Қылмыстық заңның кері күші
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші
Орындаған: ЮП-18-5 тобының студенті
Қылышбек А.О.
Рецензет:з.ғ.к., доцент Алибеков С.К.
Ақтау-2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ УАҚЫТТАҒЫ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕГІ КҮШІ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі күші мәселелеріне тарихи шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Қылмыстық заңның уақыттағы күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ УАҚЫТТАҒЫ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕГІ КҮШІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Қылмыстық заңның кері күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күшінің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... .18
2.3 Қылмыстық заңды түсіндіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі -- қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері тұр.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі -- қылмыстық заң туралы ілім болып табылатынын анықтау;
қылмыстық заң дегеніміз -- Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт екендігіне сипаттама беру;
қылмыстық заңның міндеттері -- бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң -- қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ УАҚЫТТАҒЫ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕГІ КҮШІ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қылмыстық заңдардың уақыттағы және кеңістіктегі күші мәселелеріне тарихи шолу
Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің заңдылық, азаматтардың, заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарының іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі рөл атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Мемлекеттік шекара былай белгіленеді:
құрғақ аумаққа -- жер бедерінін сипатты нүктелері және сызықтары жатады;
су аумағына -- Қазақстан Республикасының ішкі суларынан басқа, аумақтық теңіз жағалауындағы теңіз суларының кеңістігі жатады;
әуе кеңістігі аумағына -- Қазақстан Республикасының құрлық және су аумағы үстіндегі аспан кеңістіктері жатады.
Каспий теңізіндегі ішкі су аумақтарына жататын акватория Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Қылмыстық заң Республикамыздың құрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады (ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігі)
Шельф -- аумаққа тиесілі судың астыңғы (200 м және одан да терең) және үстіңгі кеңістігі болып табылады.
Қойнау (жер қойнауы) -- шаруашылық және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құрлық және су аумағындағы кеңістік -- табиғи ортаның бір бөлігі (жер қойнауының астыңғы және үстінгі қабатындағы пайдалы қазбалар, өнімдер).
ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының портына тіркелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе КР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына қарамастан ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Дипломатиялық өкілдермен және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтармен қатынасқа түскен сәттен бастап қылмыстық заң, аумақтық қағидаттарға сүйеніп және соған сәйкес іске асырыла бастайды.
ҚК-тің 6-бабының төртінші бөлігінде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммуниттеті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі делінген.
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен қызметкерлеріне берілген құқықтар мен артықшылықтардың жиынтығы -- дипломатиялық иммунитет деп аталады.
Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқықтың нормалары 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясында кодификацияланып, бекітілген.
Шет мемлекет өкілдерінің иммунитеті -- дипломатиялық өкілдердің тұрғын-жайларына қол сұғылмаушылықты белгілейді. Дипломатиялық өкілдердің келісімінсіз олардың тұрғын-жайларына мемлекет тарапынан кіруге болмайды. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағында дипломатиялық иммунитетке ие болған дипломатиялық өкілдері және басына қол сұғылмаушылықты қолдана алады, яғни өкілдіктің басшысын қамауға немесе ұстауға, оны сот тәртібімен қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Дипломатиялық және консулдар өкілдіктері туралы ережеге сәйкес жеке басына қол сұғылмайтындығы иммунитегін елші, өкіл, сенімді өкіл және дипломатиялық өкілдіктің басқа да мүшелері: кеңесшілер, сауда өкілі және оның орынбасары, әскери, әскери-теңіз, әскери-әуе атташелері және олардың көмекшілері; бірінші, екінші және үшінші хатшылар, архивариус-хатшылар пайдаланады. Жеке басына қол сұғылмаушылық және қылмыстық жауаптылық иммунитеті құқығын олардың өздерімен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтын отбасы мүшелері де пайдаланады.
Осы негіздерге сәйкес, сондай-ақ еліміздің азаматы болып танылмайтын әкімшілік-техникалық қызметшілер және олармен бірге тұратын, отбасы мүшелері болып табылатын адамдар да осындай иммунитетті пайдалана алады. Бірақ мұндай құқықты тек қызмет барысындағы міндетті атқару кезінде қылмыс жасаған реттерде ғана пайдалана алады. Әрине, мұндай құқық, дипломатиялық өкілдіктердің қызметтерінде өз иммунитеттері пайдаланып, заңсыз әрекеттер жасасын дегенді білдірмейді. Заң осы аталған адамдардың қылмыстық жауаптылығы дипломатиялық жолмен шешілетіндігін белгілейді.
ҚР Президентінің 1995 ж. 19 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы з. к. б. Жарлығының 28-бабына сәйкес мұндай адамдар белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан кетіріледі.
ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, шпионаждық әрекеттің жасалған орны ҚК-тің 166-бабында қарастырылған әрекеттердің біреуі болса да жасалған орын болып есептеледі; мемлекеттік құпияны құрайтын мәлімет Қазақстан аумағында ұрланып, басқа мемлекетке берілген болса да, кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа Қазакстан Республикасынын Қылмыстық кодексі бойынша тартылады.
Егер қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық шекарадан тысқары жерде жүзеге асырылып, біздің елімізде аякталса, қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында жасалған деп танылады. Осы секілді қылмысқа қатысу, қылмысты ұйымдастыру немесе қылмыс жасауға азғырушылық әрекеттері үшін де жауаптылық дәл осындай тәртіппен белгіленеді.
Қылмыстық занның кеңістіктегі күші аумақтық қағидаттармен ғана шектеліп қоймайды. Ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азаматтарына колданылатын азаматтық қағидаттармен де толықтырылады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңы төмендегілерді орнықтырды:
осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын:
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Осы заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы территориясындағы және оның азаматтары емес адамдар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады, бұған олардың Қазақстан Республикасының шарттары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленіп алып тасталғандары қосылмайды.
Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.
Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.
Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмысы үшін, егер Казақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер қылмысы Қазакстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
1.2 Қылмыстық заңның уақыттағы күші
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші Қылмыстық кодекстің 4 және 5-баптарымен реттеледі.
ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.
Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттің ғана қылмыстылығын және жазаланатындығын анықтауға болады.
Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады.
Республиканың заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай арнаулы заң Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы болып табылады.
Қылмыстық заңды жариялау және күшіне енгізу тәртібі былайша белгіленген:
а) егер заңның күшіне ену мерзімі сол заңның өзінде белгіленсе, онда заң сол мерзімде көрсетілген күннен бастап (жарияланған күннен немесе нақты көрсетілген мерзімнен бастап) заңды күшіне енген болып саналады;
ә) егер заңда оның күшіне ену мерзімі көрсетілмесе ол Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысында немесе "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда", "Заң", Юридическая газета", газеттерінде ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн өткен соң Республиканың барлық аумағында заңды күшіне енеді.
Мерзімдерді есептеудің жалпы қағидаттарына сәйкес белгіленген мерзімнің соңғы тәулігі өтісімен заң күшіне енген болып саналады.
Қылмыстық занды дәлме-дәл, дұрыс қолдану үшін қылмыстың жасалу уақытын анықтаудың маңызы зор.
ҚК-тің 4-бабына сәйкес қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
Бұл норма материалдық сондай-ақ формальды қылмыс құрамының жасалу уақытын анықтайтын бірыңғай ережені бекітеді.
Қылмыстық заң мынадай әр түрлі негіздерге байланысты өзінің күшін жоюы немесе тоқтатуы мүмкін:
а) сол заңды басқа жаңа заң алмастыруына байланысты;
ә) заңда көрсетілген мерзімнің өтуіне я болмаса басқа заңдардың болуына байланысты;
б) егер қылмыстық заң белгілі бір мерзімге немесе ерекше мән жайларға қатысты шығарылса, онда ол белгіленген мерзімнің өтуімен немесе аталған мән-жайлардың жойылуымен өзінің күшін жоюы не тоқтатуы мүмкін.
ҚК-тің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық занның күшінің ол заңды күшіне енгенге дейінгі болған әрекеттерге қолданыла беруіне мүмкіндік береді.
ҚК-тің 5-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни мұндай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Жаңа қылмыстық заң мына жағдайларда әр кезде де кері күшке ие:
1) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жойғанда;
2) жауаптылықты немесе жазаны женілдеткенде;
3) қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолдармен жақсартқанда.
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заң болып әрекеттің қылмыс қатарынан (яғни Қылмыстық кодекстен) алынып тасталуын көздейтін немесе осы әрекет үшін оның жазаланушылығын жоятын заң танылады.
Жаңа заңның, ескі заңмен салыстырғандағы жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететіндігін анықтау мәселесі екі заңның да диспозициясы мен санкциясын салыстыру негізінде шешілуі қажет.
Өзгеріске түспеген диспозицияда егер жаңа заң:
1) жазаның бір түрін басқа түрімен -- жеңіл жазамен ауыстырса (мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына ауыстырса);
2) жазаның бұрын көзделген бір түрінің орнына (мысалы, бас бостандығынан айыру) жаңа заңның санкциясында басқа да неғұрлым жеңілірек жазалар енгізілсе (мысалы, бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары немесе айыппұл);
3) көзделген жаза мерзімінің ең жоғарғы жазалау шегін азайтса (мысалы, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырса);
4) сондай жазаның ең төменгі жазалау шегін азайтса (мысалы, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырса);
5) негізгі жазаны өзгертпестен қосымша жазаны алып тастаса;
6) негізгі жазаны өзгерту мүмкін емес болған жағдайда қосымша жазаның түрін және мерзімін жеңілдетсе;
7) жаңа заң бойынша жазалауды алдыңғы заңмен салыстырғанда бір мезгілде күшейтсе және жеңілдетсе, онда нақты әрекет үшін неғұрлым жеңілірек жаза колданылуы мүмкін.
Бұл орайда алдыңғы заңда белгіленген жазаның ең жоғарғы шегінен, тағайындалған жазаның шегі жоғары болмауы тиіс.
Қылмыстық заңның кері күші сотталған және жазасын өтеп жүрген немесе бұрынғы, қатаң норма бойынша жазасын өтеген бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын женілдетсе, тағайындалған жаза жанадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс (ҚК-тің 5-бабының екінші бөлігі).
ҚК-тің 5-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мына жағдайда қылмыстық занның кері күші болмайды:
1) егер ол әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілесе;
2) егер ол жауаптылықты немесе жазаны күшейтсе;
3) егер ол әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын болса.
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ УАҚЫТТАҒЫ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕГІ КҮШІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
2.1 Қылмыстық заңның кері күші
Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бiр қоғамық қатынастарды реттейдi. Бұлар - мемлекет атынан жүзеге асатын құқық қорғау органдары және қоғамға қауiптi қол сұғушылық жасаған адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқық реттеу қызметiмен қатар адамды, қоғам мен мемлекеттiк қылмыстық қол сұғушылықтан қызметтерін де атқарады. Бұл қызметтер белгілі бiр әрекеттер жасауға қылмыстық-құқықтық тыйым салуды заңда баянды ету арқылы, сондай-ақ реттеу қызметiн жүзеге асыру арқылы кылмысы үшiн кiнәлi адамдарға жаза қолдану жолымен iске асырылады.Қылмыстық құқық сонымен қатар, жалпы және арнайы ескерту (превенция), осы сияқты жазаның заңда белгiленген мақсаттарына жете отырып қоғамдық қатынастарға аса ауыр зиян келтіретiн басқа да қылмыстарды болдырмау немесе олардың алдын алу қызметтерiн де атқарады. Басқаша айтқанда қылмыстық құқықтың реттеуші және қорғаушы қызметтерi бір-бiрiмен тығыз байланысты. Қылмыстық-құқықтық реттеу және қоғамдық қатынастарды қорғау - мәжбүрлеуден, яғни қылмыстық заңда көрсетiлген ықпал ету шараларын қолданудан, қылмысы үшiн кiнәліні жауаптылыққа тартудан тұратын негiзгi әдiстер арқылы жүзеге асады. Бұларға қоса қылмыстық құқық қылмыстық заңмен қайшылыққа келiп қалған адамның, сол қайшылықтан шығып кету мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн қолдану (көтермелеу) әдiсiн де қолданады. Мемлекет заңмен мақұлдаған реттерде, өз кезегiнде кiнәлi адамның үлгiлi тәртiбiн ескерудi, оны жауаптылық пен жазадан толық немесе iшiнара босатуды, немесе оның жазасын жеңiлдетудi (қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негiздерi көрсетiлген нормаларды, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән -жайларды белгiлеу арқылы және т.б.) мiндетiне алады. Қылмыстық құқықтың өзгешелiктерi мен мазмұны оның. алдында тұрған мiндеттерін шарттасып, байланысып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінiң 2-бабының, бiрiншi бөлігiнде осы кодекстің - мынандай мiндеттерi айқындалған: адам мен азаматтың құқықтарын бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаган ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзатың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу.
Бұл көрсеткіштер мемлекетімізде қоғамға қауіпті қылмыстық әрекеттердің жыл санап көбейіп келе жатқандығының дәлелі.
Қоғамымызда қылмыстылықтың алдын алу шаралары мемлекеттік деңгейде атқаруды қажет етіп отыр. Қылмыстық нормалардың дұрыс орындалуын, сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық нормалар ұғымы, құрылымы жан жақты зерттеліп, арнайы түсіндіріледі. Сондай-ақ қылмыстылықпен күресті тиімді ұйымдастыруда құқық нормаларын дамыту, іс-тәжірибедегі өзекті мәселелерді шешу өзекті мәселеге айналмақ.
Бұл аталған жағдайлар зерттеліп отырған тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түскендей.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде. Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына жолдауында былай деп айтты: біздің Конституциямыз әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады,- деді.
Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.
Сонымен бірге 1959ж. Қазақ ССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға қолданылады.
Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар жұмыстың өзектілігін дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды.
Қылмыстық жауаптылықты тартылу және жеңілдету қылмыстық заңнамада көптеген іс-әрекеттерді қамтиды, оның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті қамтиды, тарылту қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға жол беріледі.
Қылмыстық жауаптылықты тартылу және азайту барлық қылмыстарға қатысты қолданылмайды, әсіресе ауыр қылмыстық әрекеттерге заңнаманы әлсірету. Қылмыстық жаза тек сот үкімімен қолданылады:
1) қылмыстық жауаптылық және жазаға тек нақты іс-әрекеттер жасаған жағдайда қолданылады;
2) олар тек объективті қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер үшін ғана жауапкершілікке тартылуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz