Ересектер тобындағы сурет салу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе . . . 2-4

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Мектепке жасына дейінгі балаларды сурет салуға әр түрлі әдістерді

қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу әдісі . . . 4-7

2. 2. Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың

шығармашылықтары . . . 7-16

2. 3. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері . . . 16-32

ІІІ. Қорытынды . . . 33-34

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 35

Кіріспе

Сюжеттік-рөлдік ойындар 3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың тілін дамытуға өте қолайлы.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар ересектермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады, әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен айтып береді, танымдық қызығушылығы белсенді болады. Ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.

3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде, бұл ол үшін әбден заңды, өйткені біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «тұлғалық» тетігі болып табылады.

3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің сапалы жаңа қасиеттері қалыптасады: фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.

Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді.

Тіл - 3-4 жастағы балалардың сенсорлық процестерін дамытуда жетекші орын алады. Балалар тілін заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді: оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол - өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән: айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды. Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың ең айқын бөлігін ажыратады.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.

3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек өзі ғана емес, басқа да тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін түсінеді. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып жүргізіледі. Әр түрлі материалдармен тәжірибе жасау барысында балалар олардың қасиеттері мен құрылысын танып-біледі.

Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін меңгереді (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектерді қолдан жасау) .

4 жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.

Бала үшін бейнелеу іс-әрекеті - бұл өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер жарқылдақ, аңғал, ашық, ауыз әдебиетті еске түсіреді.

Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады.

Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді бейнелей алады.

Бұл кезеңде балалардың көпшілігінің музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, бұл жаста музыка мәдениетін меңгерту өте қолайлы.

Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.

3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл кезеңде бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі мен психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі. Үш жасар бала - қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет салуға дайын, бірақ ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай алмайды.

3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады. Дер кезінде тұлғаның базистік сипатын қолайлы қалыптастыру жағдайының жоқтығынан әрі қарай айтарлықтай деформация пайда болуы мүмкін.

3-4 жастағы балалардың базистік сипаттамасына: құзыреттілік, эмоционалдылық, ынталылық, дербестік жатады.

Құзыреттілік бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын») .

Интеллектуалдық құзыреттілік баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды.

Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық категориялар және сөйлеу тілі сөздіктерін қолданумен сипатталады.

Мектепке дейінгі кіші жаста екінші тілді меңгеру баланың тікелей қабылдауымен, өзге тілді адамдармен ашық қарым-қатынас жасаумен байланысты.

Мектеп жасына дейінгі бала оған екінші тілді білу не үші керек екенін түсінбейді. Балалардың мотивациясы «осында және қазір» ұстанымы бойынша әрекет етеді, яғни бала алыс мақсат қоймайды. Сондықтан екінші тілді меңгеру процесі баланың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында құрылады.

Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негізінде қалыптасады.

Дене қызметін дамыту жоспарында 3-4 жастағы балалардың құзіреттілігі олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерінен (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларынан көрінеді.

Эмоционалдылық балада ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоғары болады, өзінің сезімдерін - қуаныш, реніш, қорқыныш, таңырқау, рақаттану т. б. айқын көрсетеді.

Ынталылық баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларында:

- қарым-қатынаста (ересектерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтініш жасау, т. б. ) ;

- заттық-тәжірибелік әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру) ;

- өз бетінше құрастырған сюжетті-бейнелеу ойындарында көрінеді.

Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілетінің даму негізін құрайды.

Дербестік - 3-4 жастағы балалардың орнықты сипаты («Мен өзім», «Қолымнан келеді») . Балалар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды: өзі тамақтанады, киінеді, мақсатты бір іс-әрекетке қызығушылықпен кіріседі - ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және т. б.

Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т. б. ) .

Мектепке жасына дейінгі балаларды сурет салуға әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу әдісі

Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:

- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

-Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан - жақты дамыта отырып тәрбиелеу;

Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;

- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Әңгімелесу, кеңес беру, жиналыс, көрмелер ұйымдастыру, ашық есік күндері;

Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Кеңестер беру;

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу;

- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту;

- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;

- көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларын меңгерту;

Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:

- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;

- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларды меңгерту.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру, илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады. Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

Сурет салу әдістері:

«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп. Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау; картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу; қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру; Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі

қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың аттарын атап есіне сақтайды.

«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.

Қолдану ережесі:

- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;

- әр саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.

Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.

«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады. Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.

«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

Қолдану ережесі: - ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;

- Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;

- Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығады;

Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;

- бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;

- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;

- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;

-сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; - ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;

- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;

Балабақшада тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші көмегін аса қажет етеді. Міне осындай деңгейді анықтау үшін әр топта балалар білімін зерттеу үшін бірінші жарты жылдықта және жылдық қорытынды бойынша мониторинг жүргізіледі. Осыған байланысты мынандай қорытындыға келуге болады:

Оқу жылының жыл басында жүргізілген бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері:

Жоғары- 40 %; Жақсы- 28 %; Орташа-12 %.

Оқу жылының 1-ші жарты жылдығында жүргізілген бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері:

Жоғары- 55 %; Жақсы- 36 %; Орташа - 24 %

Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан- алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіружатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.

Нәтижесінде:

  1. Балада көркем өнер туралы білім қалыптасады.
  2. Шығармашылығы дамиды.
  3. Авторлық бағытта бейнелей біледі.
  4. Отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды.
  5. Балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады. Сурет іс-әрекеттері арқылы бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік оянады.

Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың шығармашылықтары.

Бір жастан екі жасқа дейінгі балаларда сурет салудың пайда болуы мен дамуы. Мектепке дейінгі мекемелерінде сурет салуды үйрету 2 жастан басталады. Педагог балалардың бұл іс әрекетіне басшылықты іске асыру үшін, оған баланың сурет сала бастауын, оны меңгеруге қандай кезеңдерден өту керек екендігін білуі керек. Бала 1 жаста, ал кейде біраз кейінірек қолына қарындаш алып, қағаз бетін шимайлай бастайды. Осы кезде тамақ ішерде қасықты, ойыншықты алу үшін таяқ тәрізді заттармен әрекет ете бастайды. Қарындаш пен қылқаламды басқа құралдар сияқты бірден меңгеріп кете алмайды. Әдетте бала қарындашты барлық саусақтармен жұдырығына қысып алады да, шынтағымен тіпті иығына дейін барлық қолдарымен қозғалыс жасайды. Ол қарындашпен қағаз бетін қайта-қайта ұрғылай береді. Әуелі баланы қолдарымен қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш ұшының соғылуы да оны сүйсіндіреді.

Алғашқыда сәби әрекет нәтежесінде не шығып жатқанына көңіл аудармайды. Бірақ тез арада қарындаштың қағазға із қалдыратынын байқайды да, соны тағы да көру үшін қайта-қайта шимайлай береді. Алғашында сол сызықтардың бағыты мен сипаты белгісіз кейдесоқ ретсіз болады. Бала қарындашқа түскен күшті игере алмай, кей жағдайда да қағазға түскен сызық әрең көрінеді де кейде қарындаштың ұшы қағазды тесіп кетеді. Бала нүктелер мен сызықтар түсіре отырып, қағаз бетінің кеңістігін қимыл арқылы меңгереді. Бірте -бірте қол қимылы қарындашпен үйлесім таба бастайды. Баланың көзбен бақылауы әлі шамалы болса да, біркелкі қимылдарды қайталай беруге ыңғайлы келеді, көбіне қимылды іс жәрдемдеседі. Бала қол серпілісін дұрыс реттей алмағандықтан сызықтар қағаздың көлемінен асып кетіп отырады. Алдағы уақытта қозғалыстар (ары - бері) күрделене түседі де, олардың бағыты өзгереді, доға сияқты қозғалыстар айналмалы қозғалысқа айналады да, қағаздың бетіне толық тарап, шиыршықтар пайда болады да, орама, линиялар тәрізді айналмалы сызықтардың күрделенуіне ауысады. Қол мен қарындаштың осындай дүркін-дүркін қайталануы ырғақтылық береді де, бала сүйсіне түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада жас тобына қарай сурет салуға үйретудің методикасы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Ересектер тобындағы әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде сәндік қолданбалы өнерді пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының ерекшеліктері және балалардың ұжымдық шығармашылығының мазмұнын қарастыру
Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені
Мектепке дейінгі мекеме балалары
Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың топтағы әлеуметтік мәртебесі мен өзін-өзі бағалауына тұлғааралық қатынастардың әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz