Даярлық тобы балаларының ойлау қабілетінің деңгейін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ойлау түрлері және тәсілдері

Орындаған : Охан Айдана Нұрланқызы
Мд-16 тобының студенті
Тексерген : Мадешова Алуа Архабаевна

Қарағанды 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
I. Ой және ойлау туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Ойлау туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Ойлаудың негізгі қасиеттері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Ойлауды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II. Мектеп жасына дейінгі даярлық тобы балаларының ойлау қабілеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1. Даярлық тобы балаларының логикалық ойлау қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2. Креативті ойлау қабілетін дамытуға дидактикалық ойындардың әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Кіріспе

Даму барысында келе жатқан өркениетті қоғамымыздың мүддесіне лайықты, ой-санасы терең жетілген, білімді, ойы ұшқыр азаматты тәрбиелеп өсіру - алдымен отбасының, жетекшілердің, барша адамзаттың міндеті.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі даярлық тобы балаларының ойлау қабілетін арттыруды және сол бағытта кездесетін мәселелерді шешудің әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
oo Ойлау және түрлеріне анықтама беру;
oo Ойлаудың түрлі әдістерін қарастыру;
oo Даярлық тобы балаларының ойлау қабілетінің деңгейін анықтау;
oo Даярлық тобы балаларының ойлау қабілетін дамытудың жолдарын қарастыру;
Бұл міндеттерді толық жүзеге асыру үшін мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру мазмұны түбегейлі жаңартылуда. 2010-2014 жылдары ашылған Балапан бағдарламасы балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға зор септігін тигізді.
Мектепалды даярлық сыныбы ғана бүлдіршіндердің қоғаммен қарым-қатынасында адамгершілік құндылықтардың, интеллект, белсенділік іс-әрекеттерінің негізін қалауға негізделген. Оқытудың алғашқы сатысының жетекші идеясы - баланың жеке қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне көңіл аудару болып табылады. Баланың қарапайым түсінік-ойын тәрбиелеу, он көлемінде санай, есептей білуге, жаңылтпаштар арқылы тіл жаттықтыру, жасырылған жұмбақтарға жауап беру алынған аз ғана білімін бекітуге және ой-өрісін жандандыруға өте көп септігін тигізеді.
Адамның ойлау заңдарын түсінуге деген талпынысы психологияның дербес ғылым ретінде орнауына дейін болған. Ойлау әрқашан да және бүгінгі күнге дейін гносеология мен логика, педагогика, физиология, кибернетика тәрізді әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып саналады. Ойлаудың (сана) табиғаты оның болмысқа қарым-қатынасы туралы мәселе философиясының негізгі мәселесі болып табылады.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды.
Ойлау - өте жоғары жүйке функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады. Ойлаудың жемісі А.Н. Леонтьев атаған "Әлем бейнесінің" интегралды құрылуына енеді және сонымен қатар оның құрылымдарының өзіндік сапалы бейнесін құрайды. Ойлау - қарым-қатынаспен бірге, басқа адамға әсер етудің қажетті құрылымын, коммуникация актілерін құрайды және тұлғааралық таным процестеріне қосылған. Ойлау бірлескен іс- әрекеттің формаларын пайдалануы мүмкін. Адамның ойлауы оның индивидтік ерекшеліктеріне шартталғаны сияқты, жеке түрде шартталады.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деген оймен дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді теңестіріп, арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.
Ой -- сыртқы дүниені бейнелеудік ең жоғары формасы, сөз -- ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның ойын кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың "ішіндегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде" деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

I. Ой және ойлау туралы жалпы түсінік

4.1. Ойлау туралы жалпы түсінік

Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекетінің нәтижесі. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген.
Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау - жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілеген ақпараттарды қайта қарастыру жолымен жасалады.
Ойлау - ақыл-ой процесінен үш құрамдас бөлігінен құралған айтарлықтай мазмұнды элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти алатындығымен сипатталады. Біз кітап оқығанда ақпараттар сенсорлық сақтау қорынан есте сақтау қорына жүйелі түрде беріледі. Содан кейін, бұл жаңа ақпарат қайта өзгереді, "қорытылады", нәтижесінде қайталанбайтын ерекше нәтиже алынады.
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен тікелей байланысты. Ойлау - қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі болып табылады. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста. Тіл - адам ойлауының негізгі құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің түпкі тереңінде мағыналы ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деп қарауға болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі өнер тілі) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар - психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т. б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым - қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын - оның қажеттіліктері.
Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама - қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.
Ойлау "ішкі" процесс пе немесе ол мінез - құлықта көрінгендіктен бар болып санала ма? Міне, осы даулы мәселелер әлі күнге дейін жалғасып келеді. Шахмат ойнаушы өзінің келесі жүрісін орындамас бұрын ең алдымен бірнеше минут, алдын ала ойланып алуы мүмкін. Ол өзінің әрекеттерін таразылап тұрған кезде ойлау қатыса ма? Әрине, қатысады және ешқандай да сыртқы мінез - құлық байқалмағандықтан бұл жағдайда кейбіреулер қорытынды элепирикалық бақылауға емес, өз пайдасына негізделген деп айтар еді. Ойлаудың жалпы анықтамасы бұл шиеленісті ішінара шеше және онда біздің талқылауымызға көмектесе алар еді.
Ойлау үш негізгі кезеңмен сипатталады:
:: Ойлау когнитивті болып табылады. Ол дегеніміз "іштей" ақыл ойда өтеді, бірақ оны мінез - құлық бойынша бағалайды. Шахмат ойнаушы жүріс жасағанда өзінің ойлауын көрсетеді.
:: Ойлау - ол процесс, онда когнитивті жүйеде білімдермен кейбір айлалы әрекет жасалады. Өзінің жұмысын ойластыра отырып шахмат ойнаушы сол сәтте өтіп жатқан ақпараттармен бұрынғы есіндегілерді біріктіреді де, жағдай жайлы өз білімін өзгертеді.
:: Ойлау бағытталған сипатқа ие, оның нәтижелері кейбір мәселелерді "шешетін" немесе оның шешілуіне бағытталған мінез-құлықта көрінеді. Шахматшының ойындағы әрбір келесі жүрісі жеңіске жетуге бағытталған. Барлық әрекет сәтті болмайды, бірақ ойыншының ойында олардың барлығы шешуге бағытталған.
Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет ретінде қимыл-қозғалыспен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты танып жатады. Ал, дүниені өзгерту арқылы оны түсінеді. Әрекет - ойлаудың жүзеге асуының бірінші ретті формасы болып табылады. Ойлау операцияларының барлығы ең алғашында практикалық операциялар түрінде пайда болып, кейін теориялық ойлаудың операцияларына айналды. Яғни, ойлау еңбек іс-әрекеті барысында практикалық операция ретінде немесе практикалық іс-әрекеттің бір компоненті ретінде туындап, содан кейін барып дербес теориялық іс-әрекетке айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді критерийі болып табылады. Бірақ, егер де біз бір есепті тек практикалық түрде ғана шешетін болсақ, онда оның тек көрнекі және мазмұнымен әрекет жасап, оны тек берілген жеке жағдаятты ескере отырып шешеміз. Ал, әрбір келесі жағдайларда қайтадан есепті шешуге тура келеді және тағы да бұл жеке міндетті ғана шешу болып табылады. Ал егер берілген есептің жалпыланған мазмұнын құрастырып, оны шешудің жалпыланған тәсілін табатын болсақ, бұл есеп өзінің тек белгілі бір жағдайға сәйкес болатын, практикалық - шешімін ғана емес, сонымен қатар, теориялық та, яғни принциптік біртекті жағдайлардың барлығына ортақ шешімін таба алады.
Сонымен, ойлау - аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Бірақ екі осы ғылымның ойды зерттеудегі әдіс - тәсілдерінде өзіндік айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлі жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой, қорытындылары сияқты ойлау формаларының табиғатын зерттейді.

1.2. Ойлаудың негізгі қасиеттері мен түрлері

Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте - бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт "Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін" деген формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы-психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады. Автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеңе адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды пайдалануымен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі психология ойлаудың бұл түрін жалғыз түр ретінде қарастырмайды.
Адамның ойлауы әр түрлі деңгейдегі ойлау операцияларынан тұрады. Ең алдымен олардың танымдық мәндері әр түрлі болады. Танымдық қатынаста баланың алдында тұрған қиындықты шешетін қарапайым ойлау актісі және қандай да бір күрделі процестердің өту заңдылықтары жайлы ғылыми мәселені шешкенде ғалым адам қолданатын ойлау операцияларының жүйелері тең болмайды. Сөйтіп, оның жалпылау деңгейі қаншалықты биік, бір маңызды мәнді құбылыстан басқа оны анықтауға болатын жағдайлар қаншалықты терең болғанына байланысты ойлаудың әр түрлі деңгейлерін ажыратуға болады. Ойлаудың осындай әр түрлі деңгейлеріне қарапайым формадағы көрнекі ойлау және дерексізденген, теориялық ойлау жатады. Осындай әр түрлі деңгейдегі ойлаудың түрлері ретінде қарапайым көріністегі көрнекі, ойлау мен берілген көрініс шегінен шығатын теориялық ойлауды бөліп көрсетуге болады.
Өз пәнінің заңдылықтарын ашатын теориялық ойлау ойлаудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Алайда ойлауды абстрактілі түсініктерде теориялық ойлауға апару мүлдем дұрыс емес. Біз ойлау операцияларын тек теориялық проблемаларды шешкенде ғана емес, көрнекі оқиға аясында қала отырып, объективті шарттарды ескеріп кез келген міндетті ұғынып шешеміз, сондықтан да біз абстрактілі теориялық құрылуға барғанда да оларды қолданамыз. Тек дерексізденген ғана емес, сондай - ақ көрнекі ойлау да болады, себебі кейбір жағдайларда біз көбінесе көрнекі мәліметтерге сүйене отырып алдымызда тұрған міндеттерді шешеміз.
Кез келген психикалық процесс тәрізді ойлаудың да өзіндік параметрлері қасиеттері болады. Осындай ойлаудағы жеке дара ерекшеліктерді білдіретін ойлаудың қасиеттері сан алуан болады. Солардың ішінде негізгілері мыналар:
Ойдың сыңдылығы - адамның өз және өзге адамның ойларын объективті бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкілікті және жан-жақты тексере алу қабілеті.
Ойлаудың асығыстығы - адам сауалды, мәселені жан - жақты ойластырып алмай, оның бір жағын бөліп алып, асығыс шешім қабылдауға тырысуы, белгілі бәр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пікірлерді беруі.
Ойлаудың тездігі - адамның жаңа жағдаятты тез түсіне алып, тез ойлау негізінде дұрыс шешім қабылдай алуы.
Ойлаудың дербестігі - адамның жаңа міндеттерді, мәселелерді шығара алумен және басқа адамдардың көмегінсіз өзі мәселенің дұрыс шешілу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемділігі - ойлаудың оны шектейтін жатталып қалған, таптаурын шешу тәсілдерінен тәуелсіздік дәрежесін білдіреді.
Ойлаудың тереңдігі - күрделі сауалдардың мәніне терең шоғырланып, зерттей алуы.
Ойлаудың кеңдігі - адамның, зерттелетін сауалдың маңызды жақтарын түсірмей, тұтас қамтып, талдай алу қабілеті.
Ойлауды дамыту - оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады:
1 Практикалық іс-әрекеттілік;
2 Көрнекі - бейнелік;
3.Сөздік - логикалық;
Баланың өзін қоршаған шындықты қабылдауын қалай ұғынатындығын түсіну үшін, сыртқы әлемнен алған ақпаратын қандай жолмен ой елегінен өткізіп жүйелей алатындығын елестете білу қажет. Сондықтанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесінің даму заңдылықтарын ұғыну үшін ата-ананың баламен қарым-қатынасы жемісті әрі оңды болар еді.
Мектеп жасына дейінгі балалар ойлаудың түрлі ерекшеліктері мен кезеңдерінен өтіп, оларда ойлаудың келесі түрлері басым болады. Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:
Көрнекі - іс-әрекеттік ойлау - мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Мысалы, кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар - сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық ғана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай атайды. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина - Котс және т.б. сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.
Бала ерте балалық шағынан яғни, бір жарым-екі жасында толық сөйлей алмаса да іштей ойлай алады. Бір жаңа нәрсені қолымен ұстап, зерттеп, кейде сындырып көреді, осылайша, өзін қоршаған ортаны зерттей бастайды. Бұл балада көрнекі іс-әрекеттік ойлаудың пайда бола бастағандығының көрінісі. Яғни, баланың ойлауында өзін қоршаған заттарды зерттеу мен оларды өзгертуге бағытталған белсенді әрекет толығымен орын алады.
Көрнекі-іс-әрекеттік ойлауды дамыту тәсілдері.
Баланың бұл даму кезеңінде ата-аналардың негізгі міндеті-кішкентай зерттеушіні бейтаныс заттарды қолымен ұстап көруіне кедергі келтірмеуге тырысу. Бала өзінің іс-әрекет процесінде бір нәрсені сындырып, бүлдіріп, тіпті жарақаттанып қалу қаупіне қарамастан, қауіпсіздік шараларын естен шығармай, бала ойынын бақылай отырып, оның тануға деген тілегін мақтап отыруы қажет.
Мұндай ойлау типін көрнекі іс-әрекетті дамытатын жиынтықтар, әр түрлі материалдар - су, қар, дәнді-дақылдар, құм т.б. ойнату арқылы жаттықтыруға болады. Балада ойын үстінде әрекет-әрекет нәтижесі сияқты нақтылы байланыс қалыптасатындай жағдай жасау қажет, бұл болашақта логика мен математика сабағында пайдалы болады.
Көрнекі-бейнелік ойлау - жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Келесі кезеңде, 3-4 жастан бірінші сыныпқа дейін балада көрнекі-бейнелік ойлау түрі белсенді қалыптасады. Бірақ, бұл көрнекі іс-әрекеттік ойлау түрі дамымай қалады дегенді білдірмейді, жай ғана айналадағы заттарды қолымен ұстап қабылдау дағдысы бейнелер жүйесіне сүйене отырып ойлай бастайды. Әсіресе, бұл ойлау типі баланың сурет салуы кезінде айқындала түседі. Кез-келген заттың суретін салу кезінде мысалы, үйшіктің, бала оның сипатты белгілеріне емес (шатыр, қабырға, терезе), жадында сақталған елестетулеріне сүйене отырып салады. Салынған бейне баланың жеке ойын білдірмейді - ол оның қазіргі уақыттағы елестетуінің бейнесі. Баланың санасындағы пайда болған бейнелерді визуалдау, шындықты көрсетуді ұнату өте маңызды. Бұған жабыстырмалы, құрастырмалы, аппликациялық сабақтар жақсы мүмкіндік береді.
Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі - заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, "керемет" сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі - әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі - бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.
Көрнекі ойлау және дерексізденген - теориялық ойлау көптеген тәсілдермен бір - біріне өтеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы; ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда ол маңызды.
Кез келген ойлау азды-көпті жалпыланған абстрактілі ұғымдарда жасалады және барлық ойлау азды-көпті көрнекі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке даярлық тобындағы балалардың мнемикалық қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және қимыл - қозғалыс ойындары
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының мeктeптeгі жүйeлі oқуғa дaярлығы мен зейінін қaлыптacтыру әдіcтeрін тoптacтыру
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Мeктeпкe дeйінгі мeкeмe бaлaлaрының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды тeориялық тұрғыдан нeгіздеп, оны белсендетудің әдіс-тәсілдер жүйесін жасау
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
Мектепке дейінгі дидактика. Мектепке дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері
Пәндер