Сепсистің жіктелуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

«Астана медициналық университеті» КеАҚ

В. Г. Корпачев атындағы паталогиялық физиология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Сепсистің патофизиологиясы

Орындаған:Керімбай Д . Ә.

Топ: 327ЖМ

Қабылдаған:Джанова Г. А.

Нұр-Сұлтан 2019ж

Жоспары:

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Негізгі бөлім . . . 4

a) Сепсис. Сепсистің жіктелуі . . . 4

б) Сепсистің этиологиясы мен патогенезі . . . 5

в) Сепсистің клиникалық көріністері . . . 7

г) Сепсистің алдын алу . . . 9

д) Сепсистің емі . . . 10

  1. Қорытынды . . . 12
  2. Пайдаланылған әдебиет . . . 13

Сепсис туралы түсінік тарихи көз қарастарға ұшырады. Бүгінгі күні сепсис дамуында адам тәнінің серпілістеріне маңызды орын беріледі. Шын мәнінде микробтың түріне қарамай организмнің сепсиске қайтаратын жауабы әрдайым бірдей болады .

Сепсис (sepsіs-шіру, іріңдеу) - ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т. б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты, сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам сепсиске ұшырайды. Сепсисте фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады.

Сепсистің патофизиологиясын түсінудегі прогреске және әзірлеудегі прогреске қарамастан соңғы ұрпақ антибиотиктері кең әсер ету спектрі, сепсистің өлім-жітімі жоғары, әсіресе септикалық шок дамыған жағдайда. Бұл емдеуде клиникалық жағдайлар олардың қол жеткізе алмаса елеулі жетістік. Әлемде жыл сайын 1, 5 млн сепсис оқиғасы диагностикаланады. Бөлімшелердегі пациенттердің өлім-жітімінің жетекші себебі реанимация және қарқынды терапия. Жыл сайын сепсистен 500 мыңнан астам пациент өледі. Үлес Еуроодақтың технологиялық дамыған елдеріне тиесілі (шамамен 135 мың) және АҚШ (шамамен 250 мың) . Соңғы жылдар бойы Ресейде хирургиялық науқастар арасында сепсистің өлім-жітімі артты.

Сепсистің дамуын анықтайтын жағдайлар :

  1. микробиологиялық фактор (этиологиялық) ;
  2. инфекцияны енгізу ошағы (алғашқы ошағы, инфекция қақпасы) ;
  3. ағзаның иммундық-биологиялық жағдайы.

Сепсис

Сепсис-жалпы іріңді процесс. Адам ағзасындағы көптеген іріңді процестер (абсцесс, флегмона, карбункул, іріңді плеврит, остеомиелит және т. б. ) сепсиске әкелуі мүмкін. 1500 хирургиялық науқастардың біреуі сепсиспен ауырады. Инкубациялық кезең бұл ауруға тән емес, бірақ та, міндетті түрде инфекция енетін жері және біріншілік іріңді ошақ болады: жара, күйік, іріңдіктер сияқты. Сепсистің даму жылдамдығы, ағымы әртүрлі болады - бірнеше сағаттан, бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Сепсистің жіктелуі

І. Этиологиясы бойынша:

а) стафилакокктық; б) стрептококктық; в) пневмакокктық; г) ганакокктық; д) колибацилярлық; е) анаэробтық; ж) аралас.

ІІ. Біріншілік ошақтың локализациясы бойынша:

1) жараланған; 2) абдоминальды; 3) ангиогенді; 4) гинекологиялық; 5) урологиялық; 6) отогенді; 7) одонтогенді; 8) катетерлі; 9) криптогенді т. б.

ІІІ. Даму уақыты бойынша:

а) ерте(аурудың басталуынан немесе жарақат алған сәттен бастап 10-14 күнге дейін) ; б) кеш(2 аптадан кейін дамыды) .

IV. Клиникалық көрінісі бойынша:

а) найзағай тәріздес; б) жедел; в) жеделдеу; г) рецидивті; д) созылмалы.

V. Қабыну кезіндегі макроорганизмнің реакциясына қарай:

а) гиперэргиялық; б) нормэргиялық; в) гиперэргиялық.

Сепсис көптеген грам оң және грам теріс микробтар (стафилококтар, стрептококтар, пневмококтар), грамтеріс (ішек таяқшалары, протей, көкірің таяқшалары) және анаэробты микрофлорамен немесе олардың ассоциациясымен шақырылатын полиэтиологиялық ауру. Сепсиспен ауырған науқастардың 90% - қоздырғыштар монокультура ретінде кездеседі, көбінесе стафилококтар. Іріңді ошақтардан басқа әртүрлі жарақаттар, жаралар, ашық сынықтар, күйіктер, жасырын инфекциялар - созылмалы тонзилит, фарингит, синусит, шіріген тістер сепсиске әкелуі мүмкін. Сепсис ауруының ағымы біріншілік іріңді ошақтың локализациясына байланысты болады. Мысалы перитониттен кейін дамыған сепсис өте ауыр түрде өтеді. Cирек жағдайларда сепсиске әкелген инфекция көзін анықтау қиынға соғады, сепсистің бұл түрін криптогенді сепсис деп атайды. Іріңді ошақтан инфекция қоздырғыштары қан арқылы науқастың басқа мүшелеріне метастаз береді. Сепсистің тағыда бір көрінісі ол токсемия - микробтардың және өліеттенген тіндердің токсиндері науқастың мүшелерін зақымдап, метастазсыз аллергиялық реакция сияқты өтеді (септицемия ) .

Сепсистің патогенезі бірнеше фактолардан тұрады. 1. Микробиологиялық фактор (бактериялардың түрі, вируленттілігі, мөлшері, әсер ету мерзімі ) . 2. инфекцияның ену ошағы (орны, түрі, өліеттенген тіндердің мөлшері, инфекция түскен жердің қан айналымы, инфекцияның таралу жолы және т. б. ) . 3. Адам ағзасының реактивтілігі (ағзаның иммундық статусы, мүшелерінің жағдайы) . Аталған факторлардың ішінде ең негізгісі макроорганизмнің иммундық қабілеті. Иммунитеті әлсіз адамдарда кіші-гірім жаралар сепсиспен асқынса, басқаларда асқынған көлемді жаралар жақсы жазылады. Іріңді қабыну немесе жаралар бірнеше сағаттан кейін сепсиспен асқынса, ол ерте дамыған сепсис деп аталады. Аталған жағдайда сепсистің даму мерзімі ұзақ болса, сепсисті кеш дамыған түріне жатқызамыз. Ерте дамыған сепсистің ағымы қысқа мерзімді және өте ауыр, аллергиялық реакция сияқты өтеді. Кеш дамыған сепсис баяу түрде өтеді. Науқастың организмін микробтардың және өліеттенген тіндердің токсиндері ұзақ уақыт уландырып сенсибилизация, аллергияға ұшыратады. Иммундық қабілетін төмендетіп, іріңді инфекцияның жайылуына әкеледі. Макроорганизмнің ерекшеліктеріне келсек, әйелдерге қарағанда, ерлерде сепсис екі есе жиі кездеседі, ал балалар мен қарттарда және гормоналды препараттарға тәуелді науқастарда сепсис ауыр, жайылған түрде өтеді. Сепсис ауруының дамуы, ағымы, ауырлығы қоздырғыштың түріне де байланысты болып келеді. Мысалы стрептококты сепсиске іріңдіктердің метастазы тән емес, себебі стрептококктар қорытып шығаратын фибринолитикалық әсері бар фермент стрептокиназа, фибрин түзілуін тежеп, стрептококтардың тіндерде шоғырлануына кедергі жасайды. Стафилококтар тіндерде фибрин түзілуіне ықпал етіп, өздері тіндерде шоғырланады, соның салдарынан стафилококты сепсис 90 - 95% іріңді метастаз береді. Регионарлы көктамырларда флебит, тромбофлебит, перифлебит дамиды. Тромбоэмболия салдарынан мүшелер, тіндерде екіншілік іріңдіктер түзіледі. Екіншілік іріңдіктер көбінесе теріасты майында және өкпеде түзіледі. Сепсис дамуына ықпал ететін жағдайлар - шок, анемия, жарақаттанулар, авитаминоз, кахексия, эндокринді аурулар.

Сепсистің патолого-анатомиялық көріністерінде ерекше өзіне тән өзгерістер болмайды. Тіндерде тромбофлебит, қанталау, ішкі мүшелерде дегенеративті өзгерістер, метастазбен өтетін сепсисте іріңдіктер анықталады. Септицемия кезінде байқалатын патанатомиялық өзгерістер: мәйіттің денесі сарғайған, тез арада шіриді, қаны гемолизге ұшырайды. Тіндер, серозды қуыстар қанталайды, мүшелерде дегенеративті өзгерістер орын алады, көкбауыр үлкейеді, септикалық эндокардит, плевропневмония, нефрит, пиелит, менингит, тонзилит орын алады. Септикопиемия кезінде аталған өзгерістерден басқа көптеген мүшелерде метастазды іріңдіктер анықталады.

Сепсистің клиникалық көріністері - нозологияның клиникалық формаларының ерекшеліктері (найзағай тәріздес, жедел, созылмалы, рецидивті, метастазбен, метастазсыз), науқас ағзасының барлық негізгі органдарының функциясының үдемелі декомпенсациясы, көптеген симптомдардың әртүрлі комбинацияларымен сипатталады. Мысалы найзағай тәріздес сепсис аяқ астынан басталып, тез арада дамиды. Клиникалық көріністері 2-3 сағатта немесе ары кетсе 1-2 тәулікте айқындалады. Жедел түрінде - бірнеше күнде, жеделдеу формасында - бірнеше аптадан кейін жалпы іріңді инфекцияның клиникасы толық белгі береді. Сепсистің созылмалы ағымында айқын белгілері көзге көрінбей, бірнеше айға созылады. Қайталамалы түрінде сырқаттың өршуінде клиникалық белгілері қайталанса, ремиссия уақытында бәсеңдеп, азаяды. Іріңді метастазды сепсисте науқастың органдары, тіндерінде жаңадан іріңдіктер түзілгенде интоксикация белгілері өрши түседі, оларды тіліп, ашып дренаждағаннан кейін интоксикация белгілері біраз бәсеңдейді .

Метастазсыз сепсистің клиникасы, науқас организмінің сенсибилизациясына және ағзаның негізгі мүшелер функциясының декомпенсациясына байланысты өте ауыр түрде өтеді, интоксикация белгілері тұрақты болып келеді. Сепсистің клиникалық белгілері жалпы және жергілікті деп бөлінеді.

Жалпы симптомдар - бастың ауруы, мазасыздану, ұйқының қашуы, есін білмей сандырақтау, дірілдеп қалшылдау, суық тер басу. Кешкілікті, немесе тәулігіне бірнеше рет дене қызуы 39 - 40°С көтеріліп, күрт төмендеуі. Науқас жүдейді, кейде тері жабындысында қанталау байқалады.

Науқастың артериалды, венозды қан қысымы төмендеп, қан айналымы бұзылуынан дененің ойылуы, тромбофлебит, тромбоздар, қол-аяқтың ісінуі пайда болады. Қан анализдерінде анемия, лейкоцитоз, лейкоциттық формуланың солға ығысуы, қан тромбині 45-50% дейін төмендейді. Кейбір ауруларда бактериемия анықталады. Бауыр, бүйрек функциялары бұзылады. Науқас сарғайып гепатит дамиды. Зәр анализдерінде альбуминурия, гематурия, лейкоцитурия анықталады. Көкбауыр үлкейеді. Асқорыту жүйесін алсақ, тәбеті жоғалады, аузы құрғап іші өтеді, жүрегі айнып құсады.

Жергілікті симптомдар - сепсистегі жараларда өлі еттен тазару және регенерация белгілері байқалмайды, грануляциясы жансыз, бозғылт, жара ісінген, дымқыл, шірік иісті. Көктамырлардың тромбозы, лимфа жүйесінде лимфангиит, лимфаденит дамиды. Сепсис жоғарыда келтірілген симптомдардың тұрақтылығымен сипаталады.

Сепсис ауруының диагнозы - оның жергілікті және жалпы симптомдарына, лабораториялық, бактериологиялық зерттеулерге сүйене отырып нақтыланады. Бактериологиялық зерттеудің маңызы зор. Зерттеуге қанды тәулігіне бірнеше қайтара, науқастың дене қызуы жоғарылағанда алған дұрыс. Бактериологиялық зерттеуге науқастың зәрі, қақырығы, ірің, жарадан және серозды қуыстардан алынған экссудатты жіберуге болады. Сепсисті сүзек, милиарлы туберкулез, бруцеллез, жедел іріңді интоксикациядан, безгектің (малярия) ауыр түрлерінен ажырата білу керек.

Сепсистің асқынулары:

1. ірі тамырлардың аррозиясы, тамырішілік тромбтардың лизисі, дұрыс орнатылмаған дренаж әсерінен тамырлардың ойылу салдарынан септикалық канау. 2. қол -аяқ артериялары, ішкі мүшелердің тромбоэмболиясының әсерінен дамитын аяқ гангренасы мен ішкі мүшелердің инфарктісі. 3. жүректің қосжармалы қақпақшасын (клапан) зақымдайтын септикалық эндокардит. 4. пневмониялар. 5. бактериалды - токсикалық шок. 6. ойылулар.

Сепсис, инфекциясы бар кез келген адамда дамуы мүмкін. Алайда ол қарт адамдарда, жүкті әйелдерде, жаңа туған нәрестелерде, емдеуге жатқызылған пациенттерде, АИТВ/ЖИТС ауруларында, бауыр циррозы кезінде, обыр, бүйрек аурулары, аутоиммундық аурулар бар адамдарда дамуы аса жоғары болып келеді

Алдын алу

Сепсистің алдын алудың екі негізгі жолы бар:

  1. микроорганизмдердің берілу және жұқтырудың алдын алу;
  2. сепсис жағдайына дейін инфекцияның асқынуына жол бермеу.

Халық арасында инфекциялардың алдын алу қолды жуу және тағамды қауіпсіз дайындау, сумен жабдықтау және санитарлық құралдардың сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, вакциналарға, әсіресе сепсистің жоғары даму қаупі бар адамдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерді емізуді қоса алғанда, тиісті тамақтану сияқты гигиенаның тиімді ережелерін сақтауды көздейді.

Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу, әдетте, инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша жұмыс істейтін бағдарламалардың, сондай-ақ персоналдың тиісті топтарының болуымен, үй-жайлардағы тазалықпен және жабдықтың дұрыс жұмыс жасауымен қатар гигиенаны, оның ішінде қол гигиенасын сақтаудың тиімді әдістерін қолданумен қамтамасыз етіледі.

Халық арасында да, медициналық мекемелерде де сепсистің дамуының алдын алу антибиотиктерді қолдана отырып, инфекцияларды тиісті емдеуді, оның ішінде антибиотиктерді тиімді қолдану үшін науқастардың жағдайын үнемі бағалауды, медициналық көмекке жылдам қарауды және сепсис белгілері мен симптомдарын ерте анықтауды көздейді.

Инфекциялардың алдын алу тиімділігі ғылыми деректермен расталады. Мысалы, Денсаулық сақтау мекемелерінде қол гигиенасы ережелерін қатаң сақтаған кезде жұқтыру жағдайларының санын 50% - ға дейін азайту мүмкін, ал қоғамдық орындарда бұл шаралар диареяның пайда болу қаупін кемінде 40% - ға қысқартуы мүмкін. Сумен жабдықтауды, санитарияны және гигиенаны жақсарту жөніндегі шаралар (ВСГ) бүкіл әлемде аурулардың жалпы ауыртпалығын 10% - ға қысқартуға алып келуі мүмкін. Жыл сайын вакцинация инфекцияларға байланысты 2-3 миллион өлімнің алдын алуға көмектеседі.

Емі . Сепсистің емі этиология, патогенезіне сай бағытта жүргізіледі. Комплексті емді сепсиске әкелген біріншілік хирургиялық іріңді ошақты кеңінен тіліп ашып, жараны іріңнен, өліеттерден мұқият тазартып санциялаудан, пассивті немесе активті дренаждаудан бастаған абзал, онсыз ем нәтижелі болмайды.

Антибиотикотерапияның ерекшеліктері:

1) антибиотиктермен емдеуде максималды дозасын қолдану. Мысалы жартылай синтетикалық пенициллиндердің тәуліктік дозасы 3-8 гр., карбенициллин 12-18гр., цефалоспориндер 8-12 гр., аминогликозидтер 0, 12-0, 24 гр.

2) әртүрлі спектрлі екі антибиотикті немесе антибиотикті химиялық антисептиктердің біреуімен қосып тағайындаған орынды.

3) жарадағы микрофлораға бактерицидтік әсері бар антибиотиктерді қолдану.

4) іріңді ошақтың орналасуына байланысты антибиотиктерді жергілікті және бұлшықет, көктамыр, артерия ішілік енгізу.

5) антибиотикпен емдеу курсы науқастың жағдайына байланысты. Сепсистің клиникалық белгілері жойылғаннан соң және ақырғы екі бактериологиялық зерттеу нәтижесі теріс болғаннан кейін антибиотиктік емді тағы да екі апта жалғастырады.

Дезинтоксикациялық терапия ретінде гемодез, тұз ерітінділерін қолдану, әсіресе диурезді белсендіру жақсы нәтиже береді. Науқасқа тәулігіне 50 - 60 мл/кг сұйықтықтар құйып, лазикс, маннитол диуретиктерін қолданып диурезді тәулігіне 3 литрге дейін белсендіру. Қажетті жағдайда детоксикацияның экстракорпоралды тәсілдерін де қолданады.

Инфузиялық терапия сепсисті кешенді емдеудегі маңызды компонент болып табылады. Емнің бұл түрінде қан, қанның компоненттері, қан алмастырушы сұйықтықтарды қолданады. Инфузиялық, трансфузиялық терапия, ағзадағы нақтылы орын алған зат алмасу бұзылыстарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Толық құрамды қанды, эритроциттік массаны, анемия орын алғанда және айналымдағы қан көлемі азайғанда қолданады. Құйылатын қан, оның компоненттерінің әсері нәтижелі болу үшін, олардың дайындалу мерзімі үш тәуліктен аспағаны жөн. Сепсистің ауыр түрлерінде лейкоцитозға қарамастан, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі төмендеп, 30-50 %-ды құрайды (қалыпты жағдайда 60-75%) . Лейкоцитарлық формулада лимфоциттер, моноциттердің төмендеуі лейкоциттік массаны құюды қажет етеді: 150 мл күн ара 4-5 күн қатарынан. Қан құрамындағы гипо-, диспротеинемияны қалыптастыру мақсатында науқастарға құрғақ және нативті плазма, альбумин құюдан бастап, амин қышқылдары, белок алмастырушы сұйықтықтармен жалғастырады. Су-элетролиттер алмасуын, қышқыл-сілтілік тепе - теңдікті реттеу өте маңызды. Ол үшін әртүрлі элетролиттерді және белоктық препараттарды қолданады. Науқасты белок, витаминдер, көмірсулар, микроэлементтер, т. б. қоректі заттарға бай және жоғары каллориялы (4000 - 5000 ккал/тәулік) тағамдармен тамақтандыру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары
Сепсиске жалпы түсінік
Сепсис туралы жалпы мәлімет
Клиникалық көрінісі
Балалардағы асқазан ішек
Нақты қоздырғышқа типті инфекция формасы
Сепсистің этиологиясы
Хирургиялық инфекция
Сепсистің патофизиологиясы
Жаңа туған нәрестелердегі сепсис
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz