Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының жалпы бөлімі
Тақырыбы: Азаматтық құқықтық заңнамадағызаңды тұлғаның түсінігі мен мәні

Орындаған: ЮП-18-3 тобы
Ревшан Мейірбек
Рецензент: з.ғ.к.,доцент.
Орамахова М.Н.

Ақтау-2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Заңды тұлғаның түсінігі және жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Занды тұлғаның құқық қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ..15
2.1 Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Коммерциялық емес ұйымдардың сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылым және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары - заңды тұлғалардың мәнін түсінуге өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бұл шаралар өсіп - есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет деп атап өтті [1].
Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі - жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.
Заңды тұлғаның құрылымының өзін, оның ұғымын, белгілерін, осы феноменның даму тарихын, сол сияқты ұйымның жекелеген нысандарының құқықтық жағдайын зерделеуге, шын мәнінде, әрі ғылыми-теориялық, сол сияқты оқу қолданбалы, кешенді әрі арнаулы кең көлемді еңбектер арналған.
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез - келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
Жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әлеуметтік байланыстар ілімі, А.А. Пушкиннің ұйымдастыру ілімі, Е.А.Суховтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды тұлғағаға адамдардың қатынасы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды тұлғаның әрекетінен көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.
Менім осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдыма қойған ең негізгі міндетім: ол заңды тұлға ұғымына тоқталу, және осы заңды тұлға құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын ашып көрсету және де осы заңды тұлға тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең өзекті мәселе оның маңыздылығын ашып көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заңды тұлға институтының пайда болуы қоғамның әлеуметтік күрделенуінен, экономикалық қарым-қатынастардың дамуынан туындайды. Қоғамның белгілі даму сатысында тек ғана жеке адамдардың жалғыз құқық субъектісі ретінде әрекет етуі жеткіліксіз болып шықты, өйткені онсыз экономиканың дамуы кешеуілдеп қалар еді. Сөйтіп заңды тұлғалар дүниеге келді. Заңды тұлғалардың ұғымын, олардың даму жолдарын, мәні мен мағынасын және олардың ұйымдастырылуын осы курстық жұмысқа арқау етіп алдық.
Курстық жұмыстың объектісі - заңды тұлғалардың теориялық аспектісі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы құқық теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Заңды тұлға теориясы тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Заңды тұлғаның түсінігі және жіктемесі

ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 33-бабында көрсетілгендей заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлға-азаматтық құқықтық қатынастардың субьектісі. Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:
- Ұйымдасқан бірлігі
- Мүліктік оқшаулығы
- Дербес мүліктік жауапкершілігі
- Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі, оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқандық бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғаның жоғарыда келтірілген анықтамасында оның белгілері көрсетілген: оқшау мүлкінің болуы, осы мүліктен өз міндеттемесі бойынша дербес жауапкершілігі болуы, өз атынан азаматтық құқықтарға ие болып, оны жүзеге асыруы, сотқа талапкер және жауапкер ретінде қатысуы.
Заңды тұлғаның жоғарыда аталған белгілерін қарастырайық. Оқшау мүлкі дегеніміз шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек дегенді білдіреді.
Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті- бұл өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі. Ұйымның осы құқығы оның жарғысымен, ережесімен немесе аталған ұйымды құру туралы актісімен көзделеді.
Заңды тұлғаны өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі-оның оқшау мүлкінің салдары. Атап айтқанда, кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Меншік иесіне оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды. Құрылтайшының әрекеті салдарынан болған банкроттық жағдайын есептемегенде жауап бермейді. 2
Заңды тұлға ұйымдық біртұтас болуы керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аталған белгі заңды тұлғаның мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, құзыретін, қызмет анықтаудан құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы керек, өйткені мұндай құжаттың болуы заңды тұлғаның оқшау мүлкін және мүліктік дербестігін білдіреді, әрі белгілі бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік баланстың дербестігі сол, онда заңды тұлғаның мүлкі, барлық түсімдер, шығындар, активтер мен пассивтер көрініп тұрады. Жалпы заңды тұлға азаматтық құқықтық заңмен танылған бірыңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.
Заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз, онда құқық субъектісінің қасиеті болуы, яғни құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі болуы.
Құқық қабілеттілігі арнаулы және жалпы болады. Арнаулы құқық қабілеттілігі дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің мақсатына сай келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Мұндай жағдайда жарғыда олар айналысуға құқықты қызмет түрлері көрсетіледі. Осыған байланысты, ҚР АК 159-бабында былай делінген: Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күнілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.4 Арнаулы құқық қабілеті бар заңды тұлғаның мысал ретінде қазыналық кәсіпорынды атауға болады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық қабілеттілігі сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға да: мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық қорларға, тұтыну кооперативіне, діни бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы бірлестіктеріне тән. Жалпы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар өз кезегінде, кез келген қызметпен айналыса алады, кез келген азаматтық құқығы және соған қатысты міндеттемесі болады. Коммерциялық емес ұйымға жататын (шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар) көптеген заңды тұлғалардың жалпы құқық қабілеттілігі болады.
Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің пайда болуы және тоқтатылуы туралы ереже белгіленген. ҚР азаматтық кодексінде заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі туралы былай делінген: Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқталады
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы үшін тек қана құқық қабілеттілігі емес, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі де керек. Азаматтарға қарағанда заңды тұлғалардың ерекшелігі олардың құқық және әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. ҚР Азаматтық кодексінің 37-бабында былай делінген: Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Заңды тұлғаның органы - бұл заңмен, жарғымен немесе құрылтай
құжаттарымен көзделген лауазымды тұлғалар (бас директор, директор, президент, бастық, меңгеруші, төраға) және ұйым қатарында солармен бірге әрекет ететін лауазымды тұлғалардың алқалары (мысалы, акционерлік қоғамды - - директорлар кеңесі, ал кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда - - басқарма, кеңес секретариат) заңды тұлғаның еркін білдіріп, оны жүзеге асырады.
ҚР Азаматтық кодексде заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне қатысты органдардың құралы мен олардың құзыреті айқындалады. Мысалы, толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады, сенім серіктестігін ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады,акционерлік қоғамның жоғары орғаны оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа да органдарының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген ерекше құзыретіне кірмейтін барлық мәселелерді шешу акционерлік қоғамның атқарушысы органының айрықша құзыретіне жатады. Өндірістік кооперативті басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
Фирмалық атау - - коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы. 1883 жылғы 30 наурызда қабылданған, 1993 жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы да мүшесі болып табылатын өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының 8-бабына сәйкес фирмалық атау Конвенцияға қатысушы елдердің барлығында арнаулы тіркеусіз қорғалады. Демек, заңды тұлғаның фирмалық атауды оны тіркемей-ақ, пайдалану фактісіне қарай, пайдалануға құқығы бар деген сөз.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар, бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңдарда белгіленеді.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35 бабы) және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарын сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен, тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни,белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігімен, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтың міндетін де атқарады. [6]
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жоғары мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі, әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа да (құрылтай) қызметпен айналысуы шектеледі.
Ал, коммерциялық ұйымдар болса, арнайы құқық қабілеттілігі жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез-келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшелігімен дараланады.
Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілік көздеген Осы заңды тұлғалар тек жарғыда немесе құрылтай құжаттарында көзделген қызмет мақсаттарына сәйкес құқықтарға ие болып, мінндеттер атқара алады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңының 32 бабында көрсетілгендей, коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетін, оның құрылтай құжаттарында көзделген бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыра алады. Яғни, коммерциялық емес ұйымның жарғысында осы ұйым атқаратын қызметтің мақсаты мен пәні көрсетілуі мүмкін.
Коммерциялық ұйымдар, керісінше, арнайы емес, жалпы құқық қабілеттілікке ие. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы ұйымдар заң актілерімен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрімен айналыса алады. Кейбір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін заң шектеуі мүмкін. Шектеу заңды тұлғаға тек белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рұқсат беру, не керісінше кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу арқылы білдіреді.
Мысалы, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін: уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті; тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін); сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайданылатын арнаулы бағдарламалық қамтамассыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы. Яғни, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоғарыда аталған қызметтерге жатпайтын өзге қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес. [7]
Қызмет ету үшін міндетті түрде лицензия қажет болған жағдайда, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензия алғаннан бастап пайда болады. Соңғы жағдайда, мәселе құқық субъектісінің мәртебесіне ие болғандығында емес, лицензиялауға жататын қызмет саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігінде болып тұр. Мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамассыз ету, айналадығы ортаны азаматтардың меншігін, өмірі мен деңсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады (АК-тің 10 бабы, 4 тармағы). Лицензиялауға жататын қызметтердің тізбесі Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген.
Азаматтық Кодекс 35 баптың 2 тармағында ұйымның лицензияланатын қызмет саласындағы құқық қабілеттілігі мұндай лицензияны алғаннан кейін пайда болып, оның алынуы, жарамдылық мерзімі өткен деп танылған сәтте тоқтатылады.
1963 жылғы Кодекске сәйкес заңды тұлға оның қызметінің белгіленген мақсаттарға сәйкес азаматтық құқық қабілеттілігіне ие болған фактіге назар аудару қажет деп есептейміз. Бұл ұйымдардың жарғыда (ережеде) белгіленген өздерінің қызмет мақсаттарына жауап беретін құқықтар мен міндеттерге ие бола алатынын білдірді. Заңды тұлғалардың арнаулы құқық қабілеттілігі қағидасының бұзылуымен жасаған мәмілелер ҚазКСР АК-тің 48 бабы бойынша жарамсыз болып танылады.
Қазақстандық азаматтық құқық жөніндегі әдебиетте коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің кеңеюін көбінесе 1994 жылғы АК-тің қабылдануымен байланыстырады. Бірақ бұл теріс кетушілік болар. 1992 жылғы 4 шілдедегі ҚР-ның Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заңының өзі ұйымының құқық қабілеттілігі тұрғысынан жаңа ережені бекітті: жеке кәсіпкер шаруашылық қызметтің кез келген түрлерін, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаса, олардың құрылтай немесе тіркеу құжаттарымен көзделген бе, жоқ па, соған қарамастан жүзеге асыра алады (аталған Заңның 13бабы, 1 тармағы).
Қазақстандық ғылыми әдебиетте осы орайда әртүрлі тұжырымдар айтылды. Мәселен, А.Т. Жүсіпов АК-тің 44 бабының 1 тармағына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, сондай-ақ ҚР Үкіметінің аталған Қаулысын талдай отырып, бұл актілер мемлекеттік мекеменің заңды тұлға ретіндегі құқық қабілеттілігін елеулі шектейді деп атап өтеді. Бұл азаматтық құқық субъектісі ретіндегі мемлекеттік мекеменің оның құрылтайшысы - мемлекеттен жеткіліксіз жекеленуінен көрініс беріп, азаматтық айналымда дербес әрекет жасауға іс жүзінде мүмкіндік бермейді, өйткені тауар-ақша айналымында қатысу мәмілелерді олардың тіркеуінен кейін жарамсыз деп танитын мемлекеттің қатаң бақылауында жүреді, ең соңында мәміленің қазынашылық органдарында тіркелмегені жағдайында азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің алынып тасталуынан көрініс береді. [8]
Өзінің талдауының нәтижесінде ол азаматтық - құқықтық қатынастарындағы мемлекеттік мекемелердің құқық субъектілігін анықтау қажеттілігі жөнінде қорытындыға келеді. Мемлекеттік мекемелердің артынан белгіленген құқықтардың кеңінен шектелгендігі, қатаң және дерлік тегіс қамтитын бақылауы кезінде мемлекеттік мекемелерді дербес құқық субъектілігімен үлестірмеген дұрыс болар, ал азаматтық-құқықтық қатынастарды ол өкілетті мемлекеттік орган беретін сенімхат негізінде жүзеге асыратын еді. Бұл азаматтық құқықтың өзге субъектілерінің мемлекеттік мекеменің шын мәніндегі құқық субьектілігі турасында теріс бағытқа кетпеуге мүмкіндік берер еді.
Мемлекеттік тіркеу мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің құқық қабілеттілігін елеулі шектейтіндігін атап көрсеткен И.С. Михалкин тілектес пікір айтуда. Осыған орай мемлекеттік мекемелердің қатысуымен азаматтық - құқықтық кесім-шарттарды мемлекеттік тіркеу онсыз да тіркеу оңай емес, көп жағдайда, мемлекеттің экономикалық айналымының қатысушыларымен қарым - қатынастарын қиындататынын атап кетуге болады.
ҚР Азаматтық кодексінің 37 бабына сәйкес заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Яғни, заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның органдары арқылы жүзеге асады. Бұдан біз заңды тұлғалардың азаматтық айналымға қатысу үшін құқық қабілеттілік пен қатар, әрекет қабілеттіліктің болуы қажет екендігін байқаймыз. Заңды тұлғада әрекет қабілеттіліктің болуы оның өз әректтері арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болуын, оны құрып жүзеге асырып және атқаруға мүмкіндіктерінің болуын көздейді.
Заңды тұлға органы - арнайы уәкілеттіліксіз басқа құқық субъектілерімен қатынасқа түсуде заңды тұлға мүддесіе білдіретін тұлғаны немесе тұлғалар тобын көрсететін құқықтық термин.
Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілетсіздік (сенімхатсыз), өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы), не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін, заңды тұлғалардың жекеленген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға, үшінші тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК - ның 44 бабынының 4 тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Азаматтық Кодекстің 35 бабына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, оның қызметімен байланысты міндеттер атқара алады "Заңды тұлғаның органы " ұғымы мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиетте әртүрлі пікірлер айтылған. Мәселен, М. И. Брагинский "орган оның еркін сыртта қалыптастырып білдіретін оның бір бөлігі болып табылады" деп есептейді. Нақ өзінің органдары арқылы заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне азаматтық міндеттемелер алады. [9]
В.В.Даличскаяның пікірінше, "заңды тұлғаның органдары өзінде бар өкілеттіктерге сәйкес заңды тұлғаның еркін қалыптастыратын және білдіретін, оның қызметін басқаратын оның құрамдас бөлігі болып табылады [10].
Заңды тұлғаның органдары - заңды тұлғаның заңнамаларына немесе құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері" - бұл В.К.Мукашеваның көзқарасы бойынша.
Әдебиетте заңды тұлғаның органдарын жіктеудің әртүрлі негіздері ұсынылған. Мысалы, В.В.Дашнская, жоғарыда атап өтілгендей, органдарды өкілеттіліктер сипаты бойынша, оларға кіретін лауазымды тұлғалар санымен, өкілеттіліктерді қалыптастыру тәртібі мен оларға ие болу әдісі бойынша, сондай-ақ қызметінің мерзімдері бойынша жіктейді Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілермен тағайындалуы мүмкін.Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған:Толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушыларынам тиісті
серіктестіктеріне қатысушыларына тиісті серіктестеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63 бабының 1-тармағы,72 бабының 1- тармағы,); 2)кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі( АК-тің 96-бабының 3 тармағы ); 3)Егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса,заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі(АК-тің 44-бабының 3-тармағы);4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-ші бөлігінің),сондай негізгі шаруашылық скріктестігнің кінәсінен еншілес шаруашылық (АК-тің 77-бабына 1-тармағының 2-бөлігі ) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында заңды тұлғаның маңызы (мәні),яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлрры заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі әр түрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясында көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан : Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттіңөзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады. [10]
Академик А.В.Венедиктов ұжым ілімін алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары қызметкерлерінің ұжымы. Ал ғалым Д.М.Генкин әулеметтік ақиқат теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымды басқару
Басқару мақсаттарын қою
Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік
Оқу практиканың бағдарламасы
Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлғалар ретінде
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Компанияның қаржылық стратегиясылар
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру
Пәндер