Естиярлар тобында сурет салу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері . . .

2. 2. Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету жолдары . . . 5

2. 3. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары . . .

2. 4. Дәстүрден тыс сурет салу әдістерін пайдалану жолы . . . 13

ІІІ. Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 35

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы мен дамуы оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп - жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатыны мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады.

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет.

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Тәрбиешінің бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізде құрылуының және талапты бірте - бірте, жүйелі күрделендіру, әр түрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принцирін сақтап, өнердің әр түрінің қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. [1]

Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілетін үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең - материалды тез қабылдап, жылдам меңгеретін бала.

Екінші кезең - арнаулы тапсырманы мұқият орындайтын бала.

Үшінші кезең - берілген көркемдік білімді баяу қабылдайтын бала.

Осы орайда баланың ынта-жігерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейін дамытуға болады. Баланың қабілеттілігін дұрыс түсіну үшін баланың жас ерекшелігін психологиясын білу және ескеру қажет. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жасай алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жұмысына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу - жасқаншақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі - жалқаулыққа жеңдіреді. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін балаға педагогтың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймын:

  • «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», деген сөздермен баланың ерік-жігерін билеп, сенім білдіру;
  • Бүлдіршіндердің кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу.
  • Шығармашылық сәтте балаға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
  • Балалар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
  • Баланың қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.

Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар мектепалды даярлық топтарында әр сабақта ұйымдастырылады. Ал қазір дәстүрлі оқу іс-әрекеті мен шығармашылық оқу іс-әрекетінің айырмашылығын көрсете кетейін.

Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық оқу іс-әрекетінен тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануға баланың шығармашылығын қолдап отырады. Іс-әрекетің түрлеріне үңілсек сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру - балалардың шығармашылық белсендігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу кезеңінде заттарды салыстыра алмауы мүмкін, дегенмен нәрсеге қарап сурет салуда дәл ұқсастықпен бейнелеуге мүмкіндік бар. Сондықтан бала бақша балаларына бейнелеу өнерінен білім беруде көрнекілік құралдарды жүйелі пайдаланғаны жөн.

Сурет салуда балалардың екі типін кездестіруге болады: байқағыштар және арманшылдар. Байқағыштардың шығармашылығындағы бейнелер мен сюжеттер өмірден алынған болса, ал арманшылдардың суреттерінде қиялдан алынған кейіпкерлер көбірек кездеседі. Біреулер әр түрлі көліктерді, үйлерді, өмірдегі оқиғаларды, енді біреулері тауды, космостық бейнелер, ойдан шығарылған жануарлар бейнелерін салады. Бейнелеу өнерінде баланың шығармашылық қабілеті тек қана тәрбиешінің тікелей басшылығымен дами алады. Баланың жағымды эмоциялық жағдайы бейнелеу өнері оқу іс - әрекетінде міндетті түрде қажет. Баланың шығармашылық белсенділігін арттыруда ата-аналар мен тәрбиешінің қолдау жағдайы дұрыс болуы қажет. Бейнелеген затпен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қабілетін дамуына септігін тигізеді. Бала өз жұмысын айналасындағыларға көрсетуге ұмтылады. Осыны тәрбиеші естен шығармай, дұрыс бағалауы және дұрыс бағыттауы қажет. Баланың байқау қабілеті, шыдамдылығы басым болса, оның жұмысыда соншалықты қызықты болады. Бала сурет сала отырып заттар мен құбылыстарды жай ғана бейнелемейді, суретінде өз сезімдерін білдіреді.

Баланың тілін дамытуда оның шығармашылдығы қалыптасқан белгілі тақырып бойынша әңгіме құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру әдістерімен қатар балалардың қиялы мен арманшылдығын дамытатын «Мен ұшқыш болсам», «Мен президент болсам», «Мен әке болсам» тақырыптарда әңгіме құрастыру тапсырмалары жиі қолданылса бала қоршаған ортада өз орнын таба білуді үйренеді. Баланың сөйлеуде тапқырлығы мен анық мәнерлеп сөйлеу қабілетін жетілдіруде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мател айтуды басынан бастап аяғына дейін балаларға айтқызу ең кеңінен таралған әдістердің бірі. Балалардың әңгіме құрауда шығармашылдығын дамыту бағытында қуыршақ театры, саусақ және үстел үстіндегі театр құралдарының әсерін ерекше атап өту қажет.

Баланың шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз - баланы ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі баладан шығармашылық қабілетті талап етпестен бұрын, оны соған үйреткен жөн. Баланың зейінін, есін, қиялын, интелектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс - әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Баланың математика оқу іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту.

Балалардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тасырмалардың кейбірімен таныстыра кетейін .

Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күннен қалыптаса бастайды. Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Өмірді танып білу, әдетте, оқып - үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында» деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек.

«Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:

- Ойын - тапсырмаларын орындау барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады.

- Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы баланың өз мүмкіндіктері дамып жетіледі.

- Оқу әрекетінде бала өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздеп, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

- Тілдік тапсырмаларды орындау барысында сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс - әрекетіне шығармашылықпен кіріседі.

- Бейнелеу іс- әрекетінде зат пен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қиялының дамуына септігін тигізеді.

- Музыкалық іс - әрекетте баланың жеке басын жан - жақты дамыту эстетикалық тәрбие, дене тәрбиелерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі.

- Баланың бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық дамиды.

Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор болмақ. [2]

Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың шығармашылықтары

Бір жастан екі жасқа дейінгі балаларда сурет салудың пайда болуы мен дамуы. Мектепке дейінгі мекемелерінде сурет салуды үйрету 2 жастан басталады. Педагог балалардың бұл іс әрекетіне басшылықты іске асыру үшін, оған баланың сурет сала бастауын, оны меңгеруге қандай кезеңдерден өту керек екендігін білуі керек. Бала 1 жаста, ал кейде біраз кейінірек қолына қарындаш алып, қағаз бетін шимайлай бастайды. Осы кезде тамақ ішерде қасықты, ойыншықты алу үшін таяқ тәрізді заттармен әрекет ете бастайды. Қарындаш пен қылқаламды басқа құралдар сияқты бірден меңгеріп кете алмайды. Әдетте бала қарындашты барлық саусақтармен жұдырығына қысып алады да, шынтағымен тіпті иығына дейін барлық қолдарымен қозғалыс жасайды. Ол қарындашпен қағаз бетін қайта-қайта ұрғылай береді. Әуелі баланы қолдарымен қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш ұшының соғылуы да оны сүйсіндіреді.

Алғашқыда сәби әрекет нәтежесінде не шығып жатқанына көңіл аудармайды. Бірақ тез арада қарындаштың қағазға із қалдыратынын байқайды да, соны тағы да көру үшін қайта-қайта шимайлай береді. Алғашында сол сызықтардың бағыты мен сипаты белгісіз кейдесоқ ретсіз болады. Бала қарындашқа түскен күшті игере алмай, кей жағдайда да қағазға түскен сызық әрең көрінеді де кейде қарындаштың ұшы қағазды тесіп кетеді. Бала нүктелер мен сызықтар түсіре отырып, қағаз бетінің кеңістігін қимыл арқылы меңгереді. Бірте -бірте қол қимылы қарындашпен үйлесім таба бастайды. Баланың көзбен бақылауы әлі шамалы болса да, біркелкі қимылдарды қайталай беруге ыңғайлы келеді, көбіне қимылды іс жәрдемдеседі. Бала қол серпілісін дұрыс реттей алмағандықтан сызықтар қағаздың көлемінен асып кетіп отырады. Алдағы уақытта қозғалыстар (ары - бері) күрделене түседі де, олардың бағыты өзгереді, доға сияқты қозғалыстар айналмалы қозғалысқа айналады да, қағаздың бетіне толық тарап, шиыршықтар пайда болады да, орама, линиялар тәрізді айналмалы сызықтардың күрделенуіне ауысады. Қол мен қарындаштың осындай дүркін-дүркін қайталануы ырғақтылық береді де, бала сүйсіне түседі.

Баланың екі жасында қағазға түскен сызықтарға қызығушылығы пайда болуының нәтежесінде бірнеше парақ қағазды қозғалмай отырып сызуы мүмкін. Сурет салудың осы кезеңі, әдетте, шимай жазу деп аталады. Бейнелеу іс әрекетінде осы сияқты сурет салу болып өтеді: ол қарындашпен қолдың үйлесімді, ырғақты қимылдарын дамыту мен қимылдарды көзбен бақылауды дамыту үшін пайдалы.

Түрлі түсті қарындашпен сурет салу баланың зейінін ашық түске тартады. Бояу баланы қуантады және ол қарындашты қаттырақ басып, сызықтарын жиілетіп, түсін қоюлатып салуға тырысады.

Бұл жаста әдейілеп бейнелеу әлі жоқ. Бала бір нәрсені толық етіп бейнелеп сала алмайды. Бірақ осы кезде бала материалдардың қасиеттерін тани бастайды: қағаздарды, қарындаштарды олардың түсін, өзінің қолындағы қарындаштың қимылынан қағазға түскен іздерді таниды да, оларға қызыға қарай бастайды.

Осы кезең қол қимылы мен көрудің дамуына әсерін тигізеді. Бала өзі үшін құралдармен танысады, үлкендердің бағыт беруінің нәтежесінде осы құралдарды қалай пайдаланудың қарапайым түрін меңгере бастайды, көрнекті із алу үшін оны қолына дұрыс ұстап, қағаз бетіне жүргізеді. Бұл кезеңде баланың өз бетінше кетпеуін қатты қадағалап, қарындашты қалай ұстауды көрсету, бұл үшін оны сәбидің қолына ұстату (өйткені ол өзі қарындашты дұрыс ұстай алмайды) ; қолмен қағазды қалай ұстауды көрсету маңызды. Сәбидің сызықтармен штрихтарға зейінін аудара отырып не салғанын, оны неге ұқсайтынын сұрау керек. Баланы ойлануға тарта отырып оның не істеп отырғанын, қандай құбылыстар мен заттарға ұқсастығын іздеуге, ойлануға итермелеу керек.

Бұл уақытта жалпы топтық үйрету сабақтары «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында» ұсынылмағынымен, балаларға олардың қалаулары бойынша столға отырып, сурет салуына мүмкіндік беруге болады. Бұл бейнелеу іс әрекетіне қызығушылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Яслиде балаларға 1, 5 жаста қағаз бен қарындаш беріледі. Егер балабақшаға бармаса, үйде сурет салмаса, 2- 2, 5 жасқа дейін іс әрекеті дамуы едәуір кешігеді.

Сондықтан балаларды қарындаш ұстаған қолдың бейне жасау кезендегі қимылын түсінуге алып келу бірінші кішкентай топқа келгеннен қолға алынады. [3]

Бірінші кішкентайлар тобында сурет салу. Сабақтарда балалардың бейнелеу іс әрекетіне қызығушылығын, оған эмоциялық қатынасын, тәрбиешіні тыңдау және есте білу, оның суреттен көрсеткендерін көру және байқау шеберлігін қалыптастыру, белгілі бір мақсатпен әрекет жасау керектігін көрсету арқылы тәрбиелеу қажет.

Балалардың сурет салу іс-әрекетін меңгеру үшін қолдың қимылын, оның үйлесімін, ырғағын және әлденеше рет бірыңғай қимылдарды қайталай білуге жаттықтыру керек. Сурет салу, мүсіндеу процесінде балалардың түйсігін, олардың қабылдауын, тәрбиешінің бірте-бірте сөзбен сіңіре беретін білімін, балалардың (жұмсақ, серпінділік, көлемі, түсі, ) таным қасиеттерін дамытқан жөн.

Балаларда суреттің затпен ұқсастығын іздеп табуға және оның атын атауға іскерлігін дамыту керек, өз суретін «оқып», түсіну қабілетін, сонан соң суреттің әр түрлілігін байқауға балалар салған суреттердің арасынан өз суретін тауып, не салғанын айтып беруге баулыған жөн.

Бейнелеуге бейімдеу. Бірінші кішкентайлар тобында тәрбиеші балаларды бейнелеуге, суреттің бейнелеу сипатын түсінуге бейімделеді. 3 жасқа қараған балалар бір заттың нақты пішінін бере алмайды, сондықтан тәрбиеші оларды кескіні айқын емес формаларды бейнелеуге үйретеді ( олар белгілі дәрежеде дөңгелек немесе бұрышты затқа ұқсауы мүмкін) . Сурет сабағында ол балаларға дайын бейненің кейбір жетіспейтін әсерлерін толықтыра түсуді ұсынады. («Әуе шарының жібін», « жалаудың сабын»)

Тәрбиеші балаларға қағаз бетіне бояуды жағуды ұсына отырып бір қалыпты бірнеше рет қайталауға бағдарлауға үйретеді. Бағдарлама ою салуды үйретуді міндет етіп қоймайды, дегенмен жағылған бояудың әшекейлі, қарапайым бір композицияда болуы балаларда өзінің ырғағымен және бояуының ашықтығымен қуантады.

Сурет сабақтарында балаларды түстерді айыра білуге оқытады (қызыл, сары, көк, жасыл) оларды сурет салу кезінде қалай пайдалануды арнайы үйретеді. Балалар сол бейненің түсіне қарап кез келген бір ат қояды («шөп», «гүл») .

Тәрбиеші балалардың зейінін әртүрлі түстердің дақтарына, сызықтар сипатына аударады. Айналадағы болмыстан ол мынадай құбылыстарды сызықтардың ырғағын, шимайларды қарама қарсы түстерді балалар айта алатындай етіп тыңдап алады. Балалар жапырақтардың қалай түсіп жатқынын, жаңбыр немесе қар жауғанын, көктемдегі жаңбырдың тырлысын, жылғылар ағысын суретке салады.

Мектепке дейінгі кішкентайлардың суреттерінде әрекет пен байланыс мазмұнына ұмтылушылық байқалады. Сюжетті сурет салу процесі өзгеше. Бала бір нәрсені бейнелейді де, көбіне сөзбен немесе қимылмен жеткізеді. Ол суретті сол жағдайдың ішінде жүргендей етіп салады. Образ жасау бала үшін әр түрлі сезімге байланысты құрылады, сондықтан балаларды тәрбиелеу үшін салынатын бейне мен көрініске деген сезім қатынасын арттыра түсу қажет, өйткені сурет салу процесі кезінде оның алдында қарапайым сызықтар мен формаларға, бояу жағындыларына «жан бітеді».

Техникалық дағдылар. Тәрбиеші балаларды бірінші сабақтарда-ақ дұрыс отыруға үйрету керек (столда өте көп еңкеймей, түзу отыру, суретті оң қолмен салу, сол қолмен қағазды басып тұру) . Қарындаштармен және бояулармен сурет салу үшін, бір қатар техникалық дағдыларды меңгеруге тура келеді: қарындашты дұрыс ұстау, үш саусақпен ұстау, қаламның ұшталған жағына қолды онша жақындатпай, сұқ қолмен үстінен басып тұрып, барлық саусақтармен дұрыс қимыл жасау керек. Қарындашты саусақтармен қатты қысып ұстау қолды тез шаршатады және өте әлсіз саусақтар қарындашқа ие бола алмайды да, сондықтан түсе береді.

Балаларды бояумен сурет салу кезінде қылқаламның түгін бояуға батырып алған соң, жеңіл қимылмен ыдыстың аузына сілкіп, артық тамшыларды түсіру керек.

Балалар суретті тек қағаз бетіне салуы керек, қолына, столға, киімдеріне жағып алмай, қарындашпен тарсылдатпай, барлық құралдарды ептілікпен пайдаланған жөн: сабақтан соң әрқайсысын өз орындарына жинап қоюы керек.

Екінші кішкентайлар тобында сурет салу. Көптеген балалар балабақшаға бірінші кішкентай тобынан емес, 3 жасқа толғанда ғана бара бастайды, Мұндай жағдайда олардың көпшілігі үшін бейнелеу іс әрекеті жаңадан басталады. Сондықтан 1 кішкентайлар тобының бағдарламасында берілген міндеттер балаларға таныс емес. 2-ші кішкентайлар балалармен сурет салу жұмысына кіріспес бұрын, тәрбиешілердің қандай тәжірбиелерінің бар екендігін білу керек. Егер балалардың көбісі балабақшада 1-кішкентайлар тобында тәрбиеленсе, онда сурет салу 2-ші кішкентайлар бағдарламасы бойынша жүргізуі тиіс.

3 жасар баланың өмірлік тәжірибесі бай, олардың психикалық деңгейі жоғары, демек мұның өзі алдыңғы топтағы бүкіл оқу бағдарламасын өтуге мүмкіндік береді.

Алғашқы сабақта ғана балаларды сурет салуға қызықтыруға тәрбиелеу керек. Жылдың басында балаларда іс әрекет нәтежесінде қызушылық байқалмайды және салған суреттерінің сапасына мән бермейді. Сабақ кезінде орындалған суреттердің қорытындысын талдау, балалардың жалпы сурет салуға деген бейімін арттырып, тыңғылықты орындауға қалыптастырады. Жалпы топтық сабақтарда балаларда өздеріне бекірілген тәрбиешілерді ауызша және жазбаша көрсетулерді дұрыс тыңдап үйренуге, оны орындауға шеберлік нығайады.

Бұл кезеңде балаларға тән нәрсе бейнелеп іс әрекетінің ойынға ұласып кетуі, себебі балалның ширақтылығына байланысты. Баланың ойынға деген ұмтылысын оның сурет салуға ынтасын арттыру мақсатында пайдалану керек. Баланың жай тлқынды шимайларын тәрбиеші кілемшілеріне біріктіруіне болады: Кейін балалар тәрбиешімен бірге олармен қуыршақтар тұратын мүйісті безендіреді. Бірте бірте дұрыс сипат қалыптаса бастайды.

Сурет сабағында ырғақ, форма, түрлі түстерді сезіну бірте бірте сезіне бастайды. Өйткені заттарды бақылау, оларды қабылдау, талдау, одан кейін бейнелеу процесінде тәрбиеші балалардың назарын осы эстетикалық сапаларға аударады. Балаларға көбірек ұнайтын, олардың көңілдерін електіретін түсті де таңдай білуі қалыптаса бастайды. Тәрбиеші балалардың бейнелеу қабілетін дамыта отырып, оларға өз беттерімен мазмұны бар сурет ойлап табуды ұсынады.

Бала сурет салғанда, мүсін жасағанда белгілі бір заттарды, құбылыстарды суретпен салу қол қимылын дамытуды, олардың үйлесімін қадағалауын үйретеді. Бейне жасау үшін байқағыштық, заттар мен құбылыстарға көңіл тоқтату, иллюстрациялауларды көре біру қабілетін дамыту қажет. Өйткені, олар суретке қондыруға керек. Мысалы, шыршаның жасыл түстілігі немесе терезелердегі жауын тамшыларының, тамшылап тұрған ырғағы т. б.

Тәрбиешінің балаларды қоршаған заттарды түйсіну, түсінуді ұйымдастырумен оларда көзбен елестете алуы пайда болады.

Бейнелеуді меңгеру, балалардың дербестіліктің, белсенділіктің тәрбиеші балалардың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, кімге қандай іс әрекет түрінде, кімге қалай сөз түрінде ескертулер жеткілікті екені білегні жөн. Үйрену барысында алғандағы іскерлікті пайдалана отырып, балаларға дербес шешімдер табуға мүмкін береді.

Заттарды бейнелеу Егер кішкентай тобының мақсаты балаларды сурет салғанда белгілі бір нәрсені бейнелеуді, түсінуге жетелеу болса, ал 2-кішкентайлар тобында затты бейнелеудегі тәсілдерді үйретуден бастайды. Балалар заттардың формасы, бояуы көлемі әр түрлі екендігін мағлұмат алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада жас тобына қарай сурет салуға үйретудің методикасы
Ересектер тобындағы әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде сәндік қолданбалы өнерді пайдалану
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың бейнелеу іс-әрекетінде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың теориялық мәселелері
Жапсыруды балаларға қолданбалы өнер материалдары арқылы үйретудің ерекшеліктері
Бала-бақша топтарнын бағдарламалары
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені
Естиярлар тобында сурет салуға оқытудың әдістемесі
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz