Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдіг


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ . . . 5
- Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының қалыптасу тарихы . . . 5
- Азаматтық заңдар қағидаттары мен жүйесі . . . 8
2 АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ . . . 12
2. 1 Азаматтық заңдардың қолдану тәртібі . . . 12
2. 2 Азаматтық заңдардың уақытына қарай қолдану . . . 13
2. 3 Азаматтық заңдардың кеңістікте қолдану . . . 15
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі - 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді.
1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі - Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін - жалпы ережелер бөліміндегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі - қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн кез келген жағдайларын белгiлеуде ерiктi.
Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында емiн-еркiн орын ауыстырып және айналысқа түсiп отырады. Егер қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени қазыналарды сақтау үшiн қажет болса, заң құжаттарына сәйкес тауарлар мен қызметтiң орын ауыстыруына шектеулер енгiзiледi.
Жұмыстың өзектілігі. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi.
Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, бiр тараптың екiншiсiне әкiмшiлiк немесе өзге де билiк жағынан бағынуына негiзделген мүлiктiк қатынастарға, соның iшiнде салық жөнiндегi және басқа бюджеттiк қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды.
Азаматтық құқық қайнар көдерінің бүгінгі күндегі өзектілігі өте маңызды. Еліміздің нормативті-заңнамаларының базасы жаңаруы, жаңа заңдар қабылдануы қайнар көздерді өзгертті.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі еліміздің маңызды және ірі заңдарының бірі болып табылады. Конституцияға сүйене отырып, Азаматтық кодекс нарықтық экономика кезеңінде мынадай құқықтық негіздерді анықтайды: меншіктің түрлерін пайдалану механизмі мен теңдігі, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық формалары, шарт бостандығы, кәсіпкерлердің шауашылық байланыстарындағы өз контрагенттерін өз бетінше анықтау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының қалыптасу тарихына тоқталу;
Азаматтық заңдар қағидаттары мен жүйесін сипаттау;
Азаматтық заңдардың қолдану тәртібіне, уақытына қарай және кеңістікте қолдану үрдісінің сипатын беру болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - азаматтық заңдар және оның қолдану үрдісі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
- Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының қалыптасу тарихы
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық кұқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін катынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтык нормалардың жиынтығы, екіншісінде - білімнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық кұқық ғылымы сол кұқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепе-теңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жок бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құкықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Цивилистикалык ғылымда жалпы ғылыми тәсілдермен катар талдаудың жеке құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалистік және тарихи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске азаматтык құкықта қолданылатын құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, сондай-ақ нақты социологиялық зерттеу әдістері (мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап бағалау) жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді., яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде
құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде - білімнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, мемлекет.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер, мазмұны және объектілер.
Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай пайда болғанда ғана пайда болады. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т. т. заңдылық фактілер болып табылады.
Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құыққ қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері - осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады. Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады.
Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, - басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Мәмілелермен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т. с. с.
Кейбір әрекеттер құыққ тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана, яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мысалы:, АК-тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқы тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.
Азаматтық құқық - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз - мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -материалдық игіліктермен(мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату - сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын - мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т. 6. ) .
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
- Азаматтық заңдар қағидаттары мен жүйесі
«Қағидат» (Принцип) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) - ол нормтаивтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасының заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек, азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылымүмкін болады.
Принциптер (қағидаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алады.
Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:
1. азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2. меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3. шарт еркіндігі;
4. жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5. азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6. нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7. азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталатын 2 бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнгың азаматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы принциптерді талдасақ.
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдіг. Азаматтық құқықтың басты қағидаттарының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни, бұдан азаматтық құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.
Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті, әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан да ол бұл орайда қызмет көрсету құралын бәрінен де жоғары қояды.
Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтың дамуына және бәсекеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие.
Шарт дегенімііз - шаруашылық қызметінің негізгі құралы. Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды, сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез-келген шарт жасасуына мүмкіндігі бар.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған және де ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік пен басқару органдарының, ата-аналардың, қызмет орны жетекшілерінің және басқа адамдардың әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым салынады.
Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық кодекстің бұл принципі конституциялық ережеде де жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты.
Нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету принципі. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің көбі мүліктік қатынастармен байланысты. Демек, олар белгілі бір дәрежеде материалдық мазмұнға ие. Азаматтық заңға бұл принципті енгізу азаматтық құқықтың өзекті мәселелерінің бірі - құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіруді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.
Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау принципі. Соттың қорғауын қамтамасыз ету принципі. Бұл конституциялық принцип: әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғану ролі төмен болып келді, яғни тек заңда көрсетілген жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкін.
Моральдық зиян Азаматтық кодекстің 951-бабына сәйкес адамның және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардың айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан), уайымға салған) жан азабы немесе тәне азабы (қорлау, ызыландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қинауы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т. б. ) деп есптеледі. Моральдық зиян оны келтірушінің кінәсіне орайластырылып өтеледі. Сонымен қатар, моральдық зиян оны келтірушінің кінәсін есепке алмай-ақ, егер ол төмендегідей жағдайларға байланысты орын алса:
1) зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;
2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды қолданудан, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе;
3) зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;
4) заң құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.
Заңда көзделген реттен басқа жағдайда азаматтың мүліктік құқығын бұзатын әрекеттер арқылы жасалған зиян өндіртіп алуға жатпайды.
Моральдық зиян ақшалай түрде өндіріледі. Моральдық зиянның көлемін анықтау кезінде жәбірленушінің шеккен рухани зардабын субъективті баға ретінде ескереді. Сондай-ақ жәбірленушінің рухани және денсаулығына байланысты зардап шегуінің дәрежесін анықтайтын объективті мәліметтер де ескеріледі: өмірлік маңызы бар жағдайларға қастандық жасау объектісі (өмірі, денсаулығы, абыройы, ар-намысы, еркіндігі, үйіне ешкімнің тиіспейтіндігі т. б. ) ; құқық бұзушылықтың ауыр зардаптары (жақын туысқанын өлтіру, денеге жарақат салу, сол арқылы мүгедек ету, еркінен айыру, жұмыссыз қалдыру немесе баспанасыздыққа душар ету және т. б. ) ; адамды мазақ қылатын жалған мәліметтер тарату сипаты мен жүйесі; жәбірленішінің өмірлік хал-ахуалы (тұрмыстық, отбасылық, қызметтік, материалдық, денсаулық жағдайлары, жасы және басқалары) ; басқа да назар аударуға тұратын жайттар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz