Азаматтық құқық объектілерінің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:Азаматтық құқықтық қатынас объектілері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Азаматтық құқықтық объектілеріне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ...
Азаматтық құқықтық объектілерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 МҮЛІКТІК ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАР ... ... ... ... ... .
2.1 Мүліктік игіліктер және мүліктік емес игіліктер ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Материалдық және материалдық емес құқықтар мен игіліктер. Жұмыстар мен қызметтер. Заттардың жіктелуі. Ақшалар, құнды қағаздар және басқа игіліктер - азаматтық құқықтың ерекше объектілері ретінде. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері. Азаматтық құқықта объекті ұғымы өте даулы мәселеге жатады. Жалпыға таныс анықтамасы келесі болады: азаматтық құқық объектісі дегеніміз - ол азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталатын (ықпал ететін) заттар болып танылады. Рим құқығынан бастап азаматтық құқық объектілеріне материалдық игіліктер: мүлік (мүліктік құқықтар мен игіліктер), жұмыстар мен қызметтер жатады. Азаматтық кодекс жоғарыда аталған қосымша объектілерге: шығармашылық қызмет нәтижелерін және материалдық емес, яғни мүліктік емес жеке құқықтар мен игіліктерді де жатқызады. Сонымен, заттар (мүлік) азаматтық құқық объектілерінің тек бір түрі ғана болып табылады. Дегенмен, заттар басқа объектілермен салыстырғанда ең кең тараған түрі болады. Заттардың жіктелүі өз бастамасын рим құқығынан алады және де ол жаңа түрлерімен толықтырылған (оқұлыққа қосымша схемада көрсетілген). Заттардың жіктелуінің тәжірибелік маңызы өте зор мәселе. Мысалы: жалға алу шартының объектісі - жеке анықталған, тұтынуға жатпайтын зат болса; ал несие шартының объектісі - ол тектік белгілерімен анықталған, тұтылатын заттар болады. Жылжымайтын мүлік әр қашан жеке анықталған зат болып танылады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мулікке):ютасы, кунды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық кызметтің объектісі, фирмалық атаулар, тауарлык белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын муліктер болып бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың максатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін. Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар, қозғалатын мулік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқареттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс. Жеке муліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, кадір- қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қолсүкпаушылык, жеке күпия мен отбасының кұпиясы, есім алу кукыгы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктермен құқықтар жатады. Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны, бұл -біріншіден, осы құқық қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері жәнекіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс-қимылы. Мысалы, жасалған шарттың негізінде сатушы сатып-алушыға мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім бойынша ақысын төлейді.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1.1 Азаматтық құқықтың объектілеріне жалпы сипаттама
Азаматтық құқық объектілері (ағып of civil rights (civil law) (property), нем. Objekte der Biirgerreclite pi (materielle)) - мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
1. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
2. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке); заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет шығармашылық-интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай міндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөніндегі талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, тиісінше заттардың немесе мүліктік құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимі қолданылады.
3. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. Азаматтық құқық қатынастар объектілерін әртүрлі түсініктер беріледі және олар мыналар: жоо азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларының әрекетерінің бағыталатын объектілері; жоо азаматтық құқық қатынастар субъектілері өз ішінде құқықтық қатынастарға қатысудың себебі болатын материалдық және рухани игілік;
ол объекті бұл азаматық құқы қатыгнастың пайда болуына себепші болатын құндылық .Азаматтық құқық қатынастар объектілерінің әр түрлілік қатынастарда топтастырылады.Азаматтық құқық қатынастар объектілерін қандай түрлерге бөлуге болады? Азаматық құқық объектілерінің барлық түрлерін оқыңдар. Объектілердің әртүрлі аталуының негізі неде? Жылжымайтын мүлік -- Қазақстандық азаматтық құқықтың жаңа салыстырмалы ұғымы. Жермен байланысты болатын нәрсені, әдетте жылжымайтын мүлік деп түсіндіреді: ғимарат, жер учаскелері мен құрылыстар. Бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жылжымайтын мүлікке жермен байланысы жоқ объектілерді де жатқызады. Жылжымайтын мүлік құқықтық терминнің кең түсінілуі дәлелді ме? Жылжымайтын мүліктің құқықтық режимі және жылжитын заттың режимі араасында негізгі айырмашылық неде? Кәсіпорын азаматтық құқықта субъектісі (сіздер, бұл жағдайда кәсіпорын туралы Заңды тұлға тақырыбын оқыған кезде қарастырасыздар) ретінде де және объектісі ретінде де қолданылады. Бөлінетін және бөлінбейтін заттарды бөлу мәселесі бір уақытта екі немесе одан да көп тұлғаларға тиісті заттарды бөлу жағдайы кезін маңызды болады. Бөлінбейтін мүлікке ортақ мүлік құқығы негізінде бір уақыта екі субъект құқылы болса, онда не істеу керек? Шаруа қожалығын бөлу қандай тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сілтеме беріңіз. Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол интеллектуалдық меншік деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген. Азаматтық құқықтағы интеллектуалдық меншікке жататын объектілерді атап шығыңыз. Интелектуалдық меншікті реттейтін нормативтік актілерді атаңыз. Азаматық құқық объектілеріне ақпарат не оның әр түрлілігіне: қызметтік және коммерциялық құпиялар жатады. Сіздің пікіріңізше, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды және олардың белгілерін қалай айқындауға болады? Мысал келтіріңіз? Атақты Астаналық клоун Н., Алматы қаласындағы цирктің артисі А-ның өз қойылымдарында Н-ның бағдарламасына кіретін цирктік номерлерін қолданып, опармен ТМД бойынша гастролде жүріп үлкен жетістіктерге жеткенін біледі. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайға қатысты Н-ның А-ға талап қоюы орынды бола ма? Егер азаматтық құқық қатынас пайда болса, оның объектісі не болып табылады? Осы объект азаматтық құқықпен қорғалады ма? Төменде көрсетілген интелектуалдық меншік объектісін қызметтің нәтижесіне қарай бөліңіз:
- әдеби-көркем шығармасы;
-ғылыми еңбектер;
-артистердің атқаратын қызметі;
-фонограмма;
-радиолық бағдарламалар
-ЭЕМ бағдарламасы;
-тауар белгісі;
- қызмет көрсету белгісі;
-математика бойынша тапсырма
-ойлап табу,
-ғылыми ашулар
-коммерциялық атау және белгі;
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
1.Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда бір алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
2.Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте құқық сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін Азаматтық құқық құқық нормалары дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі құқық дегеніміз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын құқықтын объективті мағынасындағы құқық деп немесе объективті құқық деп атайды.
Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субъективті құқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық қатынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.
3.Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қасқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактрлер болып табылады.
4.Заттар - азаматтық құқық қатынастарының объектілері. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интеллектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі.
Заттар азаматтық айналымдағы қатынасына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды.
Заттар құқық қатынастарында жекеше белгіленген және тектес қасиеттеріне қарай белгіленетін заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, басқаларына тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда тектес қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп атайды. Жекеше белгіленгені тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне тән. Зат сол жекеше күйінде ғана бір құқық қатынасында тектес қасиеттерімен айқындалады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие.
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай-ақ Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және теңіз кемелері мен ғарыш объектілерін де жатқызады.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады.
Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа затпен (басты) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады.Жалпы ережеге сәйкес қосалқы зат басты заттың заңдық тағдырына әсер етеді.
Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгілерімен анықталған зат болып табылады. Тек оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында теңге заңды төлем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген бірлікте - 100 теңге, 500 теңге және т.с.с. бағаланады. Шетелдік валютаменесеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.
Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсыбір мүліктік құқықты орнататын, оны күәландыратын, өзін көрсеткенде ғана құқықты іске асыратын құжат болып табылады. Құнды қағаз өзінде көрсетілгеніндей, мүліктік құқықтық айғақтайтын бірден бір құжат болып есептеледі.
Құнды қағаздар мынадай 3 түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға берілед, әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мысалы, жинақ және депозитивті сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергенде бергені туралы оған жазады (индосамент). Ал, ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады, т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады. Ол белгіленген және міндетті өлшемдерді (реквизитті) сақтай отырып жасалады.Мәселен ,жалпы ережеге сәйкес коносамент жарамды болуы үшін оның белгіленген өлшемі болуы шарт.Онда коносаменттің атауы, белгілі бір соманы төлеуге деген ұсыныс,оны кімнің төлейтіндегі,атауы,төлемді төлеу мерзімі мен орны,кімге немесе тапсырыс бойынша кімнің төлем жасайтындығы,коносементтің жасалған уақыты мен орыны көрсету, коносементті берушінің қолы тәрізді талаптар қамтылады.Осылардың біреуі болмаған жағыдайда коносемент жарамсыз болып танылады.
Құнды қағаздарды бір тұлғада екіншісіне беруге болады.Бұл орайда құнды қағазға қамтылған құқықтарды бәрі соның қарауына өтеді.
Қазіргі кезде құнды қақаздарды негізгі түрлерді деп кеңінен қолданылып жүрген облигация акцяны,жинақ және депозитивті сертификттарды айтамыз.
Құнды қағаз ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет) мен сатып алушының иесі белгілі бір тәрттіппен есептелінген оның номиналды бағасы мен пайызының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс жолмен).Акция оны иеленушінің (акцонердің) акционерлік қоғам түсірген пайданың бөлігін дивидент ретінде алу құқығын бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның басқару ісіне қатысу құқығы беріледі, алакционерлік қоғам таратылған кезде оның пайдасының бір бөлігін меншіктен құқығына ие болады. Банктің жинақ және депозитивтік сертификаты банкке ақша салуыныың белгілі бір мерім өткен соң оны пайызбен алуына құқық береді.
Құнды қағаздар мынадай үш түрге бөлінеді: атаулы, орерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға беріледі әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мәселен, жинақ және депозитивті серификаттар жатады. Ордерлік түрі де белігілі бір тұлғаға берледі, бірақ ол бұл қағаздарды басқа біреуге бергенде туралы оған жазады (индосамент). Ал ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады. Т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оган облигация және акция жатқызылады.
Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Басқаша айтар болсақ құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері бағытталғандары құқық объектілері деп ұғынуға болады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Азаматтық құқық субъектілері өзара құқықтық қатынасқа түсеті материалдық және рухани құндылықтар азаматтық құқық объектілері болып табылады. Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп әдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.
Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді. Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық- ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес азаматтық құқық пәнінің екінші бір құрамдас бөлігі жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тән белгілеріне сәйкес жеке мүліктік емес қатынастар өз аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы әр, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т. б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мәселен бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың . әлеуметтік қасиеттерін бағалау жүргізіледі. Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиеттін анықтау керек. Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады, ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) жөне физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықтаүлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан Азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді. Сонымен, азаматтық құқық объектілерін төрт топқа жатқызуға да болады:
- мүлік;
- әрекет,
- интеллектуалдық қызмет нәтижелері,
- материалдық емес игіліктер.

1.2Азаматтық құқықтық объектілерінің түрлері
Азаматтық кұкық объектілеріне қатысты проблеманы талдау алдында,
біздің ойымша, ең алдымен жалпы құқық объектілеріне, анардың ұғымы мен ерекше белгілеріне, сондай-ақ осы құқық объектілерінің күкық жүйесіндегі, соның ішінде құқықтық қарым-қатынастардағы орны туралы мәселеге көңіл бөлген дурыс сиякты.
Алу. құқықтық қарым-қатынастың қандай белгілері болады суракка
жауап ізлесек, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
1) құқықтық қарым-қатынас - пайда болуы мен асу механизмі
әлеуметтік қарым-қатынастың орнатылуы мен жүзеге асуының жалпы
заңдылықтарына бағынышты қоғамда қалыптаскан қарым-қатынастардың бір түрі:
2) құқықтық қарым-қатынастың тараптары ретінде құқық субъектісіне тән
сипаттарды иелене алатын тұлғалар ғана табыла алады;
3) құқықтық қарым-қатынастың мазмұны ретінде нысаны әдетте
құқықтық нормативпен реттелген осы қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың өзара әрекеті көрініс табады; ал, мұның мақсаты болса тараптармен көзделіп
отырган және заңға сәйкес келетін нәтижеге жету болып табылады;
4) қоғамдық қарым-қатынастардың тек осы түрінің шегінде
субъективтік құқықтар мен бостандықтардың коргалуы мен
құлықтық міндеттердің орындалуы жүзеге асырылады;
5) қазіргі құқықтық қарым-қатынастар куры
тәртіп пен шеңберінде адамның алға қойған
мүдделері мен жүзеге асырудың негізгі заңды
болып табылады;
6) әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне қарағанда
карым-катынастардың өзара құқықтық қатынастың үлгісін қамтып ғана
қарым-қатынастың мазмұнын, осы бұзылуға
коргайтын әдістер мен шараларға көрсететін құқықтық
байланысы бар.
Ал.
Сонымен, құқық объектісі құқықтық қарым-катынас ұғымына тілек
қатысты және оның бөліктерінің бірі десек те болады. Бұл ойды дәлелдеу
қарым-қатынас ұғымын құрайтын элементтерді атап карта.
Әдебисттерде осындай элементтер ретінде құқықтық қарым-қатынастың
1) субъектісін;
2) объектісін;
3) құқығы мен міндеті нақты көрсетіледі.
Сонымен, құқық объектісі кез-келген құқықтық карым-катынасты
ажырамайтыи, құрамдас бөлігі болып табылады.
Ал, енді құқықтың, құқықтық қарым-қатынастың объектісі дегеніміз
екенін анықтауымыз керек. Бұл күрделі мәселе,
Құқық ғылымында құқықтық қарым-қатынастың объектісіне байланысы
әртүрлі көзкарастар бар.
Бірінші көзқарас бойынша құқықтық қарым-қатынастың объектісі осы
катынастарга қатысушы субъектілер мүлделерініи аясында жататын әрт
материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы болып табылады.
Белгілі ғалымдар ішінен профессор СC. Алексеев бул көзқарас-
ұстанған. Оның айтуы бойынша кукыктык карым-катынастардын (кукык
объектісі дегеніміз "субъективтік заңды құқықтар мен міндеттерлін багыт
айналадағы құбылыстары (заттары)". Кейінгі еңбектерінде де
астайды.
Алексеев кукыктык қарым-қатынастардың объектісін анык
Мысалы, ол былай дейді: құқықтық қарым-қатынастың объектісі
"кукыктык карым-қатынастың пайда болуына себеп болган майдан
материалдық игілік, айналадағы өмірдің заты".
Материалдық және азаматтык
мұндай көзқарасты, мысалы, профессор М. М. устан
Кукыстык қарым-қатынастың объектісіне деген екінші
тарагаи. Осы, скінші козкарас бойынша кукыктык карым-
дегеніміз осы қатынастың эсер ететін нәрсесі. Мыс
В И айтуы бойынша құқықтық карым-катынастың әсер жасайтын нәрсесін айқындау үшін, басында құқықтық норманың объектісін анықтап алу қажет. Бәрі білетіндей кукыктык нормалар қоғамдық
реттейді.Олардың әсер жасайтын нәрсесі ерікті жүріс-тұрысы.
Ал, құқықтық қарым-қатынасқа келетін болсақ, ол - құқықтық нормалармен карастырылган жалпы құқықтар мен міндеттерді жекелеген субъектілерге қатысты нақтылайды. Демек, құқықтық қарым-қатынастың объектісі ретінде оған қатысушылардың іс жүзіндегі жүріс-тұрысы болып табылады деуге болады.
Субъективтік кұкық пен заңды міндеттің мазмұнына сәйкес құқықтық
карым-қатынастарға қатысушылар өз жүріс-тұрысын түзейді.
Құқықтық қарым-қатынастың объектісі ретінде мазмұны бойынша
әртүрлі орын ала-алатын адамдардың жүріс-тұрысы қарастырылады. Мүліктік карым-катынастарда құқықтың объектісі ретінде белгілі бір өмірлік игіліктерді қанағаттандыруға багытталған адамдардың жүріс-тұрысы көрініс табылады,
Мысалы, сатып алу - сату қарым-қатынастарының объектісі болып осы қарым-қатынасқа қатысушылардың заттарды сатып алу және сатуға байланысты жүріс-тұрысы табылады. Екі фирма арасындағы өнімді жеткізу туралы шарт жасасу негізінде пайда болган құқықтық қарым-қатынастың объектісі болып
осындай өнімді жеткізу бойынша көрініс табатын бұл фирмалардың қызметі
табылады.
Бірақ-та құқықтық қарым-қатынастардың барлығы мүліктік сипатқа ие
бола бермейді: субъективтік құқықтар мен міндеттер заттарга қатысты пайда
бола бермейді. Мүліктік емес қарым-қатынастарда объекті болып осы қарым-
қатынастарға катысушылардың іс жүзіндегі жүріс-тұрысы табылады. Мұндай
жагдайларда кұкык нормаларымен көзделген белгілі бір әрекеттерді жасай
отырып құқықтық қарым-қатынасқа қатысушылар өздерінің қажеттіліктерін
қанағаттандырады. Баска сөзбен айтқанда, Мүліктік емес қарым-қатынастарға
қатысушылардың жүріс-тұрысына әсер ете отырып, құқықтар мен міндеттер
құқықтық реттеу мақсатына жетеді. Мысалы, еңбек қарым-қатынастарының
объектісі болып кәсіпорын не мекеме әкімшілігінің жұмысқа қызметкерлерді
кабыллау, олардың сибегіне ақша төлеу бойынша әрекеттері табылады.
Әкімшіліктің осы әрекеттері еңбек ету құқығын, жалақы алу құқығын
канагаттандыруга бағытталған.
Мысалы, Ресейдің азаматтық құқық ғылымының негізін қалаушы
ғалымдардын бірі - профессор Д. И. Мейер өзінің Русское гражданское право деген еңбегінде кұқық объектісіне жан-жақты сипаттама берген. Оның айтуы бойынша құқық объектісі деп түрде құқық субъектісі ретінде жеке тұрғанын иелігіне жататын нәрсені түсіну керек. Осындай тұлғаның иелігіне жататын нәрселер болып тұлғалар, заттар және басқалардың әрекеттері табылады, сондықтан-да объектісі бойынша барлық құқықтар - тұлғаға деген қорықтар, затка деген құқықтар, не баскалардың әрекеттеріне деген ретінде көрініс табады. Бірақ тұлға деген құқықтар мүліктік сипатқа
жатпайды, ол азаматтық кукык болса, Д. И. Мейердің айтуы бойынша, тек
анастарга катысты, сондықтан-да тұлғаға деген құқықтарға
кұкыкта орын табу мүмкін емес. Нәтижесінде, біз кұкық объектісінің
құрылымына тоқталуымыз кажет, ягни азаматтык кукыктык Д. И.
заттар мен басқалардың әрекеттерін ғана қабылдаймыз, Ал, құқықтық қарым-қатынасқа келетін болсақ, ол - құқықтық нормалармен қарастырылған жалпы құқықтар мен міндеттерді жекелеген субъектілерге қатысты нақтылайды. Демек, құқықтық қарым-қатынастаң объектісі ретінде
оған қатысушылардың іс жүзіндегі жүріс-тұрысы болып табылады деуге
болады. Субъективтік құқық пен заңды мазмұнына сәйкес құқықтық
қарым-қатынастарға қатысушылар өз жүріс-түрысын түзейді.
Құқықтық қарым-қатынастың объектісі ретінде мазмұны бойынша
әртүрлі орын ала-алатын адамдардың жүріс-тұрысы қарастырылады. Мүліктік қарым-қатынастарда құқықтың объектісі ретінде белгілі бір өмірлік игіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдардың жүріс-тұрысы көрініс болып табылады.
Мысалы, сатып алу - сату қарым-қатынастарының объектісі болып осы қарым-қатынасқа қатысушылардың заттарды сатып алу және сатуға байланысты жүріс-тұрысы табылады. Екі фирма арасындағы өнімді жеткізу туралы шарт жасасу негізінде пайда болған құқықтық қарым-қатынастың объектісі болып осындай өнімді жеткізу бойынша көрініс табатын бұл қызметі болып табылады.
Бірақ-та құқықтық қарым-қатынастардың барлығы мүліктік сипатқа ие
бола бермейді: субъективтік құқықтар мен міндеттер заттарға қатысты пайда
бола бермейді. Мүліктік емес қарым-қатынастарда объекті болып осы қарым-
қатынастарға қатысушылардың іс жүзіндегі жүріс-тұрысы табылады. Мұндай
жағдайларда құқық нормаларымен көзделген белгілі бір әрекеттерді жасай
отырып құқықтық қарым-қатынасқа өздерінің қажеттіліктерін
қанағаттандырады. Басқа сөзбен айтқанда, Мүліктік емес қарым-қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрысына әсер ете отырып, құқықтар мен міндеттер құқықтық реттеу мақсатына жетеді. Мысалы, қарым-қатынастарының объектісі болып кәсіпорын не мекеме әкімшілігінің жұмысқа қызметкерлерді кабылдау, олардың еңбегіне ақша төлеу бойынша әрекеттері табылады.
Әкімшіліктің осы еңбек ету құқығын, жалақы алу құқығын
қанағаттандыруға бағытталған.
Мысалы, Ресейдің азаматтық құқық ғылымының негізін қалаушы
галымдардың бірі - профессор Д. И. Мейер өзінің Русское гражданское право деген еңбегінде объектісіне жан-жақты сипаттама берген. Оның айтуы бойынша құқық объектісі деп техникалық түрде құқық субъектісі ретінде жеке тұлғаның иелігіне жататын нәрсені түсіну керек. тұлғаның иелігінежататын нәрселер болып тұлғалар, заттар және басқалардың эрекеттері табылады, сондықтан-да объектісі бойынша барлық - деген
құқықтар, не затқа деген құқықтар, не басқалардың әрекеттеріне деген
ретінде көрініс табады. Бірақ тұлғаға деген құқықтар мүліктік сипатқа
жатпайды, ал азаматтық құқық болса, Д.И. айтуы бойынша, тек
мүліктік қарым-қатынастарға катысты, сондықтан-ла деген
азаматтық құқықта орын табу мүмкін емес. Нәтижесінде, біз құқық
екі буынды құрылымына токталуымыз қажет, яғни азаматтық
объектілері ретінде заттар дейді Д. И. Мейер.

Жеке құқық қарым-қатынастарының объектісі, әдетте, заттар болса,
осы қарым-жұртшылық құқық қарым-қатынастарының объектісі
қатынастарға түсушілердің әрекеттері.
В.Н. Хропанюктің айтуы бойынша мұндай көзқарасты ұстансақ құқықтық
қарым-қатынастың объектісі осы қарым-қатынас мазмұнының сыртына шығыпкетеді, яғни объекті субъективтік құқықтар мен міндеттерден тыс орналасады.Өзін ойын одан ары дамыта келе, бұл ғалым құқық объектісі ретінде заттарды қарастыруға қарсылық білдіреді. Оның ойы бойынша материалдық және материалдық емес игіліктер жеке тұлғалардың қарып-қатынасқа түсуінің мақсаты болып табылады. Мысалы, билет сатып алу негізінде театрдағы операны тыңдау құқықтық қарым-қатынастың объектісі деп айту қиын. Бұл жағдайда құқықтық қарым-қатынастың әрекеті билет алынғаннан кейін тоқтайды. Осы қарым-қатынас негізінде адамның белгілі бір рухани қанағаттандырылады осындай қажеттіктердің қажеттіліктері
Ал,қанағаттандырылуы болса құқықтық қарым-қатынастан тыс болатыны сөзсіз, -дейді В.Н. Хропанюк. Құқықтану ғылымының мақсаты құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың әрекеттерін талдау болып табылады, ал осы қатынастарға түсушілердің себебі болған заттар мен өзге де игіліктерді талдау емес. Заттарды зерттейтін ғылымдар философия, социология, экономикалық ғылым, практика, ал құқық теориясы болса қарым-қатынастар субъектілерінің мүдделері аясындағы заттардың құқықтық
қасиеттерін айқындауы тиіс.
Бұл көзқарас азаматтық құқық ғылымында кеңірек танылғанын айталық.
Мысалы, профессор А.П. Сергеев профессор Ю.К. Толстойдың
редакциясымен 1998 жылы Мәскеуде орыс тілінде шыққан Гражданское
право окулығында әртүрлі материалдық және материалдық емес
құндылықтарға бағытталған азаматтық-құқықтық қарым-қатынас
жүріс-тұрысы ғана азаматтық-кұқықтық қарым-қатынастың объектісі бола
алады, - делінген.

2 МҮЛІКТІК ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАР
2.1 Мүліктік және мүліктік емес игіліктер
Мүлiктiк жəне жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нəтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер жəне бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға əмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тəртiбiмен не өзге де əдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтар объектілері
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
Азаматтық құқықтық қатынастар жайлы ақпарат
МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Азаматтық құқық объектiлерi
Пәндер