Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Моғолстан мемлекеті, Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақ халқының да құрылуының аяқталуында зор үлес қосты. Оған басты үлкен себеп, жергілікті Жектісулық түркі тілдес және түтіктенген басқа тайпалардың жаңа құрылған қазақ хандығын қолдап олардың жағына шығуы.
Бұлардың бірін-бірі қолдап қазақ хандығын қолдауындағы басты бір себеп, олардың этникалық жағынан болсын бір- бірімен туыстық жағы басым болған. Сол себептен де бұл мезгілде Жетісу аумағындағы бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этникалық құрамдар мен жаңа келген этникалық құрамдардың арасындағы табиғи туыстық байланыстың тарихын, Моғолстанның феодалдық қатынастарға байланысты, ішкі саяси талас- тартыстың әсерінен хандықтың құрылуын көрсету өзекті болып отыр.
Қазақ хандығының тарихы Ноғай Ордасының тарихымен де тығыз байланыста, қарастыруды қажет етеді. Этникалық тегі ортақ, мәдени-шаруашылық типі бір, даму деңгейі қатар болған екі мемлекеттің кейінгі тағдыры екі бөлек болып қалыптасты. Ыдыраған Ноғай Ордасының құрамындағы тайпалар қазақ этносының қалыптасуына ықпал жасады. Осы тұрғыдан алғанда тарих қойнауына жұтылып кеткен Ноғай Ордасының мұрагері ретінде оның тарихын белгілі деңгейде өз тарихымыз ретінде қарастырудың қажеттілігі туып отыр.
Жұмыстың мақсаты: Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, XV ғасырдың басына бейінгі ішкі және сыртқы саяси тарихын зерттеу.
Сондай-ақ Ноғай Ордасының тарихындағы мәселелердің Қазақ хандығына қатыстылығын айқындау, сол кездегі тарихи құбылыстар мен қоғамдық даму заңдылықтардың осы екі мемлекетке жасаған ықпалы мен әсерін, олардың салдарын салыстыру болмақ. Өйткені осы екі елдің тарихындағы бетбұрысты, сындарлы оқиғалардың себеп-салдарлы байланысын айқындау арқылы олардың жаңғырығы ретінде бүгінгі күнгі қоғамдық құбылыстардың мәнін түсінуге мүмкіндік аламыз.
Жұмыстың міндеті:
Зерттеулерге сүйене отырып, Моғолстан мемлекетінің территориясы этникалық құрамын анықтау;
Осы мемлекеттің көрші елдермен болған қарым-қатынасын көрсету;
Моғолстан мемлекетінің билеушілерінің ұстанған саяси бағыттарын ашып көрсету.
Ноғай ордасының құрылуы және ішкі
саяси жағдайын қарастыру
Ноғай Ордасының халықаралық жағдайы және
сыртқы саясаты
Ноғай Ордасының әлеуметтік экономикалық
жағдайы және мәдениеті
Тарихнамасы: Жетісудың саяси және этникалық тарихының зерттелуі орыс және кеңес дәуірінің тарихшыларының еңбектерінде кездеседі. В.В. Бартольдтың Очерк истории Семиречья еңбегі осы күнге дейін Жетісудың ежелгі ғасырдан XVIII ғ, ортасына дейінгі саяси тарихы туралы толық мәлімет береді. Моғолстан атты тарауында атақты орыс шығыстанушысы мемлекеттің саяси тарихы туралы нақты және басты оқиғаларына қысқаша тоқталып өтеді. В.В. Бартольдтың басқа еңбектерінде де Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның территориясындағы саяси тарихы кездеседі[1]. Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның тарихының кейбір оқиғалары С.К. Ибрагимовтың, Л.Б. Ерзаковичтің, Т.И. Султановтың және т.б. зерттеушілердің еңбегінде көрініс тапқан[2]. Моғолстанның өзбек және қырғыз елімен қарым-қатынасы туралы П.П. Иванов, Б.А. Ахмедов, С.А. Азимжанова, К.И. Петров зерттеген[3].
Этникалык құрамы туралы В.В. Востров, М.С. Муканов, В.П.Юдин және О.К.Караевтің еңбектерінде кездеседі[4].
Қазақ зерттеушілерінен К.А. Пищулинаның еңбегін ерекше атап өту керек. Бұл зерттеуде Юго - Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI веков Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, қазақ хандығының құрылуына дейінгі кезеңді қамтиды. Яғни XIV ғ. Ортасымен XV ғ. басындағы Моғолстаннын саяси тарихы суреттеледі. Моғолстан мемлекетінің батысында Әмір Темір ұрпақтарымен, шығысында ойраттармен күресі туралы айтылады. Пищулина, Моғолстан мемлекетінің ішкі феодалдық тартысқа және сыртқы көрші елдердің қарсылығына қарамастан, қазақ хандығы құрылғанға дейін өз мемлекетін сақтап қалды деп көрсетеді[5].
Н.А Аристов, А.П Чулошников, С.Асфендияров, М. Тынышпаев өз еңбектерінде Моғолстан хандығының тарихын арнайы зерттемесе де, оның тарихына қатысты тың материалдарды ғылыми айналымға еңгізді. С. Ибрагимов, А.А Семенов XIV-XVII ғасырлардағы казақстанның этникалық және әлеуметтік тарихын зерттеуде парсы, түтік деректерін жинақтау мен жариалауға зөор үлес қосып, саяси құрылымдардың өткенін зерделеді.
Аса ірі шығыстанушы ғалым- В.В.Бартольд шығыс жазба, нумизматика, эпиграфика, этнография, археология деректерінің негізінде 1988 жылы Жетісу тарихының очеркін жазды. Еңбекте Жетісу өлкесінің тарихы ежелгі дәуірден XVIII ғасырға дейінгі аралықты қамтылған. Зерттеудің ең ұтымды тұстарының бірі онда Шағатай ұлысының, Моғолстан хандығының тарихы баяндалған. В.В.Бартольдтың бұл еңбегі Жетісу өңірінің тарихын зерттеуге арналған тұңғыш бірегей тарихи шығарма болып табылады[6].
Ноғай Ордасы тарихнамасы бойынша орасан зор материалдар жинақталған. Бұл ғылыми әдебиеттерді - негізгі және басты деректер ретінде Ресейлік тарихнаманы қарастырамыз - бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең әдебиеті ХҮІІІ - ХІХ ғасырлар аралығын қамтиды. Ресей тарихындағы ең алғашқы ноғайлық сюжет М.М.Шербатовтың "История россиской от древнейших времен" (1770 - 1791 жылдары жарық көрді) еңбегінде Мәскеудің сыртқы саясатының субъектісі ретінде баяндалды. Ноғай-орыс қатынастары Н.М.Карамзиннің "История государства Российского" (1816 - 1829) атты он екі томдық еңбегінде біршама кеңінен ашылды. Ол өзінің беделі арқылы ноғай атауының моңғол әскербасы Ноғайдан тарағандығы жөніндегі версияны орнықтырды. Әйтсе де бұл версия бірде-бір ортағасырлық мәтіндерден, бірде-бір фольклорлық еңбектен өз тиянағын таба алған жоқ.
Ноғайтануға қосылған үлестің бірі С.М.Соловьевтің "История России с древнейших времен" (1851 - 1879) еңбегі болды. Оның еңбегінде ноғай-орыс қатынастарына қатысты көптеген архивтік құжаттар ғылыми айналымға шығарылып, тың тұжырымдар жасауға негіз қалады.
Осындай еңбектер орыс тарихшылары Ф.Миллер, Н.Э.Фишер, Г.И.Перетяткович, В.Д.Смирновтардың авторлығымен жарық көрді.
Осындай кәсіпқой тарихшылардың еңбектерімен бірге ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде ұлттық ағартушылар - солардың арасында Шәкәрім Құдайбердіұлы да бар - тарихи тақырыпта еңбектер жазды.Олардың еңбектерінің қазіргі уақытта ғылыми құндылығы жоқ, олар Еділбойы мен Қазақстанның ұлттық тарихнамасының белгілі бір кезеңінің ескерткіштері ғана.
Тек жекелеген Ш.Уәлиханов сияқты ғалымдар ғана империяның ғылыми элитасының ортасына кіре алды. Оның еңбегінде Ноғайлы жұрты туралы деректер эпикалық ескерткіштер мысалында кәсіпқойлық деңгейде ғылыми айналымға ұсынылды.
Екінші кезең 1920 - 1930 жылдарды қамтиды және Ноғай халқынан шыққан белгілі тарихшы М.Г.Сафаргалиевтің есімімен тығыз байланысты. Бұл кезеңде орталық ғылыми мекемелер В.В.Бартольд, А.Н.Самойлович және олардың шәкірттері еңбегімен түрік халықтарының тарихын зерттеуді қолға алды. Ноғайтанудың сол кездегі өзекті мәселелері Е.И.Чернышеваның 1925 жылы "Вестник научного общества татароведения" (Казань) журналында жарияланған мақалада кеңінен қамтылды.
Ноғайтануға тікелей арналған еңбек М.С.Сафаргалиевтің "Ногайская Орда в середине ХҮІ века" (1938) деп аталатын кандидаттық диссертациясы болды. Жалпы Магомет Гарифович Сафаргалиев көшпелі ноғай империясын монографиялық тұрғыда зерттеген дүние жүзіндегі бірден бір ғалым ретінде атап өтуге лайық. Оның іргелі еңбектері Ноғай Ордасының тұтас тарихын қалпына келтіруде ғылыми жанкешті еңбектің үлгісі бола алады.
І Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
1.1Моғолстан мемлекетінің құрылуы
Моғолстан Шыңғыс ханның ұлы Шағатай ұрпағы мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болды. XIVғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекеті батыс және шығыс бөліктерге бөлініп кетті. Шығыс аймағы Моғолстан атанып, хан тағына Тоғылық Темір отырды. Саяси өмірдегі басты ролді дулат тайпасының көсемдері атқара бастады. Өйткені XIV ғасырдың орта кезінде дуоаттар Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болды. Шағатай хан өз мемлекетін бөлгенде, ол Әмір Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай Сүбені берді...Оның шығыс шекарасы- Құсан мен Тарбүкір; батыс шекарасы- Шаш, Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уәлайатында орналасқан; солтүстік шекарасы- Ыстықкөл, ал оңтүстігінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталған бүкіл аумақ Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері: Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды
Моғолстан деп аталған жаңа мемлекет осылайша қалыптасып, ол Шағатай ұлысының щығыс бөлігінде ұлан-байтақ жерді алып жатты. Мемлекеттің шекарасы Мырза Мұхаммед Хайдардың еңбегі бойынша мынадай болды: қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығымен көлденеңі жеті- сегіз айшылық жол. Шығыс шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлайатымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Турфанмен шектеседі. Осылайша Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Қырғызстан Моғолстан аумағының негізін құрады. Моғолдар мемлекетінің аумағы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати тағы да былай деп жазған: Моғолстанда көлемі жағынан Жейхунға тең көптеген іті өзендер бар, олардың ішінде Іле, Ертіс, Емел, Шұлық және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхуннан еш кем емес. Осы өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан арасына орналасқан және оларды бөліп тұрған Қөкшетеңіз көліне құяды
Орта ғасыр Шығыс Түркістанның авторлары айтуы бойынша қазіргі Қырғызстан және Іле ауданы кіреді. Мысалы: Заин ад-Дин Васифи Қырғызстан территориясы Ыстықкөлді қоса алғанда Қазақстан территориясына кіреді. Онда Шу Және Талас өзендері де елдерді біріктірген қазақ хандығы құрылда деп көрсетілді. Бұл территория XVIғ. дейін Моғолстан территориясына кіргізілді. Акимушкиннің де өз мақаласында Моғолстан территориясы М.Х.Дулати бойынша сәйкес келеді. Сырдария, Сарысу, Балқаш, Ертіс және Орталық Тянь Шаньнің оңтүстік бөлігі. Моғолстан Батыс-Шығыс және оңтүстік-Солтүстік жерлері жеті- сегіз айшылық жол болып табылады.
