ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Қылмыстың арнайы субъектісі

Орындаған: ЮП 18-1 тобының студенті
Бақтыбаева А.С.
Тексерген: аға оқыт. доцент, Алибеков С.К.

Ақтау - 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің түсінігі және оның міндетті белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қылмыстық құқықтағы субъектінің есі дұрыстық және есі дұрыс еместік мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
ҚЫЛМЫСТЫҢ АРНАЙЫ СУБЪЕКТІСІ
Қылмыстың арнайы субъектісінің мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 13
Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ

Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі
бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Қылмыс субъектісі ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Қылмыстың арнаулы субъектiсi ұғымының заңға енгiзiлуi ҚК Ерекше бөлiмiндегi кейбiр қылмыс түрлерiнiң ерекшелiгiмен, яғни оларды жасау адамдардың белгiлi бiр қызметпен айналысу немесе оларға заңмен жүктелген мiндеттердi орындауымен байланысты ғана мүмкiн болатындығымен түсiндiрiледi. Арнаулы субъектiлер қылмыстың тек орындаушылары ғана бола алады.
Арнаулы субъектiнiң белгiлерi жоқ басқа адамдар қылмысқа қатысушылар ретiнде қарастырылады.
Арнаулы субъектiнiң белгiлерi кейбiр реттерде жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн жоғарлататындықтан негiзгi құрамды жауаптылықты ауырлататын құрамға айналдырады. Мысалы, ҚК 145-бабының 3-бөлiгiнде ″Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу″ қылмысын адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса жауаптылығы ауырлатылады.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміз тәуелсіздіктің туын тік көтеріп демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолына түскен шақта қылмыстық кодекс баптарына жаңаша қарауды қажет етті.
1997 жылы 16-сында ҚР Қылмыстық колексі қабылданып ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Қылмыс субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам болып табылады.
Сөйтіп қылмыстың арнайы субъектісінің түсінігін ашып, қылмыс субъектісінің белгілерін айқындап, қылмыстың субъективтік жағының түсінігін және оның маңызын ашып көрсеткен.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы бұл курстық жұмысы қылмыстың арнайы субъектісінің түсінішінің мәнін, толық табиғатын ашып көрсетіп отыр.
Қылмыстың арнайы субъектісі бар қылмыстық-құқық нормалары жеке тарауларға біріктіріліп, арнайы субъектінің белгісін көрсткен.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілерін анықтап, анықтаудың маңызы ерекшеленген.
Курстық жұмыс жазудағы автордың негізгі мақсаты қылмыстың арнайы субъектісінің табиғатын ашу, түрлерін анықтау, қылмыстығ субъективтік жағының түсінігі және орың маңызын көрсету болып табылады.
Жұмыста көрсетілген мәселелердің барлығы толық қамтылып, ашық түрде қарастырылып, қажет пікірлер кқрсетілген.
Курстық жұмысы екі бөлімнен, кіріспеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен турады. Бірінші бөлімде қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісінің түсінігі, түрлері және белгілері толық ашылып қөрсетілген, ал, екінші бөлімде қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субъектісінің түсінігі және соған қатысты мәселелер қарастырылған.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің түсінігі және оның міндетті белгілері

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 7,8,9-баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші ҚР азаматтарына, ҚР аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды қоғамға ұауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа тек қана тірі адам - азамат тартылады. Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылмыйды, яғни бұл аталғандар қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі емес, қылмыстық құқық бұзушылықты істекдің құралы болып табылады.
Сондай-ақ заңды тұлғалар - мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заіды ұйымдар қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып танылмайды. Кайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа мекеме, үйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қоргау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққ тартылады. Жаңа Қылмыстық кодекстің 15-бабында есі дұрыс 16-жасқа толған жеке тұлға ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс деп тура айтылған. Осығын орай, яңни қылмыстық құқық бұзушылық субъкетісі болып тек қана жеке тұлға - адам саналады.
Қылмыстық заң қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа өзінің істеген іс-әрекетіне есеп бере алатын және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде һзінің іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмыстық құқық бұзушылықты есі дұрыс емес күйде істесе, онда ол адамның іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп есептеледі. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып реың мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылады.
Керісінше, қрғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде есі дұрыс емес күйде өзінің іс-әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын, өз әрекетін басқара алмайтын адам қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі бола алмайды. Яғни, қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып кез-келген адам ғана емес, тек есі дұрыс адас танылады. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісінің екінші белгісі болып табылыды.
Өзінің іс-әрекетін сезу және оны басқара алу дені сау адамға туған кезден бастап қалыптасады, пайда болады. Адам белгілі бір жасқа толған кезде қалыптасқан өмірліе тәжірибесі ақылы өзін қоршаған рптадағы құбылысқа дұрыс баға беру, сол ортаға өзінің іс-әрекетінің пайда не зиян келтіретінін ұғыну, нақты жағдайларға байланысты іс-қимыл жасап құқық, моралъ нормалары арқылы тыйым салынғандарды істеу-істемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерін шешуге толық қабілетті болады. Психолог, психиатр, пидиатр, педагог және заңгер мамандардың тұжырымына сәйкес, мұнда жас мөлшері 16 жасқа толган уақыт деп белгіленген. Осы жасқа толған жасөспірімдер өздерінің өылмыстық заңға қайшы кез келген іс-әрекеті үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа тартылады. Қылмыстық кодекстің 15 - бабында көрсетілген кейбір қылмыстарды істегені үшін мұндай жауаптылық одан ертерек жаста - 14 жасқа толған уақыттан басталады. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа болу қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің өажетті белгісінің бірі болып табылады. Сонымен қылмыстық құқық бұзушылықты субъектісі болып қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс жеке адам саналады. Қылмыстық құқық бұзушылықты субъектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер - барлық қылмыстық құқық бұзушыоық тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субънетінің түсінігін береді.
Жаопы субъектінің осы белгілермен қатар, жекеленген қылмыстық құқық бұзушылықты құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстық құқық бузушылықты арнаулы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекттік қызметшілер арқылы істеледі. Бұл жерде мемлекттік қызметші арнаулы субъект юолып табылады., әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілер істейді, сондықтан әскери қызметшілер де қылмыстың арнаулы суъектісі болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық, онымен тығыз байланысты жаза қоғам тарихының барлық дәуiрлерiнде өзгермелi сипатта болып келген ұғымдар. Қылмыстық құқық бұзушылық - бұл адам iс-әрекетiнiң бiр түрi. Осы тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықта қылмыстық құқық бұзушылық ұғымына екi анықтама беру қалыптасқан.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың формальды анықтамасы бойынша, қылмыстық құқық бұзушылық дегенiмiз - қылмыстық заң арқылы жазалау қатерiмен тыйым салынған адамның белгiлi бiр әрекетi. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық құқық бұзушылық әрекетінiң мәнiн ашпайды, не үшiн заң шығарушы қандай да бiр әрекеттi жасауға тыйым салады, неге бұл әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейдi. Сондықтан қылмыстың материалдық анықтамасын енгiзу арқылы осы сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгi қарастырылды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың материалдық анықтамасында қылмыстың негiзгi сапасы - оның қоғамға қауiптiлiгiмен анықталады деген тұжырым жасалған. Бұл анықтамаға сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық дегенiмiз - адамның қоғамға қауiптi iс-әрекетi болып табылады. Жасалған әрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң бар болуы оның белгiлi бiр қоғамдық қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi.
Сонымен, формальды және материалды анықтамалар бiрiн-бiрi толықтырып қылмыстық құқық бұзушылық ұғымын бередi. ҚР ҚК 10-бабының 1-ші бөлiгiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстаржәне қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.
ҚР ҚК 10 бабының 3-ші бөлігінде бекітілген ереже қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекеттің (әрекет не әрекетсіздік) қылмыстық теріс-қылық болып табылатынын көрсетеді.
Аталған баптың 2-ші бөлігінде көрсетілген анықтамаға сәйкес Қылмыстық Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тиым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмысдеп танылады.
