ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ.5
1.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптың түсінігі және оның түрлері ... 9
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Қылмыс жасаудың әдісі, орын, уақыты, жағдайы және құралдары мен қарулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыс қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағын, яғни оның түінігі мен ұғымын, оның факультативті белгілерін қарастыруға арналған.
Зерттеу жұмысының бірінші тарауында қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының ұғымы мен маңызы туралы, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптары кең көлемде қарастырылады. Ал, екінші тарау бойынша, қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының белгілері талқыланған. Оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері туралы жазылды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қылмыстың объективтік жағы - қылмыс жасаушының қылмыстық әрекетке байланысты мінез-құлқының ішкі жағы.
Объективтік жақтың өзіне тән төмендегідей белгілері бар: 1) қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік; 2) қоғамға қауіпті зардап; 3) қоғамға қауіпті әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс; 4) қылмыстың жасалу орны, уақыты, жағдайы, тәсілі және құралы. Алғашқы үш белгілі объективтік жақтың негізгі белгілерін, ал соңғысы факультативті белгісін құрайды. Қылмысты объективтік жағына қарай саралау, объективтік жақтың бар екенді ін анықтаудан басталады, яғни, әрекет пен әрекетсіздікті, қылмыстық зардапты және осы екеуінің арасындағы себепті байланысты Қылмыстық құқықта кеңестік деген ұғым нақты іс-әрекеттің істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға қауіпті іс- әрекет, істелген орын және уақыт та қосылады.
Кез келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқылық белгіленген қылмыс құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстын объективтік жағы нақты қандай белгілерден тұратынын анықтау өте қажет. Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамын ғылыми негізде зерттеуде А. Н. Трайнин үлкен үлес қосқан. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінақты нормаларын талдағанда, жоғарыда көрсетілген қылмыстың объективтік жағының барлық белгілерг түгелдей дерлік, нақты нормаларқайсысында кездесе бермейді Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс -әрекеттен міндетті түрде туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты) болуын заңның өзінде атап көрсетеді.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының маңызы кең көлемде қарастырып, оның белгілерін, яғни, факультативті белгісін анықтау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының ұғымы мен түсінігін қарастыру;
Қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптарын зерттеу;
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілерін анықтау;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстың объективті жағының маңызын сөз еткенде, алдымен, ҚК-нің 3-бабына жүгіну керек, онда жауаптылық тудыратын негіз жайында айтылған. Қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі - қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті жасау. Яғни, қылмыс құрамының объективті жағының белгілері болмаса - жалпы қылмыстық жауапкершілік те болмайды. Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық катынастарға зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупін төндірген іс-әрекет қоғамға қауіпті деп танылады. Қоғамға қауіпті іс әрекет келтірген знянды аныктай отырып қылмыстық кұкық "қоғамға қауіпті зардап" деген ұғымды пайдаланады, ал қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы байланысты анықтау үшін қылмыстық құқықта себептік байланыс деген термин пайдаланылады. Бұл екі белгі де факультативтік болып саналады . Қылмыстық iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) кез келген қылмыстың объективтiк жағының мiндеттi белгiсi, өйткенi ол объективтiк жағының негiзi, өзегi ретiнде танылады. Əрекет немесе əрекетсiздiк қоршаған ортамен өзара əрекеттесудiң əртүрлi нысанында жəне белгiлi бiр жағдайларда, уақытта жəне орында жасалуы мүмкiн.
Курстық жұмыстың пәні-қылмыстық құқық
Курстық жұмыстың құрылымы. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері тақырыбына жазылған курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
1.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі мен маңызы

Қылмыстың объективті жағы қоғамға қауіпті қастандықтың сыртқы жағы болып табылады. Оны мынадай белгілер сипаттайды: қоғамға қауіпті іс- әрекет (әрекет не әрекетсіздік), қоғамға қауіпті зардап (кылмысты нәтиже), қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыс, қылмыс жасалған орын, уақыт, тәсіл, жағдай, жасау құралы мен қаруы.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы кылмыстық заңы адамның жүзеге асырылуы адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіптілік төндіретін идеясы мен ойын емес, қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзатын қоғамға қауіпті іс әрекетті қылмыс деп таниды. Қылмыстың объективті жағы субъективті жақпен тығыз байланысты.
Қылмыстың объективті жағын анықтай отырып қылмыстық заңда тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның пиғылын, сылтауын және мақсатын білуге мүмкіндік аламыз. Қылмыстың қандай да бір құрамында объективті жақ болмаса субъективті жак та болмайды.
ҚК-нің Ерекше бөліміндегі баптардың диспозиция- дарынды заң шығарушы қылмыстың объективті жағынын белгілерін міндетті түрде көрсетеді. Мысалы, ҚК-нін 99-бабы адам өлтіруге баска адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп анықтама береді. Сондықтан, қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыстың барлық құрамдарынын міндетті белгісі болып табылады деп тұжырым жасауға болады. Сонымен қатар заңда, көбіне, қылмыстың объективті жағының басқа белгілері де көрсетіледі. Бұл белгілер қылмыстың әрбір құрамы үшін міндетті болмағандықтан олар қосымша немесе факультативтік деп аталады.
Мысалы, қылмыстың зорлау (КК-нің 120-бабы) сияқты құрамы үшін қылмыстың жасалу орнының маңыздылығы жоқ, бұл қылмыс қай жерде жасалса да жауаптылық туындайды. Сонымен қатар, қылмыстың жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу сияқты құрамы үшін (ҚК-нің 285-бабы) қылмыстың жасалған жері - жарылыс қаупі бар объектілер немесе жарылыс қаупі бар цехтар" - міндетті белгі болып табылады.
Кейде, нақты қылмыстың белгілерін анықтау үшін заң шығарушы қайсыбір қылмыстардың жасалу тәсілдерін көрсетеді. Атап айтқанда, ҚК-нін 6-тарауында (Меншікке қарсы қылмыстар) ұрлықтың формасын анықтағанда заң шығарушы қандай тәсіл қолданылып мүліктің алынғанын көрсетеді. Мысалы, ұрлық жа- сырын жасалады, тонау - ашық, алаяқтық алдау не сенімге қиянат жасау арқылы жасалады.
Кейбір жағдайларда заң шығарушы қылмыс жасаудың каруы мен құралдарын көрсетеді. Мысалы, ҚК-нің 335-бабында өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралы, жарылғыш және химиялык заттарды, электр тогын қолдану сиякты белгілер келтірілген.
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық катынастарға зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупін төндірген іс-әрекет қоғамға қауіпті деп танылады. Қоғамға қауіпті іс әрекет келтірген знянды аныктай отырып қылмыстық кұкық "қоғамға қауіпті зардап" деген ұғымды пайдаланады, ал қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы байланысты анықтау үшін қылмыстық құқықта себептік байланыс деген термин пайдаланылады. Бұл екі белгі де факультативтік болып саналады [2,34бет].
Сонымен, қылмыстың объективті жағы дегеніміз қылмыстық-құқықтық қорғаудағы объектілерге кол сұғатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілердін жиынтығы, сондай-ак сол қастандықпен байланысты объективті жағдайлар [3,65бет].
Қылмыстың объективті жағының маңызын сөз еткенде, алдымен, ҚК-нің 3-бабына жүгіну керек, онда жауаптылық тудыратын негіз жайында айтылған. Қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі - қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті жасау. Яғни, қылмыс құрамының объективті жағының белгілері болмаса - жалпы қылмыстық жауапкершілік те болмайды.
Қылмыстың объективті жағы қылмыстардың дұрыс саралануына септігін тигізеді. Мысалы, қылмыстық заңнама бөтен адамның мүлкін ұрлағандык (ҚК-нің 187-204 - баптары) үшін қылмыстық жауаптылықты ұрлықтың формасына қарай аныктайды. Бұл қылмыстардын барлығы (ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, иелену, ысырап ету) бір объектіге (меншікке) жасалатын қастандық, ол қасақана жасалыналы. Объективті жақты дурыс аныктай отырып кана бұл қылмыстарды дұрыс саралауға болады.
Объективті жак шегінде келген кандай да бір зардаптар бойынша денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстарда да (ҚК-нің 106, 107-баптары) дұрыс саралауға мүмкіндік туады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалу тәсілі белгілі болса, қандай объектіге қастандық жасалуы мүмкін екендігін де, кінәнің формасын да анықтауға болады. Мысалы, бөтен адамның мүлкін ұрлау мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық көрсете отырып шабуыл жасау (ҚК-нің 192-бабы қарақшылық). Бұдан біз қылмыстық әрекет адамға қарсы және меншікке қатысты жасалған және де қасақана жасалған деген тұжырымға келеміз.
Объективтік жақтың белгілерінің көмегімен бір қылмыстық іс-әрекетті екіншісінен ажыратуға ғана емес, қылмыстық іс-әрекетті құқық бұзушылықтың басқа түрлерінен де (әкімшілік, тәртіптік және т. б.) бөлектеуге мүмкіндік аламыз. Мысалы, ҚК-нің 340 - бабының 2-бөлігінде ағаштар мен бұтақтарды заңсыз кескендік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ал, қылмыстың бұл құрамы осындай әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зияннын мөлшері сияқты белгілерімен (коғамға қауіпті салдарымен) ерекшеленеді. Немесе қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі) тәртіптік теріс қылықтан объективті жақтың қоғамға қауіпті зардап, яғни келген зиянның мөлшері сияқты белгілерімен ерекшеленеді.
Егер лауазымды адамның өз өкілеттігін теріс пайдалануынан азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келсе, ондай теріс пайдаланғандық қылмыс болып табылады. Егер келген зиян елеусіз болса, онда тәртіптік жауапкершілік көзделеді.[4,97бет]
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы байланысты анықтау қылмыстың материалдық құрамдарындағы қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты болып табылады. Себептік байланыс болмаса келген зиянды зардап үшін қылмыстық жауаптылық көзделмейді.
Себептік байланыс қылмыстың материалдық құрамдарының объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады.
Себептік байланыс туралы ілім қылмыстық құқықта себептілік теориясына негізделеді.
Философиялық себеп және салдар санаттары объективті себептік-салдарлық байланысты көрсетеді. Құбылыс(процесс, оқиға) басқа құбылыстың(процестің, оқиғанын) себебі болады, егер бірінші екіншіден бұрын
болса және екіншінің туындайтын алғышарты немесе туындауының өзгеруінің немесе дамуынынегізі болca.
Себептілік - адам санасынан тыс және оған тәуелді емес, материалдық әлем құбылыстары арасындағы объективтік байланыс. Біздін санамызға тәуелді болмаса да себептік байланысты танып білуге болады. Ол үшін зерттелетін кұбылысты өзара байланыстың жалпы жүйесінен жасанды түрде оқшаулау керек.
Қылмыстық құқықта әрекетті немесе әрекетсіздікті қоғамға келген қауіпті зардаптың себебі деп тану үшін іс-әрекет уақыт бойынша зардаптан бұрын жасалынып, оның болуына нақты мүмкіндік тудыруы және ол зардап басқадан емес, дәл осы іс-әрекеттен болуы тиіс. Мысалы, А. инвентаризация жүргізу кезінде ірі мөлшердегі жетіспеудің бетін ашқан. Бірақ ол пара алып бұл фактыны жасырып қойған. Бірінші инстанция соты оны талан-таражға қатысқаны үшін соттаған. Ал, жоғарғы инстанция соты бұл тұжырыммен келіспеген, себебі A. жетіспеуді жасырып өзінің қызмет бабын теріс пайдаланған. Оның іс-әрекеті талан-тараждан келген материалдық залалмен себептік байланыста емес, себебі жетіспеуді жасыру уақыт бойынша талан-тараждан кейін орын алған [5,45бет].
Себептік байланыс болу үшін іс-әрекет айыптыға тағатын қылмыстық зардаптың, дәл сол зардаптың болуына нақты мүмкіндік тудыруы керек. Мысалы, автомашина басып кетіп, жаяу келе жатқан адам қаза табады. Бұл жағдайда көлік жүргізушінің әрекеті мен жәбірленушінің қаза табуы арасында себептік байланыстың болған-болмағандығын айта салу оңай емес. Алдымен жүргізушінің жол жүру қауіпсіздігі ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзған-бұзбағандығын айқындау керек, ол үшін арнайы автотехникалық сараптама жүргізіледі.
Батыстың қылмыстық-құқықтық әдебиетінде ғалымдар арасында себепгік байланысқа қатысты ортақ пікір жоқ. Екі негізгі теория: қажетті жағдайлар теориясы (conditio sine gua non) мен барабар себептілік теориясы кең таралған. Бірінші теорияның мәнісі сонда - келген зардаптың алдындағы барлық жағдайлар, өздерінің жақын-қашықтығына қарамай, бірдей деп саналады, яғни әрбір жағдай болған зардаптың себебі ретінде қарастырылады. Бұл теорияны жақтаушылар қажеттілік пен кездейсоқтық арасын бөлмейді.
Барабар себептілік теориясы жалпы ереже бойынша қоғамға қауіпті зардаптар әкелетін әрекеттерді қылмыстық нәтиженің себебі деп қарастырады, нақты жағдайдың ерекшеліктерін есепке алмайды.
Жағдай дегеніміз - өзінше тікелей басқа құбылысты тудыра алмайтын құбылыс, бірақ себептерге қосылып, оларға ықпал етіп, олардын дамуын қамтамасыз етеді.
Зардаптың басқа емес дәл осы құбылыстың болғандығы анықталғанда гана оқиға жағдай емес, себепке айналады. Сондықтан да отандық қылмыстық
құқықта себептік байланыс екі түрге: қажетті және кездейсоқ болып бәлінеді. Зиянды зардап мазмұнында осындай зардаптың нақты болу мүмкіндігі бар және ол үшінші адамның араласуынсыз немесе қандай да бір сыртқы күштің көмегінсіз жасалған әрекеттің заңды салдары болып табылса, кажетті себептік байланыс болады Мысалы, адамды мылтықпен атып өлтіру. Қоғамға кауіпті әрекеттің - атудын нәтижесінде қоғамға кауіпті зардап - алам елім болды. Бұл - қажетті байланыс.
Зардап белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесінде емес, өзге себептерден және мән-жайлардан туындысы, ол - кездейсоқ себептік байланысқа жатады. Мысалы адам басқа біреудің денсаулығына зиян келтіреді (ҚК-нің 107-бабы денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру). Бірак жәбірленуші дер кезінде медициналық көмек сұрамаған, онын жарасына инфекция түсіп ол кайтыс болған. Бұл мысалда адамнын әрекеті мен денсаулыққа келген ауырлығы орташа зиян арасында ғана себептік байланыс болады.
Сондықтан айыпты денсаулыққа қасақана женіл зиян келтіргені үшін ғана ҚК-нің 107-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Себептік байланыс, егер қылмыс әрекетсіздік арқылы жасалса, қылмыстың материалдық құрамының объективтік жағының міндетті болып табылады.
Әрекетсіздік те сыртқы әлемге қандай да бір өзгеріс енгізеді, себептік мүмкіндігі жағынан ол әрекеттен кем емес.
Әрекетсіздік пен зиянды зардап арасындағы себептік байланыстың болуы керектігі КК-нің кейбір баптарында тікелей көрсстілген. Мысалы, 361-бапты 1-бөлігінде лауазымды адамның өз міндетін дұрыс аткармауы азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделерінің, не мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерінің едәуір бұзылуына алып келсе, қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондықтан да, белсенді әрекет арқылы жасалған қылмыстардағы себептік байланысты анықтауға қойылатын барлық талаптар мен жағдайлар адамның қоғамға қауіпті әрекетсіздігі мен одан келген зиянды зардаптар арасындағы себептік байланысты анықтауда да қойылады.
Бірнеше адамның әрекеті мен одан келген зардап арасындағы себептік байланысты анықтау керектігі де кейбір жағдайларда туындайды. Бұл ретте қылаыстан келген зардап пен оған қатысқан әр адамның әрекеті арасындағы себептік байланыс анықталады.[4,107бет]
1.2 Қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптың түсінігі және оның түрлері

Қоғамға қауіпті зардаптар дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаудың нәтижесінде қылмыстық занмен қорғалатын коғамдық қатынастарға зиян келтіру.
Кез келген оқиға немесе әрекет сыртқы әлемге қалай да бір өзгеріс алып келеді, зардап тудырады.
Қоғамға жасалған қауіпті іс-әрекеттің заңмен қорғалатын қатынастарға және саяси, әлеуметтік, экономикалық саладағы мүдделерге, мораль мен өнегеге зиян келеді.
Қылмыс адамның жеке басына қарсы жасалғанда ол адамның қаза табуы немесе оның денсаулығына зиян келуі мүмкін. Экономика саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе мемле- кетке зиян келтіреді.
Қолданыстағы Қылмыстық кодексте кандай қауіпті зардаптар болатындығына қарай әртүрлі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: ауыр зардаптар, ірі мөлшер, ірі залал, едәуір залал, елеулі зиян, елеулі материалдық залал және г. б. Бұл ұғымдар мен терминдердің біразында бағаберушілік сипат бар, оларға түсініктеме керек. Сот практикасын зерделеу негізінде ондай түсініктемені Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты бере алады, басқа ұтымдарды заң шығарушы кылмыстык заңның өзінде, ҚК баптарына
берілген ескертулерде ашады.
Қылмыстық зардаптарды материалдық және материалдық емес деп екі топқа бөлуге болады.
Көп жағдайларда материалдық зардаптарға азаматтарға, қоғамдық ұйымдар мен мекемемлекетке келген мүліктік залал. адамның жеке басына келген физикалык зиян жатады. Материалдық емес зардаптарға моральдық, саяси, ұйымдық және басқа материалдық емес зиян жатады.
Материалдық зардаптар мүліктік сипаттағы зардаптарға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге белінеді.
Мүліктік залал ретіндегі материалдық зардапты заң шығарушы ақшамен өлшейді. Мысалы, ҚК-нің 192-бабының ескертуінде ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері делінген. Мұны 6-тараудың (Меншікке қарсы қылмыстар) барлық баптарына қолдануға болады.
Жеке басқа келген зардаптарға мұндай сандық өлшем кейде жарамайды. Мысалы, адам өлімінде өлшем жоқ. Бірақ денсаулыққа келген зиян жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр деп бөлінеді. Материалдық емес зардаптар мекемелердің қалыпты жұмысын, қоғамдық тәртіпті бұзудан көрініс табады. Мысалы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, бұзақылық.
Материалдық емес зардаптар адамның ар-намысын таптаудан, оның мүліктік емес құқықтарын бұзудан да көрініс табады. Мысалы, өсек тарату, қорлау, авторлық құқықты бұзу және басқадай моральдық зиян келтіру.
ҚК-нің баптарында заң шығарушының қылмыстың объективтік жағын қалай қалыптастырғанына қарай қылмыс құрамдарын материалдық, формальды, келте деп бөлуге болады.[4,103бет]
Қылмыстық iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) кез келген қылмыстың объективтiк жағының мiндеттi белгiсi, өйткенi ол объективтiк жағының негiзi, өзегi ретiнде танылады. Əрекет немесе əрекетсiздiк қоршаған ортамен өзара əрекеттесудiң əртүрлi нысанында жəне белгiлi бiр жағдайларда, уақытта жəне орында жасалуы мүмкiн.
Қылмыстық құқықтық мағынада iс-əрекеттiң құқықтың белгiлерi бар, олар қоғамға қауiптiлiк жəне құқыққа қайшылық. Iс-əрекеттiң қоғамға қауiптi белгiсi, яғни қылмыс болып табылатын iс-əрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады жəне елеулi зиян келтiредi немесе осындай зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi. Сондықтан, қылмыстық заң бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған əрекет, егер оның қоғамға қауiптiлiгi мардымсыз, шамалы болса қылмыстық iсəрекет деп танылмайды. Iс-əрекеттiң құқыққа қайшылық белгiсi бойынша, əлеуметтiк баға, көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғамға қауiптi болып табылатын əрекеттер, егер олар қылмыстық заңда қарастырылмаған болса да қылмыстық iс-əрекет деп танылмайды.
Iс-əрекет нақты, саналы жəне ерiктi түрде жасалғанда ғана қылмыстық сипатқа ие болады. Адамның əрекетi оның еркiнiң сыртқы көрiнiсi, ол саналы түрде жəне белгiл бiр мақсатқа жету үшiн жасалуы тиiс. Əрекеттiң сипаты адамның еркiмен жасалған болса ғана оның кiнəсi туралы мəселе туындайды. Сондықтанда адамның рефлекторлық, яғни сыртқы əсер етуден пайда болған дене қозғалысын, сандырақтап жатқан ұйқыдағы адамның қимылын адамның саналы, ерiктi iс-əрекетi деп қарауға болмайды, себебi ол əрекеттер адамның өз ырқына бағынбайды. Мысалы, ырық бермейтiн табиғат күшiнiң немесе дүлей күш көрсетудiң əсерiне ұщыраған адамның əрекетi қылмыс емес. Сонымен бiрге, егер күштеп мəжбүрлеудi жеңе алмады делiк, мұндай жағдайда жасалған қоғамға қауiптi iс-əрекет оны жасаған адамның қылмыстық жауаптылығын болдырмайтын мəн-жайға айналады. Сонымен, қылмыстық iс-əрекет қоғамға қауiптi, қылмыстық құқыққа қайшы, саналы жəне ерiктi түрде жасалғанда ғана қылмыстық жауаптылыққа əкеп соғады.
