Қылмыстық құқық ғылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ . . . 4

1. 1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі . . . 4

1. 2 Қылмыстық құқықтың міндеттері . . . 11

1. 3 Қылмыстық құқық ғылымы . . . 13

1. 4 Қылмыстық құқықтың принциптері . . . 14

2. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ . . . 17

2. 1 Қылмыстың ұғымы және белгілері . . . 17

2. 2 Қылмыс және қылмыс құрамы . . . 21

2. 3 Қылмыс құрамының түрлері . . . 24

ҚОРТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27


1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

1. 1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.

Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғам­дық қатынастар реттеледі.

Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзе­ге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.

Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардыңбәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.

Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізіг принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.

Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай - ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.

Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.

Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынандай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:

Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.

Белгілі бір әрекеті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс - әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу - мемлекеттің құзіреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.

Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.

Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән - жайлар туралы түсініктер, сондай - ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде жалпы қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір - біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178 - бабына жүгінеміз. Бұл бапта тонаудың заңдылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3, 9, 15, 19, 20, 21, 24, 29-баптарына жүгініп, сонда көрсетілген заңдылық ұғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немесе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV, V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.

Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.

Қылмыстық құқықпен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыс­тық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудін және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнмен оның нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр.

Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланыста. Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру болып табылады және олар айыптау үкімінін заңды күшіне енген уақыттан бастап пайда болады. Яғни, қылмыстық құқықтық қатынастар негізі қылмыс істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару құқығы қатынасының пайда болуының негізі заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.

Бұл қатынастардың субъектілерінде де айырмашылықтар бар. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектісі болып қылмыс істеген, есі дұрыс, заңда белгіленген белгілі бір жасқа толған адам болса, сот үкімі бойынша сотталғандар қылмыстық орындау құқығының субъектісі болып саналады.

Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де етене байланыс­ты. Бұл екі құқық саласы ортақ міндет - қоғамға қауіпті іс-әрекет - құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді. Қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықта іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады. Ондай теріс қылық істеген адамға арнаулы әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес, әкімшілік шара қолданады. Әкімшілік шара сотталғандық атақ болып табылмайды, ал қылмыстық жазаны қолдану «сотталғандық» атаққа ұрындырады. Оның заңдылық салдары бар. Әкімшіліқ құқық бұзушылықтың субъектісі болып азаматтардан басқа заңды тұлғалар болуы да мүмкін. Ал қылмыстың субъектісі болып тек қана заңда белгіленген жасқа толған, қылмысты іс-әрекет істеген, есі дұрыс кінәлі адам ғана болады.

Қылмыстық құқық криминология пәнімен де тікелей байла­нысты. Бірақ бұл екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.

Егер қылмыстық құқық қылмыс пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминология қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы бо­лып табылады. Криминологиялық деректер қылмыстылықпен күресуден қылмыстық зандардың тиімділігін, оны жетілдіру жолдарын, қылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

1) Қылмыстық құқық нолрмасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы - ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады;

2) Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі;

3) Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы, мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т. б. ) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.

Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.

Қылмыстық құқықтың қағидалары деп - қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.

Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:

1) Заңдылық принципі - бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды;

2) Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі - бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді;

3) Жауаптылық принципі - бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет;

4) Әділеттілік принципі - бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді;

5) Демократизм принципі - бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді;

6) Гуманзим принципі - бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады;

7) Интернационализм принципі - бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.

Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.

Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.

Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы

Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттіне көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз - адамның қылмыстық зањ тиым салған нәрселерді істеуі, ал Әрекетсіздік дегеніміз адамныњ зањ, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, Бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

қылмыс дегеніміз - қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе «рекетсіздікті айтамыз.

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1) Қоғамға қауіптілігі;

2) Заңға қайшылығы;

3) Айыптылығы;

4) Жазаланатындығы.

Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топќа бљлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:

1) онша ауыр емес;

2) ауырлығы орташа;

3) ауыр;

4) аса ауыр.

Қылмыстық Кодекстін 10-бабына сѕйкес қылмыс жасағаны үшін осы кодексте көзделген ен ауыр жаза бас бостандығынан:

1) қасақана жасаған әрекеті - 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті - 5 жылдан аспайтын мерзімге - онша ауыр емес;

2) қасақана жасаған әрекеті - 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті - 5 жылдан аспайтын мерзімге - ауырлығы орташа;

3) қасақана жасаған әрекеті - 12 жылдан астам мерзімге - ауыр;

4) қасақана жасаған әрекеті - 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы кљзделсе - аса ауыр санатына жатады.

Қылмыстын құрамы дегеніміз - бұл қылмыстыњ объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерініњ жиынтыѓын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:

-қылмыстын объектісі;

- қылмыстын объективтік жағы;

- қылмыстын субъектісі;

- қылмыстын субъективтік жағы.

Қылмыстың объектісі - қылмыскердін қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар.

Қылмыстын объективтік жағы - ол қылмыстын сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

Қылмыстын субъектісі - ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау жѕне т. б. ) ќылмыстыќ жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

Қылмыстын субъективтік жағы - бұл қылмыстыњ ішкі мѕнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.

Материалдық құрамда қылмыстын аяқталу саті қоѓамѓа ќауіпті зардаптыњ тууына байланысты болса, формальды ќђрамда зардапты тосып жатпай-аќ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудын өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді.

Қылмыс істеу сатылары және жаза түсінігі, мақсаты, түрлері

Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:

1) Қылмысқа дайындалу;

2) Қылмысқа оқталу;

3) Аяқталмаған қылмыс.

Осы үш саты тек қана тікелей ниетпен жасалған қысқаша қылмыстарда болады.

Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау» объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады. Ол қылмысқа оқталу мен аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілік дәрежесі төмен. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойыншаақырына дейін жеткізілмейді. Егер де бұлай болмай қылмыстық өзгерістерді дайындалу сатысынан доғарса, қылмыстан өз еркімен бас тарту болар еді.

Қылмыс жасауға оқталу. «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады».

Аяқталған қылмыс. Егер адам әрекеттерінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде келтірілген баптың диспозициясындағы барлық объективті және субъективтік белгілердің бәрі болса, аяқталған қылмыс болып есептеледі.

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.

Жазаның белгілеріне мыналар жатады:

1) Қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды;

2) Жаза тек қана жеке сипатта әке-шеше, туған-туыс емес тек қылмыскер ғана жазаға тартылады;

3) Ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан шектейді.

Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларына бой бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тоқтатуға тура келеді.

Жазаның мақсаты:

- әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;

- сотталған адамды түзеу;

- жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру.

Әлеуметтік әділдік жәбірленішінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді көздейді. Ол мүліктік сипаттағы санкцияларда (айыппұл, мүлікті тәркілеу), ал өлім, жарақаттар үшін қылмыскерді құқықтары мен бостандықтарына ұзақ мерзімге айырудан көрініс табады.

Мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

1) Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы әскери немесе құрмет атағынан айыру, дипломатиялық дәрежесінен және мемлекеттік наградадан айыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Қылмыстық құқықтың принциптері, міндеттері
Қылмыстық - атқару құқығы ғылымы
Қылмыс құқықтың пәні,түсінігі,міндеттері мен принциптері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi
Қылмыстың ұғымы
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz