Құқық нормаларын пайдалану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

«Бизнес және Құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Мемлекет және қуқық теориясы

Тақырыбы Құқықтық жүзеге асыру нысандары

Орындаған:ЮП-19-7 студент Жанұзақов Қанатбек Рецензент: з. ғ. к., доцент Абилшеева Р. К

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ . . . 5

  1. Құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі мен нысандары . . . 5
  2. Құқықтық реттеудің мазмұны мен әдістері . . . 10

2 ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ. НЫСАНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ . . . 13

2. 1 Құқық нормаларын сақтау . . . 13

2. 2 Құқық нормаларын орындау . . . 14

2. 3 Құқық нормаларын пайдалану . . . 16

2. 4 Құқық нормаларын қолдану . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29


КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-кұлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісім шарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т. б. әрекеттер.

Жұмыстың өзектілігі. Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.

Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қайнар көздер және құқықтық норманың ұғымы, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 4 түрге бөліп қарастырдым.

Құқықтық қатынас атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас түсінігі мен белгілері және заңды айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып, курстық жұмыс тақырыбын ашуға тырыстым.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың бірі. Аталмыш дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты: құқық нормасының мазмұнын, оның құрылымдық сипаты мен құрылымдық бөліктерін жан - жақты қарастыру.

Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:

- құқық нормасының түсінігін анықтау;

- құқық нормасының мәні мен маңызын қарастыру;

- құқық нормасын жіктеу;

- құқық нормасының құрылымын талдау;

- құқық нормасының элементтерін зерттеу, жалпы сипаттама беру болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыста ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістері: диалектикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық, конкретті (нақты) -әлеуметтік қолданылды. Жазбадағы көптеген ережелер, көрсетілген тұжырымдамалық мәні бар және дамудың келешегі үшін қолданылуы мүмкін.

Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

Курстық жұмыстың объектісі - құқықтық нормалар болып табылады.

Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет және теориясы.

Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІҚұқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі мен нысандары

Конституциялық-құқықтық нормаларды жузеге асыру күрделі әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде көптеген өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл жүзеге асыру процесінің әртүрлі элементтеріне (нысандары, құралдары, тәсілдері, механизмі, тікелей құқық субъектілерінің құқыққа сай мінез-қулық жуйесі, т. с. с. ) қатысты. Осы мәселелерді зерттеу үншін", біріншіден, Конституцияның әлеуметтік бағыттылығын және мазмұнын, оның заңи куші мен орнын, және екіншіден, әртүрлі конституциялық-құқықтық нормалардың- реттеушілік. ықпал ету ерекшеліктерін қарастыру қажет.

Мемлекеттануда конституциялық-құқықтық нормаларын жүзеге асыру ерекшеліктерін, әдетте, олардың қолданылуы сипатымен (тікелей немесе жанама түрде) байланыстырады. /15. 133/ Осыған байланысты екі негізгі позицияны ажыратуға болады. Бірінші позицияға сәйкес, Конституцияның барлық нормалары тікелей қолданылады. /16. 40/ Екінші позицияга сәйкес, конституциялық-құқықтық- нормалар тікелей және жанама (тікелей емес) қолданылады. /і 7. 19/, /18. 5/Сонымен қатар, конституциялық-құқықтық-нормалардың тікелей қолданылуы жөніндегі позициясын мойындамайтын көзқарастар бар. /19. 30/

Ю. А. Тихомировтың пікірінше, конституциялық-құқықтық нормалардың тікелей қолданылуы мынаны білдіреді: біріншіден, олар/дереу күшінс енеді, өйтксні, әрбір норма Конституция жүйесінің элементі ретінде ықпал етеді; екіншіден, жеке нормаларды орындауды кейінге қалдырудың немесе тоқтатып қоюдың жалпы бір ережесі мен тәртібі жоқ. /6. 133/ Осы пікірге Н. А. Михалеваның пікірі де ұқсас. Оның ойынша, Конституцияның барлық нормаларының заңи күші бірдей, олар кезде және тікелей қолданылады. Ондай болмаса, тиісті заңдарды қабылдағанша Конституция нормаларының бір бөлігі қолданылмайтынын мойындау керек. /20. 143/

Конституциялык-құқықтық нормалардың қолданылуын осылайша түсіну-мемлекеттің конституциялық-құқықтық. нормаларды жалпыға міндетті ұйғарым ретінде іс жүзіне асыру мүмкіндігін білдіреді. Әрине, мұндай мүмкіндік, Конституция . күшіне енгеннен бастап, оның барлық нормаларына тән қасиет. Сонымен қатар, конституциялық ұйғарымдардың тікелей қолданылуы құқық субъектілерінің мінез-құлықтарында тікелей жүзеге асқандығын білдірмейді. /21. 11/

Конституциялық-құқықтық нормалардың жанама (тікелей емес) түрде жүзеге асырылуының қажеттілігін Конституциямыздың 66-бабының 3-тармағынан көреміз. Мүнда Крнституциямызды жүзеге асыруға қажетті Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету өкілеттілігі бекітілген. Конституциямыздың кейбір нормаларын жүзеге асыру ағымдағы заңдарда нақтылануды талап етеді. Мысалы, "Меншік субъектілері мен объектілсрі, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді". /1. 6/

Осы мәселе тұрғысында, мемлекеттануда әртүрлі жағдайлар қарастырылган. Конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуының ағымдағы заңдарда нақтылану қажеттілігіне, көбінесе, конституциялық ұйғарымдардың өзі негіз болады. Себебі, кейбір конституциялық-құқықтық нормаларда тиісті заңдарды қабылдау қажеттілігі тікелей көрсетіледі. Алайда, бслгілі. бір конституциялық-құқықтық нормада оның заңмен нақтыланатыны көрсетілсе де, қандай заң екені көрсетілмейді. Соңымен бірге конституциялық-құқықтық нормаларды нақтылайтын көптеген ағымдағы заңдарды қабылдау - сол нормалардың мағынасынан және жалпы сипатынан, сонымен қатар, мемлекеттің маңызды міндеттерін шешу қажеттілігінен туындайды. "Сондықтан кейбір нормалар лезде, бүтіндей жүзеге асырылса, басқалары бөліктермен, кезеңдермен асырылады, ал үшіншілері әр түрлі нысандарда жүзеге асырылады", -деп көрсетеді Ю. А. Тихомиров. /6. 81/.

Осыдан, әртүрлі конституциялық-құқықтық нормалардың тікелей қолданылуы олардың тікелей жүзеге асырылуын білдірмейді. Тікелей жүзеге асу тек бүтіндей, лезде, толық көлемде жүзсге асырылатын нақтылы нормаларға тән. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар дербес немесе басқа конституциялық-құқықтық нормалармен үйлесіп қажетті құқықтық нәтижеге жетеді.

Ал бөліктермен, кезеңдермен немесе әртүрлі нысандарда жүзеге асырылатын нормалар қажетті құқықтық нәтижеге жету үшін, олар ағымдағы заңдарда нақтылануы, салалық нормалармен бірігіп іске асуы қажет. Жүзеге асырудың мұндай сипатын-жанама (тікелей емес) деп атайды. Ол өз бетімен нақтылы құқықтық байланыстарды қалыптастырмайтын жалпыреттеушілік нормаларға тән.

Сонымен, қонституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың тікелей және жанама сипаттарын мойындау дүрыс болар. Конституцияның жалпыреттеушілік нормаларының мақсаты -көздеген әлеуметтік нәтижелерге, қағида бойынша, ағымдағы заңдарда нақтыланғанда жетеді. Осы нормаларды нақтылауға байланысты құқықшығармашылық олардың түпкі нәтижесі емес, ол тек оларды жүзегс асырудың қажетті сатысы болады. Әрине, конституциялық-құқықтық нормаларды орындауға бағытталған заңдарды қабылдау жүзеге асырудың басы болып табылады. ' Өйткені, тек адамдардың тәжірибелік іс-әрекеттерінде ғана белгілі бір әлеуметтік нәтижелерге нақты жетуге болады. Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың қарастырылған ерекшелігі осы құбылыстың мәндік жақтарын толық мөлшерде қамтып көрсетпейді. Мұнда тек заңи процестің ерекшелігі ғана қамтып көрсетіліп, жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси аспектісінің ерекшеліктері ескерілмейді. Әрине; осы норманың адамдарға саяси, идеологиялық, психологиялық әсер етуі тура байланыс жолдарымен тікел. ей жүзеге асырылады.

Конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген демократияның жоғарғы әлеуметтік-саяси және рухани идеалдары құқық субъектілерінің тәжірибелік әрекеттерін бағыттайды және сенім ұялатады.

Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың екінші ерскшелігі Канституцйяның әлеуметтік бағыттылығымен себептеледі. Негізгі Заң бүқіл құқық жүйесінің түйіні болып. табылады. Сонымен қатар, ол өзінде басқа да әлеуметтік реттеуіштердің (саясат, мораль) негіздерін шоғырлайды. Конституцияның нормалары толық мөлшерде жүзеге ағымдағы заңдардың нормаларымен, саясаттың, моральдың, эстетиканың көптеген нормаларымен бірлесіп асырылады. Сондықтан, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруға комплекстік сипат тән. Жүзеге" асырудың бұл ерекшелігі үлкен әлеуметтік-саяси маңызға ие. Егер ағымдағы заңдардың нормалары конституциялық ережелерді қажетті мөлшерде дамытпаса, ықпалдылығы төмен немесе тіпті оларға қайшы келсе, онда конституциялық-құқықтық нормаларының мақсаттарына жету мүмкін болмайды немесе қиынға түседі.

Конституциялық-құқықтық. нормаларды жүзеге асырудың комплекстік сипаты осы құбылыстың кезекті мәселесін шешуді мөлшерлейді. Ол конституциялық- құқықтық нормаларды жүзеге асырумен және оларды ары қарай дамытатын ағымдағы заңдардың нормаларын жүзеге асырудың арасында шектің бар-жоғына байланысты мәселе. Конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асуының ерекше ортасы - ол нақтылы конституциялық қарым-қатынастар. Конституциялық ықпал -ету, ең алдымен, осы қарым-қатынастардың жиынтығына бағытталған. Сондықтан, дәл осында Конституция нормаларының табиғаты және әлеуметтік бағыттылыгы. неғүрлым толық және анық іске асады. Алайда, кейбір авторлар конституциялық-құкықтық нормалардың жүзеге асырылуын салалық құқықтық қарым-қатынастарда, әдеттегі заңдардың нормалары қолданылатын салада да көреді. Яғни, мұнда конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру салалық нормаларды жүзеге асырумен бір деңгейде қарастырылады. Норманың көздеген нәтижесінс жсткснің және қай кезде жеткенін анықтау үшін, біріншіден, тек қана конституциялық-құкықтық нормалардың жүзеге асырылуын олардың басқа да құқықтық нормалармен бірігіп жүзеге асырылуынан ажыратып алу қажет; екіншіден, Конституция нормаларын жүзеге асырудың нәтижесін ағымдагы заңдардың нормаларын жүзеге асыруының нәтижелерімен теңдестіруге болмайды. Өйткені, конституциялық ережелерді нақтылайтын салалық нормалардың қолданылуы салдарының ықпалсыздығы немесе жағымсыздығы кездессе, онда олар кейбір конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруының ықпалсыз немесе жағымсыз салдары ретінде теңдестірілуі мүмкін.

Осыған байланысты, конституциялық-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын 2 деңгейде қарастыруға болады.

Бірінші деңгей (жоғарғы) - нақты конституциялық мағынадағы жүзеге асыру. Оның мәні мемлекет пен қоғамның, мемлекет пен ұлттың, мемлекет пен жеке тұлғаның мүдделерінің принципті ара-қатынасын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт ретіндегі Конституцияның бағыттылығымен. - тікелей сипатталады. Бұл деңгейде демократияның жоғарғы институттарының және конституциялық қарым-қатынастардың басқа да қатысушыларының өздерінің конституциялық нормаларда бекітілген негізгі мүдделерін қанағаттандыру жөніндсгі қажетті саяси-құқықтық байліанысы айқындалады. Яғни, норманың конституциялық мүддесі тек конститудиялық қарым-қатынастар шеңберінде ғана-қанағаттандырылады. Еліміздің Коңституциясының -29-бабында азаматтардың денсаулықтарын. сақтау құқығы бекітілген. Нақтылы конституциялық деңгейде бұл норма конституциялық қарым-қатынастарда жүзеге асырылады. Яғни, мемлекет өз

тарапынан азаматтарға осы қүқығын пайдалануына қажетті жағдай, нақты мүмкіндік жасауы тиіс, ал азаматтар оны мемлекеттен талап етуге құқылы. . Мұндағы жүзеге асырудың қажетті әлеуметтік нәтижесі - мемлекет пен денсаулығын сақтау жайындағы азаматтың арасындағы әлеуметтік-құқықтық байланысы болып табылады.

Екінші деңгей -'конституңиялық-құқықтық нормаларды кең мағынада -жүзеге асыру. Бұл деңгей - салалық құқықтық қарым-қатынастарда нақтылы әлеуметтік нәтижелерге жету жөніндегі жалпы конституциялық байланыстар негізіндегі белгілі бір құзыретті органдардың, азаматтардың әрекет ету саласы. Мұнда Конституцияның нормалары салалық нормалармен бірігеді, констицуциялық- қарымқатынастар салалық заңдардың нормаларымен реттелінген нақтылы- құқықтық байланыстармен толықтырылады.

Конституциямыздың 29-бабының мысалына сәйкес, бұл деңгейде нақты бір азамат, нақты бір медициналық мекеме, тиісті заңи фактілер, медициналық жәрдемнің белгілі бір түрі шығады. Мұнда мемлекет тарапынан азаматтардың денсаулығын сақтау. жөніндегі норманың конституциялық. мүддесі нақтылы әлеуметтік нәтиже түрінде (медициналық жөрдем- көрсету) белгілі бір құқықтық байланыстырда қанағаттандырылды.

Конституциялық-құқықтық норманың салалық қарым-катынастарда қолданылуы тоқ. тамайды, ол медициналық мекеменің және медициналық жәрдемді қажет ететін азаматтың әрексттерін (қызметін) бағыттайды.

Сонымен, конституциялық-ққұқықтық нормалардың әлеуметтік маңыздылығы, заңи табиғаты және салалық нормалар жүйесіндегі орны олардың жүзеге асырылуын екі негізгі деңгейде қарастырылуын мөлшерлейді.

Нақты конституциялық мағынадағы деңгейде конституциялық-құқықтық нормаларды, соның ішінде, осы нормалардың жеке бір топтарын жүзеге асыруының ерекшеліктері неғұрлым толық көрінеді.

Жалпы ұсынушы-міндеттеуші конституциялық-құқықтық нормалар жүзеге асырылғанда, жалпы әлеуметтік-құқықтық тәуелділікті, субъектілерді мінез-құлықтың жалпы моделімен байланыстығын тудырады. Осы байланыс салалық заңдарда нақтыланбаса да тәжирибелік маңызға не Конституциямыздың- 38-бабында былай бекітілген: "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті". Бұл жалпы ереженің тікелей жүзеге асырылуы, біріншіден, оның, - ағымдары заңдардың нормаларында нақтылануынан, екіншіден, азаматтардың әлеуметтік-белсенді мінсз құлықтарын қадағалауынан көрінеді. Осы жалпы ұсынушы-міңдеттеуші нормалар конституциялық деңгейде қосымша ксзсңдсрді немесе нысандарды бекітуінсіз тура жүзеге асырылады. Бұл, әсіресе, конституциялық мақсат-нормаларына, қағида-нормаларына қатысты. Бұларда тура байланыс жолдары арқылы ықпал етстін бірсыпыра саяси-құқықтық бағдарламалар, конституциялық қарым-қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық нұсқаулары шоғырланған.

Осы нормаларды бұл деңгейде жүзеге асыруының негізгі жағдайы ол субъектілердің қызметін норманың ұйғарымына сәйкес өзін-өзі реттеу жолы болып табылады. Конституциялық деңгейде бірқатар конституциялық ережелерді іске асырудың "задидан тыс" жағы неғұрлым анық корінеді. Конституцияның кейбір нормаларында зани және моральдық-түсініктер үйлесіп, азаматтар қызметінің ізгілік, енегелік белгілері бекітілген. Мысалы, Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы (Конституция, 36-бап) . Мұнда қасиетті борыштың құқықтық міндеттілігінің, моральдық парыздың және ізгіліктік, өнегелік бағалаудың бірлігі қамтып көрсетіледі.

Бұл нормалардағы адамдар қызметін бағалаудың ізгілік элементтерінің бар болуы, олардың нақтылы салалық нормаларға қарағанда, неғұрлым мазмұнды түрде жүзеге асырылатыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұндай конституциялық ережелер көпшілік қызметінің мақсатты бағдарларын береді, қоғамдық өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеу бастамаларын күшейтетін және дамуын көрсетстін мінез-құлық үлгілерін бекітеді.

Нақты -конституциялық деңгейде жалпы конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруының нәтижесі - ол конституциялық қарым-қатынастарға " қатысушылардың қызметін жалпы әлеуметтік-құқықтық бағыттау болып табылады.

Сайып келгеңде, негізгі Заңның нормаларын жүзеге асыру - құқық субъектілері қызметінің жоғары саяси-құқықтық құңдылықтарын және моральдық-құқықтық белгілерін бекіту болып табылады. Бұл ереже өзінің барлық маңыздылығымен азаматтардың мінез-құлықтарында көрінеді. Көбінесе, азаматтардың. мінез-құлықтарының нақтылы бір актілері салалық. Нормалардың ұйғарымдарына, сонымен бірге, конституциялық-құқықтық нормалар бекіткен шеңбердегі құндылықтарға негізделеді. /22. 14/.

Сонымен, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың қарастырылып отырған деңгейі нақты конституциялық нормаларды жүзеге асыру ерекшелігі туралы дәл ''түсінік береді. Екінші деңгейде Конституцияның барлық нормалары тікелей жүзеге асырылады. Жалпы нормалардьг жүзеге процесі мінез- құлықтың жалпы модельдерін немесе тура байланыс жолдары арқылы жалпы құндылық нұсқаулар мен бағдарларды қабылдауымен сипатталады. Оған конституциядық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекше нысандары, тәсілдері және нәтижелері тән.

Салалық қарым-қатынастар деңгейінде конституциялық-құқықтық нормалар салалық заңдардың нақтылы нормаларымен бірігіп жүзеге асырылады. Әрине, конституциялық-құқықтық нормалар нақтылы бір құқықтық байланыстарда құқық субъектілерінің қызметін бағыттайды, бағдар береді және- орнықтырады. Бұл процесс нақтылы құқықтық қарым-қатынастардың дәстүрлі нысандарына өтеді және оның сипаты салалық нормаларды жүзеге асырудың көпшілігіне тән. Бұл жағдайда конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекшелігі аса дүдәмал туғызбайды.

Осы деңгейлерді бірін-бірін қарсы қоюға болмайды. Олар қажетті түрде өзара байланысқан және өзара қамтамасыз етілген. Бірінші дсңгейді жүзеге асыру екінші деңгейдің жүзеге асырылуының бағытын, сипатын және жолдарын анықтайды. Екінші деңгейді жүзеге асыру, ең ақырында, нақты конституциялық-кұкыктык норма мазмұны талап ететін нақтылы әлеуметтік нәтижелерге жетуге себепші болады.

Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың деңгейлерін талдаудың тәжірибелік маңызы зор. Ол, мысалы, . Конституцияның нормаларын жүзеге асыру процесіндегі заңдылықтың қолданылуы шеңберін анықтауға мүмкіндік туғызады. /23. . 3О/ Конституциялық заңдылықтың, оның талаптарының және қамтамасыз ету кепілдіктерінің ерекшелігі, - алдымен, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру саласында керінеді. Бұл тұрғыда конституциялық заңдылық талаптарын Негізгі Заңның нормаларын жүзеге асырудың жоғары, яғни, нақты конституциялық мағынадағы деңгейінде қарастыру қажет.

Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың ерекшеліктерін зерттеу' жалпыға бірдей құқықтық нормаларды, заңй кепілдіктерді, олардың тиісті жүзеге асырылуын бекітуімен қатар, осы құралдарды, конституциялық-құқықтық нормалардың сипатын ескере отырып, түсінуге және пайдалануға мүмкіндік туғызады.

1. 2 Құқықтық реттеудің мазмұны мен әдістері

Құқықтық реттеу - мемлекеттің құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қарым-қатынасқа ықпал етуі. Құқықтық реттеуде құқық субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін танып-білуі көзделеді. Тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеутетігі құқықтық құралдардың бірыңғай жүйесі болып табылады, мұндай құралдардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасалады. Құқықтық реттеу тетігінде, сондай-ақ құқықтық нормалар, құқықтық қарым-қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық сана, құқық қолдану актілері, құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері, т. б. қамтылады. [1]

Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:

имперактивті (тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;

диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.

Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:

көтермелейтін - құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;

ұсынылатын - мемлекет пен қоғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықты қолдану. Құқық нормаларын талқылау
Құқық нормаларының теориялық негіздері
Құқық нормаларын қолданудың тәжірибелік ерекшелігі
Құқық нормаларын сақтау
Құқықтық норманың құрылымы
Құқық нормаларын іc жүзіне асыру
Құқық норманың негізгі сипаты
Құқық нормаларын іске асыру
Құқық нормаларын жүзеге асыру
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz