхана құрылды, бұл зертхана індет жаппай тарап кеткен шаруашылықтар мен аудандарда, облыстарда осы індет бойынша эпизотиялық, эпидемиологиялық жағдайды анықтауға, індетті анықтау тәсілдері іздестіруге және оны жетілдіре беруге, шет аймақтардағы зертханалардың қызметкерлерін даярлап шығаруға, олардың мамандығын арттыра беруге, бруцеллезге қарсы шараларды жүзеге асыру ісіне ғылыми-әдістемелік басшылық етіп отыруға, малды індеттен алдын-ала сақтандырып, ауырғандарын емдеу, ауру малды іріктеп бөлек шығару, вакцина егу тәсілдерін әзірлеп, сыннан өткізуге, облыстық мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу станциялары мен мал дәрігерлік зертханалық жұмысына басшылық етуге міндетті болды.
Бруцеллездің жаппай таралуы және адамдардың бұл ауруға шалдығуының жиілеп кетуі медицина мамандарының да назарын аудара бастады. Сондықтан біраз кейінірек Қазақ санитарлық-бактериологиялық институты жанынан бруцеллез бөлімі ашылды.
Бруцеллез жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары бірте-бірте қанат жайды. Бұл жұмысқа зоотехникалық-мал дәрігерлік институттың эпизоотология және микробиология кафедралары (М. И. Иванов, П. А. Буланов) қатыса бастады. Өлкелік патология институтында (Г. Н. Удинцев) бруцеллезді зерттеу жөнінде бөлім ашылды, Қазақ ССР Ғылым академиясының Зоология институтында академик И. Г. Галузо, Көз аурулары институтында - профессор В. П. Рощин және доцент В. М. Киселева, Медицина институтында патология кафедрасында профессор П. П. Очкур, эпидемиология кафедрасында профессор Г. Н. Удинцев жұмысты кең көлемде жүргізді. Орта Азияның обаға қарсы күрес жүргізетін институтында бруцеллезді зерттеу жөнінде бөлім ашылды.
Мал дәрігерлігі және медицина мамандары жұмысты кешенді түрде және тығыз байланыс жасай отырып жүргізді.
Республикамыздың жекелеген облыстарында бруцеллезге қарсы күрес жөніндегі шараларды жузеге асыру ісіне ықпал жасап отыру үшін және бұл аурудан өту барысыныц ерекшеліктерін зерттеу үшін облыстың мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу станцияларында тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстарға Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының бруцеллезді зерттеу жөніндегі лабораториясы басшылық етті. Мұндай жұмыстар Орал, Гурьев, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Целиноград облыстық станцияларында жүргізіліп келді.
Қазақстанда бруцеллезді зерттеу ісіне К. П. Студенцов, И. Г. Галузо, В. Г. Уваров, В. К. Антонов, Г. Н. Удинцев, В. П. Рощин, Н. Д. Беклемишев, П. П. Очкур, И. К, . Каракулов, М. И. Иванов, П. А. Буланов, П. А. Карасев, М. И. Солоницин, П. И. Островидов, И. Л. Жалобовский, А. А. Пальгов, М. М. Ременцова, Б. Р. Узбекова, Ф. И. Усманова, В. М. Киселева, К. Т. Мирошниченко, З. И. Парамонова, Н. В. Сафронов, В. С. Чичибабин, Н. П. Иванов, В. Б. Бельченко, А. Э. Султанов, К, . И. Мыңжасов, В. И. Белобаб, В. Б. Тен, Р. Ж. Сейдахметова, Ш. А. Барамова, Э. Эбутәліп және басқа ғалым-мамандар зор үлес қосып, республикадағы, облыстардағы немесе тікелей шаруашылықтардағы мал дәрігерлік қызметке басшылық етті, көптеген нақтылы мәселелерді шешуге қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz