Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу тілін ойын тәсілдері арқылы дамыту
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В01910 - «Дефектология» мамандығы
Павлодар 2020
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
КІРІСПЕ
1. НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
1. 2. Сөйлеу бұзылысының клиникалық және психологиялық-педагогикалық классификациясы
1. 3. Нашар көретін балалардың сөйлеу тілін дамуытудағы ойындардың рөлі
2. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ОЙЫН ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ
2. 1. Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекешеліктерін анықтау
2. 2. Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру және түзету жұмыстарын ойын тәсілдері арқылы ұйымдастыру
2. 3. Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу тілін дамытудағы ойын тәсілдерінің тиімділігіне қортынды талдау жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi: Адам санасының басты белгісі - сөйлеу. Сондықтан адамдардың психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы көрінеді. П. Ф. Лесгафт санасы іске қосылған адам өзі аңғарағанын бәрін сөзбен жеткізіп бере алады деп көрсеткен болатын. Баланың жан-жақты, толыққанды дамуы үшін сөйлеу тілінің дамуы маңызды. Себебі, бала жақсы сөйлей алу арқылы қоршаған ортаны тани бастайды және өз ойын еркін жеткізе алады, сонымен қатар айналасындағы адамдармен толыққанды қарым - қатынаста болады, ал ол өз кезегінде психикалық дамудың белсенді түрде жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Ал сөйлеу тілінің дамуына әкелетін басты факторлар - сенсорлық анализаторлардың қалыпты жұмыс жасауы болып табылады. Сенсорлық анализаторлардың ең күштісі көз десек те қателеспейміз. Өйткені, көру арқылы адамдар сыртқы әлемнен 70-80% мағлұматты алады. Нашар көретін және көрмейтін адамдар үшін ақпаратты толыққанды алу мүмкіндігі төмен.
Елімізде мүмкіндігі шектелуі балалардың саны 85 мыңнан асады, әрі олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға айрықша көңіл бөлу қажет екенін айтқан-ды. «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда айттым. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын» деген еді Мемлекет басшысы Жолдауында. Сөйтіп қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне биліктің назар аударуын тапсырған. [1]
Аталған өзекті мәселелердің бірі - нашар көретін балалардың сауаттылығын арттыру мақсатында «Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу тілін ойын тәсілдері арқылы дамыту» тақырыбын алуға негіз болды. Нашар көретін балалар үшін дыбыстар әлемі ерекше болып келеді. Себебі, дыбыстарды дұрыс айту арқылы ойын нақты жеткізуге, оқу және жазу дағдыларының дамуына әсерін тигізеді. Кіші мектеп жасындағы балалар ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп көшу сатысында болады. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі, ойын арқылы бір - бірімен өзара қарым - қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. Келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады. Сондықтан біздің зерттеуімізде нашар көретін балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында ойын тәсілдері негізгі құрал ретінде алынған.
Зерттеу мақсаты : Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу тілін ойын тәсілдері арқылы дамытуды теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу (обоснование)
Зерттеу міндеттері:
- Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің дамуын теориялық талдау;
- Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу бұзылысын ойындар арқылы дамытудың бағыттарын талдау;
- Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу тілін дамытудағы ойын тәсілдерінің тиімділігін анықтау.
Зерттеу нысаны: Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалар.
Зерттеу пәні: Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың сөйлеу тілін дамытудағы ойын тәсілдері.
Зерттеу болжамы: Егер, кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сабақта ойын тәсілдерін тиімді пайдалансақ, онда олардың сөйлеу тілінің дамуына жақсы әсер ете аламыз. Өйткені, ойын - балалардың басты іс-әрекеті болып келеді, сондықтан балалардың сөйлеу тілін дамыту процесі олар үшін қызықты әрі пайдалы болады.
Зepттey әдіcтepі:
- Теориялық әдістер:арнайы ғылыми әдебиеттерді зерттеу.
- Эмпирикалықәдістер:бақылау, диагностика, эксперимент, математикалық статистикалық өндеу әдістері.
Зерттеудің эксперименталды базасы - «Павлодар қаласының облыстық арнайы жалпы білім беретін мектеп - итернаты» мемлекеттік мекемесі.
Зерттеудің құрылымы:
1. НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 2. Сөйлеу бұзылысының клиникалық және психологиялық-педагогикалық классификациясы
Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.
Сөйлеу - адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі. Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі - үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа) . Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А. Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.
Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді. Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән.
Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді, ұжымдағы құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасы қиындайды.
Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштерінің себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз.
Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс. Сөйлеу тілінің дамуының : жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология, генетикалық себептердің ықпалы, есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері (депривация- тәрбие мен қарым-қатынастың жеткіліксіздігі) . [1]
Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер - есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің - дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.
Сөйлеу қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу - есту және сөйлеу - қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы процесінде қалыптасады.
Сөйлеудің бұзылуының себептерін бірнеше топқа бөледі:
-Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) және туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары. жаракаттар, т. б. ) патогендік факторлар жатады.
-Әлеуметтік - психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезекте психикалық депривациямен байланысты. Депривация дегеніміз - ұзақ уақыт аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі «өмірлік және психикалық қажеттіліктерінің қанағаттндырылуына кедергі келтіретін өмірлік ахуалдар нәтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.
-Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Көбіне жас аналар нәрестеге емізік беруге құмар. Дұрысы, емізікке үйретпеген жөн. Себебі, емізікті жиі емгеннен сәбидің таңдайы тереңдеп кетуі әбден мүмкін. Таңдай тереңдесе, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Соның салдарынан әріптер дұрыс дыбысталмайды.
-Ата-аналардың көпшілігі баласының тілі дұрыс шығып, шықпағанына, даму ерекшеліктеріне жете мән бермейді. Баланың былдырлап сөйлегеніне мәз болып, соны қызық көретіндер де жетерлік. Олар мұны еркелік деп түсінеді. Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса, «мүлде сөйлей алмайтын жағдайда емес қой, мектепке барғанша, әйтеуір сөйлер» деп бейжай қарайды. Мұндай түсінік мүлде дұрыс емес. 1 жасар бала кем дегенде 10 сөз айтуға тиіс. 2 жаста сөздік қоры300-ге жуықтайды. Ал 3 жасар сәби күрделі сөйлем құрауға қабілетті болады. Сондықтан кез келген ата-ана бала 1 жасқа толысымен, онымен көбірек сөйлесуі керек. Онда да баланың былдырына еріп, соның «тілімен» емес, түсінікті тілде сөйлеуге үйретуі тиіс.
-Сақаулық еліктеуден де болуы мүмкін. Балаға сөйлеу тілі әлі дұрыс қалыптаспаған сәбидің қасында үнемі бірге ойнау зиян. Сонымен қатар баланың тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың қасында болуы да дұрыс емес.
-Баламен біртілде ғана, ана тілінде сөйлесу керек. Бірде қазақша, бірде орысша сөйлеген сәби еркін сөйлеу қабілетінен айырылады. Әрі тілі мүкістенеді. Соның кесірінен, дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды. Мұндайда сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.
-Тілдің мүкістігі дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан, тістің құрылысынан да болуы мүмкін. Тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Тілдің өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, сөйлеу тілі бұзылады. Сонымен қатар тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стоматолог-дәрігерлер арнайы құрал қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жасар балаға қойылған шинаның ықпалы өте күшті болады. Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.
-Психикалық, физикалық жарақаттану. Отбасындағы қолайсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне кері әсерін тигізбей қоймайды. [2]
М. М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен, мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн. Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда кел, сөйлеуді үйренеміз», - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады. Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн.
Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:
1) әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді, сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының ауыр аяқ жүрген кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін.
2) босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі) ;
3) өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4) бас сүйегінің жарақаттануы;
5) тұқым қуалаушылық факторлары;
6) әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы;
Жоғарыда атап өтілген себептер өзгешіліктеріне қарай табиғи және міндетті қызмет (функционалды) болып екі түрге бөлінуі мүмкін.
Табиғи себеп деп шеттегі немесе орталық бөлімдердегі тіл механизмдерді анатомо- физиология құрылысының қатты бұзылуынан пайда болатын себепті айтады. Функционалды себептерге анатомо-физиология құрылысы әдеттегі күйінше сақталып, тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады.
Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады:
А) табиғи тіл кемістіктері (органикалық) ;
Ә) функционалды тіл кемістіктері;
Табиғи тіл кемістіктері зақымды жатпайтындығына байланысты:
А) тілдің табиғи бұзылуы орталықтан пайда болуы.
Ә) тілдің табиғи бұзылуы шеткеріден пайда болуы деп бөлінеді.
Біріншісіне, бас ми қабығында орналасқан тіл механизмдерінің орталық тарауларының табиғи бұзылымдарының нәтижесінде пайда болған кемістік жатады. Екіншісі сөйлеу тіл аппаратының құрылысындағы ауытқушылықтардан болады.
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады. [3]
Енді сөйлеу тілі мүкістеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін сипаттайық. Логопедияда дәстүрлі бекітілген терминдермен аталған келесі сөйлеу тілі бұзылыстары ажыратылады.
А) Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения)
Дауыстың бұзылуы дауыс аппаратының патологиялық өзгерістерінің салдарынан болуы мүмкін. Бұл кемістіктің әр түрлі белгілері болады: фонацияның мүлдем болмауы (афония), дауыс күшінің, тембрінің, биіктілігінің бұзылуы (дисфония), дауыстың шаршағыштығының, оның қырылдап, сырылдап, бәсең шығуы (фонестения) .
Дауыстың бұзылуы дауыстың пайда болатын механизмінің органикалық немесе функционалды бұзылыстардың салдарынан орталық немесе шеткі болады. Ол бала дамуының кез келген кезеңінде болуы мүмкін. Дауыстың бұзылуы өз бетінше жеке немесе басқа сөйлеу тілінің бұзылуымен бірге кездеседі (ринолалия, дизартрия) .
Ә) Сөйлеу тілінің жылдамдылығының және ырғақтылығының бұзылуы (тахилалия, брадилалия, тұтықпа) .
Тахилалия («tachys» - тез«lalio» - сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс тездетуі. Ол орталық, органикалық немес функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде сөз шапшаң, екпінді шығады да, сөйлеген кезде аграмматизмдер кездеседі. Сөйлеу тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикалық құрылымы сақталған болады.
Брадилалия («bradys» - баяу, «lalio» - сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы шығады,
Аталған бұзылыстарда (тахилалия, брадилалия) ішкі де сыртқы да сөйлеу тілінің бұзылуы байқалады. Бұл бұзылыстар әр түрлі деңгейде көрінеді, күрделі жағдайда коммуникативті процесі зақымдалады. Бірақ, баланың ерте жасынан осы бұзылыстарды жою жұмысын қолға алса, олар баланың ары қарай дамуына және сөйлеу тілінің қалыптасуына жағымсыз жағдай тудырмайды.
Тұтықпа - сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысу салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады. Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.
Б) Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия) .
Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппартының иннервациясы сақталаған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дислалия сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтуы байқалады. Анатомиялық ауытқушылықтар болса органикалық, жоқ болса функционалды деп аталады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері:
1. Сигматизм - ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
2. Ротацизм - «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
3. Ламбдацизм - «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
4. Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;
5. Каппацизм - «к» дыбысы;
6. Гаммацизм - «г» дыбысы;
7. Хитизм - «х» дыбысы;
8. Йотацизм - «й» дыбысы;
Ринолалия - сөйлеу мүшелерінің анатомиялыө ауытқушылықтарының салдарынан дауыс әуезділігі (тембрі) және тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуымен сипатталады. Дауыс тембрінде мұрындық ренк пайда болады.
Ринолалияның түрлері:
1. Ашық ринолалия - сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.
2. Жабық ринолалия - ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м, н» әріптерін атағанда білінеді.
Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі.
Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.
Дизартрия - сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тіл дыбыстарның айтылуының және просодикасының бұзлуы байқалады.
Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларда жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекциянның немесе басқа да мидың зақымдануларының салдарынан дизартрия бала дамуының кез-келген кезеңінде пайда болуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының екінші тобына /ішкі(семантикалық) өңддеуінің бұзылуы/ алалия және афазия жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz