Жобаларды басқару әдіснамасы
Кіріспе
Жобаны басқару - бұл жобаны іске асыру процесінде пайда болатын өзгерістермен, кедергілермен, кідірістермен және мүмкіндіктермен байланысты проблемаларды шешуге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттер типі. Жобаны басқару - бұл өнер. Адамдардың күш-жігерін үйлестіру, қолда бар ресурстарды пайдалану және қазіргі заманғы техниканың жетістіктерін қолдану өнері. Мұның бәрі құны, нәтижесі, іске асыру уақыты және басқа да маңызды параметрлер бойынша жобаның мақсаттарын сәтті жүзеге асыру үшін қажетті факторлар. Қазіргі уақытта жобаларды басқару көптеген дамыған елдерде қолданылады. Бұл жобаны жоспарлау, үйлестіру және бақылау үшін маңызды құрал. Жобаның мақсаттарына жету әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Осы әдістерді салыстыру үшін алға қойылған мақсаттарға жетудегі жетістік өлшемдері қажет. Әдетте жобаны орындаудың әртүрлі нұсқаларын бағалаудың негізгі өлшемдеріне уақытқа қол жеткізу құны мен шығындар кіреді. Сонымен қатар, жоспарланған мақсаттар мен сапа, әдетте, әртүрлі нұсқаларды қарастыру және бағалау кезінде негізгі кедергілер ретінде қызмет етеді. Әрине, басқа критерийлер мен шектеулерді, атап айтқанда, ресурстарды қолдануға болады.
Ақпараттық жүйелердің жобасы қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке немесе алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар және сапалы жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. Ақпараттық жүйелерді құру жобасы - шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені. Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады.
Көрсеткіштер:
- жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы;
- жұмыстың еңбекөнімділігі;
- жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны;
- құны;
- коммерциялық тәуекелдік;
- өміршеңдік қабілеті;
- бәсекелестік қабілеті;
- қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі.
Жобаның орнықты сипаттамалары:
- жаңалығы;
- заманауилығы;
- кешенділігі;
- жүйелілігі;
- сенімділігі;
- техникалық жүзеге асуы және т.б..
1. Теориялық бөлім
1.1. Жоба және жобаларды басқару анықтамасы. Жобаның ерекше белгілері. Жобаларды басқару функциялары.
Жоба - бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі.
Жоба - бұл нәтиже беретін үдерістер жиынтығы, ал нәтижелер сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша адам ресурстары және қаржылық, материалдық ресурстарға қатысты құн мен уақыт шығындарына, белгілі бір нақты түрмен бекітілген спецификацияларға сәйкес ұйымдастырылады.
Жобаның ерекше белгілері:
- нақты мақсат;
- ішкі және сыртқы өзара байланыс;
- жобаның бекітілген басталу және аяқталу мерзімі;
- шектелген ресурстар;
- мақсаттың бірегейлігінің белгілі дәрежесі (жаңалығы);
- орындалу үдерісінде әр түрлі шиеленістердің болуы.
Жобаларды басқару - бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы.
Жоба құрылымы - бұл әр түрлі дәрежеде бөлініп көрсетілген бір-бірімен байланысқан жобаның элементтері мен үдерістерінің жиынтығы. Бұл элементтер мен үдерістер жобаның әр түрлі аспектілерін бейнелейді:
- жұмыстың жалпы бағдарламасы,
- мақсат ағашы,
- ұйымдастыру құрылымы,
- штаттағы қызметкерлердің міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бөлу матрицасы,
- ресурстарды бөлу ағашы,
- тәуекелдік пен құн ағашы.
Жобаны басқару функциялары:
- жоспарлау,
- бақылау,
- талдау,
- шешімдерді қабылдау,
- жоба бюджетін жасау және сүйемелдеу,
- жүзеге асыруды ұйымдастыру,
- мониторинг,
- бағалау,
- есеп беру,
- сараптама жүргізу,
- тексеру және қабылдау,
- бухгалтерлік есеп,
- басқару.
Жобаны басқарудың ішкі жүйелеріне кіреді:
- жұмыстың мазмұны мен көлемін басқару,
- уақытты басқару,
- құнды басқару,
- сапаны басқару,
- сатып алулар мен жеткізілімдерді басқару,
- ресурстарды бөлуді басқару,
- адам ресурстарын басқару,
- тәуекелдікті басқару, ресурстар қорын басқару, интеграциялық басқару, ақпарат пен коммуникацияны басқару.
Жобаны басқару әдістерінің мүмкіндіктері:
- жобаның мақсатын анықтауға және оның негіздемесін жүргізу;
- жобаның құрылымын айқындау;
- қаржыландырудың қажет көлемі мен көздерін анықтау;
- орындаушыларды конкурс арқылы таңдау;
- келісім-шарттарды дайындау және келісімдерге отыру;
- жобаның орындалу мерзімін анықтау, оны іске асыру графигін құруға, қажет ресурстарды есептеу;
- жобаның сметасы мен бюджетін есептеу, тәуекелдікті жоспарлау және ескеру;
- жобаның орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету.
Жобаны басқару әдістері:
- желілік жоспарлау және басқару,
- күнтізбелік жоспарлау,
- логистика,
- стандартты жоспарлау,
- құрылымдық жоспарлау,
- ресурстық жоспарлау,
- имитациялық модельдеу және т.б.
1.1.1. Project
Жобаны жүзеге асыру үшін мына ресурстар қажет: орындаушылар, жобада қолданылатын жабдықтар және материалдар.Жобалау кезінде ресурстарды тағайындау. Тағайындалған ресурстар бойынша әрбір тапсырманың орындалуы анықталады. Мысалы, ресурстар туралы ақпарат және тапсырмаларға ресурстардың тағайындалуы MS Project бойынша көрсетілген.
МР Project программасы MS фирмасының өнімі. Осы фирманың басқа офистік, кеңселік өнімдерімен салыстырғанда Project-ің ерекшелігі төмендегідей.
oo Тек арнайы мамандандырылған есептерді шығарады, яғни Project тек ғана жобаларды басқару үшін пайдаланады.
oo Программамен жұмыс істеу үшін жобаларды басқару әдістемесі жайлы арнайы бөлім қажет.
oo Әрбір жоба, жобаның аты *mpp мен жеке файл түрінде сақталады. MPP- MS Project Planez деген сөз
oo MS фирмасының келгенде Project MS стандартты өнімі болып саналады.
1.1.2. Ресурстарды жүктеу.
Ресурстар ешқашан шектеусіз болмайды. Тапсырмаларға ресурстар тағайындау кезінде қолда бар қаражаттармен есептеу керек. Ресурстарды бөлу мыналардан тұрады: Еңбек шығыны, жұмыстың көлемі және ұзақтылығы;Ресурстарды жүктеуді түзету сәйкесінше тапсырманы ұзартуға арналған барлық ресурстарды жүктеу және де әрбір тапсырма канша уақытқа ұзарғандығын есептейді.
Ресурстық гистограмма - бұл гистограмма, әртүрлі түрдегі ресурстың кез келген мерзіміндегі жобаның қажеттілігін айқындайды.Ресурстарды автоматты түзету мүмкіндіктерін ақпараттық технология ауқымындағы жобаларға пайдаланбағаны жөн. Ресурстық күнтүзбелік жобалау - бұл шектеулі қолда бар ресурстармен жұмыстың басталу мерзімін жобалау. Күнтүзбелік жобаның іске асырылуын ресурстық жобалау функцияларын салыстыруын және жобадағы ресурстардың қажеттіліктерін анықтайды. Жұмыстың сыни емес күндерін ең кеш басталатын мерзімге жылжыту, егер ресурстардың тиімді қолданылуын қамтамасыз етсе, онда ресурстық профиль түрін өзгертуге болады.Жобаның ресурстық талдау нәтижесінде алынған ақпарат менеджерлердің көзқарасын және жұмыс барысында команда мүшелерінің назарын аударуға көмектеседі, мұндағы ресурстың басқару тиімділігі табысты факторы болып табылады.
Құнды басқару үш бөліктен тұрады: жобаның құнын бағалау; жобаны қаржыландыру; құнды бақылау.
Жобаның құнын басқару өмірлік айналымның барлық кезеңіндерінде жүзеге асады. Жобаның құнын өмірлік айналымының фазалары бойынша бөлу бірқалыпты емес. Құнның негізгі бөлігі жобаны жүзеге асыру фазасында қалыптасады, бірақ жобаның құн көрсеткішін анықтаудағы негізгі шешім жобаның инвестициялық фазаның алдында қабылданады. Жоба бюджеті - бұл жобаның орындалу кезеңіндегі сметалық құн.Бюджет мына түрде болады: шығынның күнтізбелік жоспар-графигі; шығынды бөлу матрицасы; шығынның бағандық диаграммасы; кумулятивтік шығынның бағаналық диаграммасы; уақыт бойынша бөлінген кумулятивті шығынның сызықтық диаграммалары; шығын құрылымының шеңберлік диаграммасы.
Жоба құнын жоспарлау. Бұл жоспар жобаның орындалу барысына арналған орнатылған қаражаттарды пайдалану үшін керек.Негізгі кезеңдер:жобаның сәтті аяқталу үшін керекті ресурстың қажеттіліктерін анықтау; еңбек шығыны және ресурстар құнын бағалау.
Жоба қаражатын өңдеу. Бұл өңдеу мерзімдік кезеңдерге байланысты жобаның орындалу мерзіміне сай болжанған шығындарды бөлуді қарастырады.
Ресурс қажеттіліктерін анықтау - жоба құнын басқару ресурстар шығынын бағалаумен байланысты. Жобаның жұмыстарының орындалуының кестелік және күнтізбелік жоспары құрылғаннан кейін, ресурстардың қажеттіліктері туралы график құруға болады. Құнды жоспарлау үшін есепті қою қалай болуы керек? Бізге барлық түрдегі ресурстардың көлемді және мерзімдік сипаттамалары оның құнын анықтау үшін қажет. Яғни, қанша уақыт керек, ресурстардың көлемі қанша деген сауалдарға жауап беру керек.
Жобаның құнын бағалау алдыңғы фазаларда анықталған ресурстарға шығындар сметасын нақтылаудан және анықтаудан тұрады. Бағалау әдістері: Эксперттік бағалау; Параметрлік бағалау; Төменнен жоғарыға қарай бағалау.
Бірінші кезекте жұмыстың орындалуына қолда бар қаражаттар мен олардың орындалу барысындағы қалай түсетіні анықталады. Жобаның қаржысын өңдеуді қажет етеді.
Жоба қаражаты - бұл мерзімдік кезең бойынша жобаның құны. Егер біздің жұмыстың орындалуындағы сметалық құны болса, күнтізбелік графигі бар, онда қаржыны өңдеу айлар бойынша жұмыс тізімін құру, құны көрсетілген кварталдық және әрбір мерзімге арналған жанама шығындар. Жоба қаражатын өңдеуден кейін жобаның жанама жоспарына кірісуге болады - бұл бірлік, тізбектелген және келісілген құжат, жобаны басқарудағы барлық функция жоспарларының нәтижесі қосылады.
Құнды бақылау дегеніміз:
- құн мониторингі
- құнның негізгі жоспарынан ауытқуды анықтау
- негізгі құн жоспарына өзгертулер енгізу
- өзгертулер жайлы жоба қатысушыларына хабарлау
- жоба бюджетінен ауытқымау
1.2. Жобаларды басқарудың негізгі әдіснамалары
Әрбір жоба - бұл стандарттауға келмейтін бірегей іс-шара екендігі бәріне белгілі. Алайда, жобаларды басқару процестерін стандарттауға болады. Олардың форматтайтын құжаттар жобаларды басқару әдіснамалары атауына ие болды. Ең жиі қолданылатын әдістемелерді атап өтейік:
1.2.1. Жобаларды басқару әдіснамасы
Дәстүрлі жобаларды басқару әдіснамасы барлық салаларда пайдаланылуы мүмкін, бірақ құрылыста ең кең таралған. Ол сондай-ақ каскадты немесе сарқырамалы модель деп аталады,себебі, оның ұсынылып отырған жүйелілігі ағын фазаларына ұқсайды. Әдіснама жобалық басқарудың жеті дәйекті кезеңдерін бөледі:
oo Талаптарды айқындау
oo Жобалау
oo Іске асыру (құрылыс, өндіріс)
oo Енгізу
oo Тестілеу және дұрыстау
oo Орнату
oo Пайдалану және сүйемелдеу
Жобаның келесі фазасына көшу алдыңғы кезең аяқталып, тапсырыс берушімен қабылданған жағдайда ғана мүмкін. Орындау нәтижесі материалдық өнім болу шарт (мысалы, құрылыс жобалары, жабдықты орнату және т. б.) және іске асыру үшін нақты іс-әрекеттерінің реттілігі талап етілетін жобаларда бұл әдістемені қолдану неғұрлым пайдалы. Оған қоса, әзірленген жоспарларды болашақта оларға ұқсас жобаларда пайдалану мүмкін.
Алайда екінші жағынан, жобаны басқару дәстүрлі моделі жоспарлау кезеніңде инвестицияларды тартуды талап етеді. Әдетте алғашқы екі фаза жобаны орындаудың барлық уақытынан 20 - 40% алады. Құрылымдалған тәсіл салдарынан өзгеріс енгізу жұмыстары баяу жүреді, сондықтан егер клиент қандай нәтиже алғысы келетінін білмесе, бұл әдіснама икемсіз және қолайсыз болады.
1.2.2. Жобаны икемді басқару әдіснамасы
Жобаны икемді басқару - үдемелі және итеративті жобалау әдістемесі болып табылады. Оның басты ерекшелігі: жобаның басында оның өнімі және өмірлік циклі қандай болатыны белгісіз. Оның орнына жобалау "спринт" деп аталатын бірнеше итеративных фазаларға бөлінеді. Әрбір спринт көптеген міндеттерден тұрады, өзінің түпкі өнімі мен нәтижесі бар. Agile әдіснамасы жобалардың менеджерлеріне үнемі кері байланысты алуға және әрбір итерациядан кейін өнімді жақсартуға мүмкіндік береді.
Жобаларды басқару әдіснамаға сәйкес, нәтиже үшін жауапкершілік үш рөлге бөлінеді:
oo Өнімнің иесі - жобаның мақсаттарын анықтайды, берілген жобалық параметрлерге оңтайлы кестені әзірлейді, жобаның орындау процесін өзгертілген талаптарға сәйкес бейімдейді, өнім сипаттамаларының басымдықтарын белгілейді.
oo Scrum шебер - жоба командасының орындау міндеттерінің басымдықтарын белгілейді және туындаған қиындықтар мен кедергілерді жояды.
oo Команда мүшелері - қойылған міндеттердің көпшілігін жүзеге асырады, күнделікті менеджментті орындайды, жобаның орындалу барысы туралы есептер жасайды, өнімнің сапасын бақылайды.
Икемді басқару әдіснамасы икемді болып табылады және параметрлерді оңай өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу немесе графикалық дизайн сияқты сервиске бағытталған жобалар үшін маңызды. Бірақ қатаң белгіленген параметрлер мен талаптарға сәйкес орындалулары шарт жобалар үшін бұл әдіснама қолайлы емес.
1.2.3. Қосымшаларды жылдам әзірлеу әдіснамасы
Қосымшаларды тез әзірлеу (RAD) - бұл бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жобаларында жиі қолданылатын жобалау әдіснамасы. Олардың негізгі мақсаты жылдам және сапалы қосымша құру. Бұл жобаларды басқару әдіснамасы 4 сатыдан тұрады:
oo Жоспарлау
oo Пайдаланушылық жобалау
oo Жылдам құрастыру
oo Ауысу
Қосымшаларды жылдам әзірлеу әдіснамасы бір жағынан жобаның нәтижелілік көрсеткіштерін жақсартуға және тәуекел-менеджментінің сапасын арттыруға көмектеседі. Бірақ екінші жағынан ол ауқымды IT жобаларға қолайсыз, себебі, кодтың төмен сапасына әкелуі мүмкін және бүкіл атқарылу процесіне клиенттің тұрақты түрде тартуын талап етеді.
Жетістіктің себептері
Жобаларды басқару адамдардың ақылымен басқарылады. Көптеген өндіріс орындары менеджметтің осы бөлігінің негізін салушы ретінде бизнес стратегисын негізге алады. Бұл жетістік түрі онай болып келеді: жобаларды басқарудың бұл түрінің тиімділігі жұмсалған уақытты ретке келтіріп отыру. Жобаның үшбұрыштысы:
Жоба - ақпараттар мен портфелдерге жобалар қандай қатынаста болады. Жоба - бұл өте жақсы өнімдер жасап шығарудағы уақытша өндіріс орны.
Ақпарат - бұл стратегиялық мақсатқа сәйкес келетін жобалар мен жеке жұмыстардың біріккен тобы.
Жобаның портфельі - бұл жеке жұмыстар мен жобалар, ақпараттар, портфельдің төменгі деңгейінің жиынтығы.
1.3. Бизнесті басқару процессі кезінде туындайтын ең көп тараған мәселелер және оны шешу жолдары
1.3.1. Жобаны қалай басқаруға болады?
Жобаны басқару бұл жобаны құруда көп мөлшерде білімділікті, дағдыларды қажет етеді.
Жобалар бірнеше үдерістен тұрады. Үдерістер бұл нәтижеге әкелетін іс-әрекеттің сериясы.
Барлық үдерістер топтарға біріккен. Олар беске бөлінеді; бастау, жобалау, орындау, қорытындылау және орындауға басшылық жасау, аяқтау. Әр топта екі немесе оданда көп үдерістерге бөлінеді. Ал үдерістердің жалпы саны- 47.
Осы үдерістерді жүзеге асыру үшін 10 түрлі топқа бөледі; интеграциялау, мүдделі жақ, мазмұн, қамбалар, уақыт, құн, тәуекелге бел буу, сапа, жеткізілімдер, коммуникациялар.
Жобалық басқару бойынша тағы әлемнің 12 мемлекеті өзінің ұлттық стандартын қабылдады. Әлемнің үлкен бөлігі PMBOK - ты қолданады. Швейцариядағы Жобалық Басқарудың Халықаралық Ассоциясы көп мөлшерде сұранысты қажет етеді.
Жобаны басқарудың алтын ережелері.
1. Нақты бастама. Жобаны іске асыру кезінде міндетті түрде орындау ретін жүзеге асыру қажет.
2. Жобаға қызығушылық білдірушілермен жұмыс. Жобаға кімнің қызығушылығы артқандығын және жобаны қаржыландырушыны анықтау. Егер менеджер жобаға жұмылдырушыларға алдына қойылған мақсаттарын себеп - салдарын білмесе онда менеджердің жобасы құлдырауға ұшырайды.
3. Жобаны қолдану аймағы. Орындаушы өзінің жұмыс істейтін аумағында бизнес-мақсатпен қандай байланысы бар екенін анықтауы керек.
4. Жоспар. Жасалып жатқан жобаға байланысты толық жоспар яғни жақын арада жүзеге асырылатын толық немесе микро жоспар.
5. Қауіп - қатерді басқару. Кез - келген жобаны дайындау барысында оған анализ жасап оның құлдырауға ұшырамайтындығынына көз жеткізу қажет. Егер жобаға ешқандай қиындықтар туындамаса, онда жобаға кететін 90 пайыз жүмыстың 10 пайызы таратылады, ал жұмыстың соңғы 10 пайызы, 90 пайыз жұмсалуды талап етеді.
6.Топтарды таңдап алу. Топтарды таңдау кезінде топтың белсенділігін анықтау керек. Топ мүшелерін таңдағанда жеке адамның мамандандырылғанына және топпен жұмыс істей алатындығына көз жеткізу керек.
7. Топты рухтық қолдау. Жобада әр қашан мен деген ұғым жоқ тек қана біз деген ұғым бар. Ең бірінші жобаны қандай мақсатта құрылғандығын анықтап алып оған қандай адамдар қатысатынын біліп алу керек. Осыдан топтың әр мүшесінің ұжымдық жауап ершілігін анықтау керек және осы арқылы оладың жұмыстарына баға беру керек. Топқа керекті жұмыс аймағын құру керек және топтардың әр істеген жұмысы үшін рахмет айту керек.
8. Қарым - қатынас кезіндегі өзіне сенімділік және адалдық. Қарым - қатынас кезінде адалдық өте маңызды. Түсініспеушілік болдырмауға тырысу керек. Егер, осындай мәселе туындаса одан оңай құтылудың жолын іздеу керек.
9. Жобаға қатысты жұмыстың орындалу сапасын қолдану. Жобаны дайындау кезінде жұмыстың орындалу стандарттары мен кезеңдері сипатталуы керек. Осыдан тапсырыс берушінің құжат жүзінде бекітілуі өте манызды.
10. Құжаттарды дайындау. Мәжіліс жүрген кездегі барлық құжаттарды жинау керек және бұл құжаттардың барлығын қағаз жүзінде сақтау керек.
11. Жобаны аяқтау жоспары. Жобаны аяқтау сатысы барлық қорытындылауларды өзіне қосады. Жобаны аяқтауды ертеден ойластыру қажет. Қорытындылау кезі адамдардың есінде қалуы керек. Соңында жобаға байланысты үш негізгі сұраққа жауап іздеу керек яғни олар: жұмыс кезінде не жақсы жасалды? Не жаман жасалды? және нені тағы жасау керек? Осындай өзіне - өзі баға беру арқылы тағыда басқа жобаларды жүзеге асыруға және оданда жақсы жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
1.3.2. Жобаны басқару технологиясын қалай меңгеруге болады.
Жобаны басқару негізінде жұмысшылардың біліктілігін арттыруға шешім қабылдаған компаниялар өндіріс орындарының жобалық деңгейін білуі керек.
Бірінші деңгей. Жоба бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер жобаны басқару әдістемесін меңгеру керек.
Екінші деңгей. Мамандандырылған қызметкерлермен қоса өндіріс орындарына жобаны басқарудағы Корпаративтік жүйені енгізген
Үшінші деңгей. Оқытылған қызметкерлері мен ҚБКЖ-ны енгізген өндіріс орындары жобаны басқару Кеңсесін құрды.
Осындай нәтижелерге кез - келген ұйым орталықтары жете бермейді, оларға тек мамандандырылған және жобаны басқару негізінде білім беретін ұйымдар қол жеткізе алады, мысалға Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер ұйымы.
1.3.3. Жобада персоналды басқару
Персоналды басқару функциялары жобаны жүзеге асыру уақытының барлық кезеңдеріне қажеттілікті, сандық және біліктілік құрамын айқындауды, кандидатураларды іздеу мен іріктеуді, жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды ресімдеуді, қызметкерлерді жұмыс орындары бойынша жоспарлау мен бөлуді, оқытуды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыруды, жауапкершілікті айқындауды, ұжымдық жұмыс үшін жағдайлар мен жұмыс атмосферасын жасауды, туындаған жанжалдардың алдын алуды және шешуді, төлем мәселелерін және т. б. қамтиды.Кадрлық жоспарлау. Персоналды жоспарлау дұрыс уақытта дұрыс лауазымдарға қабылданған білікті персоналдың қажетті санымен ұйымдастыруды қамтамасыз ету процесі ретінде анықталады.Кадрлық жоспарлау процесі үш кезеңнен тұрады: қолма-қол ресурстарды бағалау; болашақ қажеттіліктерді бағалау; болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыру бағдарламасын әзірлеу.
Персонал жиынтығы. Қабылдау мақсаты барлық лауазымдар мен мамандықтарға кандидаттардың қажетті резервін құру болып табылады, одан ұйым оған неғұрлым қолайлы қызметкерлерді іріктейді. Қабылдау бойынша қажетті жұмыс көлемі едәуір мөлшерде қолма-қол жұмыс күші мен ондағы болашақ қажеттілік арасындағы айырмамен анықталады. Бұл ретте зейнетке шығу, тұрақсыздық, жалдау шарты мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босату, ұйым қызметінің аясын кеңейту сияқты факторлар ескеріледі. Жиынтық әдетте сыртқы және ішкі көздерден жүргізіледі.
Персоналды іріктеу. Осы кезеңде кадрларды жоспарлауды басқару кезінде басшылық қабылдау барысында құрылған резервтен неғұрлым қолайлы кандидаттарды іріктейді. Көп жағдайларда қызмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz