Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Реферат
Тақырыбы: Мекеме мен кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеу тәртібі

Тексерген: Сейпишева Э.К.
Орындаған: Балкаева М.Г.

Қарағанды 2019
Мазмұны
Кіріспе
1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
1.1 Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі
1 2 Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу тәртібі
1.3 Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
2 Жаңа кәсіпорынды, фирманы құрудың тәртібі
2.1 Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру
2.2 Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері
2.3 Кәсіпорынды, фирманы техникалық-экономикалық негіздеуді дайындау
2.4 Кәсіпорынды басқару организмін өмірге бейімді ету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу тәртібі заңдарда белгіленеді. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистрiне енгізіледі. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен құрылады. Заңды тұлға мынандай жағдайларда қайта құрылуға тиіс:
1) жарғылық капиталының мөлшері азайтылған жағдайларда;
2) атауы өзгергенде;
3)шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркелуге тиіс.
Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан республикасы Президентінің 1995 жылы 17- сәуірде шығарған Заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу туралы заң күшi бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі. Мемлекетік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тулға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғағазаң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі және осы Заңның 7-бабында көрсетілген, қазақ және орыс тілдерінде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.
Акционерлік қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғыларын (ережелерін) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (будан эрі - Ұлттық Банк) рұқсаты қосымша талап етіледі. Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мундай құУ Казакстан Республикасының заңдарында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тiркеуші органға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін ұсынады.
Орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың біреуі не шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мемлекеттік органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді. Шетелдік қатысатын орта және ipi кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосумша: құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат; нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс. Қоғамдық және діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу Қоғамдық бірлестіктер туралы, Саяси партиялар туралы, Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де зан(амалық актілерінде көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде субъект Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің критерийлеріне сәйкес санатты дербес айқындайды және оны өтініште көрсетеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы хабарлама береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу электрондық үкімет веб порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік суб ъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу тәртібі
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделед.
Өтінішке филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен, қазақ және орыс тілдерінде үш данада филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) көшірмелері және заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) филиал (өкілдік) басшысына берген сенімхаты қосымша ұсынылады.
Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, филиалды (өкілдікті) құратын шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі, шетелдік заңды тұлғаның құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжаты, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат қосымша ұсынылуға тиіс. Филиалды (өкілдікті) құратын шетелдік заңды тұлғаның құжаттары нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.
Мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құрған кезде Ұлттық Банктің не мемлекетік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік) құруға келісімін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

Қaйтa ұйымдастыру жолы
Қaйтa ұйымдастыру жолымен сұрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілеттік берілген органның шешімі немесе Казакстан Республикасының заңнамалық актілерінде кезделген жағдайларда сот шешімі;
3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, кайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шыту кезінде - бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;
4) қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;
5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.
Қосылу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Заңды тұлға туралы мәлімет
Азаматтық құқық субъектісі коммерциялық емес тұлғасы ретінде
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары
Жеке кәсіпкерлік субъектісі
Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері
Пәндер