ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..6
2 РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕШІРІМ ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
2.1 Рақымшылық және кешірім жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
2.2 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде соттылықтан арылудың өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы"1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай - ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК - тің 65-68 - баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай - ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан - жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән - жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,- деп атап көрсетілген.
Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай - ақ немесе оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін .
Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты белгілейді. Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар . Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады .Сондықтанда көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай - ақ жүзегек асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Жұмыстың өзектілігі. Қ.Р - ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: " Құқық қолдану іс тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту. Ашық , демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып ,біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін , бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтындығын естен шығармауымыз керек .
Біріншіден , құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шарасын жетілдіру жөніндегі іс қимылын үйлестіруді күшейтуі қажет.
Екіншіден , Өз назарымызды жас өспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына акударып , мұны кеміту шараларін қолдануы міндет.
Үшіншіден , өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен еларалық қылмыс секілді қателерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.
Төртіншіден , елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып , жұмыс істеуін қамтамасыз ету ,бұл іске жұртшылық мен халықты кеңінен тарту керек." деп айтылған.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстқ жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген :
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату .
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне
6. Рақымшылық немесе кешірім жасыру актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады .
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылу немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін .
Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - рақымшылық және кешірім жасау ұғымы мен оның қылмыстық құқықтағы алатын орны мен рөлін анықтау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
рақымшылық және кешірім жасау құқықтары түсінігін, мазмұнын, оның актілерін және құқық жұйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;
рақымшылық және кешірім жасау негізінің құрылымын, ресми және бейресми түсіндіру негізін зерттеу;
рақымшылық және кешірім жасаудың қылмыстық құқық жүйесіндегі ерекшеліктерін анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - рақымшылық және кешірім жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы түсінік және оның түрлері

Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану -- бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:
:: бірінші рет қылмыс жасаса;
:: жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;
:: жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;
:: жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:
:: кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;
:: орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;
:: ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;
:: аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.
Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату -- жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.
:: барлық жаза үшін мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатылуы мүмкін.
:: жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.
:: сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.
Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз -- сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.

Қылмыстық жауаптылықтың негіздері және маңызы

Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік мəні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені, мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың əлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу жəне мемлекет, қоғам тарапынан қылмыстың бетін басу) жəне заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мəнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп - қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-əрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынас мəсілімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқықтың зардабы.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл дегеніміз қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықпен істегенде айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады [4].
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқықтық қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқықтық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субъектісімен (қылмыс жасалған адаммен) мемлекеттің атынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық-құқықтық қатынас бір жағынан мемлекет атынан əділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылмыс істеген субъектінің (қылмыскердің) арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы қандай, кінəнің нысаны, дəрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұндай қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды ма жəне т.б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мəселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқықтық қатынас іс жүргізу құқықтық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мəселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс істеген адам) мемлекеттің оның уəкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады жəне сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскер де мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект жəне объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олар сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды [4].
Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптайтынды кінəлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінəлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың субъектісі де. Өйткені, жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына, осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.
Сондықтан да қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге əділ соттылықты жүзеге асыру да заңдылықтың кепілі ретінде көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмайды делік. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінəлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сəйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті ретте емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-2 бөліктерінде: Қылмыс белгілері бар əрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған əрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін [5].
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін делінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1- бөлігінде: Кішігірім жəне орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мəн-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа əкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.
Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын жəне жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқықтық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын жəне орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық жəне жаза өзара тығыз, бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады (ҚР ҚК 3-бап). Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мəселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді (қылмыстың объективтік жағы) кінəлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі (қылмыстың субъективтік жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың объектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып немесе қылмыс құрамы болатын білдік. Іс-əрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол адамда қылмыстық жауаптылыққа тартатын негізі жоқ [6].
Қылмыс жасаған адамның міндетті түрде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керектігі еш талас тудырмайды. Заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден -бір негізі болып табылатынын атап өткен жөн. Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет. Егер қылмысты жасау - қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс-жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы - оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды. Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса, қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды.
Қылмыс құрамының барлық нышандары бар әрекетті жасау қылмыстық жауаптылық үшін бірден бір және жеткілікті негіздеме деп заң әдебиеттерінде дұрыс көрсетілген. Мысалы, қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректер. Бұлардың іс үшін өте маңызы зор, оларды үкім шығарғанда сот ескереді, бірақ олар қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды. Қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды.
Қылмыс құрамының негізгі белгілері мынадай:
1) қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас;
2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет;
3) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә, қасақаналық, абайсыздық;
4) қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы, арнаулы субъекті.
Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Қылмыстық жауаптылық сот үкімі заңды күшіне енген кезінен басталып, соттылықтың өтелуі немесе алынуымен аяқталады.
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б.Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ.Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілдік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады.Қылмыстық құқылық қатынас бір жағынан мемелекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылымыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады.Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты:істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәржесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болады ма және т.б.Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.
Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқықылық қатынастармен тығыз байланысты.Өйткені, қылымыстық құқылық қатынас қылымыс істеу фактісіне байланысты болады.Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу,сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады.Бұл қатынастар субьектімен мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады.
Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.
Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.қылмысАдамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.кер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде де көрінеді.
Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады.Бірақта қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды.Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұндай ретте қылымыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды.Қылмыс жасаған кінәлі адамегерде ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.Бірақта қолданып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес.Мысалы, Қылмыстық кодекстің 68- бабының 1,2-бөліктерінде қылымыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер сот істі қараған кезде жағдайдығ өзгеру салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Бірінші реткішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылымыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін делінген.осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген.Ал Қылмыстық кодекстің 74- бабының 1-бөлігінде: кішігірім және ортша ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе бпасқада төтенше мән-жайларының салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін деп көрсетілген. Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді.Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады.Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар.Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес.Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады (3-бап).Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі.
Адамның (қылмыс субьектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықтан істеуі (қылмыс субьективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.
Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауапкершіліктен босату
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Шешімді шығарған соттың атауы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Үкімді шығару
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары
Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Қылмыстық құқық түсінігі және оның қағидалары
Пәндер