Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚҚА ҚАЙШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЖАЗАЛАНУШЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ТЕОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлардың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлардың белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2 ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚҚА ҚАЙШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЖАЗАЛАНУШЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Әрбір азаматтың конституциялық борышы -- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдык белгісі болып табылатын басты белгі -- қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері жатады.
Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.
Жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлардың ұғымы және белгілерінің өзекті мәселелерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлардың ұғымын сипаттау;
Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлардың белгілерін анықтау;
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызын қарастыру
Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттарына тоқталу болып табылады.
Жұмыстың объектісі - Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар.
Жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық бұзушылық.
Жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыбына жазылған жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚҚА ҚАЙШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЖАЗАЛАНУШЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлардың ұғымы

Қылмыстық-құқықтық тәжірибеде құқыққа қайшы әрекеттің белгілі бір жағдайларда қоғамға қауіптілігі мен кінәлілігін жоққа шығаратын және адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлары аз кездеспейді.
Мұндай мән-жайларға жататындар:
Қажетті қорғану;
қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
аса қажеттілік;
орынды тәуекел ету;
күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
бұйрықты немесе өкімді орындау.
Мұндай мән-жайлар қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған қоғамдық-пайдалы және мақсатқа сай әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін, басқа адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қолсұғушылықтан қорғауға құқығы бар. Қажетті қорғану кез келген азаматтың заңды құқығы. Кез келген азамат билік өкілдерінің немесе басқа адамдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне немесе қашу арқылы қол сұғушылықтан құтылуына қарамастан қажетті қорғану құқығын пайдалана алады. Қажетті қорғану әрекеті қолсұғушылыққа жатқызатын және қорғану ретінде сипаттайтын шарт-жағдайлпр болғанда ғана құқыққа сай деп есептелінеді.
Қолсұғушылық мынадай болуы тиіс:
қоғамға қауіпті болу, яғни жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян тигізетіндей болуы қажет;
қол сұғушылықтың нақты бар болуы, яғни басталған, бірақ аяқталмаған;
шынайылық. Ол қылмыстың әрекеттің қорғанушының қиялында ғана емес, объективтік шынайылығында opын алуын білдіреді;
жеке адамдардың құқықтары мен мүдделері ғана емес, басқа адамдардың, сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің мүдделерін де қорғауға жол беріледі;
зиян тек шабуылдаушыға келтіріледі, үшінші тұлғаға зиян тигізілмеуі керек;
қажетті қорғаныстың шегінен шықпауы тиіс.
Қажетті қорғаныстың шегінен шығуы -- бұл қауіпті қолсуғушылықтың сипатына сай келмеуі немесе қорғаныс жағдайының сәйкес келмеуі салдарынан қолсұғушыға анық шектен тыс жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру (өлім немесе ауыр дене жарақаттары).
Жасалған әрекетке байланысты қылмыс жасаған адамды, мемлекеттік органдарға жеткізу үшін құқыққа сай ықпал ету актісі қылмыскерді ұстауды сипаттайды. Егер ол ұстаудан жалтаратын болса, оған күш қолдану қажеттілігі пайда болады және оның қоғамға қажеттілігі бар.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес адамның қылмыс жасауы устаудың құқықтық негізі болып табылады. Қылмыскерді устау кезінде зиян келтірудің құқыққа сай болатын шарттары мынадай:
кінәлі адамның қылмыс жасауы. Басқалай құқық бұзушылық жасаған адамға зиян келтіруге жол берілмейді және ол қылмыстық жауапкершілікті туындатады;
тек қылмыс жасаған адам ғана ұсталады және соған ғана зиян келтіріледі;
адамды ұстау кезінде қолданылатын шаралар мәжбүрлі болып табылады, яғни қылмыскерді басқа құралдар арқылы ұстау мүмкін емес;
Қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылың жасау мүмкіндігін тыю -- ұстаудың мақсаты болып табылады;
ұстау кезінде қажетті шараларды асыра сілтеуге жол берілмеуі керек.
Қолсуғышылық жасаған адамды ұстау кезінде ұсталған адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.
Аса қажеттілік -- бұл қылмыстық заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерге, адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін зиян келтіруге мәжбүр болатын ерекше жағдай. Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттердің құқыққа сай болуының шарттары екі топқа бөлінеді: біріншісі, қауіп көзін, екіншісі, қауіпті жою жөніндегі әрекеттерді сипаттайды.
Қауіп-қатерге жатқызылатын шарттар:
аса қажеттілік жағдайында әрекеттер жасағанда қауіп көздері әр түрлі болуы мүмкін: апатты құбылыстар (найзағай, су тасқыны, вулкан атқылау), тетіктердің бұзылып қалуы (басқару тетігі істен шыққан автокөліктің қозғалысы), адамдар әрекеті (шабуыл жасау), физиологиялық процестер (ашығу, қатты мұздау). Мысалы, адам тонаушылардың шабуылынан қашып, бөтеннің автокөлігін айдап қашады;
қауіп шынайы және бар болуы тиіс, яғни, ол қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге тікелей қауіп төндіреді және кез келген сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.
Қауіптен қорғану мынадай талаптарға сәйкес келуі керек.
зиян келтіру мәжбүрлі түрде болуы керек және үлкен қауіпті жоюдың жалғыз амалы болуы қажет. Соған орай, қорғанушының зиян келтірмей кауіпті жою мүмкіндігі болмайды;
келтірілген зиян алдыңғы зиянға қарағанда анағұрлым аз болуы керек.

1.2 Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлардың белгілері

Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті кол сүғушылықтан кұтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады. (32-бап, 2-бөлік) . Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген (32-бап, 1-бөлігі) .
Бұл жерде мемлекеттік қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делініп отыр.
Қажетті қорғану -- әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықгары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. басқада игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылыкты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтаңдырушылық мәні зор. Өйткені, қиянат келтірүшінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның қылмыс Істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғануынан тысқары калады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқылық әрекетпен заң қорғайтын объектіге қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны больщ табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады. Сол себепті де мемлекет заңда белгіленген тәртігтпен кейбір тәртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді.
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылыктан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мумкіндігі болғаиына қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан кашып кету, жасырынып қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша барлык азаматтар -- кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғау органдары үшін қажетті қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардын жеке құқығы болып табылады.
Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық жағынан айыпталады. Керісінше заңға, уставка, басқадай нормативті актілерге сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, милиция қызметкері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы арқылы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысын Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану құқығы азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамдық қауіптерден қорғаудағы конституциялық құқығын жүзеге асырудың ең бір кепілі екендігіне соттардың назарын аудару керек .
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап бермейді, деп атап көрсетілген. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың негізгі шарттары бар.
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылык шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32-бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттердеп көрсетілген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл -- бұл ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Зорлық көрсетемін деп қорқыту өмірді жоюға немесе денсаулыққа зақым келтіруге нақгы бағытталуы мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғандықтан, оны кім немесе не төндіргеніне қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады.
Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдык жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға болмайды. Мұндай әрекеттерге өте арзаң заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-бақшадан жеміс-жидек ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылыққа да қарсы қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын қоғамға зиянды қасақана әрекеттің (абайсызда емес) өмірге, денсаулыққа, бостандықка, меншікке, басқа да құқықтарына, қоғам немесе мемлекет заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана қолдануға болады, Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға оқталу. Егер қиянаттың қоғамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті болмаса, онда ондай әрекеттерге қарсы қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге асырылады.
Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқылық міндетін орындамаған әрекетсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ. Мұндай құқылық міндетті орындамаушылық орын алған жағдайда оған зиян келтірмей-ақ, оны зорлап орындатушылық орын алады. Заңда көрсетілген қылмысты қиянатпен қол сұғу қасақана болуы қажет, абайсыздықпен қол сұғу басқа жолмен тоқтатылады.
Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты -- қорғану қол сұғушылық нақты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория ретінде басталуы және аяқталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға қауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтылады. Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге немесе одан ерікті түрде бас тартуга байланысты доғарылуы мүмкін. Егер де қол сүғушылық бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Өйткені қажетті қорғанудың мақсаты -- болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны болғызбауға бағытталған, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы" қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға қауіпті қол сұғушылық сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын көрсеткен . Яғни, қажетті қорғануды нақтылы қауіп төніп тұрған тұрған қол сұғушылыққа ғана қолданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен қылмысқа оны қолдануға болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қорғануды қолданушы қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмаудан қолдану жағдайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 21-тармағына сәйкес мұндай реттерде "Шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін оның бітіп қалу сәтінің түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолдаса, ол әрекетті қажетті қоргануға жатқызуы керек" делінген. Егер қорғанушы қауіптің біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қорғану шегінен шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін білуге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті қорғану қолданылса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке жатпайды.
Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екендігін байқауға мүмкіндігі болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін қылмыстық жауаптылыкка тартылады.
Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты -- қоғамға қауіпті қол сұғу айқын, шын мәнінде, яғни қоғамдық қатынастарға анык зиян келтіретін болуы керек. Адамның санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешқандай байланысы жоқ. Елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған қорғану дейміз.

2 ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚҚА ҚАЙШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЖАЗАЛАНУШЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы

Өндірістің, медицина мен ғылымның даму үдерісі сынақтар жүргізуге және соған орай тәуекелге де байланысты. Тәуекел ету әрқашан ең аз үлесті болса да сәтсіздіктермен байланысты болады. Тәуекел етуде зиян келтірудің ықтималдылығы да болмай қоймайды. Зиян келтіруге әкеліп соққан тәуекел әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаруы үшін ол негізді болуы тиіс.
Мынадай критерийлер тәуекелдің негізділігін анықтайды:
орынды тәуекел ету қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізуге негізделеді;
аталған мақсатқа тәуекел іс-әрекетпен байланыссыз қол жеткізу мүмкін емес;
адам құқықпен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірмеуі үшін барлық іс-шараларды қолдануы керек.
Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндірумен, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды. Орынды тәуекел ету шартын бұзып, қылмыс жасау жазаны жеңілдететін мәнжай болып табылады.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрдеудің нәтижесінде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып есептеледі. Мәжбүрлеу арқылы жасалған әрекеттің салдары қылмыс болып есептелмейді. Олар әрекетпен де, әрекетсіздікпен де сипаттала береді. Күштеп мәжбүрлеудің екі түрі бар: әл жетпейтін және жететін. Әл жетпейтін күштеп мәжбүрлеуде -- адам толықтай өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылады (қолы бойланған немесе қамалған күзетші). Әл жететін күштеп мәжбүрлеуде -- адамның өз әрекетін басқару мүмкіндігі сақталады.
Психикалық мәжбүрлеу -- адамның еркіне сөз, символ, ымдау, қаруды немесе оның сұлбасын көрсету арқылы әсер ету. Мұндай әрекеттер адамды өз өміріне, денсаулығына және жақын адамдарына қауіп төнуі мүмкін деген қорқынышқа итермелейді. Психикалық мәжбүрлеу кезінде адамның өз әрекетін таңдау мүмкіндігі сақталады. Егер ол талап етілетін әрекетті жасаса, ол қоғамға қауіпті болады. Ол келетін күштеу және психикалық мәжбүрлеу салдарынан әрекет жасағаны үшін жауапкершілік туралы мәселе қажеттілік ережелері бойынша шешіледі. Сондықтан мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік егер алдынғы зиян, келтірілген зияннан көп болған жағдайда ғана жоққа шығарылады.
Бірінші шарт. Қорғану заңда тура атап көрсетілгендей, тек әрекет күйінде жүзеге асырылады. Әрекетсіздік өмірге, денсау, меншікке зиян келтірмейді, сондықтан да ондай қиянатқа тойтарыс берілмейді. Мазмұны жөнінен әрекет дене немесе мүліктік зиян келтіруден құралады. Денеге келтірілген зиян адам өмірін жоюға, денеге жарақат келтіруге да байланысты болуы мүмкін. Мысалы, С. деген адам маскүнемдіктің әсерінен үйде пышақпен пияз турап отырған К. деген өз әйелін сабап қана қоймай, оның мойнын бұрап, тұншықгырып далаға қарай сүйреген. К. өзін-өзі қорғау мақсатымен қолындағы пышақты күйеуіне қарсы жұмсауға мәжбүр болған, нәтижесінде күйеуі ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. К-нің жағдайын сот қажетті қорғану жағдайында істелген әрекет деп тапқан.
Жолда келе жатқан Ж. деген азаматты М. деген адам шалып құлатып, қолындағы темір балғамен жанды жерінен ұрғылай берген. Ж. М-ден қорғану мақсатымен өзі құлаған жерден қолына түскен таспен қиянат келтірүшінің басынан ұрып, оған ауыр дене жарақатын келтірген. Ж-нің әрекеті қажетті қорғану халінде істелген әрекет деп танылған. Қажетті қорғану халінде қиянат келтірушіге оның мүлкін жою, бүлдіру, қирату арқылы да зиян келтірілуі нүмкін. Мысалы: Автобус ішінде отырған бір топ жас жігіттер магнитофонды барынша айқайлатып музыка тыңдаған. Автобуста отырған Жапсарбай деген азамат жастарға келіп, магнитофонды өшіріп, тыныштық сақтауды өтінген. Бұл өтінішке магнитофон иесі жауап ретінде оны одан әрі қаттырақ сөйлетіп, өзі де қарқ-қарқ күлген. Бұл әрекетке ыза болған Жапсарбай әлгі жас жігіттің қолындағы магнитофонды жұлып алып, жүріп келе жатқан автобустың ашық терезесінен тысқа лақтырып жіберген. Магнитофон қирап, іске жарамсыз болып қалған, ал Жапсарбайдың әрекеті қылмыс емес деп танылған.
Екінші шарт. Қорғанушы зиянды қиянат келтірушінің тікелей өзіне (басқаға емес) келтіреді. Өйткені қажетті қорғанудың негізі қажетті қорғануды тудыратын қиянат келтірушінің өзі ғана болады. Ондай болса қажетті қорғану сол қиянат келтірушінің өзіне тікелей қарсы қолданылады. Мұндай қиянат келтірушіге келген зиян мөлшері, түрі әр түрлі болуы мүмкін: қиянат келтірушіні өлтіру, денесіне әр түрлі жарақат салу, оның мүлкін жою т. б. Осыған байланысты заң күні бұрын қиянат келтірушіге келетін зиянға ешқандай шек қоймайды.
Үшінші шарт. Қиянат келтірушіліктен дер кезінде қорғану қажет. Қоғамға қауіпті әрекеттің басталған уақыты мен оның аяқталғанға дейінгі аралығындағы қиянат келтірушіліктен қорғануды жүзеге асыру дер кезінде қолданылған қажетті қорғану болып табылады. Қол сұғушылық аяқталғаннан кейін де қорғану әрекетін одан әрі жалғастыру кешіккен қорғану деп танылады, мұндай іс-әрекет қылмыс қатарына жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысының 24тармағында "егер де зиян қол сұғушылықты тоқтатқаннан кейін немесе ол біткеннен кейін жасалып, қорғану құралының қажеттігі жоқтығы айқын болса және бұған қорғанушының көзі жетіп тұрса, ол қажетті қорғану жағдайында болды деп табылмайды. Мұндай жағдайда жасаған әрекеті үшін жауаптылық жалпы негізде қаралады" -- делінген .
Төртінші шарт. Қарсы әрекеттін, мақсатынан құралады. Ол қоғамдық қатынастарды оған зиян келтіруден қорғау болып табылады. Бұл туралы заңда қорғанушының немесе басқа адамнын жеке басының құқығын, тұрғын үйді, меншікті, жер учаскесін, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қоғамға қауіпті қастандықтан қорғау деп жалпылама аталған (32-бап, 1-бөлігі) .
Қауіп төндірушіге қолданылатын қарсы әрекеттің мақсатының өзі осы қоғамдық қатынастарға зиян келтірмеу, зиян келтіруден сақтау, қорғау болып табылады.
Егер қиянат жасаушылық кек қайтару, өзара есеп айрысудың қолайлы сәті ретінде пайдаланылса, мұндай жағдайда ондай зиян келтірушілік қылмыс болып табылады. Мысалы, Балбақ деген азамат өзімен араздасып жүрген Қарабай деген көршісінің баласын бақшасынан қауын үзіп жаткан жерінен ұстап алып, оны белбеумен ұрып тастайды. Баласының таяқ жеп жатқанын көрген Қарабай үйінде тығулы жатқан дыбыссыз атылатын мылтығын алып, оны оқтап, дәлме-дәл көздеп тұрып Балбақтың басынан атып, оны өлтіреді. Алдын ала және сот тергеуінде Қарабай Балбақтың баласын ұрып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Жалған қорғану
Жaлғaн қoрғaну жәнe oның қылмыcтық құқықтық cипaттaмacы
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды
Жалған қорғанудың сипаты
ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Пәндер