Көрсетiлген анықтамадан қылмыс ұғымы өзiне келесi белгiлердi қамтитынын көремiз: қоғамға қауiптiлiк, қылмыстық құқыққа қайшылық, кiнәлiлiк және жазаланушылық. Осы аталған белгiлердiң жиынтығы болғанда ғана iс-әрекет қылмыс деп танылады.
Еліміздің қылмыстық заңнамасында бекітілген қылмыстық теріс қылықтардың қылмысқа қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар екендігін көреміз. Осы айырмашылықтарды қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілерін талдағанда қарастырамыз.

1.2 Қылмыстық құқықтағы субъектінің есі дұрыстық және есі дұрыс еместік мәселелері

Жоғарыды аталып кеткендей қоғамға қауіпті іс-әрекет істегені үшін есі дұрыс адам заң бойынша жауап беруге және жазалынуға жасы толған адамдар ғана қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылады. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылмыйды, сол себепті олар қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылмыйды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекетрі үшін қылмыстық жаза болып табылмыйтын медициналық сипаттығы мәжбүрлеу шаралыры қолданылуы мүмкін. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген уақытында өзінің мінез-құлқының қоғамға қауіптілігін сезетін, ұғынатын және өзі істеген іс-әректін басқара алатын болса, ол есі дұрыс адам деп есептеледі. Бұл - есі дұрыстықтың бірінші белгісі, ал екінші белгісіне адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс-әркетінің мәнін сезіп, ұғынуы және басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтығы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезде оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып табылады. Өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін-өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә болмайды, сол себепті олар қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылмайды. Қылмыстық кодекстің 16-бабында есі дұрыс еместіктің түсінігі берілген. Онда:
Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі
дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауарқа тартылуға тиіс емес.
Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген
медициналық сипаттығы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін, - делінген.
Есі дұрыс еместік ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстыө құқық ғылымы екі белгіні: медициналық және заңдылық белгіні қолданады. Заңдылық белгі бойынша сол қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген адамның өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде өзін басқара алатынын анықтайды.
Медициналық белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті істеген адамның ауру жағдайына байданысты болған қабілетсіздігінің себебі анықтадлады. Адамның кез келген аурулық жағдайы оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана есі оны дұрыс емес деп тануға негіз болады.
Шектеулi есi дұрыстық кезiндегi психиканың бұзылуы дегенiмiз қылмыс жасаған адамның өз iс-əрекетiнiң
iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын осындай психикалық аурудан iс-əрекетiне ие болу қабiлетiнiң елеулi азаюы. Есiнiң дұрыстығы шектеулi адам психикасының ауытқуынан күйзелiсте болады, бiрақ бiршама төмен болса да өз iс-əрекетiне есеп беру жəне оны басқару қабiлетiн сақтайды. Шектеулi есi дұрыстық кезiнде адамның психикалық жағдайы есi дұрыстық пен есi дұрыс еместiк жағдайларының аралығында болады.
ҚК 17-бабының 2-бөлiгiне сəйкес есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылу жағдайын
сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мəн жай ретiнде ескередi жəне ол Қылмыстық Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн де негiз бола алады. Өз əрекетiнiң маңызын ұғынуға немесе сол қылмыстық заңда көзделген əрекеттi жасау кезiнде оған
басшылық жасауға қабiлетi жоқ адам психикасының қалыпты еместiгiне байланысты есi дұрыс емес деп танылады, мұндай адамдар қылмыс субъектiсi бола алмайды. Өйткенi, бұлардың əрекетiнде қылмыстық жауаптылықтың алғышарты болып табылатын кiнə жоқ.
Есi дұрыс еместiктiң ұғымы мен оның белгiлерi ҚК-ң 16- бабында былай деп жазылған ″Қылмыстық Кодексте көзделген қоғамға қауiптi əрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес″. Есi дұрыс еместiктiң ұғымын ашу кезiнде қылмыстық құқық ғылымы екi критерийлердi пайдаланады: заңдық немесе психологиялық жəне медициналық немесе биологиялық.
Адамды есi дұрыс емес деп тану үшiн медициналық жəне заңдық критерийлердiң жиынтығы қажет. Тек олардың бiреуiнiң болуы адамды есi дұрыс емес деп тануға негiз бола алмайды.
Есi дұрыс еместiктiң медициналық критерийi, ҚК-ң 16- бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген психикалық қызметтiң дерттi бұзылуының төртеуiнiң бiреуi болуын талап етедi. Олар:
1) созылмалы психикалық ауру;
2) психиканың уақытша бұзылуы;
3) кемақылдылық;
4) психиканың өзге де дертке шалдығуы;
Созылмалы психикалық ауру бұл жазылуы қиын психиканың бұзылуы ұзақ уақытқа созылатын жан ауруы. Кейде бұл ауруда психиканың бұзылуы бiртiндеп үдеуi немесе төмендеуi мүмкiн, бұл аурудың кейiн тұрақты психикалық дефект (ақау) қалдыру қабiлетi де бар. Мұндай психикалық ауруларға: шизофрения, эпилепсия (қояншық), үдемелi сал, ми мүшесi (параноя) жəне т.б. жатады.
Психиканың уақытша бұзылуы - уақытша болатын кейбiр жағдайда бiрнеше минуттан бiрнеше сағат дейiн, ал кейде бiрнеше күн, апта, ай болатын жəне толық айығып кетумен аяқталатын психикалық ауру. Бұл ауруға патологиялық мас болу, патологиялық аффект, сананың тұмандануы жатады.
Кемақылдылық - туа бiткен немесе ерте жаста пайда болған психикалық қызметтегi патологиялық өзгерiс (олигофрения). Сондай-ақ жарақаттан, жұқпалы жəне басқа аурулардан мида болған органикалық өзгерiстiң салдарынан адамның қалыпты ойлау қабiлетiнiң бұзылуы немесе нашарлауы салдарынан болған ауру. Кемақылдылық адамның ойлау қабiлетiнiң төмендiгiнен, танымның жəне пайымдаудың нашарлығынан, өз əрекетiн дұрыс бағалай алмайтындығынан көрiнiс табады. Ойлау қызметiнiң бұзылуы
дəрежесiне байланысты кемақылдылықтың 3 дəрежесi болады:
1) идиотия (ең ауыр дəрежесi);
2) имбецильдiк (орта);
3) дебильдiлiк (жеңiл);
Психиканың өзге де дертке ұшырауы - психиканың бұзылуының жоғарыда көрсетiлген үш түрiне жатпайтын, адам психикасының бұзылуына əсер ететiн əртүрлi аурулар. Бұған кейбiр жұқпалы аурулар (iш сүзегi, бөртпе сүзегi, iшкi органдар ауруының жəне зат алмасудың ауыр түрлерi, мидың жарақат тануы) əсерiнен адамның сандырақ күйге түсуi кезiндегi адам психикасының уақытша бұзылуы жатады. Психикалық аурудың, тiптен созылмалы психикалық аурудың болуы қылмыстық заңда көзделген əрекеттi
жасаған адамның есi дұрыс еместiгi туралы мəселенi шешуге жеткiлiксiз. Психикалық аурудың қарқыны əртүрлi болады, кейде ол адамды өз iс-əрекетiнiң мазмұнын ұғына алмайтын жəне оған ие бола алмайтынжағдайға дейiн жеткiзедi. Сондықтан да медициналық критерий заңдық критериймен толықтырылады.
Заңдық немесе психологиялық критерий екi белгiнi қамтиды:
1) интеллектуалдық
2) ерiктiлiк
Заңдық критерийдiң интеллектуалдық белгiсiн заңшығарушы мына сөздермен келтiредi: ″Адам... өз iсəрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған″. Есi дұрыс еместiктiң интеллектуалдық белгiсi психикалық аурудың салдарынан адам санасының
бұзылғандығын бiлдiредi. Өз iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипатын ұғына алмау өзi жасаған əрекеттiң мəнiн адамның түсiне алмағандығын, жасаған əрекетi мен туған зардаптың арасындағы себептi байланысты түсiнбейтiндiгiн көрсетедi.
Заңдық критерийдiң ерiктiлiк белгiсi - адамда өз iс-əрекетiне ие болу қабiлетiнiң жоқтығын бiлдiредi.
Адамның ерiктiлiк қызметi оның санасымен тығыз байланысты, сана бұзылса адам өз iс əрекетiнiң мағынасын ұғынбайды, сол кезде ерiктiк қызмет те бұзылады да адам өз əрекетiне басшылық жасау қабiлетiнен айрылады. Заңдық критерий болу үшiн осы екi белгiнiң бiреуiнiң болуы жеткiлiктi болып табылады.
Адамның жасы қылмыс субъектiсiнiң белгiсi ретiнде. Қылмыс жасаған адамды қылмыс субъектiсi деп тану үшiн ол заңда белгiленген белгiлi бiр жасқа толған болуы қажет. ҚР қылмыстық заңында қылмыстық жауаптылық басталатын жас - 16 жас деп белгiленген. Ал заңда атап көрсетiлген нақты қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады. Қылмыстық жауаптылық басталатын жасты белгiлеу қажеттiлiгi адамның өз iс əрекетiнiң сипаты мен əлеуметтiк маңызын түсiну, өз тiлегiн жəне қажеттiлiгiн қоғамдық тыйым салу талаптарымен сəйкестендiру қабiлеттiлiгiмен жəне қылмыстық жазаны дұрыс қабылдау қабiлеттiлiгiмен байланысты.
Қоршаған дүниенiң құбылыстарын тану, олардың iшкi байланысын түсiну жəне түрлi əрекеттердiң арасынан дұрысын таңдау қабiлеттерi адамда туған кезден емес, кейiнiректе, оның биологиялық жəне əлеуметтiк даму деңгейiне қарай адамның құқықтық санасы белгiлi бiр деңгейге жеткенде ғана пайда болады. Сондықтан қылмыстық жауаптылық белгiлi бiр жасқа толған кезден басталады ҚК 15-бабының 1- бөлiгiне сəйкес қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады. Қылмыстық жауаптылықтың жалпы жасын 16 жас деп белгiлеу кез келген қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылық осы жастан басталады деген сөз емес. ҚК Ерекше бөлiгiнде көрсетiлген кейбiр қылмыстар үшiн 18 жастан (мысалы, əскери қылмыстар, кəмелетке толмағанды қылмысқа тарту қылмысы үшiн жəне
т.б), сондай-ақ субъектiнiң ерекше белгiлерiне байланысты одан да жоғары 25 жастан (көрiнеу əдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығару қылмысы үшiн) басталады. Қоғамға қауiптi iс-əрекеттi жасаған адамның жасын анықтау кезiнде оның қылмыс жасау сəтiндегi жасы ескерiлетiндiгiн ұмытпау қажет. Заңдағы қылмыстық жауаптылықтың төменгi жас шегiнiң қатаң белгiленуi қылмыс жасаған адамның жасын нақты анықтауды талап етедi. Бұл мəселе адамның жеке басын куəландыратын тиiстi
құжаттар (туу туралы куəлiк, жеке куəлiгi жəне т.б.) негiзiнде шешiледi. Адам туылған күнi емес, келесi тəулiктен бастап белгiлi бiр жасқа толды деп саналады. Адамның туылған күнiн куəландыратын құжаттар болмаған жағдайда адамның жасын сот-медициналық сараптама тағайындау арқылы анықтайды. Бұл жағдайда субъектiнiң туылған күнi сараптама атаған жылдың ең соңғы күнi, яғни 31 желтоқсан деп есептеледi, ал ең төменгi жəне ең жоғарғы жас берiп анықтағанда, сараптама болжаған ең төменгi жас алынады.
ҚК 15-бабының 2-бөлiгiнде нақты көрсетiлген қылмыстар үшiн заңшығарушы қылмыстық жауаптылық жасын - 14 жас деп белгiленген. Қылмыстық жауаптылықтың мұндай төменгi жасын белгiлеуде заңшығарушы мынадай бiрқатар жағдайларды ескерген:
1) ҚК 15-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгi мен құқыққа қайшылығын адамның 14 жаста ұғынуға мүмкiндiгiнiң бар екендiгiн жəне өз əрекетiне есеп бере алатындығын,
2) Осы қылмыстардың көпшiлiгiнiң жасөспiрiмдер арасында кең таратылғандығын;
3) Бұл қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiнiң жəне ауырлығының жоғары екендiгiн;
Аталған бапта көрсетiлген қылмыстардың тiзiмi түпкiлiктi болып табылады ол кеңейтiлуге жатпайды. Сондай-ақ, бұл қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылық, егер олар қасақана жасалса ғана 14 жастан
басталады. Қылмыс белгiлерi бар əрекеттi жасаған жасы 14 жасқа толмаған жасөспiрiмдер қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, олар iшкi iстер органының ұсыныстары бойынша кəмелетке толмағандар дың iстерi жөнiндегi комиссияның қорытындысымен тəрбиелеу сипатындағы мəжбүрлеу шаралары қолданылып соттың ұйғарымымен арнайы оқыту-тəрбиелеу мекемелерiне жiберiледi. Оларды 11 жастан 14 жас аралығындағы құқық бұзушыларға арналған арнайы жалпы бiлiм беретiн мектепке орналастырады. Егер сот жасөспiрiмдi арнайы оқыту-тəрбиелеу мекемесiне жiберудiң қажетi жоқ деп тапса, материалдарды кəмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияға тəрбиелеу сипатындағы басқа да шараларды қолдану үшiн жiбередi.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгi жас 14 жас (ҚК 15-бабының 2-бөлiгiндегi қылмыстар үшiн), жалпы жауаптылық жасы - 16 жас (ҚК Ерекше бөлiмiндегi қылмыстарға толық көлемде жауап беретiн жас), арнайы субъектiнiң жас шамасы - 18 жастан, 25 жастан белгiленген.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық басталатын төменгi жас белгiленгенiмен, қылмыстық жауаптылықтың жоғарғы жасы шексiз. Яғни, ересек қартайған жаста қылмыс жасаған адам қылмыс субъектiсi ретiнде танылады деген сөз. Алайда, заңшығарушы iзгiлiк қағидасына сүйенiп мұндай адамдарға қатысты жазалардың кейбiр түрлерiн қолдануда бiрқатар шектеулердi қарастырады. Мысалы, өлiм жазасы мен өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы үкiм шыққан кезде 65 жасқа толған ер адамдарға, ал қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 55 жастан асқан əйелдер мен 60 жастан асқан ер адамдарға тағайындалмайды.


2 ҚЫЛМЫСТЫҢ АРНАЙЫ СУБЪЕКТІСІ
2.1 Қылмыстың арнайы субъектісінің мәселелері

Кейбір қылмыстық құқық бұзушылық құрамдар үшін қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болуға есі дұрыстық, заңда белгіленген жасқа толу жеткіліксіз, ондай құрамдарға субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің болуы қажет. Мысалы, сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау және дауысты қате есептеу қылмысының субъектісі болып тек қана осы бапта арнайы көрсетілген - арнаулы адамдар ғана бола алады. Мемлекеттік құпияны жариялаудың субъектісі болып тек осы құпия сеніп тапсырылған адам танылады. Еңбек туралы заңдарды бұзудың субъектісі лауазымды адам танылады. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамының ерекшелігі сол, мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарды арнаулы атағы, лауазымды, белгілері жоқ кез келген адам істей алмайды. Жоғарыда айтылған сайлау комиссиясының мүшелері, лауазымды адамдар немесе дәрігерлік атақтар, арнаулы белгілерді көрсетеді. Сонымен, қылмыстық құқық бұзушылықтың арнаулы субъектісі дегеніміз субъектінің жалпы белгімен бірге Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша - арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңда қылмыстық құқық бұзушылықтың арнаулы субъектісі туралы жалпы ұғым берілмеген. Қылмытық құқық бұзушылықтың арнаулы субъектісін сипаттайтын белгілер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті қылмыстық құқылық нормаларының диспозицияларында көрсетілген.
Кейбір жағдайларда заң шығарушылық арнаулы субъектісі бар қылмыстық-құқықтық нормалары жеке тарауларға біріктірілген, сондай-ақ Қылмыстық колекстің Ерекше бөлімінің нақты нормаларында арнаулы субъектінің белгілерін көрсеткен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде мұндай екі түрлі тараудың аты көрсетілген: 15-тарау - мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері
Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
Пәндер