Моғолстан территориясына Шығыс Түркістан территориясының ежелгі қалалары кірген (Ақсу қаласын қоспағанда.) Бұл бөлініс XX ғасыр Парсы авторларының еңбектерінен белгілі. Бірақ та уақыт өте келе, тарихтағы оқиғаларға байланысты территориясы Жетісу және Іле мен Ертіс өзененің аралығындағы территорияны қамтиды. Моғолстан ордасының орныққан орталығы - Алмалық қаласы болды.Моғолстан мемлекетінің құрылуының себебі XIII- XIVғғ. Феодалдық қатынастың дамуы түркі хандарының экономикалық және саяси жағдайын дамытты. Монғол билеушілеріне қарсылық білдіру, олардың көзқарасымен келіспеу, Алтын Орда және Шағатай ұлыстарында күрес жүріп жатты. Жергілікті түрік халықтары өздерінің мемлекетін құру үшін күрестер жүргізді. Міне, осындай күрестің болуы, XIVғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Моғолстан мемлекетінің құрылуын алып келді.Оңтүстік Қазақстан және Қырғыз территориясында тәуелсіз Моғолстан мемлекетінің құрылуына бірнеше себептер болды. 1) Феодалдық қатынастардың дамуы; 2) Монғол билігіне хандардың қарсылығы; 3)Шағатай және Алтын Орданың ыдырауы. Осы мемлекеттің құрылуы Қазақстан территориясында мемлекеттің құрылуына, яғни хандықты қалыптастыруына алғаш қадам жасалды. Мемлекеттің негізін қалаушы Тоғлық Темір болды. Тоғлық Темірдің әкесі Есенбұғаның Сатилмиш Хатун атты бәйбішесі болған, оның Меңлік атты сүйікті тоқалы да бар еді. Бәйбіше бедеу болатын. Сондықтан да ханда бала болмаған. Хан бірде жорыққа кетеді. Моғолстанның ескі әдет ғұрпында тоқалдар билігі бәйбішенің қолында болады. Егер қажет деп тапса, ол тоқалды басқа күйеуге беруге де құқылы еді. Сатилмиш Хатун Меңліктің ханнан жүкті екенін біліп қояды. Қызғаныштан оны Ширәввәль Духтуй атты сарайдағы мәртебелі әмірлердің біріне сыйға тартты. Хан жорықтан оралып, Меңлік Хатун жәйін сұрайды. Сатилмиш Хатун оған: мен оны басқаға сыйладым,- деп жауап береді. Хан: ол менен жүкті еді ғой,- деп наразылық білдіргенімен, Моғол дәстүрі солай болған соң үнсіз қалады.
Коп ұзамай Есенбұға хан қайтыс болады. Моғол тағы хансыз қалады. Ұлыс күйреп бүліншілікке түседі. Осы хәлді көрген әмір Болатшы дулат менің ұлы атам, ханға екі атадан қосылатын туыс болғандықтан хан сайлауға бел буып, елде тәртіп орнату жұмысына кіріседі. Ол Тастемір есімді адамды Духтуй және Меңлік Хатунның жайын біліп келсін деп жұмсайды, егер де ұл туған болса, ұрлап алып келуді тапсырады. Тастемір бұл сапардың ұзақтығын және атты адамның көп тамақ алып жүруі мүмкін еместігін айтып әмірден үш жүз ешкі сұрайды. Әмір тілегі орындайды. XIVғасырдың екінші жартсында Моғолстанның саяси тарихы туралы мағлұматтар аз, әсіресе ішкі өмірі жайлыкөп айтылмаған. XIVғ. Ортасында Оңтүстік Шығыс Қазақстанның және Қырғызстанның территориясында қалыптасқан жаңа мемлекеттің ішкі саясаты тарихи деректерде аз айтылған. Тарих-и Рашиди бойынша. Тоғлық Темір дулаттың көмегімен мемлекеттің ішкі жағдайын тұрақтандыра алды және Моғолстан территориясында орналасқан тайпалардың басын біріктіріп басқара алды. Саяси өмірде дулаттар негізгі ролді атқарғанымен, дәстүр бойынша мемлекетті Шыңғыс ұрпақтары басқарды.
1.2. Халқының этникалық құрамы және басқару жүйесі
Моғол туралы айтсақ, ең алдымен, Мырза Хайдар Дулаттың Тарих-и Рашиди атты еңбегіндегі этникалық атаулардың тегі мен шығу тарихын айқындап алғанымыз дұрыс болар. Әйтпесе, мысалы: моғол, мұғал, мугул, мағұл, моғұл сияқты бірнеше нұсқа оқырмандарды шатастыруы мүмкін.36
Моңғол мемлекетінің құрылуы, Әмір Шыңғыс әскерінің дүйім дүниенің тең жартсын жаулап алуы моңғолдардың атақ даңқын асырғаны соншалық, Азия халықтарының орта ғасырлық тарихи процесі моңғолдардың ықпалында болды. Шыңғыс ханның әруақ даңқы мен жазылатын ағын пайда болды сондықтан: IX-XIII ғасырда аталған өлкеде өмір сүрген барлық тайпаларды моңғол тегіне жатқызып қарау осынау бір жақтылықтың салдары деп қараған жөн сияқты. Бұның бір мысалы ретінде Рашид - ед-дин Фазлолла һәмеданидің Жәми-ат - тауарих (Жалпы тарих) атты еңбегін айтуға болады. Онда түрік халықтарының тегін моңғол тайпаларына келіп жазған.39
Моғол сөзінің Мырза Хайдар заманында қолданысқа енуін түсіну үшін, Шыңғыс дәуіріне қайта оралу қажет. Шыңғыс хан қайтыс болғанда, оның империясы төрт ұлысқа бөлініп, оның төрт ұлына берілді. Екінші ұлы Шағатай ханға (1227-1242) орталық ұлыс берілді, оған - Транс-оксияна, Хорезм (қазіргі Өзбекстан), Ұйғыр жерлері (қазіргі қытайдағы Шығыс Түркістан), Қашғар (қазіргі қытайдағы Батыс Түркістан), Бадаһшан, Қашғар, Балх, Ғазниндер жері - үнді өзеніне дейін (қазіргі Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанның солтүстік-батыс аудандары) қарады. 1270 жылға дейін Шаатай хандары қалыпты, мазасыз дәуірді батан кешті, ал содан кейін хандық үшін ауыр заман басталды. Билік үшін таласушы бірнеше топ бір-бірімен қырқысып, бірнеше билеуші пада боды. Бұл кезең, Мырза Хайдардың айтуынша, XIV ғасырда Тоғлық Темірдің хандықтың шығы бөлігіндегі билік тізгінін алғаныны дейін жалғасты. Сол қыйын кезеңде Шағатай ханның ұлысы Батыс және Шығыс болып екі бөлікке бөлінді: батыс бөлігінің хандары Шағатай хандығы деп аталып кетті, ал шығыс бөлігінің жерлері Моғолстан деген атпен белгілі болды және сол жерді мекендеген адамдар Моғолдар деп аталды.
Билеушінің дәрежесі - хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. әртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.
Моңғол және моғолдың түрік халықтарымен тарихи қатынастарына терең көз жеткізіп, ара жігін анықтап ұға алмай жүрген шет елдік ғадымдар дуғлат тайпасы - Шағатай, моғолдың бір бұтағы деп жазғандары бар. Сол себептен қазақ ғалымдарының тарихына, мәдениетіне тілі мен әдебиетіне қатысты тарихи деректерін түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аудару мәселесіне көңіл бөлгендері абзал. Шетел ғалымдарын өзіміздің дәйекті қорытындыларымыз арқылы қазақтың шынайы тарихын мойындатуға тиіспіз. Тарих шынайлығын айқындау тәуелсіз еліміздің бүгінгі және ертеңгі ғалымдарының еншісінде болмақ.
Қазіргі кезде түрік халықтары бірнеше ұлт-ұлысқа бөлінгендіктен ортақ ріхани-тарихи мұраны әрбірі өз еншісіне алуға тырысады. Оның бір белгісі ретінде ұйғыр ғалымдарының: Шыңғыс хан 1218 жылы Алтышаһар аймағына ұйғырдан шыққан Маңлай Сүйе атты бір кісіні әкім етіп тағайындады.
Моғолстан Шағатай, Жошы, Әмір Темір әулеттерінің талас - тартысында бөлініске түседі. Жалпы алғанда Қашғария ұйғырға, Мауренахр бір бөлігі өзбекке, Жетісу жерлері мен қазіргі Қазақстанның оңтүстүгі қазаққа тиесілі болды. Дулат тайпасының тағдыры осы бөліспен ұштасып жатты. Өйткені, Қашғарға Рашид хан билікке келіп дулат әмірлерін қудалай бастады. Амалын тауып Қашғарда қалып кеткен дулаттар, әрине, ұйғырлар құрамына енді. Мауренахрдағы дулаттар өзбек арасыны сіңісіп кетті. Мырза Хайдар дуғлат смяқты жеке адамдардың тағдыры да және дулат тайпасының рулық топтары да қилы заманның тәйкегіне түскенін байқауға болады. Мәселен, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның территориясындағы дулаттар қазақ хандығының құрамында қалды.
5.1 Моғолстанның экономикалық саяси дамуы
Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.
Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.
Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс - Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші "Батпақ шайқасы" болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады.
Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.
1269 жылдың көктемінде Талас жағалауында құрылтай болып, онда ұлы ханның иеліктеріне тәуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет болып жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы табыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Оңтүстік Қазақстанның Жент пен Үзкент жазираларын қоса алғанда Сырдария бойчндағы жерлері мен Жетісу кірді. Шығыс Түркістанда бұрын Шағатай ұрпақтарына қараған аумақтың бір бөлігі Құбылай иелігіне көшті. Хайдудың үлкен ұлы және оның Орта Азиядағы тағын алған Шапардың Емелде -өзің ата-бабасының иеленген жерлеріде хан болып жариялануына қарғанда, Үгедей мен Шағатай ұрпағы ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген.31
XIV ғасырдың басында Шағатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы рөлі қалпына келді. Хайду өлгеннен кеиін көп кешікпей, 1306-1307 жылдар шамасында мемлекеттегі билік Брақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты. В:В:Бартольдтың бағалауы бойынша ол Шағатай державасының негізін салушы болған.18
Шыңғыс ханның тұсында-ақ моңғол феодалдарының арасында қарама-қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархаттық дәстүрлерді сақтауын, бағындырылған елдердің халқын қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және жаулап алынған аумақтарды мал жайылымына айналдыруды жақтады. Екінші бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем тапқа, жаулап алынған отытықшы- егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйне отырып хан билігі күшті мемлекет құру мақсатын көздеді. Бірінші бағытты неғұрлым табандылықпен жүргізушілер Шыңғыс хан, ал оның ұрпақтарынан - Шғатай мен Күйік (1246-1248) болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері, Орқына-хатун, Брақ хан және басқалары қолдады. 34
Үгедей (1228-291241), Мөңке (1251-1259) хандар және ұлыс ханы Жошы орталықта күшті билік болуын және тізе бүккен халықтармен қатынастарды біраз ретке келтіруді жақтады. Сөйтіп, аталған екі бағыт өкілдерінің арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған аумақтардағы халықты қанау әдістері туралы мәселеге, сондай-ақ бағындырылған елдердің феодалдық үстем тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын және мәдени дәстүрлерін қабылдау туралы мәселеге келіп тірелді.
Экономикалық күйзеліс, Моңғол империясының, оның ішінде Шағатай ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды өктем талап етті. XIV ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс -әрекетінде орталықтану және Мауреннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұғырда Туваның баласы Кебек хан (1318-1326) неғұрлым ереулі қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан Мауреннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдесті. Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едәуір өзгерткен әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылады.33
Кебек ханның мирасқоры, оның інісі Тармашырын (1326-1334)орталықтандыру саясатын жалғастырды. Кебек сияқты, ол да Мауреннахрда тұрды, Ала ад-дин деген есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырды. Алайда жоғарыда аталған бағыттарды жақтаушылардың арасындағы күрес жалғаса берді.Исламды қабылдауға және көшпелі әдет-ғұрыптарды елемеуге әскери- көшпелі шонжарлар наразы болып, бұл наразылық ашық көтеріліске ұласты. Тармашырын өлтірілді. Он жылдам астам уақытқа созылған феодалдық әуре-сарсаң қаита жалғасты.
1346 жылы көшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын жалғастырушы Қазан хан қаза тапты. XIV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-моңғол әскери-көшпелі шонжарлары мен жергілікті феодалдардың өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқадария аоқабында-барластар, Ходжент аймағына - жалайырлар, Солтүстік Ауғаныстанда-арлаттар, Әмударияның жоғарғы сағасында - қаушындар күшейді; бүл рулардың әрқайсысының басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды. Оның үстіне 1346 жылдың өзінде Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты.9
XIV ғасырдың соңғы үштен бірі - XV ғасырдың басында Қазақстан халқының шаруашылық және саяси өміріне Әмір Темірдің жаулап алушылық жорықтары зор қауып төндірді.
Жаулап алынған елдердің түрік және түріктенген көшпелі моңғол ақсүйектері мен жергілікті отырықшы ақсүйектердің ішкі қайшылықтары, моңғол мемлекеттерінің (Алтын Орданың, Шағатай ұрпақтары мемлекетінің, Ирандағы Хулагу ұрпақтары мемлекетінің) саяси және экономикалық жағынан берік болмауы, моңғолдар бағындырған аймақтардың халық- азаттық күресі бұл мемлекеттердің ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі - Мәуреннахрда XIV ғасырдың 50-60 жылдарында ірі-ірі түрік моңғол тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өршіді. Моңғолдар даулап алуының барлық ауыртпалығын мойнымен көтерген еңбекші бұқараның, шаруалар мен қол өнершілердің жағдайына ауыр салмақ түсірген талас - тартыстар, сондай ақ Шағатай ұлысының бұрынғы аумағы шеңберінде тарихи жағынан келмеске кеткен ескі мемлекетті қайта туғызуға тырысқан моғолстан хандарының Мәуреннахрға жасаған жорықтары халық - бұқарасының қарсылығын туғызып, сарбадарлардың шынайы патриоттық қозғалысына ұласты. Халық көтерілісінің қауып- қатері Мәуреннахрдың ақсүйектерімен жоғары саудагер топтарын сарбадарлардың халық - азаттық қозғалысын басып, орнықты саяси билік орната алатын басшы іздестіруге мәжбүр етті. Олар Моңғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы Әмір Темірді (1336-1405жж) осындай басшы деп тапты. Атаққұмар, жігерлі, алған бетінен қайтпайтын Әмір Темір әкерлердің шапқыншылығын пайдаланып, одақтастарына опасыздық жасай отырып, халық қозғалысын басып - жаныштап, көршілес жердегі халықты талап- тонау мен күйзелту арқылы байып алды да, ешнәрседен шімірікпестен билікке ұмтылды. 1370 жылы Темір Мәуреннахрды билікті басып алды. Темірдің жеке - дара билік құрған отыз бес жылы көрші аймақтар мен елдерге жасаған басқыншылық, тонаущылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы. Ол жаулап алушылық үлкен соғыстарды мәуреннахрдың билік етуші үстем табы арасында өз билігін нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап - тонау, Орта Азияның да бағындырылған аймақтардың да еңбекші бұқарасын қанау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізген еді.
ІІ Ноғай ордасының саяси тарихы
2.1 Ноғай ордасының құрылуы және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz