ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі - жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы негізгі бағыт «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» атап көрсетілгендей, «білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай өзгерту» болып табылады.
Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе.
Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі - сабақтың формалары мен құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын-ала жоспарлап алу қажет. Сондықтан әдебиет сабақтарында көрнекіліктер мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әдебиет сабақтарында қолданылатын заманауи көрнекіліктер мен техникалық құралдарды қарастыра отырып, олардың тиімділіктерін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- көрнекіліктер мен техникалық құралдар туралы жалпы түсінік беру;
- көрнекіліктер мен техникалық құралдарды сабақта қолдану жолдарын ұйымдастыру;
- көрнекіліктер мен техникалық құралдардың тиімділігін талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, бір бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
1. 1 Көрнекіліктер мен техникалық құралдар туралы жалпы түсінік
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н. Назарбаев «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс-тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек.
Халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді.
Әдебиет сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым-қатынас т. б. Әдебиетті оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, «көрнекілік - баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды» - деді. Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Практикада әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты рөл атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат - оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ.
Әдебиет пәні сабағында өтіп отырған материалдың ішіндегі құбылысқа, ой жүйесіне, оқиға желісіне, шығарманың тілдік, кейіпкерлік құрылысына, туындыдағы іс-әрекетке оқушының көңілін баса аударту арқылы оны дұрыс таныту, танымын қалыптастыру, түсінігін тұрақтандыру, ойын жетілдіру, дамыту үшін мұғалімнің тарапынан көрсетілетін, ұсынылатын, берілетін, айтылатын нәрселердің, құбылыстардың заттардың көрінісін даярланып, ретке келтіріліп, безендіріліп, арнайы жабдықталып, формаға түсіріліп оқушыға ұсынылған материалды көрнекілік дейміз.
Әдіскер-ғалымдар әдебиет сабақтарында қолданылатын көрнекіліктерді мынадай түрге бөледі:
- Көркем суретті;
- Графикалық материалдар, үнтаспа жазбалары, оқу фильмдері.
Бұлардың өзін көру, есту үрдістеріне байланысты бірнеше түрге жіктейді:
- көруге негізделген көрнекіліктерге: ақын-жазушылардың портреттері, бейнелеу өнерінің туындылары, макеттер, альбомдар, буклеттер, т. б. жатады;
- естуге негізделген көрнекіліктерге: ақын-жазушылардың жанды дауысы, көркем туындылар жазылған компакт дисктер, аудио мәтіндер, т. б. ;
- көруге де, естуге де негізделген көрнекіліктерге: кино, телехабарлар, оқу фильмдері, т. б.
Ақын-жазушылардың портретттері - белгілі бір ақынның немесе жазушының өмірбаянын, шығармашылығын өткенде қолдануға болатын көрнекілік. Портреттер арқылы оқушылар ақын-жазушылардың түр-келбетін білетін болады және портреттік мінездеме жазғанда көп пайдасын тигізеді.
Макет - кітапта берілетін көркем шығармалардың, мәтіннің немесе суреттердің орналасуын көрсететін үлгі-жоба. Макет арқылы белгілі бір кезеңдегі оқиғаны немесе көркем шығармадан үзінділерді бейнелеп көрсетуге болады.
Аудиомәтін - белгілі бір көркем шығарманы өткенде сөйлеу әрекетінің негізінде тыңдалатын мәтін. Аудиомәтінді тыңдау арқылы шығарма бойынша тапсырмалар орындай алады.
Көркем туындылар жазылған компакт дисктер - сабаққа қосымша көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады. Өткелі жатқан көркем шығармаға қатысты аудиолар немесе әндер мен күйлер жазып алынып, оқушыларға тыңдатылады.
Кинофильм - өткелі отырған көркем шығармаға қатысты көрсетіледі. Фильмдер барлық өтілетін тақырыптарда бола бермейді. Фильмді көсету арқылы оқушарға кітапта жазылған шығармамен салыстыруға мүмкіндік беруге болады. Мысалы, «Менің атым Қожа», «Аманай мен Заманай», «Құлагер» фильмдері.
Кеспе, үлестірмелі қағаздар - жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.
Әдебиет пәні сабағында мынандай көрнекіліктер пайдаланылады:
- Сөздік көрнекілік
- Заттық көрнекілік
- Сызбалы көрнекілік
- Суретті-түсіндірмелі көрнекілік
Сөздік көрнекілік. Басқа пәндерден гөрі әдебиет сабағында жиі қолданылатын көрнекілік. Өйткені әдебиеттің басты құралы сөз. Сөз арқылы жазушы кейіпкер бейнесін, оның қарым-қатынастық көріністерін, табиғат суретін әсем кестелеп, көркемдеп оқырманына жеткізе біледі. Олай болса жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тілі ерекшелігін, шығарма көркемдігін, кестелі суреттерді, кейіпкерлердің өзіндік, даралық ерекшеліктерін сол туындының өзінен, одан алынған дәйекті мысалдарға сүйену, жүгіну, үзінді келтіру арқылы ғана дәлелдеуге, оқушыны иландырып, сендіруге болады. Сөздік көрнекіліктің жүйесін дұрыс қолданғанда ғана оның тиімділігін арттыра аламыз. Сөздік көрнекілікті шартты түрде бастамалы, сипаттамалы, дәлелдемелі, жинақтамалы деп төртке бөліп, жіктеп саралай қарастыруды жөн деп есептейміз.
Жазушының өмір жолы мен шығармышылығын өтер алдында шығармадағы кейіпкерлерді талдау үшін сол жазушының өз шығармаларынан немесе басқа алынған, өтілгелі отырылған сабақ тақырыбының мән-мазмұнын ашуға септігін тигізетін, оқушы ойына қозғау салатын немесе оның тақырыпқа деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыруға бастама бола білетін, материалды, тақырыпты бастауға негіз етіп алынатын үзінділерді бастамалы сөздік көрнекілік дейміз.
Осы бағытта бейнелі сипаттаудың ерекше орын алатынын ұғындырамыз, ұғынуына мүмкіндік жасауымыз керек. Осындай сипаттамалы сөздік көрнекілік арқылы оқушының танымдық ой қиялын жетілдіретін де боламыз.
Сөздік көрнекіліктің ішінде ерекше орын алатыны дәлелдемелі көрнекілік. Мұнда жоғарыда айтылған көрнекіліктер сияқты жетекшілік рольді тек мұғалім ғана атқарып қоймайды, оқушылар да тікелей қатысып, араласып, белсенді іс-әрекет атқарады. Оқушының өздігінен дербес жұмыс істеуіне, әдеби танымының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Бұл жерде мұғалім де, оқушы да дәлелдеуге алған бір мысалына мұқият жауапкершілікпен қарап, ол келтірілген мысалдар, айтылған, айтылатын, айтылайын деп отырған немесе бұрыннан айтылып келе жатқан ой-пікірді, тұжырымдарды айқындап, нақтылай түсетін ой желісіне тірек бола алатын үзінділер болғаны жөн.
Мұндай дәлелдемелік көрнекіліктер жазушы туындыларының ерекшеліктерін, өзіне тән шеберліктерін, шығармадағы кейіпкер сипатын суреттеудегі айшықты көркемдік өрнектерді т. б. танытып білдіру мақсатында қолданылып отырады. Мұның үлгісін әрбір сабақ сайын мұғалімнің өзі көрсетіп, оқушылардың өзі да сөулеуі мен жауаптарында жүйелі қолданылып отыруын талап етуге тиіспіз. Әрдайым мұғалім оқушыға ойыңды немен, қалай дәлелдейсің, мысал келтір, мысалың ойыңды дәлелдеуге сәйкес келеме? т. б. сұрақтар қоюы арқылы оқушының ізденуіне мүмкіндік жасап отырамыз.
Мұғалім өстіп талдап отырған тақырыбын ондағы айтылатын ойдың қорытынды түйінін жинақтап, оқушы назарын сол негізгі тұжырымды пікірге аударып отыруы керек. Осындай оқушы ойын бір нысанаға бағыттау үшін мұғалім сабақ соңында өз баяндауын қорытындылай, баяндай келіп пайдаланылатын мысалдарды, дәлелдері, үзінділері сөздік көрнекіліктің, шартты түрде, жинақтамалы түрі деп аталады.
Әдебиет пәні сабағында сөздік көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, ой-қиялын жетілдіруге, әрбір сөзге мән бере қарауға, сөзді, сөйлемді орнымен қолдануға, сөз мәнін дұрыс түсінуге, айшықты, көркем, тартымды сөйлеуге, ойын орынды дәлелдермен жеткізе білуге үйрететін боламыз. Сөздік көрнекілікке қойылатын негізгі талап - мұғалім қолданған әрбір мысал, үзінді, шығарма мәтініне толық сай, сәйкес келуі керек.
Заттық көрнекілік. Бұл көрнекіліктің оқушылар үшін тарихи тәрбиелік мәні ерекше. Оқушылардың тарихи танымын дамыта отырып, олардың өмір тәжірибесіне деген құлшынысын арттыру арқылы адамгершілік санасының дұрыс қалыптасуына ықпал ететін болады. Заттық көрнекілік жазушының өмір жолын, шығармашылық ізденісін, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекілік жазушының әр кезде шыққан басылымдарын, қолтаңбаларын, архивтік құжжаттарын, заттарын, жазушы шығармалары бойынша жасалған түрлі қойылыстарды, көріністерді, жазбаларды, мұражай дүниеліктерін қамтиды. Осыларды сабақта пайдалана отырып, оқушы бойында жазушы еңбегіне, өмір жолына деген құрметті, ілтипатты, ынталылықты, қызығушылықты арттырамыз. Жазушы қолтаңбасы былай қарағанда елеусіз нәрсе сияқты. Ал оқу тәрбиесі үшін үлкен мәні бар. Бағдарлама бойынша өтіп отырған жазушы қолтаңбасының ата-аналардан, оқушылардан табылуы ерекшеқұбылыс. Ол қолтаңбаның жазылу тарихы, оның мәні, жазушы өмірінің елеусіздеу көрінетін бір кезеңін көрсете отырып, сол жазушының шығармашылық лабараториясының ізін байқау үшін ерекше мәні бар. Жазушы қалдырған қолтаңбаға байланысты кейін нендей шығарма туындады, онда сол ортаға байланысты не қамтылған, қалай көрсетіліп, қалай суреттелген, жазушы шығармасының жазылуына орта қалай ықпал еткен деген сияқты сұрауларға жауап іздей отырып, жазушы лабараториясының жасырын сырларын аңғаратын боламыз.
Сөйтіп жазушының әрбір дүниесіне мән бере отырып, жазушылықтың қыр-сырын оқушыларға жан-жақты таныстыруға, білдіруге мүмкіндік аламыз.
Жазушы шығармаларының әр жылдардағы басылымдарын, ондағы өзгертулер мен толықтыруларды оқушыларға көрсете отырып, жазушы шеберлігін, тіл ұстартудағы жетістіктерін байқататын болсақ, жазушы пайдаланған заттарды, үй-ішілік дүниелерін көрсету арқылы оның адамдық, пенделік қарапайым өмір тіршілігімен таныстырамыз. Жазушы шығармаларының әлем тілдеріне аударылған туындыларымен оқушыларды таныстыру арқылы, олардың бойында мақтаныш сезімін қалыптастырамыз.
Заттық көрнекіліктерге не жатады:
- Баспадан шыққан әр кездегі шығармалары.
- Жазушы қолтаңбалары (түрлі жазбалары)
- Жазушы өмірін білуге көмектесетін, соған байланысты заттар (суреттер, құжаттар, үй мүліктері, өзі пайдаланған жазба құралдары т. б. )
- Жазушының әлем тілдеріндегі басылымдары
- Отбасылық суреттері
- Түрлі жазбалары, кино, теледидар көріністері
- Жазушының дауысы, қойылымдарының үзінділері жазылған пластинкалар.
- Заттық көрнекіліктерге қойылатын талаптар:
- Ұсынылатын заттардың табиғилығы.
- Заттардың нақтылығы, тайқындылылығы
- Жазушы өміріне сәйкес келуі
- Заттардың, қолтаңбалардың тарихилығы.
Сызбалы көрнекілік. Бұл шығарма кейіпкерлерінің өзара қарым-қатынасын, байланысын, жүйесін, өмір жолының даму барысын, тілдік, портреттік сипаттамалары арқылы берілген мінез ерекшелігін, жазушының өмір жолымен туындыларының тарихи кезеңдермен сабақтастығын, әдеби құбылыстардың үндестігін, тамырластығын, жазушы өмір сүрген, оның туындылары жазылған географиялық аймақтарды көрсетуге, аңғартуға арналған сызба арқылы көрсетілген көрнекі құрал. Шығармадағы оқиға желісінің қазығы болып табылатын басты кейіпкердің іс-әрекеті, солар арқылы жазушы ойы, мақсаты, бағыты айқындалатыны белгілі. Осы бір мәселені көрнекі құралдар арқылы нақтылы сызбалармен көрсетіп, айқындай түспесек, кейде оқушы бұл туралы толық ұғым ала алмауы мүмкін. Сондай жағдайда сызбалы көрнекіліктің көмегі ерекше.
Сызбалы көрнекілікті шартты түрде үшке:
- Схемада тек адамдар кейіпкерлер тізбегі беріледіде, олардың өзара байланысы, қатысы көрсетіледі (қосымша) .
- Ал таблица жазушының өмір жолын, соған байланысты шығармаларын, олардың жыл мерзімдерімен, жеке кейіпкерлердің тілі, портреті арқылы мінездегі ерекшеліктерін көрсетуді мақсат тұтады.
- Карта жазушы жүріп өткен жолды, туындылары жазылған аймақты көрсетуге арналады.
Сабақта схема, таблица, карта қолдану арқылы оқушының әдеби құбылысты, оның ішкі құбылысын толық түсінуіне жағдай жасау көзделеді. Сүйтіп сызбалы көрнекілікті құрал арқылы шығармадағы образдар жүйесін, жазушының өмірін, шығармашылығын тарихи кезеңдермен бірлігін, тіл ерекшеліктерін, мінез айырмашылықтарын, оның өмір сүрген ортасын, шығарманың жазылған аясын, әдеби байланыстар желісін, шығармалардың әлемге танылу аумағын көрсете аламыз. Оқушының көру қабілетіне, юқабылдауына тікелей ықпал етеміз, танымын кеңейтеміз.
Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын оқушыларға өте қолайлы: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.
Қазақ әдебиеті сабақтарында тірек сызбалардан басқа белгілі жазушылардың жалпы өмірбаянымен танысқаннан кейін жоғарыда көрсетілген семантикалық талдауды орындатуға болады. Белгілі бір шығармамен танысқаннан кейін сол шығарма бойынша кестені толтыртуға болады. Осындай жұмыстар өте ыңғайлы болып есептеледі.
Суретті-түсіндірмелі көрнекілік. Бұл көрнекі құрал тек көрнекілік қызмет атқарып қоймайды, сонымен бірге өнердің бірлігін, сабақтастығында танытуға септігін тигізеді. Мұнда сурет туындылары жалаң алынып қоймастан, әдеби шығармалармен бірлікте алына отырылып, осы екі өнердің туыстас қасиетімен бірге өнер тілдерінің өзіндік даралықтары да барлығын, әрқайсысы құбылысты өзінше пайымдап, өзінше көркемдеп бейнелейтіндігін оқушы түсініп, ұғынатын, саралап танитын болады. Портрет, плакат, иллюстрация тілі - өзіндік дара тіл. Олар бояу арқылы сөйлеп, өрнек тудырады, көркем бейне жасайды. Өнердің бұл туындылары бір жағынан көркем шығармалармен сабақтасып, байланысып, ерекше бір жүйе түзетіні де болады. Суретті-түсіндірмелі көрнекі құралды қолдану үстінде осындай бірлік тұтастығын оқушыға сездіре отырып, олардың эстетикалық сезімі мен танымының дамуына ықпал ететін боламыз. Соны көркем бейнелеудегі суретші мен жазушы үндестігі, сарындастығы неде? Суреткерлердің өзіндік, даралық ерекше табыстары қандай? Деген сұрақтарға оқушылар жауап іздейтін, өзінше ой түйіп, пайымдайтын, талдап түсінетін болады. Мұндай салыстырмалы ой әрекетін ұйымдастыру оқушы тарапынан белсенді танымдық әрекеттің қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Бұдан бөлек Құнанбай бейнесі деген көрнекі құралда суретпен қоса соған сай мәтін беріле отырылып түзілген. Мұндағы мақсат мәтін мен суреттеу арасындағы сәйкестік пен айырмашылықты аңғарта отырып, әр өнердің өзіндік бейнелеу тәсілі барлығын, әрбір суреткер сол заңдылыққа бағынатынын байқатуды ойластырудан туған. Міне суретті-түсіндірмелі көрнекілікті сабақта әдеби шығармаларды оқытып талдау үстінде қолдану арқылы оқушылардың тек тыңдаушы болып қалмай, сол материалды терең талдай түсінуге белсенді қатысуын, тікелей араласуын қамтамасыз етеміз. Сөйтіп суретті-түсіндірмелі көрнекілік сабақ материалын түсінуде ғана қызмет атқарып қоймайды. Сонымен бірге танымдық рөль атқарады, яғни біріншіден, материалды дұрыс түсінуге көмектессе, екіншіден, өнердің өзара байланысын аңғаруға жәрдем етеді, үшіншіден өнердің басқа салаларынан да мәлімет беруге мүмкіндік тудырады.
Ақын-жазушылардың өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын, пайдаланылатын әртүрлі суреттер Абай өмірін өткенде, Шоқан туралы баяндағанда т. б. жазушылар туралы да соларға байланысты суреттерді ретімен көрсетуге тура келеді. Абай суреті туған өлке көрінісі, Абай замандастары, Абай туыстары, Абай шәкірттері, Абай қолтаңбасы, Абай басылымдары, Абай жүрген географиялық аймақ, оның қазіргі кезі, Абай ескерткіштері, музейі, Абай атына байланысты жер-су, мекен аттары оқушыларды қызықтыратын болады.
Сондықтан мұғалім материал мазмұнын түсіндіру, талдау үстінде мұндай суреттерді пайдалануына тура келеді. Ондай материалдарды баяндау барысында ретімен, тиімді жерінде, жүйесін сақтай отырып пайдаланғанда, көрсеткенде ғана тиімді пайда келтірмек. Сонымен қатар мұндай материалды қолданғанда суреттердің барлығының көлемі жағынан бірдей, бояулы, көркем болуын қадағалауымыз керек.
Жазушының туған өлкесін, өскен ортасын, өнер қайраткерлерімен қарым-қатынасын білдіретін, көрсететін суреттерін, қолтаңбаларын пайдаланғанда да осы тұрғыдан келе отырып түсіндіруіміз керек.
Мұғалмнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі - сабақтың формалары мен құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін өандай әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын-ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.
Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің, оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді.
Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат - оқушыны байқампаздықққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету. Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ тым көп те қолдануға болмайдды.
Көрнекі оқу құралдары табиғи және суретті құралдар деп бөлінеді.
Әдебиет сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдарға оқушылар күнделікті қолданатын заттар: дәптерлер, қарындаштар, қалам, сызғыштар т. с. с. жатады. Суретті көрнекі құралдар өз ішінен бейнелік көрнекі құралдар және шартты (символдық) құралдар болып бөлінеді. Бейнелік көрнекі құралдарға: суреттер, макеттер, фигуралардың кескіндері, диафильмдер, оқу фильмдері жатады. Ал шартты (символдық) көрнекі құралдарға: схемалар, тірек-сызбалар, шғғартты белгілер жатады.
Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы сыныптық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы сыныптық көрнекі құралдарды бүкіл сынып болып пайдаланады. Жекелік көрнекі құралдармен әрбір оқушы жеке паайдаланады. Көбінесе жалпы сыныптық және жекелік көрнекі құралдар мазмұны жөнінен бірдей, ал айырмашылықтары тек үлкен-кішілігінде ғана болады.
Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі құралдар деп бөлінеді. Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды толықтырады. Бұларға арнайы тапсырмалар үшін жасалған әр түрлі суреттер мен сызбалар, құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын кестелер т. б. көрнекі құралдарды жатқызуға болады. Көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы. Мұның білімділік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдысына төселдіруге көмектеседі. Өздері қолдан жасаған құралдармен жұмыс істегенде бала еңбекті құрметтей білуге үйренеді.
Әдебиет сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады.
Бұл көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz