Хирургиялық құрал - саймандар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

Ветеринарлық медицина және Мал шаруашылығы институты факультеті

Ветеринария және биоқаупсіздік жоғарғы мектебі кафедрасы

Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Иттерге овариогистероэктомия жасау

Орындаған: ВМ - 31 топ студенті
Сүндетқалиева Г.І
Тексерген: доц. м.а. Кереев А.К.

ОРАЛ 2020

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Операциялық аймақтың топографиялық анатомиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
3. Операцияға дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
4.Операция жүргізу барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
5.Овариогистэктомияның зияны мен салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ІҮ.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Үй жануарлары, әсіресе иттер мен мысықтар әрқашан адам өмірінде үлкен маңызға ие болды. Алайда, соңғы он жылдықтарда әртүрлі, объективті және біртектес жағдайларға байланысты бұл жануарларға ауылшаруашылық жануарларымен салыстырғанда ветеринарлық медицинада екінші реттік мән берілді. Сондықтан, ветеринар мамандарын дайындауда мамандану болған жоқ, ауруларды диагностикалаудың, ауру жануарлардың алдын-алу мен емдеудің тиімді әдістері жасалмады. Арнайы, жазылған әдебиеттер аз болды.
Соңғы жылдары практикалық ветеринарияда айтарлықтай өзгерістер болды, олар тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және мал дәрігері қызметінің басқа да көптеген аспектілеріне қатысты болды.
Диагностика және емдеу әдістері жетілдірілді: электрокардиография, радиография, компьютерлік томография кеңінен қолданылып, жаңа тиімділігі жоғары дәрілер пайда болды. Мұның бәрі дәрігердің жаңа ақпаратты қабылдау қажеттілігімен және қалыптасқан көзқарастарды белгілі бір шолумен байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, бұл біршама уақытты талап етеді. Кастрация - бұл жыныстық бездердің ағзадағы әрекеті тоқтайтын араласу. Еркектерді кастрациялау кезінде ұрықтар алынып тасталады, аналық кастрация кезінде аналық бездер алынып тасталады, сондықтан еркектерді кастрациялауды орхидеэктомия деп те атайды (орхидея грекше - - ұрық және эктомия латынша - - кесу), ал аналық безді кастрациялау овариэктомиядеп аталады (аналық без).
Овариоэстерэктомия ( овариоэстерэктомия ) - жатыр мен аналық бездерді хирургиялық жолмен алып тастау.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Овариоэстерэктомия - бұл ветеринарлық медицинада қазіргі таңда жиі қолданылатын операция. Ол жануарлардың жүктілігі мен жыныстық белсенділігінің алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, кастрация жануарлардың репродуктивті мүшелерінің ауруларының алдын-алу және емдеу үшін жасалады.Көптеген мәліметтерге сәйкес, осы операция кезінде сүт безі ауруының қаупі 97% төмендейді. Аналықтарды зарарсыздандыру ежелгі дәуірден бастап үнемді операция ретінде қолданылған. Тіпті Колумелла (б.з.д. 200-300 жж.) Аналықтарды кастрациялау ақылға қонымды операция екенін жазба дерек қалдырған. Стерилизацияны толық зерттеушілер ХІХ ғасырдың аяғында айналыса бастады. Тиімді контрацептивтер болмаған кезде зарарсыздандыру өте маңызды болды және көбінесе тәуелсіз операция ретінде жүзеге асырылды. Бұл мәселе медицинада әсіресе жатырдың және оның қосымшаларының әртүрлі патологиялары үшін мұқият зерттелген. 1906 жылы Л. Л. Окинчиц құрылғаннан кейін, аналық бездердің функцияларын рентген сәулесімен басу мүмкіндіктері ісік сипатындағы жатырдың ауруларын емдеуде кеңінен қолданыла бастады. Кейіннен гонад функциясын өшіру көптеген мүшелер мен жүйелер қызметіндегі айтарлықтай бұзылуларға әкелетіні, зарарсыздандыру көрсеткіштері күрт шектелгені анықталды.[4]
В. Биоржтың (1999) мәліметтері бойынша, АҚШ және Франция сияқты дамыған елдерде зарарсыздандырылған мысықтар осы түрдің популяциясының шамамен 50% құрайды және көбейеді. Біздің елде бұл көрсеткіш 8-10% -дан аспайды. Егер бұрын жақында бізде стерилизацияның экономикалық аспектісі, негізінен ауылшаруашылық жануарларының өнімділігін жоғарылатумен байланысты болса, қазір ол мысықтар мен иттердің популяциясы санының реттелуінде көрініс табатын әлеуметтік түйінге ие болады.[2]

Негізгі бөлім
2. Операциялық аймақтың топографиялық анатомиясы
Аналық көбею мүшелері (органы размножения самки) -- organa
genitalia feminina -- екі бөлімнен: негізгі жыныс безі жұмыртқалықтан
(паренхималы мүше) жəне жыныс жолдарынан (түгікше мүшелер) тұрады.
Жыныс жоддарына жатыр түтігі (жұмыртқа жолы), жатыр, қынап, несеп-
жыныс кіреберісі жəне сыртқы жыныс мүшесі жатады.

1 -- аналық бездер; 2 -- аналық бездердің өз байламдары; 3 -- аналық бездердің қосымша байламдары; 4 -- жатыр құбырлары; 5 -- жатыр мүйіздері; 6 -- жатыр денесі; 7 -- жатыр мойны; 8 -- қуық; 9 -- қынап; 10 -- уретраның тесігі; 11 -- қынап алды; 12 -- клитор; 13-жыныс ерні

Жұмыртқалық (яичник) -- ovarium -- аналық жыныс жасушалары
овоцитгер жетіліп, аналық жыныс гормондары бөлінетін, пішіні сопақша
келген жұп паренхималы мүше. Үй жануарларында жұмыртқалық бел
аумағының жамбас қуысына кіреберісінде, шажырқайға (mesovarium) ілініп тұрады. Шыжырқай арқылы жұмыртқалыққа қоректендіретін қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың алдыңғы түтіктік, артқы жатырлық ұштары, жоғаргы шажырқайлық, төменгі бос жиектері, латеральды жəне медиальды беттері болады. Жұмыртқалықтың түтіктік ұшына жатыр түгігінің құйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына өзіндік жұмыртқалық байламы (ligamentum ovarii proprium) арқылы жатыр мүйізі байланысады. Сыртынан ол бастама эпителиймен (бірқабатты текше тəрізді) жəне оның астындағы ақ қабықпен (тығыз дəнекер ұлпасы) қапталған.
Жұмыртқалық фолликул алы жəне тамырлы екі аймақтан құралған.
Фолликулалы аймақга жұмыртқа жасушалары овоциттердің дамып жетілу процесі -- овогенез жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс жасушалар -- майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар (folliculi ovarii primarii) түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сəл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек өсу сатысындағы жыныс жасушалары өсуші фолликулдар орналасады.
Жыныс жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп, көпіршікті фолликулдарға (folliculi ovarii vesiculosi) айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқа жасушасы көпіршіктегі фолликул сұйығымен бірге жұмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі құйғашына өтеді.

Аналық бездің схемалық бейнесі, саггиталды кесіндісі:
1 -- жабынды эпителий; 2-бастапқы фолликулдар; 3 -- екінші фолликулдар; 4 -- үшінші фолликулдар; 5 -- фолликулдың атрезиясы; 6 -- фолликулды овулировавший; 7-сары денелер

Фолликулдардың жарылу процесін овуляция (ovulatio) деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене (corpus luteum) түзіледі. Сары дене жасушалары прогестерон гормонын бөледі. Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жұмыртқалықтың стромасын борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды.
Жатыр түтігі (жүмыртқа жолы) яйцевод -- tuba uterina, s. oveductus, s.
salpinx -- жұмыртқалық пен жатырдың аралығында орналасып, жатырға ашылатын жіңішке иректелген жұп түтікше мүше. Оның жоғарғы жұмырткалыкка жақын бөлігі қуысында ұрықтану процесі жүреді. Оның кеңейіп басталатын бөлігін жатыр түтігінің құйғышы (infundibulum tubae uterinae), ал шашақталған жиегін түтік салпыншағы (fimbria tubae) -- деп атайды. Жатыр түтігінің сыртқы сірлі қабығы жұмыртқа жолының шажыркайын түзеді. Аталған шажырқай жатырдың жалпақ байламының медиальды катпары, ал жұмыртқалықтың шажырқайы жатырдың жалпақ байламының латеральды қатпары болып табылады. Бұлардың аралығында жұмыртқалыктың қапшығы (bursa ovarica) орналасады.
Жатыр (матка) -- uterus, s. metra -- плацентарлы (ұрықжолдасы толық
жетілген) сүтқоректі жануарларда ұрық толық дамып жетілетін куысты
түтікше мүше, Үй жануарларының жатыры құрылысы жағынан қосмүйізді жатыр түріне жатады. Жатыр қос жатыр мүйізінен (cornua uteri), тақ жатыр денесінен (corpus uteri) жəне тақ жатыр мойнынан (cervix uteri) тұрады. Жатыр мүйіздерінің үшкірленіп келген краниальды ұшындағы жатыр тесігіне жатыр түтігі ашылады. Жатыр мүйіздері мен денесінің қуыстары бірігіп, жатыр қуысын (cavum uteri) түзеді. Жатыр қуысы өз кезегінде жатыр мойнының озегі (canalis cervicis uteri) арқылы қынапқа ашылады.
Жатыр қабырғасының құрылысы. Түтікше мүше ретінде жатырдың
қабырғасы ішкі кілегейлі (endometrium), ортаңғы етті (myometrium) жəне
сыртқы сірлі (perimetrium) қабықтардан кұралған. Кілегейлі қабықтың ішкі беті бірқабатты призма терізді эпителиймен астарланған. Эпителий жасушаларының іщінде кірлікшелі жəне кілегейлі-сірлі секрет бөлетін эпителиоциттер кездеседі. Эпителий қабатының астында борпылдақ дəнекер жөне торлы ұлпалардан тұратын өзіндік тақташа мен кілегейліасты негіз орналасады. Эндометрийде кілегей бөлетін түтікше жатыр бездері (glandula uterinae) болады. Бұндай бездер негізінен жатырдың мүйізі мен денесінде көптеп кездеседі. Жатыр мойнының қатпарлы кілегейлі қабығында бездер болмайды.
Жатырдың етті қабығы миометрий үш қабаттан: ішкі сақинаша, ортаңғы тамырлы жəне сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Ішкі сақинаша жəне сыртқы ұзынша қабаттарды бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері түзеді. Оның ішкі сақинаша қабаты сыртқы ұзынша қабатына қарағанда едəуір жақсы жетілген. Миометрийдің органы борпылдақ дəнекер ұлпалық тамырлы қабатында жатыр қабырғасын қоректендіретін ірі қан тамырлары болады. Етті қабық жатырдың мойын аумағында мойын озегінің қысқыш бұлшық етін құрайды.
Сірлі қабық -- периметрии жатырды сыртынан қаптай келіп, оның екі
бүйіріңде тоғысады да, жатырдың жалпақ байламын (ligamentum latum uteri) немесе жатыр шажырқайын (mesometrium) түзеді. Ол краниальды бағытта жұмыртқалық пен жатыр түтігінің шажыркайына ауысады. Осы байламның екі бүйіріндегі қатпарлар арқылы жатырдың жұмыр байламы (ligamentum teres uteri) өтеді. Жұмыр байлам еннің бағьптағыш байламы сияқты шап өзегі тесігінің аумағына қарай бағытталады. Ол байламдар жатырды құрсақ жəне жамбас қуыстарының қабырғаларына бекітеді. Олар арқылы жатырға қан тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жатыр байламдарының өздеріне тəн кұрылыс ерекшелігі кұрамында бірыңғай салалы ет талшықтарының болуы. Жануарлар жатырлары негізінен құрсақ қуысының шат аумағында орналасады.
Иттегі ерекшеліктер
Ит жатырының мүйізі жіңішке, ұзын жəне екіге айырылған.
Жатыр денесі одан 4-5 есе қысқа болады. Жатыр мойнының кілегейлі қабығы ұзынынан жəне көлденеңінен орналасқан қатпарлар түзеді.
Қынап (влагалище) -- vagina -- жыныстық қатынасты жəне төлдің туу
процесін қамтамасыз ететін, жатыр мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында орналасқан тақ түтікше мүше. Ол жамбас куысында жатырдан кейін орналасып, ешқандай шекарасыз несеп-жыныстық кіреберіске өтеді. Олардың шекарасын уретраның сыртыны тесігі белгілеп тұрады. Қынаптың қабырғасы кілегейлі, етті қабықтардан жəне сыртқы адвентициядан тұрады. Оның қатпарлы безсіз кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ортаңғы етті қабық ішкі сақинаша жəне сыртқы ұзынша қабаттардан құралған. Қынаптың сыртқы краниальды бөлігін ғана сірлі қабық, ал қалған негізгі бөлігін адвентиция қабығы қаптап жатады.
Ит қынабының ұзыңдығы несеп-жыныс кіреберісіне қарағанда
ұзын болады. Күмбезі айқын байқалады.
Несеп-жыныс кіреберісі (мочеполовое преддверие) -- vestibulum
vaginae -- каудальды бағытта сыртқы жыныс мүшелерімен аяқталады.
Несеп-жыныс кіреберісі қабырғасының құрылысы қынапқа ұқсас. Оның етті қабығындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы қабатын сыртынан көлденең жолақты ет ұлпасынан түзілген кіреберістік қысқыш бұлшық ет (m. constrictor vestibuli) сақина тəрізді сыртынан қоршап жатады.
Ит несеп-жыныс кіреберісі кілегейлі қабығының астында үңгірқуысты денедей түзілген жұп бадана болады. Олар қанға толған кезде
тым үлкейіп, кіреберіс қуысын тарылтады.
Сыртқы жыныс мүшелеріне (наружные половые органы) немесе
вульвага (pudendum femininum, s. vulva) жыныс ернеулері, жыныс саңылауы жəне клитор жатады.
Жыныс ернеулері (половые губы) -- labia pudendi -- жоғарғы жəне
төменгі жагынан дорсальды жəне вентральды бітістер (commissura labiorum dorsale et ventrale) арқылы жалғасады. Оның негізін бірыңғай салалы жəне көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұратын жыныс саңылауының еті (m. constrictor vulvae) құрайды. Жыныс ернеулері терісінің медиальды беті көп кдбатты жалпақ эпителиймен астарланган.
Клитор (clitoris) үңгірқуысты денеден құралған. Оның екі аяқшасы,
денесі жəне төбесі болады. Клитордың аяқшалары шонданай төмпегіне бекиді.

3. Операцияға дайындық
Операциялық бөлмені дайындау.
Операциялық бөлме басқа бөлмелерден бөлек (операциялар, киім кию бөлмелері және т.б.) орналасқан және ол тек хирургиялық операциялар үшін қызмет етеді. Бөлме кең, күндізгі жарықпен және электр шамдарымен жақсы жарықтандырылған болуы керек (көлеңкесіз, сонымен қатар арнайы лампалар). Еден тегіс, тегіс, жарықтар мен жарықтарсыз, тақтайшалармен немесе арнайы пластикпен қапталған болуы керек. Қабырғалар плиткамен жартылай өңделген, жоғарғы бөлігі ақ май бояумен боялған. Жабдықта операцияға қажетті заттар ғана болуы керек - бір немесе екі операциялық үстел, хирургиялық құралдарға арналған үстелдер, пайдаланылған материалдарға арналған аяқтар мен жамбас тіректері, анестезияға арналған жабдық және т.б.

Операциялық бөлмеде тек таза асептикалық операцияларды жүргізген жөн. Іріңді септикалық операциялар басқа бөлмеде жақсы орындалады, төтенше жағдайларда оларды асептикалық операциядан кейін жасауға болады. Операция алдында операциялық үстел антисептикалық ерітіндімен сүртіледі, хирургиялық құралдар, таңу және тігіс материалы, стерильді хирургиялық іш киім, анестезия мен хирургияға қажетті дәрі-дәрмектер дайындалады.Жұмыс бөлмесі тәуліктің кез келген уақытында операцияға дайын болуы керек; инструментальды үстел жабылып, құрал-жабдықтар дайындалған, барлық қажетті дәрі-дәрмектер мен ерітінділер шкафта сақталуы керек, стерильді төсек-орын мен құралдарды сақтау мерзімі 3 күн, дегенмен күнделікті жинақты ауыстырып отыру керек.
Хирургиялық құрал-саймандарды дайындау
Таңуды және операцияны зарарсызданған құрал-саймандармен іске асырудың нәтижесінде жараны ластаудан және хирургтің қолын іріңді жараның іріңімен былғап алудан сақтандырады. Жұмыс біткен соң барлық пайдаланылған қүрал-саймандарды, ал іріңді жараларға пайдаланылған құрал-саймандарды бөлек зарарсыздандырады.
Металдан жасалған құрал-саймандарды қатты қыздыру арқылы немесе арнайы жасалған шкафтардың ішіндегі құрғақ ыстыққа ұстау арқылы зарарсыздандыру әдістері бар. Ең кең тараған түрі, электрмен қыздыратын шкаф, оның ішінің ыстықтығы 20-30 минуттан кейін 140Ә-180ӘС-ға жетеді. Бұл әдіспен металдан жасаған құрал-саймандардан басқа шыныдан, фосфордан жасалған ыдыстарды да зарарсыздандыруға болады. Зарарсыздандыратын шкафтың ішіне үстіне құрал-саймандар салынған торды орналастырып аузын жабады да, ажыратқышты токқа қосады. Реттегіш тетікті айналдыру арқылы шкафтағы температураны жайлап реттеуге болады. Құрал-саймандар 200ӘС-да 40 минуттың ішінде зарарсыздандырылып болады, бірақ құрал-саймандар тез тозады. Зарарсызданғандығын бақылау автоклавтау кезіндегідей болады.

Хирургиялық құрал-саймандар
Зарарсыздандырудың ең қарапайым әдісі-қайнату болып саналады. Қайнату арқылы зарарсыздандыруды кез келген ыдыста іске асыруға болады. Қалтаға салып жүретіннен бастап стационарларға дейін пайдаланатын үлкен арнайы жасалған зарарасыздандырғыш-қайнатқыштар бар. Құрал-саймандарды зарарсызданған суда қайнатады. Суды зарарсыздау үшін арасына 6 сағаттан уақыт салып 30 миунттан екі рет қайнатса болғаны. Осылай мезгіл-мезгіл қайнату нәтижесінде микробтардың ұрықтарын (спораларын) өлтіруге болады. Суға 2% ертініді болғанша сілті (натрий гидрокарбонатын) қосады. Сілтіленгген су зарарсыздануды тездетеді және құрал-саймандарды тотығып, дат басудан қорғайды. Никельденген құрал-саймандарды қайнаған суға салады да, суыған соң үстел үстіне жайып, бетін зарарсызданған клеенкамен жауып қояды. Шприц, колба, банкы, стакан тәрізді шыныдан жасалған ыдыстарды сындырып алмас үшін, ыстық суға бірден салуға болмайды.
Шұғыл жағдайда металдан жасалған құрал-саймандарды күйдіру арқылы жылдамдатып зарарсыздандыруға болады. Күйдіруді спиртпен сұрту арқылы іске асырылады. Бірақта бұл әдіс онша сенімді емес.

Қолды зарарсыздандыру.
Қолды зарарсыздандырудың көптеген әдістері бар. Ол үшін құмырсқа қышқылын, раккаланы, церигелді және басқадарды пайдаланады. Ең соңғы әдістерінің біріне ультрадыбыспен зарарсыздандыру жатады.
Қолды зарарсыздандырудың теріге әсер етпейтін, ең сенімді, әрі қарапайым классикалық тәсілдеріне тоқтала кетейік.
Спасокукоцкий - Кочергин тәсілі. Ластанған қолда (алақан мен білекті (ағып тұрған жылы судың астына сабындап тазалап жуады. Егер қол таңба таза болса, алдын ала жуудың қажеті жоқ, эмалданған екі шараға құйылған жылы аммиак ерітіндісіне (мұсәтір спиртіне) алма кезек жуу арқылы іске асырады. Ол үшін әр-шараға 2 литр қайнаған су құйып, оған 10 мл аммиактан қосады. Қолды зарарсыздандыралған дәкеден жасалған шаршылармен жуады. Алақанды ысқылап жуумен қатар, көп уақыт ерітіндінің ішіне батырып тұрған дұрыс. Бірінші шарадағы ерітіндіде негізінен білекті, тырнақ көбелерін, алақанды мұқият ысқылап жуса, екіншісінде - саусақтар мен білек буынына дейінгі аралықты жуады. Әр ыдыста қолды 3 минут жуған дұрыс. Содан кейін қолды зарарсызданған орамалмен немесе шаршымен ұқыптап тұрып сүртеді. Құрғатылған қолды (саусақтары мен білек буынына дейінгі аралықты) 2ұ минуттен 96% этил спиртімен екі мәрте мұқият сүртеді

Спасокукоцкий - Кочергин тәсілі.
Жоғарыдағы тәсіл қолдың терісіне зиянын тигізбейтін сенімді, кез келген жағдайда пайдалануға қолайлы тәсіл болып саналады.
Фюрбрингер тәсілі. Қолды қылдан жасалған екі шөткемен бірінен соң бірін ауыстырып ағып тұрған жылы судың астында 10 минуттей сабындап жуады. Содан соң қолды зарарсызданған шаршымен құрғатып, 70% этил спиртімен, сынап дихлоридының (сулема) 1:1000-ға дейін сұйытылған ерітіндісімен 3 мин сүртеді. Тырнақ көбелеріне йодтың спирт ерітіндісін жағады.
Жедел жағдайда қолды тездетіп өңдеудің тәсілі. Қолды ағып тұрған судың астында сабындап жуып, таза орамалмен сүртіп құрғатады. Содан кейін кішкене мақтаға немесе дәкеге 5-7 мл теріні жұмсартатын немесе дезинфекциялайтын ерітіндіден қйып, алақанды, саусақтарды 1-2 минут мұқият сүртіп тазалайды.

Фюрбрингер тәсілі.
Қолдың терісін жұмсартып тазалау үшін этил спиртін, 5% танин ерітіндісін пайдаланса, дезинфекциялау үшін 5% фенол ерітіндісін (карбол қышқылы), сұйытылған ертіндісін, диоцид ерітіндісін (1:5000), 0,5% хлорамин ертіндісін пайдаланады. Егер зарарсызданған қолғаптар болса, оларды тазаланбаған қолға киюге болады. Көмек көрсетіп жатқан кезде қол былғанып қалатын болса, қайтадан дезинфекциялайтын ерітінділермен жуып тазалап отыру керек.
Хирургиялық құрал-саймандарды өңдеу және залалсыздандыру
Хирургиялық құрал-саймандар инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс. Микроорганизмдерді жою дезинфекциядан, тазалаудан және залалсыздандырудан тұрады. Іріңді операциялар мен таңулардан кейін, сонымен қатар соңғы 5 жыл ішінде гепатитпен ауырған науқастарға жасалған, қолданылған құрал-саймандарды басқалардан бөлек өңдейді. Дезинфекция мен өңдеудің барлық процедураларын медицина қызметкері міндетті түрде жеткілікті қалыңдықтағы латекстен жасалған қолғаптар мен халатта, маскада, су өтпейтін алжапқышпен өткізеді. Өткір заттардан абай болып жұмыс істеу қажет. Қолданған құрал-саймандар, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдыста жуылып, басқа дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдысқа құрал-саймандар толығымен батырылады. Экспозия уақыты қолданылған дезинфекциялық ерітіндіге байланысты. Залалсыздануды өткізгеннен кейін құрал-саймандар ағынды сумен жуылады.
Тазалау құрал-саймандарды жуатын арнайы ерітіндіге (оның құрамына жуғыш зат, сутектің асқын тотығы және су кіреді) батырып қою арқылы жүргізіледі. Экспозиция уақыты 40-45º температурада 15-20 минут. Бұдан кейін құрал-саймандар осы ерітіндіде щеткамен жуылып, ағынды немесе тазаланған суда шайылады.
Кептіруді табиғи жағдайда жаялықта немесе құрғақ бу шкафында 80º температурада 30 минут өткізеді.
Металдан жасалған кеспейтін хирургиялық инструменттер құрғақ бу шкафында немесе автоклавта залалсыздандырылады. Бір рет қолданылатын инструменттер сәулелік әдіспен залалсыздандырылады. Кесетін инструменттерді залалсыздаудың негізгі әдісіне химиялық антисептикалық ерітінділерді қолдану жатады. Кейде құрғақ бу шкафында да залалсыздауға болады. Олар үшін ең тиімді әдіс газбен немесе сәулемен залалсыздау. Резеңкелі медициналық заттарды (катетрлер, зондтар, дренаждар, қолғаптар) залалсыздау автоклавтау әдісімен 1 атм қысымда 30 минут бойы жүргізіледі.
Соңғы уақытта медицина тәжірибесінде зауыттық сәулелендіруден өткен медициналық және пластмасты бір реттік резеңкелі заттар көп қолдануда. Оптикалық құралдарды залалсыздау үшін (лапароскоп, гастроскоп және т.б.) залалсыздаудың газды әдісі немесе суық химиялық түрі қолданылады.
Тігу материалын стерилдеу.
Лигатура мен тігісті салу үшін жібек, зығыр, мақта-мата, синтетикалық жіптер және де кетгут, окцелоннан жіптер, Русар-С қолданылады.
Жібекті стерилизациялау. Жібек жіптерін жуанты әртүрлі, ұзындығы 8 м ораммен немесе ампулады шығарады. Барлығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Амбулаторлы хирургиялық қызметті ұйымдастыру
«Жануарлар биотехнологиясы» пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Залалсыздандырудың химиялық әдістері
Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары
Медициналық әртүрлі құралдар
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Зақымданған және науқас адамдарды күту
Антисептика және Асептика
Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері
Конструкциялық легерленген болаттардың қолданылу аймағы
Пәндер