Қылмыстық iс-əрекет əрекет немесе əрекетсiздiк түрiнде көрiнедi.
Əрекет адамның белсендi iс-қимылы жəне қоғамға қауiптi iс-əрекеттiң кең тараған түрi. ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнде қарастырылған қылмыстардың басым көпшiлiгi осы белсендi əрекетпен жасалады. Кез келген əрекеттiң негiзiнде адамның белгiлi бiр мақсатқа жетудi жүзеге асыруға бағытталған саналы дене қимылы жатыр. Қылмыстық əрекет адамның бiр əрекетiнен немесе бiрқатар жеке, бiр бiрiмен байланысқан əрекеттерiнен құралады. Мысалы, адам бiр қылмысты жасау үшiн оған ең алдымен дайындалады (қылмыстың орнын, уақытын, қаруын iздеу жəне т.б.).
Қылмыстық əрекеттердi жасау кезiнде субъект əртүрлi қаруларды, механизмдердi, техникалық процестердi, жануарларды немесе басқа адамдарды, олардың есiнiң дұрыс еместiгi, жастығын немесе жағдайды ұғына алмауын пайдаланып қылмыс жасауы мүмкiн. Мысалы, егер қылмыс субъектiсi үйретiлген иттi пайдаланып басқа адамның денсаулығына зиян келтiрсе, мұнда ит қылмыс құралы болып табылады да, иттiң иесi қылмыстың субъектiсi ретiнде жауапқа тартылады.
Əрекетсiздiк - қоғамға қауiптi iс-əрекеттiң екiншi түрi. Əлеуметтiк жəне құқықтық қасиетi бойынша əрекетсiздiк əрекетке ұқсас. Ол да əрекет сияқты сыртқы дүниеге белгiлi бiр өзгерiс əкелуге жəне əсер етуге қабiлеттi. Алайда, əрекетке қарағанда əрекетсiздiк адамның белгiлi бiр əрекеттi жасауға мiндеттi немесе оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол əрекеттi жасамау түрiндегi бəсең, енжар əрекетi.
Қылмыстық заңда объективтiк жағы əрекетсiздiкпен сипатталатын қылмыстар бар, бiрақ шамалы.
Əрекетсiздiк қылмыстық заңға қайшы болса ғана қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болады, яғни əрекет жасау мiндеттiлiгi қылмыстық заң нормалары талаптарынан туындауы тиiс.
Əрекетсiздiк үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартудың мiндеттi шарттары болып, адамның заңда жүктелген мiндеттердi орындамауы жəне орындауға мүмкiндiгiнiң болуы табылады. Нақты əрекеттердi жасау мiндеттерi адамға заң тарапынан, кəсiби немесе қызметтiк жағдайынан жүктелуi мүмкiн. Мысалы, ҚК 152-бабы бойынша, қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi қоғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген адамның бұзуы қылмысында ҚР еңбек туралы заңының талаптарын орындамау түрiндегi əрекетсiздiк. Қызметтiк мiндеттi орындамау түрiндегi əрекетсiздiк, мысалы, ҚК 119-бабы бойынша науқасқа дəрiгердiң көмек көрсетпеуi түрiндегi əрекетсiздiк.
Əрекетсiздiк үшiн жауаптылық мiндеттен басқа, адамның өзiне жүктелген мiндеттi орындауға мүмкiндiгi болған кезде ғана қарастырылады. Əрекет етуге мүмкiндiгiнiң бар екендiгiн анықтауда белгiлi бiр нақты жағдайдағы адамның мүмкiндiктерi ескерiледi. Егер қажеттi жəне мiндеттi əрекеттер адамның еркiнен тыс жағдайларға байланысты орындалмаса, ол адам əрекетсiздiк үшiн жауаптылыққа тартылмауы тиiс. Белгiлi бiр нақты жағдайда адамның жүктелген мiндеттi орындауға мүмкiндiгiнiң болған, болмағандығы туралы мəселенi сот қылмыстың объективтiк жағдайларын жəне адамның субъективтiк мүмкiндiктерiн ескере отырып шешедi.
Қылмыс құрамы объективтiк жағының келесi белгiсi болып қоғамға қауiптi зардаптар немесе қылмыстық зардаптар табылады.
Қылмыстық зардаптар деп адамның əрекетi немесе əрекетсiздiгi нəтижесiнде қоршаған ортада болған жəне қылмыс құрамының объективтiк белгiлерiне жататын өзгерiстердi түсiну қажет.
Кез келген қылмыстық əрекет немесе əрекетсiздiк қылмыстық заңмен қорғалатын жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қол сұғады, сондықтан ол зиянды, қауiптi. Ол зиян келтiре отырып қоғамдық қатынасты бұзады жəне осы қатынастарда зиянды өзгерiстердi тудырады.
Сипатына қарай қоғамға қауiптi зардаптарды екi үлкен топқа бөлу қалыптасқан:
1) материалдық зардаптар
2) материалдық емес зардаптар
Көп жағдайларда материалдық зардаптарға азаматтарға, заңды тұлғаларға жəне мемлекетке келтiрiлген мүлiктiк зиянды жəне жеке адамға келтiрiлген дене зиянын жатқызады. Яғни, материалдық зардаптар сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарын жою, бүлдiру, қасиетiн өзгертумен немесе оларды тұрақты немесе уақытша пайдалану мүмкiндiгiнен айырумен байланысты зардаптар ретiнде түсiндiрiледi.
Сонымен, материалдық зардаптарға тiкелей келтiрiлген зияндар, алынбаған пайда, қажеттiнi алмау азаматтың денсаулығына келтiрген зиянды қалпына келтiрумен байланысты шығыстар жатқызылады.
Мүлiктiк зиян түрiндегi материалдық зардаптарды оның құнының өлшемiмен немесе ақшалай есептейдi. Бұл меншiкке қарсы қылмыстардың барлығында кездеседi жəне экономикалық мүддеге қарсы қылмыстар тарауында көптеп кездеседi. Қылмыстық заңның өзiнде қылмыстардың материалдық мүлiктiк зардабы мына көрсеткiштермен де анықталады ″iрi мөлшер″, ″iрi зиян″, ″елеулi мөлшер″ жəне т.б.
Ал жеке адамға келтiрiлген дене зиян түрiндегi материалдық зардаптар мүлiктiк зиянға қарағанда сандық жағынан өлшенбейдi. Мысалы, адамның денсаулығы немесе биологиялық өлiмiн өлшеу мүмкiн емес. Зиян келтiру дəрежесiн бағалау адам денсаулығының нақты жағдайымен анықталады. Бұл жөнiнде ҚР Қылмыстық Кодексi адамның денсаулығына зиян келтiрудiң үш түрiн қарастырады - ауыр, орташа жəне жеңiл. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлық дəрежесi медициналық көрсеткiштермен анықталады.
Материалдық емес зардаптар деген қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастарға қатысушылардың мүдделерiн сыртқы дүниенiң материалдық заттарына жəне адамның денесiне əсер етпей бұзумен ұщтасқан жағымсыз өзгерiстердi бiлдiредi. Материалдық емес зердаптарға - саяси, моральдық, ұйымдастырушылық, əлеуметтiк жəне т.б. зияндар жатады. Мысалы, саяси зиян - мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстарда ұйымдастырушылық зиян- мемлекеттiң қызмет мүдделерiне, басқару тəртiбiне қарсы қылмыстарда, ал моральдық зиян - жеке адамға қарсы қылмыстарда, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарда кездеседi.
Қылмыстық заң қылмыс арқылы бұзылған қоғамдық қатынастың əлеуметтiк құндылығын, зиянның пайда болу себептерi мен оның мөлшерiн, əрекеттiң субъектiлерi мен оның субъективтiк жағын жəне басқа бiрқатар жағдайларды ескерiп жəне осыған байланысты қылмыстық-құқықтық қатынастың пайда болуын зиянның тууымен байланыстырып немесе байланыстырмай анықтайды. Сондықтан бiр жағдайларда қылмыстық зардап қылмыстық-құқықтық қатынасты тудырушы заңдық фактi ретiнде танылып заңның тиiстi бабының диспозициясында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері
Қылмыс құрамының міндеті белгісі ретінде обьективтік жағы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы себептік байланысты анықтау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары
Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау
Қылмысқа қатысу түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы өзге көліктегігі қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ерекшелігі
Пәндер